Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және



Дата09.07.2016
өлшемі204.5 Kb.
#187369


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы « »_________

___бұйрығымен бекітілген

Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесі

1. Жалпы ережелер


  1. Осы денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 121) тармақшасына сәйкес әзірленген.

  2. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің көрсеткіштері есептеу объектілері болып табылады.

  3. Cтатистикалық ақпаратты талдау басқару циклінің кезеңі және әр түрлі деңгейде денсаулық сақтау жүйесін басқару процесінің ақпараттық қамтамасыз етілуі болып табылады. Статистикалық есептегі денсаулық сақтау ұйымының қызметін сипаттайтын жан-жақты ақпарат, нақты медициналық ұйымның немесе жеке құрылымдық бөлімшелері деңгейінде басқару шешімдерін даярлау және қабылдау процесінде қолданылады.

  4. Халықтың денсаулығы мен медициналық ұйымның қызметін талдау мыналарға:

  1. ұйымның нақты хал-ахуалын, оның қызмет атқару тиімділігін бағалауға;

  2. әрбір нақты жағдайда проблемаларды анықтауға;

  3. нақты міндеттемелердің шешімінің себептері мен факторларын анықтауға;

  4. осы міндеттемелердің ең тиімді шешімдерін анықтауға;

  5. басқарудың мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдауға;

  6. емдеу-профилактикалық, диагностикалық жұмыстарды жетілдіру, қаржылай, материалдық-техникалық және қаржылай ресурстарды тиімдірек пайдалану жөнінде негізді басқару шешімдер шығаруға қол жеткізеді.

  1. Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8421 болып тіркелген «Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 128 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандар талдау жүргізуге ақпарат көздері болып табылады.



2. Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді

қалыптастыру (есептеу) тәртібі


  1. Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін бағалау мынадай бағыттар:

  1. халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың көрсеткіштері;

  2. стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың көрсеткіштері;

  3. жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдарының көрсеткіштері;

  4. қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдарының, және паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдардың көрсеткіштері;

  5. қан қызметі саласында қызмет атқаратын ұйымдардың көрсеткіштері;

  6. патологиялық анатомия саласында қызмет атқаратын ұйымдардың көрсеткіштері;

  7. салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы қызметті іске асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының көрсеткіштері;

  8. АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының көрсеткіштері;

  9. жетім балаларға, туғанынан үш жасына дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғанынан төрт жасқа дейін психикалық және физикалық даму кемшіліктері бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар жанұяларға психологиялық – педагогикалық қызмет көрсетумен шұғылданатын ұйымдардың көрсеткіштері.

  1. Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін талдау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:

  1. жалпы мәліметтер;

  2. профилактикалық және емдеу жұмысын ұйымдастыру;

  3. медициналық кызмет көрсету сапасы туралы;

  4. дәрігерлік диагностикалау сапасы туралы.

  1. Осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың көрсеткіштері есептеледі.

  2. Стационар жұмысының қызметін зерделеу үшін осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес стационар жұмысының сапасын және тиімділігін анықтайтын көрсеткіштерге талдау жүргізіледі.

  3. Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдарының көрсеткіштері осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес есептелінеді.

  4. Қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдарының, және паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдардың көрсеткіштері осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес есептелінеді.

  5. Қан қызметі саласында қызмет атқаратын ұйымдардың көрсеткіштері осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес есептелінеді.

  6. Патологиялық анатомия саласында қызмет атқаратын ұйымдардың көрсеткіштері осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес есептелінеді.

  7. Салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы қызметті іске асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының көрсеткіштері осы Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес есептелінеді.

  8. АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының көрсеткіштері осы Әдістемеге 8-қосымшаға сәйкес есептелінеді.

  9. Жетім балаларға, туғанынан үш жасына дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғанынан төрт жасқа дейін психикалық және физикалық даму кемшіліктері бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар жанұяларға психологиялық – педагогикалық қызмет көрсетумен шұғылданатын ұйымдардың көрсеткіштері осы Әдістемеге 9-қосымшаға сәйкес есептелінеді.

Денсаулық сақтау

саласындағы көрсеткіштерді

қалыптастыру (есептеу)

әдістемесіне 1-қосымша

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың көрсеткіштері


  1. Бір тұрғынға шаққандағы жылына келудің орташа санының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

КС = (ЖКС+КС(үйде)+КС(стом))/ОХС, мұндағы:


КС – бір тұрғынға шаққандағы жылына келудің орташа саны;

ЖКС – профилактикалық келуді қосқандағы келулердің саны;

КС(үйде) – үйде жасалған келулердің саны;

КС(стом) – стоматологтарға және тіс дәрігерлеріне келулердің саны;

ОХС – орташа жылдық халық саны.

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.



  1. Мамандығы бойынша келулердің үлес салмағының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

КҮ(маман) = КС(маман)/КС(барлығы)*100, мұндағы:


КҮ(маман) – мамандық бойынша келулердің үлес салмағы;

КС(маман) – дәрігерге осы мамандық бойынша келулердің саны;

КС(барлығы) – барлық мамандықтар бойынша дәрігерлерге емханаға келулердің саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Емханада қабылдау бойынша орташа күндік жүктеменің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

КЖ(емх) = КС/(БЕЛ*ЖКС), мұндағы:


КЖ(емх) – емханада қабылдау бойынша орташа күндік жүктеме;

КС – бір жылда профилактикалық келуді қосқандағы дәрігерлерге келулердің саны;

БЕЛ – бос емес лауазымдардың саны;

ЖКС – бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.


  1. Үйде қызмет көрсету бойынша орташа күндік жүктеменің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

КЖ(үйде) = КС(үйде)/(БЕЛ*ЖКС), мұндағы:


КЖ(үйде) – үйде қызмет көрсету бойынша орташа күндік жүктеме;

КС(үйде) – бір жылда үйде дәрігерлермен жасалған келулердің саны;

БЕЛ – бос емес лауазымдардың саны;

ЖКС – бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.


  1. Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (бұдан әрі – МСАК) 1 дәрігеріне шаққандағы бекітілген халық саны мынадай формула бойынша есептеледі:

БХ(1 дәрігерге) = ХС/ДС(МСАК), мұндағы:

БХ(1 дәрігерге) - МСАК 1 дәрігеріне шаққандағы бекітілген халық саны;

ХС – Бекітілген халық тіркелімі деректері бойынша МСАК ұйымдарына бекітілген халық саны;

ДС(МСАК) – МСАК дәрігерлерінің саны, оған учаскелік терапевтер, учаскелік педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері кіреді.

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.



  1. Профилактикалық тексеріп-қарау жоспарын орындау көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ҚП = ҚС*100/ҚЖС, мұндағы:


ҚП – профилактикалық қарап-тексеру жоспарын орындау пайызы;

ҚС – профилактикалық қарап-тексеру кезінде тексерілген адамдардың саны;

ҚЖС – профилактикалық қарап-тексеруге жататын адамдардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Профилактикалық қарап-тексеру кезінде анықталған патологиялардың жиілігінің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

АП = АС(анықталған)*100/ҚС, мұндағы:


АП – профилактикалық қарап-тексеру кезінде анықталған патологиялардың жиілігі;

АС(анықталған) – профилактикалық қарап-тексеру кезінде анықталған науқастардың саны;

ҚС – қаралған адамдардың саны.

Қаралғандардың ішінде анықталған ауруларды талдау кезінде алғаш анықталған аурулар ескеріледі.



  1. Жалпы сырқаттанушылық көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ЖС = ЖАС*100 000/ОХС, мұндағы:


ЖС – жалпы сырқаттанушылық;

ЖАС – бір жылда халықтың тіркелген ауруларының жалпы саны;

ОХС – орташа жылдық халық саны.

Өлшем бірлігі – 100 мың халыққа шаққанда аурулардың жалпы саны.



  1. Алғашқы сырқаттанушылық көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

АС = ААС*100 000/ОХС, мұндағы:


АС – алғашқы сырқаттанушылық;

ААС – бір жылда халықтың алғаш тіркелген ауруларының саны;

ОХС – орташа жылдық халық саны.

Өлшем бірлігі – 100 мың халыққа шаққанда алғаш тіркелген аурулардың саны.

Алғашқы және жалпы сырқаттанушылық көрсеткіштері Аурулардың халықаралық жіктемесінің оныншы қайта қарауына сәйкес класы және жеке аурулар бойынша есептелінеді.


  1. Халықты диспансерлік бақылаумен қамту көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ДБҚ = НС (ДБ)/ХС*100, мұндағы:


ДБҚ – халықты диспансерлік бақылаумен қамту;

НС (ДБ) – диспансерлік бақылауда тұрған адамдардың саны;

ХС – жылдың соңындағы халық саны.

Көрсеткіш ересектерге және балаларға жеке есептеледі.



  1. Науқастарды диспансерлік бақылаумен қамтудың толықтығының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ДБҚТ = НС (ДБ)*100/НС, мұндағы:


ДБҚТ – науқастарды диспансерлік бақылаумен қамтудың толықтығы;

НС (ДБ) – диспансерлік бақылауда тұрған адамдардың саны;

НС – сол аурумен тіркелеген науқастардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Науқастарды диспансерлік бақылауға уақытында алу көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

Р = НС (ДБ алынған)*100/НС (қ/а), мұндағы:


Р – науқастарды диспансерлік бақылауға уақытында алу;

НС (ДБ алынған) – сол аурумен қайта анықталған дардың ішінен диспансерлік бақылауға қайта алынған науқастардың саны;

НС (қ/а) – осы аурумен қайта анықталған науқастардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Жазылып кетуіне байланысты тіркеуден алынған науқастардың үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:

ҮС(ДБ алынған) = НС(ДБ алынған)/(НС(ДБ жылдың басында)+ НС(ДБ қ/а)*100, мұндағы:


ҮС(ДБ алынған) – жазылып кетуіне байланысты есептен алынған науқастардың үлес салмағы;

НС(ДБ алынған) – жазылып кетуіне байланысты диспансерлік бақылаудан алынған науқастардың саны;

НС(ДБ жылдың басында) – жылдың басында есепте тұрған диспансерлік науқастардың саны;

НС (ДБ қ/а) – жыл бойына есепке алынған диспансерлік науқастардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.


  1. Рентгенолог-дәрігердің орташа күндік жүктемесі мынадай формула бойынша есептеледі:

Ж(рентгенолог) = РЕС/(БЕЛ(рентгенолог)*ЖКС), мұндағы:


Ж(рентгенолог) – рентгенолог-дәрігердің орташа күндік жүктемесі;

РЕС – жіберілген рентгенологиялық емшаралардың саны;

БЕЛ(рентгенолог) – рентгенолог-дәрігерлердің бос емес лауазымдарының саны;

ЖКС – бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.


  1. Амбулаториялық жағдайда рентгенологиялық әдістерді пайдаланудың көрсеткіштері мынадай формула бойынша есептеледі:

Р(аеұ) = РЗС(аеұ)/КС, мұндағы:


Р(аеұ) – амбулаториялық жағдайда рентгенологиялық әдістерді пайдалану көрсеткіші;

РЗС(аеұ) – амбулаториялық жағдайда жасалынған рентгенологиялық зерттеулердің саны;

КС – емханадағы дәрігерлерге жасалынған келулердің саны.

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.



  1. Эндоскопист-дәрігердің орташа күндік жүктемесі мынадай формула бойынша есептеледі:

Ж(эндоскопист) = ЭЗС/(БЕЛ(эндоскопист)*ЖКС), мұндағы:


Ж(эндоскопист) –эндоскопист-дәрігердің орташа күндік жүктемесі;

ЭЗС – жасалынған эндоскопиялық зерттеулердің саны;

БЕЛ(эндоскопист) – эндоскопист-дәрігерлердің бос емес лауазымдарының саны;

ЖКС – бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.


  1. Зертханашы-дәрігердің орташа күндік жүктемесі мынадай формула бойынша есептеледі:

Ж(зертханашы) = ЗТС/(БЕЛ(зертханашы)*ЖКС), мұндағы:


Ж(зертханашы) – зертханашы-дәрігердің орташа күндік жүктемесі;

ЗТС – жасалынған зертханалық талдаулардың саны;

БЕЛ(зертханашы) –зертханашы-дәрігерлердің бос емес лауазымдарының саны;

ЖКС – бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.


  1. Бір тұрғынға жүргізілген зертханалық талдаулардың санының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ЗТС (1 тұрғынға) = ЗТС /ОХС, мұндағы:


ЗТС(1 тұрғынға) – бір тұрғынға жүргізілген зертханалық талдаулардың саны;

ЗТС – зертханалық талдаулардың саны;

ОХС – орташа жылдық халық саны.

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.



  1. 100 келуге шаққанда жүргізілген зертханалық талдаулардың санының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ЗТС(100 келуге) = ЗТС/КС, мұндағы:


ЗТС(100 келуге) – 100 келуге шаққанда жүргізілген зертханалық талдаулардың саны;

ЗТС – зертханалық талдаулардың саны;

КС – емханада дәрігерлерге жасалынған келулердің саны.

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.



  1. Физиотерапиялық бөлімшенің қызметкеріне орташа күндік жүктемесі мынадай формула бойынша есептеледі:

Ж(физиотерапевт) = ФЕС/(БЕЛ(физиотерапевт)*ЖКС), мұндағы:


Ж(физиотерапевт) – физиотерапиялық бөлімше қызметкерінің орташа күндік жүктемесі;

ФЕС – жасалынған физиотерапиялық емшаралардың саны;

БЕЛ(физиотерапевт) – физиотерапиялық бөлімшенің орта медициналық персоналының бос емес лауазымдарының саны;

ЖКС – бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.


  1. Емханада физиотерапиялық емдеу әдістерін пайдалану көрсеткіштері мынадай формула бойынша есептеледі:

Ф(аеұ) = ФЕС(аеұ)/КС, мұндағы:


Ф(аеұ) – емханада физиотерапиялық емдеу әдістерін пайдалану көрсеткіші;

ФЕС(аеұ) – амбулаториялық науқастарға жасалынған физиотерапиялық емшаралардың саны;

КС – емханада дәрігерлерге жасалынған келулердің саны.

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.



  1. Емханада 100 келуге шаққандағы ультрадыбыстық зерттеулердің көрсеткіштері мынадай формула бойынша есептеледі:

УДЗС(100 келуге) = УДЗС(аеұ)/КС, мұндағы:


УДЗС(100 келуге) – емханада 100 келуге ультрадыбыстық зерттеулердің саны;

УДЗС(аеұ) – емханада жасалынған ультрадыбыстық зерттеулердің саны;

КС – емханада дәрігерлерге жасалынған келулердің саны.

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.

Денсаулық сақтау

саласындағы көрсеткіштерді

қалыптастыру (есептеу)

әдістемесіне 2-қосымша



Стационар жұмысының сапасын және тиімділігін

анықтайтын көрсеткіштер


  1. Халықты төсек-орын қуаттылығымен қамтамасыз ету мынадай формула бойынша есептеледі:

ТҚ =ТС*10 000/ХС, мұндағы:


ТҚ – халықты төсек-орын қуаттылығымен қамтамасыз ету;

ТС – төсек-орын саны;

ХС – жылдың соңына халық саны.

Өлшем бірлігі – 10 мың адамға шаққанда.



  1. Төсек-орын жұмысының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ТЖ = ТКС/ТС(орташа жылдық), мұндағы:


ТЖ – төсек-орын жұмысы;

ТКС – ауруханада науқастардың өткізген төсек-орын күндерінің саны;

ТС (орташа жылдық) – орташа жылдық төсек-орындарының саны.

Өлшем бірлігі – күн.



  1. Науқастың төсек-орында өткізген орташа ұзақтығының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ТӨОҰ = ТКС/НС(шыққан), мұндағы:


ТӨОҰ – науқастың төсек-орында өткізген орташа ұзақтығы;

ТКС – ауруханада шыққан науқастардың өткізген төсек-орын күндерінің саны;

НС(шыққан) – ауруханадан шыққан науқастардың саны (жазылып шыққан және қайтыс болған науқастардың қосындысы).

Өлшем бірлігі – күн.



  1. Төсек-орын айналымы көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ТА = НС(пайдаланылған)/ ТС (орташа жылдық), мұндағы:


ТА – төсек-орын айналымы;

НС(пайдаланылған) – пайдаланылған науқастардың саны (түскен, жазылып шыққан және қайтыс болған науқастардың қосындысының жарты санына тең);

ТС (орташа жылдық) – орташа жылдық төсек-орындарының саны.

Өлшем бірлігі – бірлік.



  1. Өлім-жітім көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ӨК = ҚС/НС(пайдаланылған)*100, мұндағы:


ӨК – өлім-жітім көрсеткіші;

ҚС – стационарда қайтыс болған науқастардың саны;

НС(пайдаланылған) – пайдаланылған науқастардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Төсек-орынның тұрып қалуының орташа уақытының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ТТҚ = (КС-ТЖ)/ТА, мұндағы:


ТТҚ – төсек-орынның тұрып қалуы;

КС – бір жылдағы күндердің саны;

ТЖ – бір жылдағы бос емес төсек-орындардың орташа саны;

ТА – төсек айналымы.

Өлшем бірлігі – күн.


  1. Бос емес төсек-орын орташа санының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

БЕТ = ТКС/ТЖ, мұндағы:


БЕТ – бос емес төсек-орындардың орташа саны;

ТКС – ауруханада науқастардың өткізген төсек-орын күндерінің саны;

ТЖ – бір жылдағы бос емес төсек-орындардың орташа саны.

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.



  1. Стационарлық көмекті тұтыну деңгейінің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

СТД = ТКС*1000/ОХС, мұндағы


СТД – стационарлық көмекті тұтыну деңгейі;

ТКС – ауруханада науқастардың өткізген төсек-орын күндерінің саны;

ОХС – орташа жылдық халық саны.

Өлшем бірлігі – 1000 адамға шаққандағы төсек-күндердің саны.



  1. Хирургиялық активтілік көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ХА = ОНС/ШНС*100, мұндағы:


ХА – хирургиялық активтілік;

ОНС – хирургиялық бөлімшеде операция жасалынған науқастардың саны;

ШНС – хирургиялық стационардан шыққан науқастардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Операциядан кейінгі асқынулардың жиілігінің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ОКА = ОС(асқыну)*100/ӨОС(барлығы), мұндағы:


ОКА – операциядан кейінгі асқынулар;

ОС(асқыну) – асқынулар байқалған операциялардың саны;

ӨОС(барлығы) – өткізілген операциялардың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Операциядан кейінгі өлім-жітім көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ОКӨ = ҚС/ОЖС*100, мұндағы:


ОКӨ – операциядан кейінгі өлім-жітім көрсеткіші;

ҚС – қайтыс болған операция жасалынған науқастардың саны;

ОЖС – операция жасалынған науқастардың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Шұғыл хирургиялық көмек көрсету үшін жеткізілген науқастарды кеш жеткізу жиілігінің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

КЖЖ = НС(24 сағаттан кеш)/НС(барлығы), мұндағы:


КЖЖ – науқастарды кеш жеткізу жиілігі;

НС(24 сағаттан кеш) – ауру басталғаннан 24 сағатан кеш жеткізілген науқастардың саны;

НС(барлығы) – шұғыл хирургиялық көмек көрсетуге жеткізілген науқастардың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың бірдей болу жиілігінің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

А = В/С*100, мұндағы:


А – клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың бірдей болу көрсеткіші;

В – клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың бірдей болу оқиғаларының саны;

С –қайтыс болғандарды ашып қараудың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Стационарда қайтыс болғандарды ашып қарау пайызы мынадай формула бойынша есептеледі:

D = С/ҚС*100, мұндағы:


D – стационарда қайтыс болғандарды ашып қараудың пайызы;

С – стационарда қайтыс болғандарды ашып қараудың жалпы саны.

ҚС – стационарда қайтыс болғандардың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Стационарда диагнозды нақтылау үшін рентгенологиялық әдістерді қолдану көрсеткіштері мынадай формула бойынша есептеледі:

Р(стац) = РЗС(стац)/НС(пайдаланылған), мұндағы:


Р(стац) – стационарда диагнозды анықтауға рентгенологиялық әдістерді қолдану әдістемесінің көрсеткіші;

РЗС(стац) – стационарда жасалынған рентгенологиялық зерттеулердің саны;

НС(пайдаланылған) – пайдаланылған науқастардың саны.;

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.



  1. Стационарда бір науқасқа жүргізілген зертханалық талдаулар санының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ЗТС(1 науқасқа) = ЗТС/НС(пайдалынған), мұндағы:


ЗТС(1 науқасқа) – стационарда бір науқасқа жүргізілген зертханалық талдаулардың саны;

ЗТС – зертханалық талдаулардың саны;

НС(пайдаланылған) – пайдаланылған науқастардың саны;

ЖКС – бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.


  1. Стационарда емдеу үшін физиотерапиялық әдістерді пайдалану көрсеткіштері мынадай формула бойынша есептеледі:

Ф(стац) = ФЕС/НС(пайдаланылған), мұндағы:


Ф(стац) – стационарда емдеу үшін физиотерапиялық әдістерді пайдалану көрсеткіші;

ФЕС – стационарда науқастарға жасалынған физиотерапиялық емшаралардың саны;

НС(пайдаланылған) – пайдаланылған науқастардың саны.

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.



  1. 1 төсек-орынға ультрадыбыстық зерттеулердің көрсеткіштері мынадай формула бойынша есептеледі:

УДЗС(1 төсек-орынға) = УДЗС(стац)/ТС(орташа жылдық), мұндағы:


УДЗС(1 төсек-орынға) – 1 төсек-орынға ультрадыбыстық зерттеулердің саны;

УДЗС(стац) – стационарда науқастарға жасалынған ультрадыбыстық зерттеулердің саны;

ТС(орташа жылдық) – орташа жылдық төсек-орындардың саны.

Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.


Денсаулық сақтау

саласындағы көрсеткіштерді

қалыптастыру (есептеу)

әдістемесіне 3-қосымша

Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдарының көрсеткіштері


  1. І-ІІІ жеделділік санатты шақырулар бойынша жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) бригадаларының уақытылы келулерінің оқиғалар саны (шақыруды ЖМК бригадасына берген сәттен бастап, шақырту орнына жеткенге дейін (15 минуттан артық емес) мынадай формула бойынша есептеледі:

УКС(ЖМК) = ШС(I-III) *100/ШС (барлығы I-III), мұндағы:


УКС (ЖМК) – І-ІІІ жеделділік санатты шақырулар бойынша жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) бригадаларының уақытылы келулерінің саны (шақыруды ЖМК бригадасына берген сәттен бастап, шақырту орнына жеткенге дейін (15 минуттан артық емес);

ШС(I-III) – уақытылы орындалған І-ІІІ жеделділік санатты шақырулардың саны;

ШС (барлығы I-III) – – І-ІІІ жеделділік санатты барлық шақырулардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Кешігумен қызмет көрсетілген шақырулардың үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:

КҚШҮ(ЖМК) = КҚШС (I-VI) *100/ШС(барлығы), мұндағы:


КҚШҮ(ЖМК) – кешігумен қызмет көрсетілген шақырулардың саны;

КҚШС (I-VI) – кешігумен қызмет көрсетілген барлық шақырулардың саны;

ШС (барлығы) – барлық қызмет көрсетілген шақырулар саны;

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. МСАК ұйымдарының жұмысы уақытында (8.00 – 18.00 сағат аралығында) созылмалы ауруы бар пациенттердің үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:

ШСҮ(МСАК) = ШС(МСАК)*100/ ШС, мұндағы:


ШСҮ (МСАК) – МСАК ұйымдарының жұмысы уақытында (8.00 – 18.00 сағат аралығында) созылмалы ауруы бар қызмет көрсетілген пациенттердің үлес салмағы;

ШС (МСАК) – МСАК ұйымдарының жұмысы уақытында (8.00 – 18.00 сағат аралығында) созылмалы ауруы бар қызмет көрсетілген пациенттердің саны;

ШС – МСАК ұйымдарының жұмысы уақытында (8.00 – 18.00 сағат аралығында) қызмет көрсетілген барлық пациенттер саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Госпитальге дейінгі өлімнің үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:

ГӨҮ = ӨС*100/ПС (барлығы), мұндағы:


ГӨҮ – госпитальге дейінгі өлімнің үлес салмағы;

ӨС – ЖМК бригадасы келгенге дейін және олар болған кезде қайтыс болған пациенттердің саны;

ПС(барлығы) – ЖМК бригадасы қызмет көрсеткен пациенттердің саны;

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Акушериялық және гинекологиялық патологиялары бар әйелдерге санитариялық авиациямен көрсетілген медициналық қызметтердің үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:

ҮС(АГП) = ӘС(АГП)*100/ПС(барлығы), мұндағы:


ҮС(АГП) – акушериялық және гинекологиялық патологиялары бар әйелдерге санитариялық авиациямен көрсетілген медициналық қызметтердің үлес салмағы;

ӘС(АГП) - акушериялық және гинекологиялық патологиялары бар әйелдер саны;

ПС – санитариялық авиация қызмет көрсеткен барлық пациенттердің саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Патологиясы бар нәрестелерге санитариялық авиациямен көрсетілген медициналық қызметтердің үлес салмағы мынадай формуламен есептеледі:

ҮС(ПН) = БС(ПН)*100/ПС(барлығы), мұндағы:


ҮС(ПН) – патологиясы бар нәрестелерге санитариялық авиациямен көрсетілген медициналық қызметтердің үлес салмағы;

БС(ПН) – патологиясы бар нәрестелер саны;

ПС - санитариялық авиация қызмет көрсеткен барлық пациенттердің саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Қан айналымы жүйесінің ауруы (бұдан әрі - ҚАЖА) бар пациенттерге санитариялық авиация көрсеткен медициналық қызметтердің үлес салмағы мынадай формуламен есептеледі:

ҮС(ҚЖА) = ПС (ҚЖА)*100/ПС(барлығы), мұндағы:


ҮС(ҚЖА) – ҚЖА бар пациенттерге санитариялық авиация көрсеткен медициналық қызметтердің үлес салмағы;

ПС (ҚЖА) – ҚЖА бар пациенттер саны;

ПС – санитариялық авиация қызмет көрсеткен барлық пациенттердің саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Санитариялық авиациямен көрсетілген тасымалдаулардың үлес салмағы мынадай формуламен есептеледі:

ТҮ = ТС*100/ПС(барлығы), мұндағы:


ТҮ - санитариялық авиациямен көрсетілген тасымалдаулардың үлес салмағы;

ТС – тасымалдаулар саны;

ПС(барлығы) - санитариялық авиация қызмет көрсеткен барлық пациенттердің саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Санитариялық авиация мамандары өткізген операциялардың үлес салмағы мынадай формуламен есептеледі:

ОҮ = ОС*100/ПС(барлығы), мұндағы:


ОҮ - санитариялық авиация мамандары өткізген операциялардың үлес салмағы;

ОС – санитариялық авиация мамандары өткізген операциялардың саны;

ПС(барлығы) - санитариялық авиация қызмет көрсеткен барлық пациенттердің саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Денсаулық сақтау

саласындағы көрсеткіштерді

қалыптастыру (есептеу)

әдістемесіне 4-қосымша



Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдарының, және паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдардың көрсеткіштері


  1. 1000 халыққа шаққандағы халықтың қалпына келтіру емі және медициналық оңалтумен қамтылуы мынадай формула бойынша есептеледі:

ОҚЕҚ = НС*1000/ХЖОС, мұнда:


ОҚЕҚ – 1000 халыққа шаққандағы халықтың қалпына келтіру емі және медициналық оңалтумен қамтылу көрсеткіші;

НС – қалпына келтіру емі және медициналық оңалтумен қамтылған науқастардың саны;

ХЖОС – халықтың жылдық орташа саны.

Өлшем бірлігі – 1000 халыққа шаққандағы қалпына келтіру емі және медициналық оңалтумен қамтылған халықтың саны.



  1. 1000 халыққа шаққандағы халықтың паллиативтік емдеумен қамтылу көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ПЕҚ = НС*1000/ХЖОС, мұнда:


ПЕҚ – 1000 халыққа шаққандағы халықтың паллиативтік емдеумен қамтылу көрсеткіші;

НС – паллиативтік емдеумен қамтылған науқастардың саны;

ХЖОС – халықтың жылдық орташа саны.

Өлшем бірлігі – 1000 халыққа шаққандағы паллиативтік емдеумен қамтылған халықтың саны.



  1. 1000 халыққа шаққандағы халықтың мейіргерлік күтіммен қамтылу көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

МКҚ = НС*1000/ХЖОС, мұнда:


МКҚ – 1000 халыққа шаққандағы халықтың мейіргерлік күтіммен қамтылу көрсеткіші;

НС – мейіргерлік күтім ұйымдарындағы медициналық көмекпен қамтылған науқастардың саны;

ХЖОС – халықтың жылдық орташа саны.

Өлшем бірлігі – 1000 халыққа шаққандағы мейіргерлік күтім ұйымдарындағы медициналық көмекпен қамтылған науқастардың саны.

Сонымен қатар, төсекпен қамтудың, төсек жұмысы, төсекте болуының орташа ұзақтығының, төсек айналымының көрсеткіштері осы бұйрыққа 1,2,3,4-қосымшаларға сәйкес есептеледі.

Денсаулық сақтау

саласындағы көрсеткіштерді

қалыптастыру (есептеу)

әдістемесіне 5-қосымша


Қан қызметі саласындағы қызмет атқаратын

ұйымдардың көрсеткіштері


  1. 1000 адамға шаққанда қан және оның компоненттерін жылдық донациялау санының көрсеткіштері мына формула бойынша есептеледі:

ҚД = ҚДС*1000/ХОЖС, мұнда:


ҚД - 1000 адамға шаққанда қан және оның компоненттерін донациялау санының көрсеткіші;

ҚДС - қан және оның компоненттерін донациялаудың саны;

ХОЖС – халықтың орта жылдық саны.

Өлшем бірлігі – 1000 адамға шаққанда қан және оның компоненттерін донациялаудың саны.



  1. Қан және оның компоненттерін өтеусіз донациялаудың үлес салмағы мына формула бойынша есептеледі:

ҚӨДҮС = ҚӨДС*100/ ҚДС, мұнда:


ҚӨДҮС – қан және оның компоненттерін өтеусіз донациялаудың үлес салмағы:

ҚӨДС - қан және оның компоненттерін өтеусіз донациялаудың саны;

ҚДС – қан және оның компоненттерін донациялаудың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Қан және оның компоненттерін ерікті донациялаудың үлес салмағы мына формула бойынша есептеледі:

ҚӨДҮС = КЕДС*100/ ҚДС, мұнда:


ҚЕДҮС – қан және оның компоненттерін ерікті донациялаудың үлес салмағы:

ҚЕДС - қан және оның компоненттерін ерікті донациялаудың саны;

ҚДС – қан және оның компоненттерін донациялаудың саны.

Өлшем бірлігі– пайыз.



  1. Көшпелі жағдайда қан және оның компоненттерінің өтеусіз донациялаудың үлес салмағы мына формула бойынша есептеледі:

ҚӨДҮС (көшпелі) = ҚДС (көшпелі) *100/ ҚДС, мұнда:


ҚӨДҮС – көшпелі жағдайда қан және оның компоненттерін өтеусіз донациялаудың үлес салмағы;

ҚДС (көшпелі) - көшпелі жағдайда қан және оның компоненттерін донациялаудың саны;

ҚДС (көшпелі) - көшпелі жағдайда қан және оның компоненттерін донациялаудың саны.

Өлшем бірлігі– пайыз.



  1. Құю және препараттарға қайта өндеу үшін жарамсыз болып танылған қан және оның компоненттерін донациялау үлесі мына формула бойынша есептеледі:

ҚДҮ (жарамсыз) = ҚДС (жарамсыз)*100/ҚДС (зерттелген), мұнда:


ҚДҮ (жарамсыз) – құю және препараттарға қайта өндеу үшін жарамсыз болып танылған қан және оның компоненттерін донациялау үлесі;

ҚДС (жарамсыз) – құю және препараттарға қайта өндеу үшін жарамсыз болып танылған қан және оның компоненттерін донациялаудың саны;

ҚДС (зерттелген) – зерттелген қан және оның компоненттерін донациялаудың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Медициналық ұйымдарға берілген эритроцитердің (дозалар) барлық көлемінен лейкофильтрленген эритроциттердің үлес салмағы мына формула бойынша есептеледі:

ЛФЭҮС = БЛФЭС*100/БЭС (барлығы), мұнда:


ЛФЭҮС - медициналық ұйымдарға берілген эритроцитердің (дозалар) барлық көлемінен лейкофильтрленген эритроциттердің үлес салмағы;

БЛФЭС – берілген лейкофильтрленген эритроциттердің саны;

БЭС (барлығы) – берілген барлық түрдегі эритроциттердің саны.

Өлшем бірлігі– пайыз.



  1. Медициналық ұйымдарға берілген плазманың (дозалар) барлық көлемінен карантинделген, жаңа мұздатылған плазманың үлес салмағы мына формула бойынша есептеледі:

КЖМПҮС = БКЖМПС *100/ БЖМПС, мұнда:


КЖМПҮС - медициналық ұйымдарға берілген плазманың (дозалар) барлық көлемінен карантинделген, жаңа мұздатылған плазманың үлес салмағы;

БКЖМПС – берілген карантинделген, жаңа мұздатылған плазманың саны;

БЖМПС – берілген барлық түрдегі жаңа мұздатылған плазманың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Медициналық ұйымдарға берілген плазманың барлық көлемінен (доза) вирус белсенділігі жойылған, жаңа мұздатылған плазманың үлес салмағы мына формула бойынша есептеледі:

БВЖМПҮС = БВЖМПС*100/ ЖМПС, мұнда:


БВЖМПҮС – берілген плазманың барлық көлемінен вирус белсенділігі жойылған, жаңа мұздатылған плазманың үлес салмағы

БВЖМПС – берілген вирус белсенділігі жойылған, жаңа мұздатылған плазманың саны (дозалар);

ЖМПС – барлық түрдегі берілген жаңа мұздатылған плазманың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Медициналық ұйымдарға берілген тромбоциттердің (дозалар) барлық көлемінен лейкофильтрленген тромбоцитердің үлес салмағы мына формула бойынша есептеледі:

ЛТҮС = ЛТС*100/ ТС, мұнда:


ЛТҮС - медициналық ұйымдарға берілген тромбоциттердің (дозалар) барлық көлемінен лейкофильтрленген тромбоцитердің үлес салмағы;

ЛТС – берілген лейкофильтрленген тромбоцитердің барлығы;

ТС - барлық түрдегі берілген тромбоциттердің саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Медициналық ұйымдарға берілген тромбоциттердің (дозалар) барлық көлемінен вирус белсенділігі жойылған тромбоцитердің үлес салмағы мына формула бойынша есептеледі:

ВТҮС = ВТС*100/ ТС, мұнда:


ВТҮС - медициналық ұйымдарға берілген тромбоциттердің (дозалар) барлық көлемінен вирус белсенділігі жойылған тромбоцитердің үлес салмағы;

ВТС – берілген вирус белсенділігі жойылған тромбоцитердің саны;

ТС - барлық түрдегі берілген тромбоциттердің барлығы.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. 1000 адамға шаққанда берілген эритроциттердің (дозалар) көлемі мына формула бойынша есептеледі:

БЭК (1000 адам) = ЭК (берілді)*1000/ХОЖС, мұнда:


БЭК (1000 адам) - 1000 адамға шаққанда берілген эритроциттердің көлемі;

ЭК (берілді) – берілген эритроциттердің көлемі.

ХОЖС – халықтың орта жылдық саны.

Өлшем бірлігі – 1000 адамға шаққанда берілген эритроциттердің көлемі (дозалар).



  1. 1000 адамға шаққанда берілген плазманың (дозалар) көлемі мына формула бойынша есептеледі:

БПК (1000 адам) = ПК (берілді)*1000/ХОЖС, мұнда:


БПК - 1000 адамға шаққанда берілген плазманың көлемі;

ПК (берілді) – берілген плазманың көлемі;

ХОЖС – халықтың орта жылдық саны.

Өлшем бірлігі – 1000 адамға шаққанда берілген плазманың көлемі (дозалар).




  1. 1000 адамға шаққанда берілген тромбоциттердің (дозалар) көлемі мына формула бойынша есептеледі:

БТК= ТК (берілді)*1000/ХОЖС, мұнда:


ОВТ - 1000 адамға шаққанда берілген тромбоциттердің көлемі;

ТК (берілді) – берілген тромбоцитердің барлығы;

ХОЖС – халықтың орта жылдық саны.

Өлшем бірлігі – 1000 адамға шаққанда берілген тромбоциттердің көлемі (дозалар).


Денсаулық сақтау

саласындағы көрсеткіштерді

қалыптастыру (есептеу)

әдістемесіне 6-қосымша

Патологиялық анатомия саласында қызмет атқаратын ұйымдардың көрсеткіштері


  1. Стационарда қайтыс болғандарды патологоанатомиялық зерттеу санының үлес салмағы келесі формула бойынша есептеледі:

ПЗҮС= ПЗСстац)*100/ПЗС(барлығы), бұнда:


ПЗҮС - стационарда қайтыс болғандарды патологоанатомиялық зерттеу санының үлес салмағы;

ПЗС(стац) – стационарда қайтыс болғандарды патологоанатомиялық зерттеулер саны;

ПЗС(барлығы) – қайтыс болғандарды патологоанатомиялық зерттеулердің жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Стационарда қайтыс болған балаларды (0-14 жас) патологоанатомиялық зерттеу санының үлес салмағы келесі формула бойынша есептеледі:

ПЗҮС (0-14 жас) = ПЗС(стац 0-14 жас)*100/ПЗС(0-14 жас), бұнда:


ПЗҮС(0-14жас) - стационарда қайтыс болған балаларды (0-14 жас) патологоанатомиялық зерттеу санының үлес салмағы;

ПЗС(стац 0-14 жас) - стационарда қайтыс болған балаларды (0-14 жас) патологоанатомиялық зерттеу саны;

ПЗС(0-14 жас) – қайтыс болған балаларды (0-14 жас) патологоанатомиялық зерттеулердің жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Стационарда өлі туғандарды патологоанатомиялық зерттеу санының үлес салмағы келесі формула бойынша есептеледі:

ПЗҮС(ӨТ) = ПЗС(ӨТ стац)*100/ПЗС(ӨТ барлығы), бұнда:


ПЗҮС(ӨТ) - стационарда өлі туғандарды патологоанатомиялық зерттеу санының үлес салмағы;

ПЗС(ӨТ стац) - стационарда өлі туғандарды патологоанатомиялық зерттеу саны;

ПЗС(ӨТ барлығы) – өлі туғандарды патологоанатомиялық зерттеудің жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.


Денсаулық сақтау

саласындағы көрсеткіштерді

қалыптастыру (есептеу)

әдістемесіне 7-қосымша

Саламатты өмір салты, дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы қызметті іске асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының көрсеткіштері


  1. Скринингтік зерттеп-қараумен қамту көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ҚП = ҚС*100/СЖС, мұнда:


ҚП – скринингтік қарап-тексерумен қамту пайызы;

ҚС – скринингтік қарап-тексеруде қаралған адамдардың саны;

СЖС – скринингтік қарап-тексеруге жататын адамдардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Скринингтік қарап-тексеру кезінде анықталған патологиялар жиілігінің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

АП = АС*100/СЖС, мұнда:


АП – скринингтік қарап-тексеру кезінде анықталған патологиялар пайызы;

АС – скринингтік қарап-тексеру кезінде анықталған патологиясы бар адамдардың саны;

СЖС – скринингтік қарап-тексеруге жататын адамдардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Скринингтік зерттеп-қарау шеңберінде диспансерлік есепке алынғандардың пайызы мынадай формула бойынша есептеледі:

ДП = ДС*100/СЖС, мұнда:


ДП – «Д» есепке алынғандар пайызы;

ЧД – скринингтік қарап-тексеру кезінде «Д» есепке алынған адамдардың саны;

СЖС – скринингтік қарап-тексеруге жататын адамдардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Скринингтік тексеру кезінде темекі шегушілікті анықтау көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ШП = ШС*100/СҚС, мұнда:


ШП – скринингтік қарап-тексеру шеңберінде мінез-құлықтық қауіпті факторы бар – шылым шегетін адамдарды анықтау пайызы;

ШС – скринингтік қарап-тексеру шеңберінде анықталған мінез-құлықтық қауіпті факторы бар – шылым шегетін адамдардың саны.

СҚС – скринингтік қарап-тексеруде қаралған адамдардың саны;

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Скринингтік қарап-тексеру кезінде алкогольді шамадан тыс тұтынатындарды анықтау көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

АП=АІС*100/СҚС, мұнда:


АП – скринингтік қарап-тексеру шеңберінде мінез-құлықтық қауіпті факторы бар – алкогольді шамадан тыс тұтынатын тұлғаларды анықтау пайызы;

АІС – скринингтік қарап-тексеру шеңберінде анықталған мінез-құлықтық қауіпті факторы бар – алкогольді тұтынатын адамдардың саны.

СҚС – скринингтік қарап-тексеруде қаралған адамдардың саны;

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Скринингтік зерттеп-тексеру кезінде артық дене салмағы (бұдан әрі –АСИ) анықтау көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

АСИП=АДСС*100/СҚС, мұнда:


АСИП – скринингтік қарап-тексеру шеңберінде АСИ адамдарды анықтау пайызы;

АСИС – скринингтік қарап-тексеру шеңберінде анықталған АСИ адамдардың саны;

СҚС – скринингтік қарап-тексеруде қаралған адамдардың саны;

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Денсаулық мектептеріне барғандардың орта айлық санының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ДМК = (ДМС1+ДМС2+..+ДМС12)/ 12, мұнда:


ДМП – ДМ барғандардың орташа айлық санының көрсеткіші;

ДМС – бейінді ДМ бір айда оқудан өткен пациенттердің саны;

Өлшем бірлігі – пайыз.

8. Темекіге қарсы орталықтарға (бұдан әрі – ТҚО) барғандардың орташа айлық санының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:


ТҚОК = (ТҚОС1+ТҚОС2+..+ТҚОС12) / 12, мұнда:
ТҚОК – темекіге қарсы орталықтарға барғандардың орташа айлық көрсеткіші;

ТҚОС – ТҚО-да бір айда оқудан өткен пациенттердің саны;

Өлшем бірлігі – пайыз.

9. ЖДО барғандардың орташа айлық санының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:


ЖДОК = (ЖДОС 1+ЖДОС 2+..+ЖДОС 12) / 12, мұнда:
ЖДОК – ЖДО-ға барғандардың орташа санының көрсеткіші;

ЖДОС – ЖДО-да бір айда оқудан өткен пациенттердің саны;

Өлшем бірлігі – пайыз.

Денсаулық сақтау

саласындағы көрсеткіштерді

қалыптастыру (есептеу)

әдістемесіне 8-қосымша

АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласында қызметті

жүзеге асыратын ұйымдардың көрсеткіштері


  1. АИТВ-инфекциясына тестілеуден өткен халықтың пайызының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

Т = (t (код 100) – t (код 114) – t (код 109)/2 - t (код 112)/2) / N×(100), мұнда:


Т - АИТВ-инфекциясына тестілеуден өткен халықтың пайызы;

t (код 100) – АИТВ-инфекциясына тексерілген Қазақстан Республикасының азаматтарының саны;

t (код 114) – АИТВ-инфекциясына тексерілген жасырын тексерілгендер және азаматтығы анықталмаған адамдар саны;

t (код 109)/2 – АИТВ-инфекциясына тексерілген жүкті әйелдердің саны 2 бөлінеді, себебі, жүкті әйелдер тіркеуге тұрғанда және жүктіліктің үшінші айында екі рет зерттеп-қаралады;

t (код 112)/2 – АИТВ-инфекциясына тексерілген тергеу абақтыларында және түзету мекемелерінде қамалғандар саны 2 бөлінеді, себебі бұл адам құрамы қылмыстық-түзету жүйесі мекемесіне түскенде және 5 ай өткен соң екі рет зерттеп-қаралады.

N – халық саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.


  1. Науқастарды антиретровирустық терапиямен (бұдан әрі - АРТ) қамту көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

О = С/МС*100, мұнда:


О – науқастарды антиретровирустық терапиямен қамту;

С – есептілік кезеңі соңында АРТ қабылдап жатқан АИТВ-оң пациенттердің саны.

МС – АРТ-ға мұқтаж АИТВ-оң пациенттердің саны

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Емдеудің ұлттық хаттамасына сәйкес антиретровирустық профилактиканың (бұдан әрі – АРТ) толық курсын қабылдап жатқан оң нәтижелі АИТВ бар жүкті әйелдердің пайыз көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

В = К1/К2*100, мұнда:


В - емдеудің ұлттық хаттамасына сәйкес АРВ профилактиканың толық курсын қабылдап жатқан оң АИТВ бар жүкті әйелдердің пайызы;

К1 – есептілік кезеңінде анадан балаға берілу қаупін төмендету мақсатында АРВ профилактикасын қабылдап жатқан оң АИТВ бар босанған әйелдердің саны;

К2 - есептілік кезеңінің соңында тіркеуде тұрған оң АИТВ бар жүкті әйелдердің саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. АИТВ-мен өмір сүретін, ЖИТС-тен қайтыс болған адамдардың өлім көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

С=А*1000/ (ЖС – К), мұнда:


С - АИТВ-мен өмір сүретін, ЖИТС-тен қайтыс болған адамдардың өлімі;

А – ағымдағы жылы ЖИТС-тен қайтыс болғандардың саны;

ЖС – ағымдағы жылдың басында АИТВ-инфекциясының жағдайларының жинақталған саны

К – ағымдағы жылдың басында АИТВ-ны жұқтырған қайтыс болған адамдардың жинақталған саны.

Өлшем бірлігі – АИТВ-мен өмір сүретін 1000 адамға шаққандағы жағдайлардың саны.

5. АИТВ-ның анадан балаға ерте берілуін төмендету үшін АРВ препараттардың профилактикасын қабылдаған оң АИТВ бар жүкті әйелдерден туылған нәрестелердің пайыз көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:


Н = С/С1*100, мұнда:
Н - АИТВ-ның анадан балаға ерте берілуін төмендету үшін АРВ препараттарының профилактикасын қабылдаған оң АИТВ бар жүкті әйелдерден туған нәрестелердің пайызы

С - АИТВ-ның анадан балаға ерте берілуін төмендету үшін АРВ препараттарының профилактикасын қабылдаған, есептілік кезеңінде тірі туған балалардың саны (босанғаннан кейінгі ерте кезеңде, өмірдің алғашқы 6 айында)

С1 – есептілік кезеңінде тірі туған балалардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Денсаулық сақтау

саласындағы көрсеткіштерді

қалыптастыру (есептеу)

әдістемесіне 9-қосымша



Жетім балаларға, туғаннан бастап үш жасқа дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейін психикалық және физикалық даму кемшіліктері бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға психологиялық – педагогикалық қызмет көрсетумен шұғылданатын ұйымдардың көрсеткіштері


  1. Балалар үйінде тұратын 1 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:

БҮС (1 жасқа дейін) = БС (1 жасқа дейін)*100/БС (барлығы), мұнда:


БҮС (1 жасқа дейін) – балалар үйінде тұратын бір жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы;

БС (1 жасқа дейін) – 1 жасқа дейінгі балалардың саны;

БС (барлығы)– есепті мерзімнің соңында, балалар үйінде тұратын балалардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Балалар үйінде тұратын 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:

БҮБ (1 -3 жас) = БС(1 -3 жас) *100/БС (барлығы), мұнда:


БҮС (1 -3 жас) – балалар үйінде тұратын 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы;

БС (1 -3 жас) – 1-ден 3 жасқа дейінгі балалар саны;

БС (барлығы) - есепті мерзімнің соңында, балалар үйінде тұратын балалардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Балалар үйінде тұратын 3 жастан асқан балалардың үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:

БҮС (3 жастан асқан) = БС (3 жастан асқан)*100/БС (барлығы), мұнда:


БҮС (3 жастан асқан) - балалар үйінде тұратын 3 жастан асқан балалардың үлес салмағы;

БС (3 жастан асқан) – 3 жастан асқан балалардың саны;

БС (барлығы) - есепті мерзімнің соңында, балалар үйінде тұратын балалардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:

ЖБҮС = ЖБС*100/ БС (барлығы), мұнда:


ЖБҮС - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың үлес салмағы;

ЖБС – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың саны;

БС (барлығы) - есепті мерзімнің соңында, балалар үйінде тұратын балалардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Жалпы шыққан балалардың ішінен, ата-аналары алған балалардың үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:

БҮС (ата-аналары) = БС (ата-аналары) *100/ БС (жалпы шыққан), мұнда:


БҮС (ата-аналары) - ата-аналары алған балалардың үлес салмағы;

БС (ата-аналары) – ата-аналары алған балалардың саны;

БС (жалпы шыққан) – жалпы шыққан балалардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Жалпы шыққан балалардың ішінен, асырап алған балалардың үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:

БҮС (асырап алынды) = БС (асырап алынды)*100/ БС (жалпы шыққан), мұнда:


БҮС (асырап алынды) - асырап алынған балалардың үлес алмағы;

БС (асырап алынды) – асырап алынған балалар саны;

БС (жалпы шыққан) – жалпы шыққан балалардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.



  1. Медициналық-әлеуметтік ұйымдарға ауыстырылған балалардың үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:

БҮС (ауыстырылды) = БС (ауыстырылды)*100/ БС (жалпы шыққан), мұнда:


БҮС (ауыстырылды) – медициналық-әлеуметтік ұйымдарға ауыстырылған балалардың үлес бөлшегі;

БС (ауыстырылды) – медициналық-әлеуметтік ұйымдаға ауыстырылған балалардың саны;



БС (жалпы шыққан) – жалпы шыққан балалардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет