2011 жылғы бірінші жартыжылдық ішіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Бюджет
2011 жылғы 1 шілдеге ауданның бюджетіне 950,2 млн.теңге кіріс түсті, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,8 млн.теңгеге төмен. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен субвенциялар мен мақсатты трансферттер 826,7 млн. теңгені құрайды.
Ағымдағы жылғы 1 шілдеге өзіндік кірістер бойынша аудан бюджеті 121,7 пайызға орындалды, нақты 123,5 млн.теңге түсті.
2011 жылғы 1 шілдеге аудан бюджетінің орындалуы республикалық және облыстық бюджеттің мақсатты трансферттерінен алынғандардың есебімен субвенциялар 931,8 млн.теңгені немесе 99,3 пайызды құрады.
Өнеркәсіп.
2011 жылғы 1 шілдеге өнеркәсіп өнімінің өндірісі 179,0 млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңіне 177,4 млн. теңге немесе 101,0 пайыз.
Ауыл шаруашылығы
2011 жылғы 1 шілдеге ет өнімдері – 2444,6 тоннаны құрады, 2010 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,5 пайызға, сүт – 21916,0 тонна (0,4 пайызға), жұмыртқа – 1699,4 дана (0,8 пайызға), жүн – 1129,0 тонна (8,5 пайызға) өсті.
Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2288,7 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңіндегі өсім қарқыны 102,4 пайызды құрады.
2011 жылғы 1 шілдеге ірі қара мал – 43,8 мың басты құрап, өсімі – 1,9 пайызды, қой мен ешкі – 61,0 мың бас, шошқа – 3,8 мың бас немесе 0,1 пайызды, жылқы – 8,9 мың бас немесе 0,6 пайызды, құс – 39,6 мың бас немесе 0,1 пайызды құрады.
2011 жылғы 1 шілдеге «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» бағдарламасы бойынша 9,4 млн.теңге бөлінді, игеру 100 пайызды құрайды.
Шағын бизнес.
2011 жылғы 1 шілдеге аудан бойынша 126 дүкендер, 43 дүңгіршектер, 23 қоғамдық тамақтандыру нысандары және 62 тұрмыстық қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді.
2011 жылғы 1 шілдеге кәсіпкерліктің 1029 шағын бизнес субъектілері жұмыс істейді, 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,8 пайызға артты.
Шағын бизнесте тіркелген кәсіпорындар саны – 49, 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 58 бірлік немесе 84,5 пайызды құрады. Оның ішінде жұмыс істейтін кәсіпорындар 27, 2010 жылдың осы кезеңінде 21 бірлік немесе 128,6 пайызды құрады. Олардың ішінде белсенді кәсіпорындар 25 бірлік, 2010 жылдың ұқсас кезеңіне 11 бірлік немесе 227,3 пайыз.
Жылдың басынан Е. Смагулов ЖК-дің дүкені, «Саят» шаруа қожалығымен сүтті өңдеу цехы ашылды, басшысы – Сыдыкова Б.
Ауданда шағын бизнесті дамытуды қолдау мақсатында «Бесқарағай несие» несие серіктестігі ЖШС, «Азиялық несие қоры» шағын несие ұйымы» СФ ЖШС, «Береке» Қазақстандық шағын несие ұйымы» ОҚ жұмыс істейді.
Ағымды жылдың басынан бастап, «Бесқарағай несие» несие серіктестігіне жалпы 8240,0 мың теңге сомасына мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы саласында несиелеуге 4 өтінім берілді, оның ішінде 4500,0 мың теңге сомасына несие қаражаттары берілді.
«Азиялық несие қоры» шағын несие ұйымы» СФ ЖШС-мен ағымды кезең ішінде 55 өтініш білдірушілерге жалпы 6242,7 мың теңге сомасына несие ресурстары берілді, оның ішінде 50 пайызы несиені тұтыну мақсаттарына, 45 пайызы мал шаруашылығын дамытуға және 5 пайызы айналым қаражаттарын толтыруға алды.
«Береке» Қазақстандық шағын несие ұйымы» ОҚ-мен ағымды кезең ішінде 471 өтініш білдірушілерге жалпы 44870,0 мың теңге сомасына несие ресуртары берілді.
Лизинг негізінде құрал-жабдықтарды, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін несиені беру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ағымды жылы «Айгерим» шаруа қожалығының басшысы – М.Балыкпаевпен Қазаграрлыққаржы арқылы «Лидер 7-2» құрамдастырылған топырақ өңдейтін агрегат сатып алынды.
Ауданда ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге көп көңіл бөлінеді, аудан аумағында 8 наубайхана жұмыс істейді, сүтті өңдірумен «Калихан» шаруа қожалығы айналысады, жеке кәсіпкер – Титов құс етін, «Арбиев», «Башкуль» шаруа қожалықтарымен ірі қара малдың етін өңдеумен айналысуды жоспарлауда.
Инвестициялық қызмет.
2011 жылғы 1 шілдеге инвестицияның негізгі капиталы 374,2 млн.теңгені құрады, 2010 жылдың осы кезеңінде 107,8 млн.теңгені құрап, 3,2 есе артты.
2011 жылғы 1 шілдеге 436 шаршы метр тұрғын үй енгізілді, 2010 жылдың осы кезеңінде 384 шаршы метр немесе 113,5 пайызды құраған.
Бесқарағай ауылындағы су құбыры жүйесін қайта құруға республикалық бюджеттен 27,0 млн. теңге бөлінді, облыстық бюджеттен 30,0 млн теңге, республикалық бюджеттен игеру 14,4 млн. теңгені, облыстық бюджеттен 10,5 млн. теңгені құрады. «Қоянбай ауылындағы су құбырын қайта жаңарту» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге республикалық бюджеттен 5,0 млн. теңге бөлінді, игеру 2,5 млн.теңгені немесе 50 пайызды құрады.
2011 жылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттен бөлінген жалпы 43,7 млн теңге сомаға білім беру нысандарында күрделі және ағымды жөндеу жүргізіледі, оның ішінде облыстық бюджеттен 29,1 млн.теңге, игеру 30,2 млн.теңгені немесе 69,1 пайызды құрады.
Білім беру
Ауданда 24 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 1 мектеп-бақша, 18 орта, 4 негізгі және 2 бастауыш орта мектеп жұмыс істейді. Мектептер бойынша оқушылардың контингенті 3294 құрайды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 120 адамға аз.
2011 жылғы 1 шілдеге аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 22103,0 мың теңге бөлінді, 21974,7 мың теңге немесе 99,4 пайызға игерілді.
2011 жылғы тестілеу қорытындысы бойынша ауданда орташа бал 81,3-ті құрады. Біріңғай ұлттық тестілеу қорытындыларының талдауы аудан бойынша орташа бал 88,1 балды құрағанын көрсетті. Қала мен аудандар рейтингісінде Бесқарағай ауданы 18 орында.
Мектепке дейін тәрбиелеу мен білім алу шығыстарының үлесі жыл сайын артуда. 95 баланы қамтитын 1 мектепке дейінгі мекеме - Борас орта мектеп-бақшасы мен 16 баланы қамтитын бір мектепалды сынып жұмыс істейді. Ауданның мектептерінде 3-4 жастағы 390 баланы қамтитын қысқа мерзімді 24 топ және 50 баланы қамтитын толық күнді 2 шағын-орталықтар жұмыс істейді. Барлығы шағын орталықтарда 440 бала. Мектепке дейінгі білім алу 551 бала, бұл 50,7 пайызды құрайды, ағымды жылдың қыркүйек айынан 56,6 пайызды немесе 591 балаларды құрайтын болады. Ауданның 23 мектептерінде 28 мектепалды сыныптар ұйымдастырылған, оның ішінде 17-сі қазақ тілінде оқытумен. Мектепалды оқытуда барлығы – 353 оқушы.
2011 жылы Беген орта мектебі және Н.Баймұратов атындағы орта мектебінде толық күнді шағын-орталықтарды ашу жоспарлануда.
Жыл сайын кітаптарды сатып алу үшін жергілікті бюджеттен ақша қаражаттары бөлінеді, 2011 жылы осы мақсатқа 7000,0 млн. теңге, 2010 жылы 8520,0 мың теңге бөлінді.
Халықтың мектепке дейін білім алу қызметін қажет етуі жыл сайын артуда. 2011 жылғы 1 шілдеге бала бақшаға 75 өтініш білдіргендер тіркелді.
Білім беру бөлімімен оқушылардың тамақтану альтернативті түрін жүргізу бойынша мектеп директорларымен жұмыс жүргізілді, бұл оқушыларды тамақтанумен қамтудың пайызын жоғарылатуға жол берді. Бастауыш сыныптарда оқитын оқушылардың саны 1194 бала, оның ішінде 968 (81,1 пайыз) жергілікті бюджеттің есебінен ыстық тамақпен ақысыз тамақтандырумен қамтылды, Белокаменка бастауыш орта мектебінің 22 оқушысы және Жыланды орталау мектебінің 32 оқушысы бюджеттік қаражаттар есебінен ақысыз буфеттік тамақтанады, 189 альтернативті ыстық тамақпен қамтылған. 1-4 сыныптардың 1136 оқушылары ыстық тамақпен қамтылған (97,6 пайыз).
Мектептердің тамақтану блогтары технологиялық құрал-жабдықтармен қамтылған. Оқушылардың тамақтандырылуы ұйымдастырылған барлық мектептерде тамақ беретін орындарының паспорттары бар.
2011 жылы бюджетте ыстық тамақпен тамақтандыруға 17,5 млн.теңге бөлініп, оның ішінде аптасына екі рет бір балаға, оның ішінде 2 бала 1-4 сыныптардан (947 оқушы) арналып бөлінетін 20 грамм балға – 1741,3 мың теңге бөлінді. 2011 жылғы 1 шілдеге жоспар 7,2 млн.теңге, нақты 7,2 млн. теңгені құрады.
Тамақтанудың құрамына сүт және сүт өнімдері қосылған.
2011 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша ауданның білім беру 4 нысанына 43694,0 млн. теңгеге бөлінді, оның ішінде облыстық бюджеттен 29129,0 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 14565,0 млн.теңге бөлінді.
Ауданның барлық мектептері жылу беру маусымын оңтайлы аяқтады, мектептер бойынша ағымды жылғы 1 шілдеге көмірдің қалдығы 53 тоннаны құрады
Жол саласы.
Аудандағы автомобиль жолының ұзындығы 234 шақырымды құрайды, оның ішінде:
- қара ұсақ таспен жабылған жол – 76 шақырым
- ұсақ тастармен жабылған жол – 89 шақырым
- жабылмаған жол – 69 шақырым.
2011 жылғы 1 шілдеге автомобиль жолдарын қамтамасыз етуге 20,1 млн. теңге бөлінді, игерілгені 100,0 пайызды құрады.
Денсаулық сақтау.
Ауданның медициналық қызмет көрсетуі 51 кереуетті аудандық орталық ауруханамен, 7 дәрігерлік амбулаториялармен, 3 фельдшерлік-акушерлік және фельдшерлік пункттермен, 15 медицина пункттері жоғары білімді, 33 жоғарғы білімді дәрігер, 116 орта арнаулы білімді медицина мамандарымен қамтылып, халыққа қызмет көрсетуде.
Ауданда халыққа стационарлық даму үлесін азайту мақсатында күндізгі стационардың кереуеттері 14-ке өсті, оның ішінде орталық аудандық аурухана стационарының жанында 9 кереует және Семеновка ауылының дәрігерлік амбулаторияның жанында 5 кереует.
2011 жылғы 1 шілдеге ауданда аналар өліміне жол берілген жоқ. Сәбилердің өлімі бойынша – 4 оқиға болды, 1000 тірі туылғандарға шаққанда өлім көрсеткіштері – 24,5, 2010 жылғы осы кезеңінде 3 оқиға болды, өлім көрсеткіштері – 6,5. 2011 жылғы 1 шілдеге 163 нәресте дүниеге келді. Жас нәрестелердің дүниеге келуі 1000 адамға шаққанда көрсеткіш 17,8, 2010 жылдың осы кезеңінде 168 нәресте дүниеге келді, көрсеткіштері – 7,1.
Туберкулез бойынша жағдайлар: 2011 жылғы 1 шілдеге бастапқы сырқаттанғандардың көрсеткіштері 17 оқиға немесе 79,0, 2010 жылдың осы кезеңінде – 24 оқиға немесе 102,7 болды. Онкологиялық аурулардың көрсеткіштері 21 оқиға немесе көрсеткіш 97,6, 2010 жылдың осы кезеңінде 18 оқиға болды немесе көрсеткіш 77,0.
Денсаулық сақтау штаттармен толық іріктелінген.
Ағымды жылы дәрі-дәрмектерді сатып алуға 21400 мың теңге бөлінді, 2011 жылғы 1 шілдеге 8795,2 мың теңге игерілді.
Тамақтануға 4600 мың теңге бөлінді, 1532,6 мың теңге игерілді.
Әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы
2011 жылғы 1 шілдеге ақылы қоғамдық жұмыстарға 234 адам тартылып, жоспардың орындалуы 93,6 пайызды құрады. 2010 жылдың осы кезеңінде 191 адам тартылды немесе 76,4 пайыз. Игерілгені 8,2 млн. теңгені құрады.
Кәсіптік дайындау жоспар бойынша 30 жұмыссызды құрайды. 2011 жылғы ақпан айынан бастап кәсіптік дайындыққа 16 жұмыссыздар жіберілді. Семей қаласының құрылыс колледжіне «Газоэлектросварщик» кәсібі бойынша 5 адам, «Болашақ» кәсіптік лицейіне «Шаштараз» кәсібіне 11 адам жіберілді. Мамыр айында 16 адам оқуларын аяқтады, барлығы жұмысқа орналастырылған.
Жұмыс орындарына 353 адам өтініш білдірді немесе 135,7 пайыз, 2010 жылдың осы кезеңінде 620 адам немесе 238,4 пайыз.
2011 жылғы 1 шілдеге 299 адам немесе 117,2 пайызы жұмысқа орналасты. 2010 жылдың осы кезеңінде 328 адам жұмысқа орналасып, жоспардың орындалғаны 128,6 пайыз.
2011 жылдың ішінде 78 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. 2011 жылғы 1 шілдеге 116 жаңа жұмыс орындары ашылды, жылдық жоспардан 148,7 пайызды құрады. 2010 жылғы ұқсас кезеңге 86 жұмыс орындары ашылды немесе жылдық жоспардан 113,5 пайыз.
«Жастар іс-тәжірибесіне» жіберу бойынша жоспар жоғарғы оқу орындары және орта оқу орындарының 6 түлектерін құрайды. 2011 жылғы 1 шілдеге 7 түлек немесе жылдық жоспардан 116,6 пайыз бағытталды. 2010 жылғы ұқсас кезеңге 4 түлек немесе 66,6 пайыз жіберілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша жоспар 6 адамды құрайды. 2011 жылғы 1 шілдеге әлеуметтік жұмыс орындарына 9 жұмыссыз немесе 75 пайыз бағытталды. 2010 жылғы ұқсас кезеңге 3 адам немесе 50 пайыз бағытталды.
«2020 бизнес Жол картасы» шеңберінде «Жастар іс-тәжірибесіне» 25 адамды жіберу жоспарлануда. 2011 жылғы 1 шілдеге жоғарғы оқу орындарының және орта оқу орындарының 14 түлектері немесе жылдық жоспардан 56 пайыз, шаруа қожалықтарына, фермер қожалықтарына, жеке кәсіпкерлеріне жұмысқа бағытталды.
Өндірістік инфрақұрылыс және коммуникация
2011 жылғы 1 шілдеге елді мекендерді көріктендіру мен көгалдандыруға жоспар 22584,0 мың теңге бөлінді, игеру 22455,5 мың теңгені құрады, оның ішінде ауылдық округтердің елді мекендеріндегі көшелерін жарықтандыруға 8196,0 млн. теңге бөлінді, игеру 8089,0 мың теңгені құрады; санитариямен қамтамасыз етуге 5095,0 мың теңге бөлінді, игеру 99,9 пайыз; елді мекендерді көркейту мен көгалдандыруға жоспар 3393,0 мың теңге, игеру 100 пайызды құрады.
Бөлім бастығы М.Скакова
Достарыңызбен бөлісу: |