2011 жылғы 12 айындағы Бесқарағай аііб жедел-ұйымдастырушылық қызметі туралы ақпарат



Дата04.07.2016
өлшемі49.9 Kb.
#176081
2011 жылғы 12 айындағы Бесқарағай АІІБ жедел-ұйымдастырушылық қызметі туралы ақпарат
ШҚО Бесқарағай АІІБ 2011 жылдың 12 айында қылмыстармен күресу, құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша мақсатты, жоспарланған жұмыстарды жүргізді.

2011 жылдың 12 айында Бесқарағай ауданының аумағында барлығы 197 қылмыс тіркелді, (2010 жылы 159 қылмыс тіркелген). Жалпы қылмыстылықтың тіркелген санынан -89 қылмыстық іс өнідірспен аяқталды, оның ішінде 29 қылмыстық іс сотқа дейінгі жеңілдетілген өндіріспен аяқталды, оңалту негізі бойынша 49 қылмыстық іс қозғалудан бас тартылды.

Қозғалған қылмыстың ашылуы 78,4%. Өткен жылмен салыстырғанда 10,8 %-ға төмен (2010 жылы 89,2 % болған)

Аса ауыр қылмыстардың ашылуы 100%. Өткен жылмен салыстырғанда бір дәрежеде.

Ауыр қылмыстар 66,7 %, өткен жылмен салыстырғанда 71,4 % төмен. 
Қылмыстылықтың жай-күйінне талдау жасаған кезде нәтижесі:

-қарақшылық шабуыл 0-ден 2 дейін

-кісі өлтіру – 2-ден 5-ке

-қарақшылық шабуыл – 1-ден 2-ге

-тонау – 3-тен 5-ке

-зорлау – 2-ден 3-ке

-алаяқтық – 0ден 1-ге

-жалпы ұрлық 90-нан 117-

-оның ішінде мал ұрлығы -13-тен 27-ге

-пәтер ұрлығы 44-тен 47-ге

-түсті мтелдардың ұрлығы -1-ден -2-ге

-айдап кету 2-ден 4-ке

-бұзақылық 16-дан 21-ге

-кісі өліміне әкеліп соққан ЖКО 5-тен 8-ге

-заңсыз қару сақтау -1-ден 2-ге

-қоғамдық орында 1-ден 3-ке

-оның ішінде көшеде 1-ден 2-ке

-ұйымдасқан қылмыс 16-ден 29-ке

-бұрын қылмыс жасағандармен жасалған қылмыс саны 8-дан 14-ге

-кәмелетке толмағандармен 5-тен 7-ге


Өткен жылмен бір дәрежеде

-денсаулыққа ауыр зиян келтіру 3-де 3,

-бопсалаушылық 1-де 1
Сондай-ақ келесі қылмыс түрлері бойынша төмендеу байқалған:

-заңсыз ағаш кесу 3-те 1

-ЖКО 14-те10

-алкогольдік ішімдік ішкен күйінде 8-ден 4-ке

-заңсыз есірткі айналымы бойынша 3-тен 0-ге
Есеп беру кезеңінде 38 қылмыс ашылмай қалған, ол келесі әкімшлік аймақта: Глуховка а/о - 9, Бесқарағай а/о -7, Канонерка а/о -7, Долон а/о -4, Семияр а/о -4, К-Владимировка а/о, Семеновка а/о, Беген а/о-2, Сосновка а/о -1 қылмыстардан ашылмай қалған.

2011 жылдың 12 айында қылмыскер ретінде іздестіруге 5 адам жария етілді. (Мустафин, Дементьев, Варакин, Богатырев және Кульбеков) қазіргі таңда олар ұсталды, өткен жылғы қалдық 1, (2005 жылдан бастап А.Кирибаев) дегенмен олда ағымдағы жылы анықталып, ұсталды.

Хабар ошарсыз жоғалып кетті деп 3 адам жария етілді, (Ескі Қорған ауылының тұрғыны Копжасаров, Стеклянка ауылының жаңында Мердешев, Шаған станциясының тұрғыны Молдырахметов) ақырғы аталған азамат Ертіс өзеніне суға батып кеткен адам ретінде анықталды, өткен жылғы қалдық 1, (2008 жылдан бастап Е.Шиманюк, Канонерка ауылы)

Танылмаған мәйіт бойынша өткен жылғы қалдық 7, ағымдағы жылы -2 (Руфф және Тулеуов) екеуіде анықталды. Сондай-ақ өткен жылғы 2 мәйіттің тұлғасы анықталды (2008 жылдан бастап Акатаев, 2009 жылдан бастап Петров) Жалпы қалдық есеп беру кезеңінде 5 адам.

«Аудан аумағында жасалатын қылмыстармен күрес және құқық бұзушылықтарды алдын алу» аудандық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудан аумағында «Құқықтық тәртіп», «Көші-қон», «Малұрлығы», «Допинг», «Нелегал», «Қару», «Қауіпсіз жол» және басқа да кешенді іс шаралары өткізілді, іс шараларды өткізу барысында алдын алу есебіне 295 адам қойылды, оның ішінде 9 адам бұрын сотты болғандар, 10 адам жағдайы нашар отбасылар ретінде, 6 адам нашақор ретінде, 71 адам алкогольдік ішімдікті асыра пайдаланушы ретінде есепке қойылды, оның ішінде 23 адам Өскемен және Семей қалаларының мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне жолданды, 30 жасөспірім есепке қойылды. Олардың ішінен формальды түрде «Бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан тұлғаларды әкімшілік қадағалау алу туралы» ҚР Заңының әрекетіне түсетін 4 адам есепке алынды. Атыс қаруы айналымы бойынша 66 бірлік бірлік қару алынды. Оның ішінде 26 тегіс ұңғылы мылтық заңсыз сақтауда болған, өз еркімен 12 бірлік қару тапсырылды. Қорғау ұйғарымы – 134, ерекше талаптар – 32.

2011 жэылдың 12 айында жасөспірімдер желісі бойынша қылмыстың 7-ге дейін өскені байқалды, өткен жылы 5 болған, жалпы жасалған қылмыстың санымен салыстырлмалы үлес салмағы 7,3% құрайды, ол орта облыстық көрсеткіштен 6,3% жоғары. Осы қылмыстар жасөспірімдермен жасалған: А.Штарк, Долон ауылында ТМҚ ұрлаған. Юрьев, Мухамеджанов, Тулубаев, Канонерка ауылындаға ұрлық, 5 қылмысты ересек балалармен 16-КЛ оқушысы Семеновка ауылының тұрғыны Борисов бірігіп жасаған, оның ішінде 2 ауыр қылмысты,яғни зорлау және бұзақылық қылмысын жасаған, сонымен 1993 ж.т. А.Борисов 5 жылға бас бостандығынан айырылып сотталған.

Аудан әкімшілігінің ғимаратында жиі балардың құқығын қорғау бойынша комиисия отырысы өтеді. Отырыста бірінші өзекті мәселе ол ата-анасының өз құқықтарымен міндеттері орындамағаны үшін ата-аналық құқығынан айыру іс құжаты қарастырылған. Мәселен, Бесқарағай ауылының тұрғындары 1986 ж.т. К.Рапикова, және 1976 ж.т. А.Кириченко, сонымен қатар отырыста бұзақылық жасөспірімдерді арнайы мекетепке жолдау мәселесі қарастырылған болатын. Ағымдағы жылы Бесқарағай ауылының тұрғыны 1995 ж.т. В.Готфрид, Сосновка ауылының тұрғыны 1993 ж.т. Н.Биллида Серебрянск қаласының арнайы жабық түрдегі мектепке жолданған. Ал Глуховка ауылының тұрғыны, 1997 ж.т. жасөспірім Р.Хатипов Белоусов поселкесінің жабық түрдегі арнайы мектепбіне жолданған.

Жол көлік оқиғаларын, балалардың жарақаттануын болдырмау мақсатында, аудан аумағында «Қауіпсіз жол», «Абайлаңдар, балалар», «Автобус», «Жолаушы» атты және тағыда басқа рейдттік іс-шаралар өткізіледі. Ағымдағы жылдың 12 айында жол жүру ережесін бұзу бойынша 471 фактісі тіркелген, өткен жылы 441 фактісі тіркелген, оның ішінде алкогольдік ішімдің ішкен мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 47 жүргізуші, өткен жылы 43 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Есеп беру уақыт аралығында жалпы 2332 км жолдың ақауларын зерттеу 27 рет өткізілді, жергілікті жолдар бойынша 475 км жолға 4 ұйғарым жасалды. Аталған ұйғарыпның орындалмағаны үшін 2 уәкілетті тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қолданған шараға қарамастан, аудан аумағында жол көлік оқиғаларының 20-дан 24-ке өсуі байқалды, сонымен қатар кісі өлімі 4-тен 15-ке өскен, жарақат алғандар 23-ден 46-ге өскен.

Көші – қон полициясының қызметі бойынша аудан аумағында «Көші-қон», «Нелегал» атты алдын алу - жедел іс-шаралар өткізіледі. Ағымдағы жылдың 12 айында 72 адам көші – қон заңнамасының бұзылғаны анықталды, (2010 жылы-138) оның ішінде ҚР аумағына кіру тәртібін бұзғаны үшін 46 адам, (2010-99) соттың шешімі негізінде Қазақстан Республикасының шегінен 8 адам шығарылды (өткен жылы 26).

ҚР ӘҚБтК 395-бабы бойынша 12 адам, өткен жылы 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК 396-бабы бойынша құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

Табиғатты қорғау полициясының бағыты бойынша жұмыс жеткіліксіз дәрежеде жүргізіледі. Есеп беру уақыт аралығында азңсыз ағаш кесу айналымы бойынша қылмыстар анықталған жоқ, өткен жылы дәл осы уақыт аралығында 3 қылмыс анықталған болатын. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 106 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, өткен жылы 93 құқық бұзушылық анықталған болатын. Сондай-ақ ҚР ҚК-нің 298-1 бабы бойынша 21 іс құжатты жианқатлды, өткен жылы -9, ҚР ҚК-нің 368-бабы, 369-бабы бойынша -13 оқиға анықталды, өткен жылы -3.

Есепке алу - тіркеу бағыты бойынша АІІБ басшылығы күнделікті тексеру жұмыстарын жүзеге асырады. Есеп беру кезінде 12 отырыс өткізілді. 14 ведомстволық тексеру өткізілді, нәтижесінде есепке алу тіркеу тәртібі бойынша 46 кемшілшіліктер анықталды. Оның ішінде 1 жасырын қалған қылмыс, 28 поцессуалдық нормалдағы кемшіліктер, 17 тіркеу тәртібін бұзу фактісі бойынша.

Қазіргі уақытта барлық бас артылған іс құжаттар бөлімше қызметінің бастығымен зерделеніп, талдау жасалады. Сондай-ақ ерекше қажет болған жағдайда ғана АІІБ бастығымен келісу арқылы 2 айға ұзартылады.



Жасырын қылмыстарды анықтау мақсатында бізбен ай сайын ауылдық округтер әкімдігімен және аурухана мекемесімен салыстыру жүзеге асырылып отырады.
Бесқарағай АІІБ бастығы

полиция подполковнигі Р. Ахметов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет