Тіршілік кезеңдері. Кембрийге дейінгі



Дата02.01.2022
өлшемі446.25 Kb.
#453505
Тіршілік кезеңдері.



Тіршілік кезеңдері.

  1. Кембрийге дейінгі эра Жер тарихының 90 пайызын құрайды, бірнеше тау түзілу процестері мен мұз басу жағдайлары болды. Суларда алғашқы тіршілік пайда болды. Кембрийге дейінгі эраның соңында жануарлардың сыртқы қаңқасы пайда болып, ол көптеген қазбалардың сақталуына мүмкіндік берді. Сол кезде бір ғана Пангея құрлығы болды.

  2. Палеозой эрасы. Кембрий (организмдердің қалдығы алғаш табылған жердің аты) кезеңі. Бұл кезеңде топырақ болмағандықтан тіршілік, негізінен, сулы ортада дамыды. Өсімдіктерден жасыл балдырлар теңіздерде тіршілік еткен. Трилобиттер Кембрий кезеңінде тіршілік еткен. Кембрийде — губкалардың түрлері, маржандар, ұлулар, кейініректе теңіз кірпісі пайда болды. Сондықтан да кембрийді — омыртқасыздардың даму кезеңі деп атайды.

  3. Тас көмір кезеңі — жерде тас көмірдің қалың қабаты болғандықтан солай аталған. Бұл кезеңде ауа райы ылғалды, жылы болып, батпақты жерлердің көлемі арта бастады. Биіктігі 30—40 м ені 1-2 м ағаштектестерден тұратын қалың орман өскен

  4. Мезозой эрасы. Юра кезеңі. Бұл кезеңді — динозаврлар (корқынышты кесірткелер) кезеңі деп атайды. Бұл кезенде ауада да, теңізде де құрлықта да бауырымен жорғалаушылар кеңінен тарады. Қазіргі кезде ертеде тіршілік еткен динозаврлардың 250 түрі белгілі болып отыр.Юра кезеңінде жәндіктердің түрлері де көп таралды және алғашқы құс — археоптерикс пайда болды.

  5. Бор кезеңі. Бұл кезеңде гүлді өсімдіктер кеңінен таралды.

Бұл кезеңдегі өсімдіктер әлеміндегі өзгерістерге: үйеңкі, терек, емен, эвкалипт, тал, қайың, т.б. жалпақ жапыракты ағаштардың пайда болуы жатады. Бор кезеңінің соңында ауа райының суынуына байланысты су жағалауындағы өсімдіктердің таралу алқаптары азайып, өсімдікқоректі және жыртқыш динозаврлар жойылды.

  1. Кайнозой эрасы. Төрттік кезең.

Төрттік кезең — 1,5—1 млн жылға созылды. Бұл кезеңде Еуразия мен Солтүстік Американы 4 рет мұз басты. Төрттік кезеңде мастодонттар (ертедегі пілдер), мамонттар, қылыш тісті жолбарыстар жойылды. Қазіргі кезде тіршілік ететін сүтқоректілердің көп түрлері мен түр тармақтары төрттік кезеңде пайда болды. Адамның пайда болуы.

Қосымша№2.









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет