2011 жылы 5 мамырда 10 сағат 00 минутта Қазақстан Республикасы



Дата23.02.2016
өлшемі229.12 Kb.
#3454

2011 жылы 5 мамырда 10 сағат 00 минутта Қазақстан Республикасы,

Астана қаласы, Қорғалжың тас жолылы, 2А, «Думан» қонақ үй кешені мекен-жайы бойынша өтетін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының материалдары


Күн тәртібі:

1) 2010 жылғы жылдық топтастырылған қаржылық есепті бекіту

2) Қоғамның 2010 жылғы таза кірісін бөлудің тәртібі мен 2010 жылдың қортындылары бойынша Қоғамның бір қарапайым және бір артықшылықты акциясына есептегендегі дивидендтің мөлшерін бекіту

3) Қоғамның 2010 жылғы жылдық есебін бекіту

4) Акционерлердің Қоғам мен оның лауазымды тұлғаларына өтінімдері және оларды 2010 жылы қараудың қортындылары туралы мәселені қарау

5) Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелеріне 2010 жылғы сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат

6) Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасының 2010 жылғы жұмысы туралы есепті бекіту



  1. Қоғам Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау.

1. 2010 жылғы жылдық топтастырылған қаржылық есепті бекіту
Қоғам Жарғысының 11.1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Қоғамның жылдық қаржылық есебін бекіту тікелей акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатады. Лондонның қор биржасы мен Қазақстандық қор биржасының талаптарына сәйкес Қоғам өзі және өзінің қызметі туралы ақпаратты ашуға, оның ішінде жылдың қортындылары бойынша топтастырылған қаржылық есептілікті жариялауға міндетті.

«Эрнст энд Янг» компаниясы Қоғамның 2010 жылға топтастырылған қаржылық есебінің (бұдан әрі – Қаржылық есептілік) аудитін жүргізді және Аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес аудиттің нәтижелері бойынша қортынды дайындады.

Қоғамның 2010 жылғы қызметінің қортындылары бойынша Қаржылық есептіліктің негізгі көрсеткіштері мыналарды құрады:





мың теңге

кірістер

609 242 398

операциялық шығыстар

422 493 059

операциялық пайда

186 749 339

қаржылық шығыстарды шегеріп тастағандағы қаржылық кіріс

30 544 230

бағамдық айырмашылықтардан кіріс

басқа да кірістер



3 459 449

ассоциацияланған компаниялар мен бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардың шығындарындағы үлес

21 471 195

салық салынғанға дейінгі пайда

56 641 838

таза пайда

291 947 153




234 501 890



Шешім:

Қоса беріліп отырған Қоғамның 2010 жылғы жылдық топтастырылған қаржылық есебі бекітілсін.

























































2. Қоғамның 2010 жылғы таза кірісін бөлудің тәртібі мен 2010 жылдың қортындылары бойынша Қоғамның бір қарапайым және бір артықшылықты акциясына есептегендегі дивидендтің мөлшерін бекіту
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының (бұдан әрі – АҚ туралы Заң) 44 бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ Қоғам Жарғысының 10.28-тармағының 3) тармақшасына сәйкес акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдар Директорлар кеңесінің Қоғамның аяқталған жылғы таза кірісін бөлудің тәртібі мен Қоғамның бір қарапайым және бір артықшылықты акциясына есептегендегі жыл дивидендінің мөлшері туралы ұсынысын қамтуы тиіс.

2011 жылдың 1 наурызында өткен мәжілісте Қоғамның Директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысына Қоғамның таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі мен 2010 жылдың қортындылары бойынша Қоғамның бір қарапайым және бір артықшылықты акциясына есептегендегі дивидендтің мөлшерін бекітуді ұсынды:

1) Қоғамның бір қарапайым акциясына есептегенде дивидендтің 2010 жылға мөлшері – 800,00 теңге (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен төлеуге жататын салықтың сомасы);

2) Қоғамның бір артықшылықты акциясына есептегенде дивидендтің 2009 жылға мөлшері – 800,00 теңге (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен төлеуге жататын салықтың сомасы);

3) Қоғамның есепті қаржы жылындағы 2010 жылдың қортындылары бойынша аудиттелген топтастырылған қаржылық есепке сәйкес 234 501 890 мың теңге сомасындағы таза кірісі мынадай тұрғыда бөлінсін:

- бір қарапайым және бір артықшылықты акцияны дивидендтерді алуға құқы бар акционерлердің тізімін белгілеу датасына айналымдағы тиісті акциялардың санына есептегенде 2010 жылғы дивидендтің мөлшерін шығаруға тең болатын сома дивиденттерді төлеуге жұмсалсын;

- қалдығы Қоғамның қарауында қалсын.

Қоғам Жарғысының 8.1-тармағына сәйкес дивидендтерді алуға құқы бар акционерлердің тізімін белгілеу датасы дивиденттер төлеу туралы шешім қабылданған датадан кейінгі 10 күнтізбелік күннен ерте белгіленбеуі тиіс. Дивиденттерді төлеудің басталуы дивидендтерді алуға құқы бар акционерлердің тізімі жасалған күннен кейінгі 30 күнтізбелік күннен ерте емес датаға белгіленеді.

Жоғарыда айтылғандар мен Қоғамның Директорлар кеңесі ұсынғандарды ескере отырып акционерлердің жылдық жалпы жиналысына Қоғамның 2010 жылғы таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі мен Қоғамның бір қарапайым және бір артықшылықты акциясына есептегендегі 2010 жылғы дивидендтің мөлшерін бекіту ұсынылады:

1) Қоғамның бір қарапайым акциясына есептегенде дивидендтің 2010 жылға мөлшері – 800,00 теңге (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен төлеуге жататын салықтың сомасы);

2) Қоғамның бір артықшылықты акциясына есептегенде дивидендтің 2009 жылға мөлшері – 800,00 теңге (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен төлеуге жататын салықтың сомасы);

3) Қоғамның есепті қаржы жылындағы 2010 жылдың қортындылары бойынша аудиттелген топтастырылған қаржылық есепке сәйкес 234 501 890 мың теңге сомасындағы таза кірісі мынадай тұрғыда бөлінсін:

- бір қарапайым және бір артықшылықты акцияны дивидендтерді алуға құқы бар акционерлердің тізімін белгілеу датасына айналымдағы тиісті акциялардың санына есептегенде 2010 жылғы дивидендтің мөлшерін шығаруға тең болатын сома дивиденттерді төлеуге жұмсалсын;

- қалдығы Қоғамның қарауында қалсын.


4) дивидендтерді алуға құқы бар акционерлердің тізімін белгілеу датасы мен уақыты - 2011 жылдың 16 мамыры 00 сағат 00 минут;

5) дивидендтерді төлеуді бастау уақыты – 2011 жылдың 12 шілдесі;

6) дивидендтерді төлеудің тәртібі мен нысаны – акционерлердің банктік шоттарына қолма қол емес аудару жолымен дивидендтер алуға құқы бар акционерлердің тізімі бойынша.

Шешім:

1. Қоғамның таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін – толық атауы: «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлің қоғамы; орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17; банктік деректемелері: СТН 620100210124, ИИК 027467201, БИК 195301603, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Астана аймақтық филиалы – және Қоғамның бір басымдықты және бір қарапайым акциясына есептегендегі 2010 жылғы дивидендтің мөлшері:

1) Қоғамның бір басымдықты акциясына есептегенде дивидендтің 2009 жылға мөлшері –  800,00 теңге (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен төлеуге жататын салықтың сомасы);

2) Қоғамның бір қарапайым акциясына есептегенде дивидендтің 2009 жылға мөлшері – 800,00 теңге (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен төлеуге жататын салықтың сомасы);

3) Қоғамның есепті қаржы жылындағы 2010 жылдың қортындылары бойынша аудиттелген топтастырылған қаржылық есепке сәйкес 234 501 890 мың теңге сомасындағы таза кірісі мынадай тұрғыда бөлінсін:

- бір қарапайым және бір артықшылықты акцияны дивидендтерді алуға құқы бар акционерлердің тізімін белгілеу датасына айналымдағы тиісті акциялардың санына есептегенде 2010 жылғы дивидендтің мөлшерін шығаруға тең болатын сома дивиденттерді төлеуге жұмсалсын;

- қалдығы Қоғамның қарауында қалсын.

4) дивидендтерді алуға құқы бар акционерлердің тізімін белгілеу датасы мен уақыты - 2011 жылдың 16 мамыры 00 сағат 00 минут;

5) дивидендтерді төлеуді бастау уақыты – 2011 жылдың 12 шілдесі;

6) дивидендтерді төлеудің тәртібі мен нысаны – акционерлердің банктік шоттарына қолма қол емес аудару жолымен дивидендтер алуға құқы бар акционерлердің тізімі бойынша.

2. Қоғамның Бас директоры (Басқарма Төрағасы) А.Қ. Балжанов Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Қоғамның 2010 жылғы жылдық есебін бекіту
Қоғам Жарлығының 10.29-тармағына және 12.2-тармағының 41) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландия Листингтік Агенттігінің (UKLA’s Disclosure and Transparency Rules) Ашықтық және Шынайылық жөніндегі Ережесінің талаптарына сәйкес келу және Қоғамның Корпоративтік Басқару Кодексімен ұсынылған Қоғамның корпоративтік басқару стандарттарын сақтауы мақсатында Қоғамның жылдық есебін Қоғамның Басқармасы дайындайды, Қоғамның Директорлар кеңесі мақұлдайды және акционерлердің жалпы жиналысының қарауына ұсынады.

Акционерлердің назарына негізгі тараулары мыналарды қамтитын Қоғамның 2010 жылғы жылдық есебі ұсынылады:

Ұсынылып отырған Қоғам қызметінің 2010 жылғы жылдық есебі жобасының негізгі тараулары өзіне:


  • Қоғамның 2010 жылғы қызметінің негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштерін;

  • Қоғам қызметінің қысқаша сипаттамасын;

  • Директорлар кеңесі төрағасының сөзін;

  • Бас директордың сөзін;

  • Директорлар кеңесін;

  • 2010 жыл оқиғаларын;

  • Тәуелсіз сарапшылардың ҚМГ БӨ қызметін бағалауын;

  • Негізгі қызметтің сипаттамасын (операциялық қызметті);

  • Қоғамды дамытуды;

  • Әлеуметтік бағдарламаларды және қызметкерлермен жұмыс істеуді;

  • Қоршаған ортаны қорғауды;

  • Корпоративтік басқару жөніндегі ақпаратты;

  • 2010 жылғы қаржылық жағдай мен қаржы-экономикалық қызметтің нәтижелерін талдауды;

  • Қоғамның 2010 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын жылға арналған топтастырылған есебін қамтиды.

Қоғамның 2010 жылғы жылдық есебі Қоғамның веб-сайтында: www.kmgep.kz бойынша орналастырылған, сондай-ақ акционерлердің сұрау салуы бойынша ұсынылады.

Шешім:__Ұсынылып_отырған_Қоғамның_2010_жылғы_жылдық_есебі_бекітілсін.__4_.'>Шешім:

Ұсынылып отырған Қоғамның 2010 жылғы жылдық есебі бекітілсін.

4. Акционерлердің Қоғам мен оның лауазымды тұлғаларына өтінімдері және оларды 2010 жылы қараудың қортындылары туралы мәселені қарау
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 35 бабының 2-тармағы мен «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Жарғысының 10 тарауының 10.3-тармағына сәйкес акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысында акционерлердің Қоғам мен оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне арыздары мен оларды қараудың нәтижелері туралы мәселе қаралады. 2010 жылы Қоғамның акционерлерінен Қоғам мен оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне арыз түскен жоқ.

Шешім:

Ұсынылған ақпарат назарға алынсын.
5. Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелеріне 2010 жылғы сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат
Директорлар кеңесі
2010 жылы Директорла кеңесінің мүшелерінен тек Қоғамның тәуелсіз директорлары ғана Директорлар кеңесі мен Директорлар кеңесінң комитеттеріндегі жұмысы үшін сыйақы алды. Қоғамның тәуелсіз директорларына сыйақының жалпы сомасы 115 197 мың теңгені (салықтарды есептемегенде 704 мың АҚШ долларын) құрады, оның ішінде Кристофер Макензи – 7 968 мың теңге (салықтарды есептемегенде 49 мың АҚШ доллары), Пол Мандука – 41 478 мың теңге (салықтарды есептемегенде 253 мың АҚШ доллары), Эдвард Томас Уолш – 39 840 мың теңге (салықтарды есептемегенде 243 мың АҚШ доллары), Филип Дэйер – 25 911 мың теңге (салықтарды есептемегенде 158 мың АҚШ доллары).

Тәуелсіз директорларға сыйақы төлеудің 2010 жылғы 25 мамырдағы акционерлердің жалпы жиналысымен белгіленді. Сыйақы жылдық сыйақыдан, Директорлар кеңесінің тікелей қатысатын мәжілістеріне қатысқаны үшін сыйақыдан, Директорлар кеңесінің мәжілістеріне телефондық және бейнеконференц-байланыс бойынша қатысқаны үшін сыйақыдан, Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің мәжілістеріне қатысқаны үшін сыйақыдан, Қоғамның Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитетінің, сыйақылар жөніндегі комитетінің және стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитетінің төрағасы міндетін атқарғаны үшін сыйақыдан тұрады.

Директорлар кеңесінің қалған мүшелері Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сыйақы алмайды, бірақ мұндай тағайындаумен байланысты шығыстардың өтелуіне құқы бар.
Басқарма
Басқарманың сыйақысының жалпы сомасы 2010 жылы 1325 066 мың теңгені (2 206 мың АҚШ долларын) құрады. Жалақы мен басқа да төлемдерді қоса есептегенде Қоғам Басқармасы мүшелерінің дербес сыйақылары: Ибрашев К.Н. – 57 268 мың теңгені (389 мың АҚШ долларын), Балжанов А.Қ. – 5 491 мың теңгені (37 мың АҚШ долларын), Мирошников В.Я. – 66 562 мың теңгені (452 мың АҚШ долларын), Бекежанова Ж.Д. – 45 684 мың теңгені (310 мың АҚШ долларын), Әубәкіров А.Ә. – 30 155 мың теңгені (205 мың АҚШ долларын), Ережепов Қ.Ж. – 15 568 мың теңгені (106 мың АҚШ долларын), ), Хитуов Т.К. – 6 928 теңгені (47 мың АҚШ долларын), Жамауов Ж.К. – 1 663 мың теңгені (11 мың АҚШ долларын), Бисекен Б.Л.– 55 840 мың теңгені (379 мың АҚШ долларын), Ешманов К.Ж. – 12 147 мың теңгені (82 мың АҚШ долларын), Баймұханов І.Ұ. – 26 412 мың теңгені (179 мың АҚШ долларын), Елеусінов Қ.С. – 1 348 мың теңгені (9 мың АҚШ долларын) құрады.

Одан басқа Қоғамның Опциондық бағдарлама ережелеріне сәйкес өткен жылы Қоғамның Басқарма мүшелеріне Қоғамның ауқымды депозитарлық қолхаттарына (АДҚ) опциондар берілді: Кенжебек Ибрашевке 2010 жылдың 1 қаңтарында 2013 жылдың 1 қаңтарындағы және 2010 жылдың 20 шілдесіндегі жетілу датасымен орындау датасы 24,90 АҚШ доллары бағасы бойынша 18 034 АДҚ-ға – 2013 жылдың 20 шілдесіндегі жетілу датасымен 19,05 АҚШ доллары орындау бағасы бойынша 7 813 АДҚ-ға опцион берілді, В.Я. Мирошниковке 2010 жылдың 20 шілдесінде 2013 жылдың 20 шілдесіндегі жетілу датасымен 19,05 АҚШ доллары орындау бағасы бойынша 14 250 АДҚ-ға опцион берілді, Ж.Д. Бекежановаға 2010 жылдың 20 шілдесінде 2013 жылдың 20 шілдесіндегі жетілу датасымен 19,05 АҚШ доллары орындау бағасы бойынша 12 667 АДҚ-ға опцион берілді, А.Ә. Әубәкіровке 2010 жылдың 20 шілдесінде 2013 жылдың 20 шілдесіндегі жетілу датасымен 19,05 АҚШ доллары орындау бағасы бойынша 11 875 АДҚ-ға опцион берілді, І.Ұ. Баймұхановқа 2010 жылдың 29 маусымында 2013 жылдың 29 маусымындағы жетілу датасымен 19,09 АҚШ доллары орындау бағасы бойынша 9 480 АДҚ-ға және 2010 жылдың 20 шілдесінде - 2013 жылдың 20 шілдесіндегі жетілу датасымен 19,05 АҚШ доллары орындау бағасы бойынша 9 500 АДҚ-ға опцион берілді, Т.К. Хитуовқа 2010 жылғы 19 қазанда 2013 жылдың 19 қазанындағы жетілу датасымен 18,05 АҚШ доллары орындау бағасы бойынша 9 835 АДҚ-ға опцион берілді, Б.Л. Бисекенге 2010 жылдың 29 маусымында 2013 жылдың 29 маусымындағы жетілу датасымен 19,09 АҚШ доллары орындау бағасы бойынша 8 623 АДҚ-ға опцион берілді, К.Ж. Ешмановқа 2010 жылдың 29 маусымында 2013 жылдың 29 маусымындағы жетілу датасымен 19,09 АҚШ доллары орындау бағасы бойынша 9 480 АДҚ-ға және 2010 жылдың 20 шілдесінде - 2013 жылдың 20 шілдесіндегі жетілу датасымен 19,05 АҚШ доллары орындау бағасы бойынша 9 500 АДҚ-ға опцион берілді.


Шешім:

Ұсынылған ақпарат назарға алынсын.

6. Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасының 2010 жылғы жұмысы туралы есепті бекіту
Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ереженің 9.1. («Директорлар кеңесінің қызметін бағалау») тармақшасына сәйкес Қоғамның жылдық есебі мен топтастырылған қаржылық есебін ұсыну кезінде бір мезгілде Директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысына олар бойынша Директорла кеңесі немесе Басқарма шешім қабылдайтын мәселелер туралы толық ақпаратты қоса алғанда Директорлар кеңесі мен Басқарманың жұмысы туралы есеп ұсынуы тиіс.
Директорлар кеңесі
Өкілеттік мерзімнің аяқталуына байланысты 2010 жылдың 26 наурызында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы Директорлар кеңеснің жаңа құрамын сайлады. Директорлар кеңесінің төрағасы Қайыргелді Қабылдин мен тәуелсіз директор Кристофер Маккензи өздерінің кандидатураларын Директорлар кеңесінің жаңа құрамына ұсынбауға шешім қабылдады. Ірі акционер - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Директорлар кеңесіне үміткерлерді ұсыну туралы ұсынысының негізінде Әсия Сырғабекова Қоғам Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Директорлар кеңесінің төрағасы ашық дауыс беру арқылы Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен оның мүшелері қатарынан сайланады. Осыған байланысты, 2010 жылы 30 наурызда Директорлар кеңесінің шешімімен Асқар Балжанов Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Акционерлердің 2010 жылғы 25 мамырдағы жылдық жалпы жиналысының шешіміне сәйкес Филип Дэйер тәуелсіз директор ретінде Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Осылайша, 2010 жылдың 31 желтоқсанына жағдай бойынша Директорлар кеңесі сегіз мүшеден тұрды олар мыналар болып табылды:

Асқар Балжанов Директорлар кеңесінің төрағасы;

Төлеген Бозжанов Директорлар кеңесінің мүшесі;

Филип Дэйер Тәуелсіз директор;

Ержан Жанғауылов Директорлар кеңесінің мүшесі;

Кенжебек Ибрашев Директорлар кеңесінің мүшесі (Бас директор);

Пол Мандука тәуелсіз директор;

Әсия Сырғабекова Директорлар кеңесінің мүшесі;

Эдвард Уолш тәуелсіз директор.

2010 жылы Директорлар кеңесі тікелей дауыс беру жолымен өткізілген жеті мәжіліс пен сырттай дауыс беру жолымен өткізілген 14 мәжілісті қоса есептегенде 21 мәжіліс өткізді. Жыл ішінде Директорла кеңесі басқаларын қоспағанда мынадай мәселелерді қарады:

- Компанияның 2010-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту;



- Компанияның мұнагаз активтерін сатып алуы: «Қазақтүркмұнай» ЖШС-дағы 51% қатысу үлесін; «Казахойл Актобе» ЖШС-дағы 50% қатысу үлесін; «Mangistau Investments B.V.» 50% қатысу үлесін; «НБК» ЖШС-дағы 100% қатысу үлесін; «СапаБарлауСервис» ЖШС-дағы 100% қатысу үлесін; Ural Group Limited 50% қатысу үлесін; Маңғыстау және Атырау облыстарында көмірсутегі шикізатын барлауды жүргізуге арналған келісім-шарттар бойынша 100% жер қойнауын пайдалану құқығын;

  • Компанияның Солтүстік теңіздегі жобаға, Ирак Республикасында үшінші лицензиялық раундқа қатысуы;

  • Компанияның «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалдарының кен орындарын дамытудың алдағы уақыттардағы жоспарларын қарау;

  • ҚМГ ҰК облигацияларын сатып алу;

  • Компанияның артықшылықты акцияларын кері сатып алу бағдарламасы;

  • Ақша қаражатын басқару саясатын сақтау мәселелері;

  • Компанияның өткен жылғы топтастырылған қаржылық есебін алдын ала бекіту;

  • Аффилиирлендірілген тұлғалармен – ҚМГ ҰК еншілес ұйымдарымен өзара қарым-қатынас мәселелері;

- Директорлар кеңесі мен Басқарманың 2009 жылғы жұмысы туралы есебі,

  • Директорлар кеңесінің 2009 жылғы қызметін бағалау жөніндегі есеп;

  • Ішкі аудит қызметінің жоспарлары мен есептерін, Ішкі аудит қызметі ұсынымдарының орындалу барысын қарау;

  • Компанией мүдделілікпен мәмлелер жасауы;

  • Еншілес ұйымдардың жоғары органдарының құзырына жатқызылған мәселелер;

  • Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау;

  • Директорлар кеңесінің комитеттерін қалыптастыру;

  • Еңбек ұжымдары мәселелері;

  • Компанияның Басқарма мүшелері, Ішкі аудит қызметінің басшысы және корпоративтік хатшысы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің (ҚНК) қортынды нәтижелілігі;

  • Басқарманың мүшелерін сайлау;

  • Опциондық бағдарламаға сәйкес опсиондар беру;

  • Басқарма мүшелерінің сыйақыларын белгілеу;

  • Ішкі аудит қызметі мен корпоративтік хатшының кадр мәселелері.

Директрорлар кеңесі 2010 жылы мынадай құжаттар бекітілді:

  • Компанияның 2010-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы;

  • Компанияның «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалдарының кен орындарын дамытудың перспективалық жоспары;

  • Шығындарды басқару саясаты;

  • Шығындарды басқару бағдарламасы;

  • Қызметкерлерге еңбекақы төлеу ережесі;

  • Аудит жөніндегі комиттет туралы ережеге толықтырулар мен өзгерістер;

  • Ақша қаражаттарын басқару саясаты мен Бюджеттеу туралы ережеге өзгерістер;

  • «Бөлектелген салықтық есеп жүргізу мақсаттары үшін Жалпы шығындарды бөлу саясаты» есептеу саясатына қосымша;

  • Компанияның еншілес ұйымдарының филиалдары туралы ереже.

Сондай-ақ Директорлар кеңесі Компанияның Жарғысына өзгерістер енгізуді қарады және акционерлердің жалпы жиналысына ұсыным жасады.

Директорлар кеңесі 2009 жылы өз қызметін, барлық комитеттердің қызметін жан-жақты бағалауды жүргізді. Зерттеу Директорлар кеңесінің 12 айдағы мәжілістерінің күн тәртіптері мен хаттамаларын талдауды, сондай-ақ директорлармен және жоғары буын басшыларымен жеке сұхбаттарды қамтыды. Зерттеу шеңберінде кеңестің басымдықты міндеттерді орындауын бағалау, кәсіби біліктілігі мен тәуелсіздігі, кеңестің Компанияның басшылығымен өзара іс-қимылы, Директорлар кеңесі қызметінің негізгі процестерінің сапасы тұрғысында құрамның тепетеңділігін талдау жүргізілді. Тәуелсіз консультанттың есебінде Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы кеңеске басшылықты лайықты деңгейде жүзеге асыратындығы, басқару стандарттары мен кеңес жұмысының тиімділігі жалпы қабылданған бизнес-практикаларға сәйкес келетіндігі туралы қортынды жасалды. Кеңестің қызметін жақсарту және оңтайландыру бағыттары анықталды және оларды кеңестің мәжілісінде талқылау жүргізілді. Ұсынымдар кеңеске ұсынылатын ақпараттардың сапасын жетілдіру, сондай-ақ маңызды бизнес-мәселелерге уақытты көп бөлу, әкімшілік мәселелерге аз бөлу мақсатында күн тәртібін қайта қарау туралы ұсыныстарды қамтыды. Сондай-ақ тәуекелдерді бағалау мен басқаруға, Директорлар кеңесі мен Компанияның жоғары басшылығы деңгейінде сабақтастықты жоспарлауға қатысты бірқатар комментарилер жасалды. Кейін іске асыру үшін оңтайландырудың көрсетілген бағытын көрсететін іс-қимылдар жоспары әзірленді.

Қоғам Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі, сыйақылар жөніндегі, тағайындаулар жөніндегі және стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттердің жұмысы олар туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылды.
Аудит жөніндегі комитет
2010 жылы аудит жөніндегі комитеттің құрамына тек тәуелсіз директорлар ғана кірді. Оның мүшелері Пол Мандука (комитеттің төрағасы), Кристофер Маккензи (2010 жылдың 26 наурызына дейін), Филип Дэйер (2010 жылдың 29 маусымынан бастап) және Эдвард Уолш болды. Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы Пол Мандука болды. Аудит жөніндегі комитет басқаларын қоспағанда Қоғамның қаржылық ақпаратын қамтитын кез келген есептер, тәуекелдерді басқару жүйесі мен ішкі бақылау жүйесінің мониторингі үшін және бұл процеске Қоғамның аудиторларын тарту үшін жауаптылықта болады. Ол, сондай-ақ ішкі бақылау процедурасының сақталуын қадағалайтын Қоғамның ішкі аудит қызметінен ақпарат алады. Атап айтқанда, комитет заңнаманың, бухгалтерлік стандарттардың, Ұлыбритания (UKLA) мен Қазақстандық Қор биржасының (KASE) Листингтік агенттігінің қолданымды ережелері талаптарының сақталуы, ішкі бақылаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету мәселелерімен шұғылданады.

2010 жыл ішінде аудит жөніндегі комитет бес мәжіліс өткізді. Аудит жөніндегі комитет мынадай мәселелерді қарады:

Қаржылық есептілік:


  • ҚЕХС сәйкес қаржылық есепті дайындау мәселелері;

  • Қазақстандық және Лондондық қор биржаларында ашуға арналған тоқсандық және жылдық қаржылық есептер бекіту;

Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесі:

  • ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалау;

  • аудит жөніндегі комитеттің өзін-өзі бағалауы;

Ішкі аудит:

Сыртқы аудит:

  • 2011-2013 жылдар кезеңіне Компанияның сыртқы аудиторын тағайындау туралы ұсыным;

  • Компанияның ақша қаражатының орташа мерзімдік келешектегі қозғалысын болжауға қатысты мәселелер;

  • ақша қаражатын басқару саясатын сақтау.

Сыйақылар жөніндегі комитет


2009 жылы сыйақылар жөніндегі комиттің құрамына тек тәуелсіз директорлар ғана кірді. Кристофер Маккензи (2010 жылдың 26 наурызына дейін Комитеттің төрағасы), Филип Дэйер (2010 жылдың 29 маусымынан бастап Комитеттің төрағасы) Пол Мандука және Эдвард Уолш оның мүшелері болып табылды. Сыйақылар жөніндегі комитет Директорлар кеңесінің мүшелеріне, Бас директорға, Басқарма мүшелеріне және Қоғамның өзге де қызметкерлеріне сыйақы беру жүйесінің мониторингі, оның ішінде сыйақы беру саясатын басқа компаниялармен салыстыра отырып талдау үшін жауаптылықта болады. Сондай-ақ сыйақылар жөніндегі комитет Директорлар кеңесінің мүшелеріне, Бас директорға және Қоғамның Басқармасы мүшелеріне сыйақылар мен өтемақылар төлеудің принциптері мен оның мөлшері мен шарттарын белгілеудің өлшемдері бойынша және Қоғамның опциондық жоспарлары шарттарын мақұлдау және басқа да ұзақ мерзімді Қоғамның басшылары мен қызметкерлерін ынталандыру бағдарламалары бойынша ұсынымдар әзірлеу және оны Директорлар кеңесіне ұсыну үшін жауаптылықта болады. Сыйақылар жөніндегі комитет Қоғамның сыйақылар саласындағы саясаты мен Қоғамда қолданылатын сыйақылар төлеу жүйелерін Қоғамды дамыту стратегиясымен және оның қаржылық жағдайымен, сондай-ақ еңбек рыногындағы жағдаймен сәйкестендіру үшін қадағалауды жүзеге асырады. Сыйақылар жөніндегі комитет Қазақстан Республикасы заңнамасының, Листингтік ережелердің және Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақылар мен өтемақылар төлеуге қатысты ақпараттардың тиісінше ашылуын қамтамасыз ету үшін қадағалауды жүзеге асырады.

2010 жыл ішінде сыйақылар жөніндегі комитет жеті мәжіліс өткізді. Сыйақылар жөніндегі комитет мынадай мәселелерді қарады:



  • Қоғамның басшылары мен қызметкерлеріне опциондар беру;

  • Сыйақылар және Басқарма мүшелерінің, ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің, корпоративтік хатшының ҚНК бекіту;

  • Басқарма мүшелерінің 2009 жылғы қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша нәтижелерін қарау;

  • 2008 және 2009 жылдар үшін жылдық сыйақы (бонус) төлеу;

  • Шетелдік қызметкерлер атқаратын лауазымдық позициялардың сабақтастығы.

Тағайындаулар жөніндегі комитет


2010 жылы тағайындаулар жөніндегі комитеттің құрамына: Қайыргелді Қабылдин (2010 жылдың 26 наурызына дейін Комитеттің төрағасы), Асқар Балжанов (2010 жылдың 30 наурызынан бастап Комитеттің төрағасы) Кристофер Макензи (2010 жылдың 26 наурызына дейін), Эдвард Уолш, Пол Мандука және Филип Дэйер (2010 жылдың 29 маусымынан бастап) кірді. Тағайындаулар жөніндегі комитет Компанияның органдарындағы лауазымдарға тағайындау үшін мамандарды іріктеу кезінде Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ Компанияның лауазымды адамдары ауысқан кезде сабақтастықты қамтамасыз ету, Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі, Бас директор, Басқарма мүшесі және корпоративтік хатшы лауазымдарына үміткерлерді іріктеудің өлшемдерін белгілеу үшін жауаптылықта болады. Тағайындаулар жөніндегі комитет Директорлар кеңесі мен Басқарманың құрамындағы өзгерістермен, корпоративтік хатшының өкілеттігін тоқтатумен және оны қызметке тағайындаумен, қосымша және алмастырушы директорлардыңзейнеткерлікке шығуымен және оларды тағайындаумен байланысты мәселелерді қарайды.

2010 жыл ішінде тағайындаулар жөніндегі комитет екі мәжіліс өткізді. Тағайындаулар жөніндегі комитет мынадай мәселелерді қарады:

- акционерлердің жалпы жиналысына тәуелсіз директорды сайлау туралы ұсыныс енгізу;

- сыйақылар жөніндегі комитеттің төрағасы мен аудит және тағайындаулар жөніндегі комитеттердің мүшесін тағайындау;

- Басқарманың мүшесін сайлау.
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет
2010 жылы стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің құрамына: тәуелсіз директор Эдвард Уолш (комитеттің төрағасы), Асқар Балжанов (2010 жылдың 26 наурызына дейін), Төлеген Бозжанов (2010 жылдың 30 наурызына дейін), Кенжебек Ибрашев кірді. Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет Директорлар кеңесіне Қоғам қызметінің басымдықты бағыттарын пысықтау және оны дамыту стратегиялары мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу және ұсыну үшін жауаптылықта болады.

2010 жыл ішінде стратегиялық жоспарлау т жөніндегі комитет екі мәжіліс өткізді. Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет мынадай мәселелерді қарады:





  • Компанияны дамыту стратегиясы;

  • «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалдары кен орындарын дамытудың перспективалық жоспарлары;

- Компанияның мұнагаз активтерін сатып алуы: «Қазақтүркмұнай» ЖШС-дағы 51% қатысу үлесін; «Казахойл Актобе» ЖШС-дағы 50% қатысу үлесін; «Mangistau Investments B.V.» 50% қатысу үлесін; «НБК» ЖШС-дағы 100% қатысу үлесін; «СапаБарлауСервис» ЖШС-дағы 100% қатысу үлесін; Ural Group Limited 50% қатысу үлесін; Маңғыстау және Атырау облыстарында көмірсутегі шикізатын барлауды жүргізуге арналған келісім-шарттар бойынша 100% жер қойнауын пайдалану құқығын;

  • Компанияның Солтүстік теңіздегі жобаға қатысуы;

  • Компанияның Ирак Республикасында үшінші лицензиялық раундқа қатысуы;

  • Қазақстан Республикасы мен шетелдердегі мүмкін болатын сатып алулардың жобалары;

  • Шығындарды басқару саясаты.

Басқарма
2010 жылы Қоғам Басқармасының құрамына Бас директор мен оның орынбасарларын қоса алғанда жоғары буын басшылары кірді.

2010 жылдың 31 желтоқсанына жағдай бойынша Басқарма мүшелері:

Кенжебек Ибрашев Бас директор және Басқарманың төрағасы;

Владимир Мирошников Бас директордың бірінші орынбасары – Ақтау қаласындағы жедел басқару тобының басшысы;

Жаннета Бекежанова Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;

Асқар Әубәкіров Бас директордың корпоративтік даму және активтерді басқару жөніндегі орынбасары;

Тарас Хитуов Қызметкерлер және әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директор;

Киікбай Ешманов «Өзенмұнайгаз» ӨФ директоры;

Жұмабек Жамауов «Ембімұнайгаз» ӨФ директоры.

Басқарма атқарушы орган болып табылады және Компанияның ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады. 2010 жылы ұдайы негізде және қажетіне қарай Компания Басқармасының 46 мәжілісі өткізілді. 2010 жылы Компанияның Басқармасы Компанияның операциялық қызметіне жататын мынадай неғұрлым маңызды мәселелерді қарады:

- бірқатар қазақстандық мұнайгаз компанияларымен қатысу үлестері мен 100% жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу жөніндегі мәмілелер;



  • Компанияның Ирак Республикасында газ конденсаты кен орындарын игеруге арналған лицензиялық раундтарға қатысуы;

  • «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ даму стратегиясы:

  • 2011 жылға арналған өндірістік бағдарлама;

  • «Өзенмұнайгаз» ӨФ пен «Ембімұнайгаз» ӨФ-нің 2010-2020 жылдарға арналған перспективалық даму жоспары;

  • Компанияның артықшылықты акцияларын кері сатып алу бағдарламасы;

  • шығындарды басқару бағдарламасы;

  • Компанияның өндірістік қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі;

  • Компанияның 2010-2014 жылдарға арналған бизнес-жоспары;

  • халықаралық стандарттарға сәйкес Компанияның ішкі қызметін реттейтін бірқатар процедуралар.

Басқарма Қоғам қызметін қамтамасыз етудің акционерлердің жалпы жиналысының, Директорлар кеңесінің және Қоғамның лауазымды тұлғаларының тікелей құзыретіне жатпайтын өзге де мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Шешім:__Қоғамның_Директорлар_кеңесі_мен_Басқармасының_2010_жылғы_жұмысы_туралы_есеп_бекітілсін.'>Шешім:

Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасының 2010 жылғы жұмысы туралы есеп бекітілсін.


  1. Қоғам Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау.

Қоғам 2011 жылдың 15 сәуірінде ірі акционер - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамынан Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына Айдарбаев Алик Серікұлын кіргізу және 2011 жылдың 5 мамырына шақырылған Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін мынадай мәселемен: Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесін сайлаумен толықтыру туралы ұсынысы бар өтінімін (ҚПА 2011 жылғы 15 сәуірдегі №123 хат) алды.

Жарғының 10.21-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналасының күн тәртібін Қоғам акционерлерінің жалпы жиналыс өтетін күнге дейінгі 15 күннен кешіктірілмей мұндай толықтырулар туралы хабардар етілуі шартымен немесе Жарғының 10.24-тармағымен белгіленген тәртіппен ірі акционер немесе Директорлар кеңесі толықтыруы мүмкін.

Қоғам Жарғысының 11.1 бабының 8-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының ерекше құзыретіне Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттігі мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату жатады.



Директорлар кеңесінің құрамына сайлау үшін кандидат туралы мәлімет қоса беріліп отыр.
Шешім:

1. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі Ибрашев Кенжебек Ниязұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

2. Айдарбаев Алик Серікұлы Қоғам Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлансын.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет