2011 жылдың 24 қарашасында Бөрлі ауданы Ақсай қаласында алғаш рет І азаматтық форум болып өтті



Дата14.06.2016
өлшемі7.29 Kb.
#136024
2011 жылдың 24 қарашасында Бөрлі ауданы Ақсай қаласында алғаш рет І Азаматтық форум болып өтті. Шара Бөрлі ауданы әкімшілігінің, жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастыруымен оздырылды. Бөрлі ауданының Азаматтық форумына М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлімінің жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты С.М.Ғиззатов арнайы шақырылып, «Патриотизм және азаматтық борыш» тақырыбында баян­дама жасады.

Форум жұмысына БҚО ішкі саясат басқармасының бөлім, аудандық ішкі саясат бөлімінің, аудандық мемлекеттік меке­мелер, қоғамдық бірлестіктер, мектептер өкілдері қатынасқан форумда университетіміздің маманы С.М.Ғиззатов жиылған халық алдында патриотизм, оның қазіргі жағдайы, мемлекеттің жүргізіп отырған оңды саясаты, нәтижелері жөнінде ой толғап, тәуелсіз еліміздің жастарын отансүйгіштікке шақырды. Сонымен қатар азаматтық борыш, оның азаматтық қоғам қалыптастырудағы маңызы жан-жақты талқыланды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет