Ұйымның қарыз қаражаттарын тиімді басқару



Дата03.03.2016
өлшемі145.45 Kb.
#36308
Ұйымның қарыз қаражаттарын тиімді басқару

Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындар өз қызметін меншікті, сонымен қатар қарыздық капитал есебінен қаржыландырады. Ең алдымен, қарыз қаражаттар дамушы кәсіпорындарды қаржыландыруға, яғни меншікті капитал деңгейі кәсіпорын деңгейінен төмен болған жағдайында қажетті. Өндірістің модернизациясы мен өнімнің жаңа түрлерін игеру, нарықтағы өз үлесін кеңейту, басқа да бизнесті басқару кезінде өте қажет. Инфляция мен меншікті айналым қаражаттарының аздығы көптеген кәсіпорындардың өз айналым капиталын қарыздық қаражаттар есебінен қалыптастыруына мәжбүр етеді. Қарыздық қаражаттар есебінен қаржыландырудың жақсы жағы кәсіпорын иегерлерінің акционерлер мен пай иелелерінің санын ұлғайтпай, сонымен қатар несиенің өзіндік құнының акционерлік капитал құнынан әлдеқайда арзан екенін аңғартады. Қарыздық капитал – ұйымға пайда алып келетін, қарыз қаражаттарының жиыны.

Ұйымның қаржылық жағдайы мен ақша ағынын басқарудағы мақсат− кәсіпорынның айналым қаражаттарымен қамтамасыздандыру, яғни осы тақырып әртүрлі сала кәсіпорындарының арнайы бағытталған қызметтер тереңінен қарап, өзектілігі мен маңыздылығын шарттастырады. Ақша қаражаттары мен ақша ағынын тиімді басқаруын талдау қаржы менеджері қызметінің ең маңыздысы болып табылады. Ол өзіне ақша қаражаттарын тарту уақытын, ақша ағынын талдау, оны болжау, ақша қаражаттарының оптималды деңгейін анықтау, ақша қаражаттары бюджетін қалыптастыруды кіріктіреді.

Кәсіпорынның айналымдағы ақша қаражаттар тиімді басқару, қарыздық капитал есебінен ақша ағындар балансын қамтамасыздандыру. Осы мақсатқа жету үшін келесі мәселерді шешу қажет.



  • Ұйымның ақша қаражаттары қозғалысына талдау жасау;

  • Қаржылық коэффициенттерді есептеу;

  • Ұйымның ақша ағынын тиімді басқару жолдарын қарастыру .

Қарыздық қаражаттар түрлері:

Қарыздық қаражаттар қоры өзіне несиелерді (банк және коммерциялық), лизинг, факторинг, өзге де арнайы бағытталған қорлар.



Несиелер түрлері:

  1. Банктік несие−несиенің негізгі түрі. Яғни, банктер уақытша

қаржылық көмекке мұқтаж субъектілерге өз ссудаларын жиі ұсынады. Бұл несиенің түрі ақшалай формада мерзімділік, қайтарымдылық және төлемділік қағидаларына сәйкес беріледі. Ақша қаражаттарының айналымдылығы уақытша босаған ақша қаражаттарын жұмылдыруға және оларды қажетті жағдайда мұқтаж ететін салаға бағыттау қажет. Банк несиесі ссудалық капитал қозғалысын уақытша пайдалануда займдар бойынша төлем жасауға көмектеседі. Бұл кредиторлар мен несие алушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық қатынас. Банк несиесі халықаралық және ұлттық несиелер шегінде қызмет ете алады. Несиелік келісім тәуекелі минималды болу үшін екіжақты келісімшарт жасасу тиіс. Банк несиесі тура және жанама болады. Тура несиелік қатынастар басымырақ рөлде. Жанама несиелер шектеулі болады, себебі несиені қарыз алушыға делдал, ломбард және өзге ұйымдар арқылы беріледі. [1]

  1. Мерзіміне сәйкес несилерді: қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді,

орта мерзімді деп бөледі. Олар шаруашылықтың келесідей салаларына бағытталады: өндіріске несиелерді жұмылдыру, ауылшаруашылығы, сату, құрылыс және т.б. Нақты объектілерге сәйкес ссудалар бойынша шығындар, ағымдағы айналым қаражаттары мен айналымнан тыс активтер, тұтынушы қажеттіліктері зерттеледі.[1]

  1. Лизингтік несие−бұл заңды дербес тұлғалардың арасында негізгі

құралдар мен жылжымайтын мүлікті жалға иемдену келісімі. Лизинг бір жағынан капитал өсімінің баламасы, екінші жағынан қаржыландыру баламасы ретінде қарастырылады. Лизинг мүліктік несие түрі, яғни мүлікті, жабдықтарды және өзге негізгі құралдармен инвестициялау. Лизингтің негізгі объектісі жылжитын жіне жылжымайтын негізгі құрал. Лизинг субъектілері: лизинг алушы, лизинг беруші, жабдықтаушы. Лизинг алушы− лизинг келісімшартына сәйкес уақытша лизинг объектісін қолданушы шаруашылық субъектісі. Лизинг беруші− лизинг келісімшартына сәйкес лизинг объектісін беруші заңды тұлға. Жабдықтаушы− тауарлы−материалдық қорларды қозғалысын жүзеге асыратын ұйымдар, шаруашылықтар және өзгелер. Лизинг классификациясы 1− кестеде анық көрсетілген. [2]

1− кесте


Белгілері Лизинг түрлері

Қатысушыларына байланысты

Тура, жанама, ұжымдық

Мүлік түріне сәйкес

Жылжитын, жылжымайтын

Келісім жасау тәсіліне қарай

Жай, басшылық, сублизинг

Мүлікті иемденуіне қарай

Стандартты, қайтарымды, өндірістік, жаңартылатын, револьверді

Сатып алу жиілігіне сәйкес

Шұғыл, қаржы

Қызмет ету көлеміне сәйкес

Таза, толық қызметті, бөлшек қызметті

Қаржыландыру көзіне сәйкес

Лизинг беруші есебінен, несие есебінен, бөлшек

Әрекет ету теориясына сай

Ішкі, халықаралық



Коммерциялық несие− сатушы ұйымдар мен матып алушы арасындағы келісімшарт. Бұл несие тауар түрінде беріледі, яғни тауар ақысынан бұрын тауар келіп түседі. Қарыз мөлшерін вексель түрінде ұйым тапсырыс берушіге бекітеді. Сатып алушы несиені уақытында және пайыздық сыайқымен немесе бекітілген вексель көлемінен төлеу міндетін алады. Жай вексель- вексель берушінің вексель де көрсетілген адамға белгілі бір ақша сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесі жазылған құжат. Аудармалы векселькөрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға төлеу туралы үшінші бір тұлғаға вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель. [1]

Факторинг — банкілердің тапсырыс берушіге көрсететін қызметтер түрі; жеткізуші-клиенттің мамандандырылған мекемеге жеткізілген тауар немесе көрсетілген қызметтер үшін төленбеген төлем құжаттарын кәсіпорынның айналым капиталын несиелендіруі. Факторлар ретінде банктер, банктік емес бірақ қаржылық несиелік қызметтерді жүзеге асыратын өзге ұйымдар. Факторингтік қызметпен айналысу үшін, Ұлттық Банктің келісімі қажет, яғни факторинг валютасына сай қаржыландыру мүмкіндігі. [3]

Осы келтірілген мәліметтерге сай «ҚазМұнайГаз» бұрғылау АҚ−ның ұйымдағы ақша ағынымен қамтамасыз етілуіне талдау жасайық.

«ҚазМұнайГаз» бұрғылау АҚ−ның негізгі қызмет саласы

«ҚазМұнайГаз» бұрғылау АҚ−ы 2004 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ−ы мен «Эмбамұнайгаз» АҚ−ның қосылуы нәтижесінде құрылды. 2013 жылғы мәліметтерге сай «ҚазМұнайГаз» бұрғылау АҚ−ы ҚР−ның мұнай бұрғылау саласындағы ең үздік үштік ұатарына кіріп отыр. «ҚазМұнайГаз» бұрғылау АҚ−ы шоғырланған мұнай көлемі бойынша Қазақстанның мұнай ұңғымалау саласының 15%−ын қамтып, дәледенген шоғырланған қорлары 4%−ды құрап отыр. Дәлелденген және анық шоғырланған қорлар «ҚазМұнайГаз» бұрғылау АҚ−ы бойынша 2013 жылдың соңына сәйкес 200 млн тонна (1 466 млн баррель) құраған, оның ішіндегі 140,9 млн тонна (1 031 млн баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ−ы мен «Эмбамұнайгаз» АҚ−дарына тиесілі.

Компания акциялары Қазақстанның қор биржасында (KASE) және жаһандық депозитарлық қолхаттар Лондонның қаржылық биржасында (LSE) орналасқан.

«ҚазМұнайГаз» бұрғылау АҚ−ы ІРО кезінде өзінің бірегей басымдылығын жүзеге асыру арқылы компанияның бас компаниясы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясының арқасында Қазақстан аумағындағы мұнай−газ саласының активтері мен инфрақұрылымына басым негіз алды.«ҚазМұнайГаз» бұрғылау АҚ−ының жұмысшылар саны 61359.

Компанияның негізгі миссиясы: тиімді және әсері үлкен көмірсутектерді ұңғымалау, сол арқылы Компания акционерлерінің пайдасын арттырып, сол аумақ аралығын экономикалық және әлеуметттік дамуына және Компанияның әрбір қызметкерінің әлеуетін көтеру.

Компанияның негізгі стратегиясы: «ҚазМұнайГаз» бұрғылау АҚ−ының Лондон және Қазақстан қор биржаларына кіруі негізгі қызметінің стратегиясы акционерлерінің келісімімен өзгертіледі. Ұйымның негізгі стратегиясы акционерлік капитал құнын жоғарылату.

Компанияның негізгі мақсаты: жаңа және ертеден келе жатқан кен шығару орындарынан барынша жоғары мөлшерде мұнай ұңғымалау. Жоғары технологиялардың көмегімен блоктардан мұнай бұрғылау және өзінің мұнай−газ қоржынын максималды жоғарлату.

«ҚазМұнайГаз» бұрғылау АҚ−ының қаржылық есептілігіне сәйкес ақша ағынының қозғалысын бағалау және талдау

Ақша ағыны қозғалысын талдаудың тура тәсіліне сәйкес, қаржылық есептілік кезеңіне сай ақша қаражаттарының қозғалысының өзгеріс факторларын анықтауға мүмкіндік бар. 2−кестеде ақша ағыны есептілігінің баланста орын алуы. [4]

2−кесте (мың.тг.)

Көрсеткіштер

2012

2013

Өзгерістер

ҰМА

631 046

666 034

349 88

Негізгі құрал

325 520

350 675

251 55

ҚМА

1 564 101

1 595 506

314 05

Қорлар

25 058

27 422

236 4

Дебиторлық берешектер

105 063

157 188

521 25

Өзге ҚМА

550 556

482 006

-685 50

Меншікті капитал

1 337 770

1 373 775

360 05

ҰМ несиелер мен төлемдер

484 8

429 1

-557

Кредиторлық берешектер:

822 55

684 89

-137 66

Салық

825 20

912 97

877 7

Ақша қаражаттары

154 705

119 036

-356 69



Ұйым балансына сай жыл ішіндегі көрсеткіштердің өсуі мен кемуі. Олардың %−бен көрсетілуі. Әрбір көрсеткіштің жыл ішіндегі өзгеру деңгей әрбір үйымға маңызды. Ол келесі 3−кестеде көрсетілген. [4]

3−кесте мың.тг.

Өсім:

мың.тг.

%

Кему

мың.тг.

%

ҰМА

349 88

5,3

Өзге ҚМА

-685 50

14,2

Негізгі құрал

251 55

7,2

ҰМ несиелер мен төлемдер

-557

12,9

ҚМА

314 05

2

Кредиторлық берешектер:

-137 66

20

Қорлар

236 4

8,6

Ақша қаражаттары

-356 69

29,9

Дебиторлық берешектер

521 25

33,1










Меншікті капитал

360 05

2.6










Салық

877 7

9,6










Ұйымда меншікті капитал көлемі ұлғайған, бірақ ақша қаражаттары мен оның баламалары азайған, яғни -356 69 мың.тг көлеміне, оған себепші ұйым өзін негізгі құралмен қамтамасыз еткен, яғни 251 55 мың.тг. немесе 7,2% құрайды. Сонымен бірге ұйымда ұзақ мерзімді несиелер мен төлемлер-557мың.тг., кредиторлық берешектер 20%−ға, өзге ҚМА көлемі -685 50 мың.тг. кеміген. Ал тауарлы материалдық қорлар мен ҚМА көлемінің жалпы жиыны ұлғайған.

Осы нәтижелерді ескере отырып, келесідей шешім шығаруға болады:


  • Осы мерзім аралығында сатып алушылардың дебиторлық берешектері толығымн өтелген;

  • Кредиторлық берешектер айналымы белсендеді, яғни жабдықтаушылар мен мердігерлер алдындағы берешектер кеміді;

  • Демек дебиторлық берешектердің жабылуы мен кредиторлық берешектердің азаюы таза сатудан түскен түсім көлемі ұлғаюынының себепшісі емес, яғни дебиторлар мен кредиторлар арасындағы есеп айырысу шартының өзгерісімен байланысты. Сонымен қатар, қарыздық көрсеткіштер жағдайында ауытқулар пайда болған, өткен кезең аралығында пайда болған қарыздардың бөлігі өтелген және жаңа қарыздар пайда болған;

  • Сатудан түскен түсімнің 102,4%−ға көбею, баланстық қорларды 8,6%−ға ұлғайтқан.

Тауар саудан түскен түсім тек ұана кіріс көзінің ұлғаюынан ғана емес, сонымен бірге өткен кезеңдегі дебиторлық берешектердің қайтарылғандығын және сатудан емес дебиторлық берешектер көлемінің қозғалысымен сәйкес келеді. Осыған сәйкес сатудан түскен түсім келіп түскен ақша қаражаттар соммасы толықтай анықтап берді. Оның көлемі түрлі шығындардың орнын жабуға және бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен әлеуметтік аударымға жеткілікті болды.

Ақша қаражаттарының жанама әдісіне сәйкес, ақша ағының сатудан түскен түсімді қалыптастырудағы рөлін анықтаймыз. Бұл таза пайда мен амортизация көлемін көрсетеді.

Таза табыс жыл ішінде 141 829 мығ.тг. құрап отыр. Бұл көрсеткіш меншікті капиталын құрайтын маңызды көрсеткіштің бірі. Бұл көрсеткішсіз меншікті капитал көлемі келесі мәнге тең болар еді:

1 337 770−141 829=1 195 941 (мың.тг.)

Айналмалы активтер ақша қаражаттарының өзгерсінсіз 1 476 470 мың.тг. Ал негізгі құралдар өзгерінсіз 315 359 мың.тг. тең болар еді. Демек, жыл соңындағы ақша қаражаттары мен оның баламаларының азаюы тиімді және тиімсіз факторларының әсерінен орын алған.[4]

«ҚазМұнайГаз» бұрғылау АҚ−ның қаржылық тұтқа әсері есебі

4−кесте мың.тг.

Көрсеткіштер

Сомасы

Меншікті капитал

1 337 770

Қарыздық капитал

1 634 881

Қарыздық капитал % мөлшері

3%

Салық салынатын пайда

200 360

Таза пайда

141 829

Пайдаға дейінгі шығын

267 520

Меншікті капитал рентебельділігі

1,2

Қаржылық тұтқа әсері

0,0576

Пайдаға салынған салық

585 31

Қаржылық тұтқа әсері= (1−с.с.м.)*(ЭР−ҚК %.м.)*ҰММ+ҚММ/Капитал

Осы формуланың негізгі құраушысы қаржылық тұтқа әсерінің дифференциалы (ЭР−ҚК %.м.) немесе экономикалық рентабельділікпен қарыздық капитал % мөлшерінің арасындағы айырма. Дифференциал оң мәнге ие болуы керек. 4−кестеде келтірілген формула есептілігіне сәйкес қарыздық капиталдың %−дық мөлшерлемесі ұйымның салық салынатын пайдасын азайтып тұр. Осы есептеулерді қорытындылай келе ұйым қарыздық капиталды тарту арқылы меншікті капитал рентабельділігін ұлғайтты. Меншік иесі әрбір меншік құралдарына сай жұмсалған 1 теңге үстінен 3,8 теңге пайда көріп отыр.Осы есептеулерге сәйкес қаржылық тұтқа әсерінің қажетті шарты операциялық қызмет пен ұйымның таза пайдасының септігінен құралып отыр. [4]

Балансталған ақша ағыны қозғалысын қосымша тартылған қарыздық қаражаттар есебінен қалыптастыру

Болашақтағы жобалар үшін таза пайда жағдайынан гөрі, ақша ағыны өте маңызды. Осы құжаттар көмегімен жобаның орындалуы үшін өте маңызды, яғни жобаның жасалу жолы мен оның алғашқы тиімділігі. Баланстың басты мәселесі ақша ағынының дұрыс жұмсалуы мен икемді келіп түсуі, яғни осы жобаны орындау барысында ұйым өтімділігін дұрыс бағалау. Осы және алдағы кезеңнің жоспарлы сатылуы мен капитал жұмсалымдары қосымша қаржыландыру мен еңбек ресурстарын тартумен тығыз байланысты. Қажетті қаржыландырудың бір бөлігі ұйым ресурстарының, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттар (қысқа және ұзақ мерзімді несиелер) көмегінен құралады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1.  Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011

  2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл

  3. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006

  4. http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgzp_2013_rus_2.pdf

  5. Алексей Герасименко Финансовый менеджмент - это просто: Базовый курс для руководителей и начинающих специалистов. — М.: Альпина Паблишер, 2013. — 532 с

  6. Словарь бизнес-терминов. Академик.ру. 2001


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет