2011 жылғы 01 қазанына
Зырян ауданы бюджетінің кіріс және шығыс
бөлігінің орындалуы бойынша
ақпарат
2011 жылдың тоғыз айының ішінде 2874279,0 мың теңге кірістер түсті, алдыңғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 426567,0 мың теңгеге көп. Жоғарғы тұрған бюджеттен түскен субвенциялар мен трансферттер 1373142,0 мың теңге құрады.
Зырян ауданының 2011 жылдың 9 айына бюджеттің кіріс бөлігі жеке кірістер бойынша 101,6% орындалды. Аудан бюджетіне 1354842,0 мың теңге сомасында салықтар және төлемдер түсті.
Қаржы бөлімімен түсімнің күнделікті мониторингі және кіріс түсу қорында апта сайынғы талдауы жүргізіледі. Сонымен қатар ай сайын Зырян ауданы-Зырян қ. бойынша салық басқармасымен бюджетке түсетін кірістер талдауы жүргізіледі.
Бюджеттің шығыс бөлігін орындау ағымдағы жылдың 1 қазанына жылдың басындағы жоспардан 2871455,9 м.т. немесе 99% (2901383,9 м.т.) құрайды.
Бюджеттік қаражат қалдықтарының қалу себептерін анықтаумен қаражатты игеруге талдау үнемі жүргізілуде, қазнашылықтан қайтарылатын және тапсырылатын құжаттар бойынша күн сайын бақылау жүргізіледі, соған қарамастан 2011 жылдың 01 қазанына бағдарлама әкімшілері бойынша қалдықтар 29928,0 мың теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер және несиелер бойынша 20070,6 мың теңге:
- 593,3 м.т. ауылдық мекендердегі мамандарға әлеуметтік көмек іс-шараларын жүзеге асыру үшін ағымдағы мақсатты трансферттер (несие бойынша қаржылық қызметтер);
-1786,0 м.т. жұмыспен қамту 2020 Бағдарламаларының қатысушыларына мемлекеттік қолдау іс-шараларын көрсету бойынша ағымдағы мақсатты трансферттер (жұмысқа орналасқан азаматтардың тамыз-қыркүйек айларына күнтізбелік айдың толық емес орындалған жұмыс нәтижесінде қалдықтар пайда болды);
- 1134,8 м.т. жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге ағымдағы нысаналы трансферттер (400,9 – еңбек ақы бойынша үнемдеу (штат толтырылмаған), 137,7 – іс-сапарлар бойынша үнемдеу, 218 - үй-жайды жалға өтеусіз беру есебінен, 158 – шарт тіркелмеген (басқа қалалық жеткізуші, құжаттар пошта арқылы жіберілген), 148 – потенциалды жеткізушілердің жоқ болу себебінен мемлекеттік сатып алулар өткізілген жоқ (шаруашылық тауарлар), 60,2 – есеп ұсынылған жоқ (байланыс қызметтері), 12 - потенциалды жеткізушілердің жоқ болу себебінен мемлекеттік сатып алулар өткізілген жоқ (көлік жалы);
- 3673,8 м.т. жетім балаларды ұстауға қамқоршыларға (тәрбиешілерге) ай сайынғы ақшалай қаражат төлеуге ағымды мақсатты трансферттер (қамқоршыларға төлеу бойынша бекітілген ережеге байланысты (алушылардың саны азайды));
- 42,0 м.т. үйде оқытылатын, мүгедек-балаларды қамтамасыз ету бағдарламаларымен, жабдықтармен қамтамасыз ету (мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеу);
- 850,2 м.т. мектеп мұғалімдеріне біліктілік категориясы үшін төлем мөлшерін көбейту (5 жылға дейінгі стажы бар жас мамандарға 20% қосымша төлемді өзгертті);
- 40,5 м.т. жалпы орташа білім беру мемлекеттік мекемелерінде физика, химия, биология кабинеттерін оқулық жабдықтармен жабдықтау (мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеу);
- 97,8 м.т. жалпы орташа білім беру мемлекеттік мекемелерінде лингафонды және мультимедиялық кабинеттерді ашуға (мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеу);
- 275,7 м.т. әлеуметтік қызметтер үлгілерін енгізуге ағымдағы нысаналы трансферттер ( ақпан айы ішінде әлеуметтік жұмысшылармен еңбек шарттары жасалды және 1 жыл стажы бар әлеуметтік жұмысшылар қабылданды, жоспарлау кезінде мамандық бойынша жұмыс стажы 3 тен 5 жылға дейін есептелінді);
- 11573,0 м.т. ауылды жерлердегі мамандарға әлеуметтік көмек көрсету іс-шараларын жүзеге асыру үшін, бюджеттік несиелер (қалаушылар жоқ);
Облыстық бюджеттен трансферттер бойынша 5489,3 м.т. игерілген жоқ, соның ішінде:
- 252,4 м.т. жоғарғы оқу орындарында жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасыларының балаларын оқыту үшін (оқу құны, стипендия, жатақханада тұру) қайтару (студенттің оқудан бас тартуы);
- 4200,0 м.т. жылумен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ету үшін алғашқы кезектік жұмыстарды жүргізуге (Серебрянск қ. №3 ДКВР 10-13 орталық қазандықты күрделі жөндеу бойынша жұмыс көлемі толық емес көлемде орындалды);
- 1036,9 жолды ағымдағы жөндеу (Зубовск к. және «Парыгино-технологиялық трасса» Бобровка ө. арқылы көпірлерді салу бойынша жұмыс көлемі орындалған жоқ).
Аудандық бюджет бойынша қалдықтар 4368,3 мың теңге, соның ішінде: 430,6 м.т. дөңгелектеу есебінен қалдықтар; 354,8 м.т. мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеу; 379,6 м.т. еңбек ақы бойынша, ауыруханалық қағаздар есебінен, іс-сапарлық шығындар үнемдеу; 48,5 м.т. потенциалды жеткізушілердің жоқ болу себебінен мемлекеттік сатып алулар өткізілген жоқ; 550,0 м.т. есептер ұсынылған жоқ (Мәдениет үйі-киіз үйді сатып алынуы); мүгедектерге қызмет көрсету бойынша Аймақтық орталықтың ағымдағы жөндеу бойынша 2228,0 м.т. жұмыс көлемі орындалған жоқ, олардың ішінде 238,0 м.т. жұмыс көлемі орындалған жоқ, 1990,0 м.т. потенциалды мердігерге жеткізушіге құжаттар экономикалық сотқа берілді (мердігер осы жұмыстың түріне лицензия болмай сайтқа шыққан); 377,2 м.т. өзгелер.
Қаржы бөлімінің бастығы О. Тулякова
Достарыңызбен бөлісу: |