2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары



Дата23.02.2016
өлшемі62.61 Kb.
#7400
Волошинка селолық округінің әкімі Н.Даннекердің “2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық

дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары” туралы селолық округ тұрғындары алдындағы

есептік баяндамасы

Волошинка селолық округінің тұрғындары 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауын аса жоғары ықыласпен қабылдады.

Бұл стратегиялық бағдарламада 2020 жылға дейінгі еліміздің дағдарыстан кейінгі дамудағы жаңа мүмкіндіктері нақты айқындалған. Жолдауда дағдарыстан қалай шығу жолдары және одан әрі экономикалық өсуге дайындықтар көрсетілген, еліміздің өмірдегі барлық аядағы дамулар және индустриялаулар масштабы анықталған.

Бұл жетістіктер бізге әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды: денсаулықты сақтау, білім, мәдениет, тұрғындарды әлеуметтік қорғау бойынша табысты нәтижелерге жетуге ықпалын тигізді.

Волошинка селолық округі аймағында ауылшаруашылық өнімдерімен жеті ауылшаруашылық өндірісі айналысады: екі ЖШС, төрт ШҚ және бір ФШ. 2010 жыл бойынша қорытынды жасағанда, атап айтуға болады: Барлық агротехникалық талаптар сақтала отырып, жылдың барлық бағдарламалық көрсеткіштері орындалды.

Барлық агротехникалық талаптар сақтала отырып, қолайлы мерзімде жоғарғы сортты бидай тұқымдары 15858 га алқапқа егілген. Округте егін егу жер көлемі 2009 жылы 200 гектарға көбейді.

Негізгі дақылдар үлесі: бидай 93% егін алқабын алып жатыр. Климат жағдайы қолайсыз болса да, біздің аграқұрылымдарымыз әр гектардан 10,4 центнер көрсеткішпен жоғарғы сападағы 16500 тонна бидай өнімін жинады. Бидай сапасының жоғары болуына барлық шаруашылықтар еңбек етуде, “Пушкинское” ЖШС жоғарғы сортты бидай тұқымын өндіру статусын алған, облыс және аудандағы басқа шаруашылықтарға бірінші репродукциядағы аудандық тұқымдардан төмен емес дәнді-дақылдарды 2,5 мың тоннаға дейін сата алады. Бұл – “Пушкинское” ЖШС көп жылдан бері Сібірдегі егіншілік ғылыми-зерттеу институтымен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс істегеннің нәтижесі. Жинақталған тәжірибе өндірісте жоғары табыстарға жетуге көп көмегін беруде.

Өткен жылы тамыз айында Солтүс-тік Қазақстан облысы әкімі С.С.Біләлов келгенде, сорт учаскесінің жұмысын жоғары бағалады. Округтегі агрошаруашылық басшылары жаңа техникалармен жұмыс істеуге көп көңіл бөледі. “Пушкинское” ЖШС және “Дальнее” ЖШС өткен жылы бидай жинайтын комбайндарды толық жаңалады. Бес дақылдар егетін шет ел шығарған комплексті техниканы сатып алды. Екі шаруашылықта да қырман алаңы толық қайта жөндеуден өткізілді. Соңғы үш жылда осы шаруашылықтар 350 млн. теңгеге техникалар сатып алды. Округте бидайды өңдеуден «Пушкинское» ЖШС диірмені жақсы жұмысымен ерекшеленді, жылда 300 тонна жоғары және бірінші сортты ұн шығарады. Бұл тұрғындардың және облыс, аудан сұраныстарын өтей алады. 2010 жылы шаруашы-лықтардағы еңбекақы орта есеппен алғанда айына 45 мың теңге, уақытында толығымен беріліп отырады. Соңғы кезде мемлекеттің көмегі де жақсы сезінуде. 2010 жылы Воло-шинка селолық округінде біздің агрошаруашылықтар 14737 га жерге 6912,0 мың теңге қаржы алды.

Округте мал шаруашылығы жеке секторлар есебінен дамуда. Жаз уақытында шөбі нашар шыққан жайы-лым жерлері аз болса да, суару мәселесі тағы бар және де басқа қиындық-тарға қарамастан, үй жануарларының барлық түрлерінің саны төмендеген емес. 2010 жылдың 1 қаңтарында округ бойынша 1257 ірі қара мал басы, оның ішінде 685 сиыр, 410 жылқы, 1357 шошқа, 638 қой мен ешкі болды. Сүт өндіру 2142 тонна, ет өнімі 437 тонна, 1,8 тонна жүн 871 мың жұмыртқа, 639 бұзау алынды. Волошинка селолық округінде сүт сатып алумен жеке кәсіпкер Н.А.Сейтмулин айналысады, 2010 жылы тұрғындардан 200 тонна сүт сатып алынды, бұл былтырғыдан 10 тоннаға көп. Ет сатып алумен жеке кәсіпкер В.Авдеев айналысады, бір жылда округтен 69 тонна ет сатып алынған.

Ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жоғарылату үшін, тұрғын-дарды жұмыспен қамту мәселелерін шешудің өте маңыздысы – кіші және орта бизнесті және жеке кәсіпкерлікті дамыту. Бүгінгі кезде округте 6 дүкен жұмыс істейді – Волошинкадағы екі дүкенде 2009 жылы үлкен жөндеу жұмысы жүргізілді, қайта құрастырылды. Жыл бойы аптасына 4 рет Волошинка-Петропавл автобус маршруты жолаушыларды тасымалдайды. Лузинка селосында ағаш өңдеу цехы жұмыс істейді. Жылда жазғы уақытта патент бойынша 3 бригада отын дайындаумен, тұрғындарға оны сатумен айналысады. Округте кіші бизнеспен барлығы 39 адам айналысады.

Күнкөріс деңгейі төмен тұрғындарды әлеуметтік қорғау және еңбек ақысының көлемі өмір сүру деңгейінің не-гізгі көрсеткіші болып табылады. 2010 жылы округте 22 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды, 75 адам жұмысқа орналастырылды. Жол картасы бойын-ша 1 әлеуметтік жұмыс орны құрылды. Орта еңбекақы 20%-ға жоғарылады. Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмекті 5 күнкөрісі төмен отбасына 27 адам 218,0 мың теңге, 18 жасқа дейінгі 233 балаларға 820,4 мың теңге жәрдемақы берілді. Селолық тұрғындардың өмір сүру сапасын жоғарылату мақсатында, селоларда инфрақұрылым дамуда.

Өткен жылы округте телефон байланысының сапасын жетілдіру бойынша біраз жұмыстар атқарылды, бірақ телефон станциясы ескірген, сондықтан сапа мәз емес. Интернетке шығу мүмкіндігі болмай қалды, электрондық пошта жұмыс істемейді. Станция сыйымдылығы 100%-ке 200 нөмірімен толып тұр. 2009-2010 жылдары округте 76 радиотелефондар қойылды, бұл 2011 жылы да жалғасады, телефон керек адамдар қойдыруына болады.

“Ауыз су” бағдарламасына сәйкес, 2008 жылы біздің округте екі елді мекенде Волошинка және Ивано-Петровка селоларында ұңғымалы су құдықтары іске қосылып, 2009-2010 жылдары өзін жақсы көрсетіп, осы селоның тұрғындарын экологиялық таза ауыз сумен қамтамасыз етуде. Ай сайын әр су ұңғымасынан 50-ден 80 кубқа дейін су алынып қолданылады.

Президенттің “Жасыл ел” бағдарламасын іске асыру барысында 2009 жылы округте 500 ағаш отырғызылды. Денсаулық сақтау, білім мекемелерін, әкімшілік ғимараттары, жеке үйлерді көгалдандыру жұмысы жүргізілді. Өткен жылы округте тұрғындар пункттерін абаттандыру жұмысы жүргізілді. Волошинка селосында көшелерде 7 км жаңа грейдер жолдары жасалынды, ескі жолдар ретке келтірілді. 50 үйлер өздерінің ескі шарбақтарын жаңа шарбақтармен ауыстырды, көбісі шарбақтарын сырлады немесе ағартты. Осындай жұмыстар Ивано-Петровка селосында өтті, тек Лузинка селосы бұл жөнінен нашар қимылдады. Екі рет округте иесіз иттерді аулау жұмыстары жүргізілді.

Елдегі денсаулық сақтау реформасы және дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша округте: дәрігерлік амбулатория, және екі фельдшерлік пункт жұмыс істейді, “Жедел көмек” автомашинасы бар. Фельдшерлік пункт және дәрігерлік амбулатория барлық керекті медициналық құралдармен қамтамасыз етілген, отын, көмір жеткілікті. Бірақ қазіргі кезде медициналық қызметкерлер жетіспей жатыр. Мысалы, Во-лошинка дәрігерлік амбулаториясында бас дәрігер жоқ, ал патронажды мейірбике, фельдшер акушер зейнеткерлік жаста. Дәрігерлік амбулаторияда тісті емдеу кабинеті, гинекологиялық кабинет, егу жұмыстарына арналған кабинет, лаборатория кабинеттері бар. Аптекалық пункт жұмыс істейді. Волошинка орта мектебінде және Ивано-Петровка негізгі мектебінде мейірбике жұмыс істейді. Бүгінгі кезде Волошинка селолық округі тұр-ғындары тегін медициналық көмек алады. Округтегі тұрғындардың 98%-ы аурудың алдын алу тексеруінен өтіп тұрады.

Білімді ұйымдастырудың материальдық-техникалық базасын дамытуды және нығайтуды, білім сапасын жоғарлатуға, жаңа технологияларды кірістіруге жағдай жасауда Білімді дамыту бағдарламасын қарастырған.

Округте 1 орта және 2 негізгі мектеп жоғары білімді, үнемі біліктілігін жоғарылатып отыратын кадрлармен қамтамасыз етілген. Барлық оқу мекемелерінде телефон байланысы бар. Отынмен 100%-ға қамтамасыз етілген. Барлық оқу мекемелерінде жөндеу жұмыстары жасалынған, бұл үшін бюджеттен сырлау сұйықтықтары және әк берілген. Волошинка орта мектебіне Ивано-Петровка селосынан 2010 жылы оқушыларды жеткізуге биыл бюджеттен 210,0 мың теңге бөлінді.

Барлық мектептерде оқушыларды ыстық түскі аспен тамақтандыру ұйымдастырылған.

Жазғы кезеңде мектеп жанынан оқушыларға арнап денсаулығын нығайту алаңы жұмыс істеді. Біздің округтен сегіз бала “Родничок” демалыс лагерінде демалды.

Округте мәдени деңгейді дамыту бойынша жоспарланған жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде Волошинка селосында “Пушкинское” ЖШС-тің Мәдениет үйі жұмыс істейді .

Мәдениет үйінде күн сайын аудандық кітапхана жұмыс істейді, бильярд жабдықтары әкелінген, кешке ойын-сауықтар өтіп тұрады, өнерпаздар үйірмесі дамып келеді. 2008 жылы Ивано-Петровка селосында ЖШС “Дальнее” клубты жөндеуге 4,0 млн теңге өз қаржыларын жұмсаған, бірақ қазіргі кезде қаржы жетпегеннен жөндеу жұмыстары аяқталмай тұр. Волошинка орта мектебінде жақсы жөндеуден өтілген спорт залы бар, кешкі уақыттарда село жастары волейбол және баскетбол үйірмелерінде жаттығады. Осының нәтижесінде Волошинка селолық округінің жастары аудандық жарыстарда жүлделі орындарды алып жүр.

Бірінші қазаннан бастап Волошинка орта мектебінде 25 орынмен толық күнге, мектепке дейінгі балаларға арналған, шағын орталық жұмыс істей бастады. Бюджет есебінен әр түрлі жабдықтар, ойыншықтар, ыдыстар, кір жууға арналған заттар әкелінді. Ивано-Петровка және Лузинка селоларында толық емес күнге шағын балабақша жұмыс істейді.

2010 жылғы қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы бойынша полиция учаскелік инспекторы 129 әкімшілік хаттамалар жазды, 29 үйлерде иттерді дұрыс ұстамағаны үшін 9871 теңгеге айыппұл салынды. Абаттан-дыру ережесін бұзғандары үшін 28 хаттамалар жазылып, 39509 теңге айыппұл салынды. Қоғамдық орын-дарда мас күйінде жүрген адамдарға 26 хаттамалар жазылып, 37971 теңге айыппұл салынды. Төлқұжат ресімдеу тәртібін бұзғаны үшін 19 хаттамалар жазылып, 2173 теңге айыппұл салын-ды.

Өз есеп беру баяндамамды аяқтай отырып, әкімдердің есеп беруі біздің мемлекетіміздің демократияға деген нығыз аяқ басуы деп атап өткім келеді.



Тек осы есеп беру кездесулерінде біз округ өміріндегі әр түрлі мәселелерді талқылай аламыз.

Жақсы өзгерістер көп болуда, бірақ та шешілмеген мәселелер де көп, біздің село тұрғындарының өмір деңгейін және жағдайын өсіру үшін, осы мәселелерді бірге шешуіміз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет