«Салауатты ұрпақ – Саламатты Қазақстан» атты аудандық спартакиада
16 мамыр күні Жаңақорған ауданының орталық стадионында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылығымен, «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігі және аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің үйлестіруімен «Салауатты ұрпақ – Саламатты Қазақстан» атты аудандық жастар спартакиадасы болып өтті.
Спартакиаданың басты мақсаты: жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты нығайту мен сақтаудың тиісті дағдыларын қалыптастыру, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру – жастар саясатының стратегиялық бағыты, елдің ұлттық қауіпсіздігінің, оның болашағының факторы.
Спартакиадаға аудан орталығындағы барлық мекемелер және ауылдық округтерден 28 команда қатысып өзара сайысты. Аудандық спартакиада сайыстың 5 түрінен өткізілді:
1. Кіші футбол
2. Арқан тартыс
3. Гір тасын көтеру
-
метр қашықтыққа жүгіру
5. Қол күрес- бағыттары бойынша жүргізілді.
Кіші футболдан жүлделі 1-ші орынды - Аудандық білім бөлімі командасы.
Арқан тартыстан жүлделі 1-ші орынды - Жаңарық ауылдық округ командасы.
Гір тасын көтеруден жүлделі 1-ші орынды - Аудандық білім бөлімі командасы.
2400 метр қашықтыққа жүгіруден 1-ші орынды - Байкенже ауылдық округ командасы.
Қол курестен жүлделі 1-ші орынды - «Нұр отан» ХДП командасы өзара бөлісті.
Ауданда жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 264 спорт орындары бар, оның ішінде 1 стадион, 17 ату тирі, 37 спорт зал, жазықтықты құрылғылар 189 (138 спорт алаң, 29 жасанды жамылғысы бар алаң, 19 футбол алаңы, 3 спорттық ядро) және ыңғайластырылған спорт залдар. Жалпы ауданда футбол, волейбол, қазақ, еркін күрестері, көкпар сияқты спорт түрлері жақсы дамыған.
Жұмсалған қаржы- 230 000 мың теңге
Достарыңызбен бөлісу: |