2010 жылы Күршім ауданы бюджетінің атқарылуы туралы Ақпарат



Дата04.03.2016
өлшемі24.35 Kb.
#38681
2010 жылы Күршім ауданы

бюджетінің атқарылуы туралы

Ақпарат
2011 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінің кірістер бойынша жалпы болжамы 100,3 % орындалды, болжам 2951356,5 мың теңге болғанда, нақты 2959041,6 мың теңге түсім түсті.

Меншікті түсімдердің болжамы 298768,0 мың теңгеге бекітілді, түсімдер 306453,1 мың теңге сомасында түсті, орындалуы 102,6 % құрады.

Аудандық бюджетте 2652588,5 мың теңге трансферттер қарастырылған, соның ішінде субвенция 1974082,0 мың теңге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған трансфеттер 154381,8 мың теңге, облыс әкімі төтенше резервінен бөлінген төтенше жағдайларды жоюға арналған нысаналы трансферттер 13350,0 мың теңге, облыс әкімінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен бөлінген қысқы кезеңде әлеуметтік және экономикалық тұрақтылыққа, қыстаманың сәтті аяқталуы және ауылшаруашылығындағы мал басын сақтап қалуға арналған трансферттер 1600,0 мың теңге, облыстық бюджеттің нысаналы трансферттері 38989,0 мың теңге, аталған трансферттер аудан бюджетінің шотына толығымен түсті, республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері 470185,7 мың теңге, аталған трансферттер аудан бюджетінің шотына толығымен түсті.

2011 жылдың 1 қаңтарына аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 100,0% атқарылды. Нақтыланған болжам 2964926,2 мың теңге болғанда, кассалық атқарылуы 2963953,3 мың теңгені құрады. 2011 жылдың 1 қаңтарына қолдағы бар ақшаны бақылау шотында бюджет қаражаттарының қалдығы 8568,4 мың теңгені құрады, оның ішінде 2010 жылдың 1 қаңтарына қалған бюджеттік қаражаттардың бөлініп берілмеген бос қалдығы 0,6 мың теңге, меншікті түсімдердің артық орындалған сомасы 7685,1 мың теңге, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің шотындағы пайдаланылмаған қаржы 972,9 мың теңге, соның ішінде облыстық бюджеттен берілетін трансферттер 60,0 мың теңге, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 482,1 мың теңге сомасында пайдаланылмады; бюджеттiк кредиттердi өтеу 48,7 мың теңгені және қарыздарды өтеу 139,0 мың теңгені құрады.

2011 жылдың 1 қаңтарына ауданның мемлекеттік мекемелері және казыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарымен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі 1071649,4 мың теңгені құрады, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарлар, жұмыстар және қызметтер 341542,8 мың теңгеге сатып алынды.

Ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары 2010 жылы 521116,0 мың теңгеге 16 конкурс өткізу жоспарланды, соның ішінде жол картасы бойынша 10 ашық конкурс 202453,0 мың теңгеге және басқа конкурстар бойынша 6 конкурс 318663,0 мың теңгеге.

Өткізілуі жоспарланған 16 конкурстың барлығы 505841,4 мың теңгеге бір көзден сатып алу тәсілімен жүргізілді.

2010 жылы мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктеріне түгендеу жүргізілді. Коммуналдық меншік Тізілімінде 78 заңды тұлға тіркелген.

2010 жылы әділет органдарында есепте тұрғанына бір жыл уақыт өтуіне байланысты 6 нысан - Алғабас ауылының солтүстік-шығысқа қарай 2 шақырым жерде орналасқан химиялық қойма ғимараты, Абай ауылдық округінің Қойтас ауылында орналасқан монша ғимараты, Күршім ауылдық округі аумағындағы «Төретогам» каналы, Қалжыр ауылдық округі аумағындағы «Средний» каналы, Сарыөлең ауылдық округі аумағында орналасқан «Алтай», «Жауғашты» каналдары сот шешімі бойынша иесіз деп танылып, коммуналдық меншікке қабылданды. Қаржы бөлімінің бұйрықтарымен нысандар мемлекеттік мекемелердің теңгерімдеріне бекітіліп берілді.

Бүгінгі уақытта жалға берілген аудандар бойынша 11 жалдау шарты әрекет етеді. Коммуналдық меншік нысандарын жалдаудан түскен түсім 101,0 пайызға орындалды.




Қаржы бөлімінің бастығы Р.Загарулько
орын.Г.Мұқанова

тел:2-17-53

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет