2011 жылы Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмыстары туралы ақпарат



Дата25.02.2016
өлшемі59.95 Kb.
#24804
2011 жылы Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмыстары туралы ақпарат.
Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттердің қатарына қарай қадам басу жолыдағы негізгі басымдылықтың бірі, қазіргі әлеуметтік саясат, халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарына қолдау көрсету ҚР Президентінің жолдауында анықталған.

Нәтижесінде әлеуметтік салаға бөлінген қаржы жылдан-жылға артып келеді. Жәрдемақы мөлшерін кезең-кезеңмен өсіру, тұрмысы төмен отбасылары мен көп балалы аналарды қолдау тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар саны 2011 жылдың 25 сәуірге 219 адамды құрайды.

Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,9 пайыз.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 2011 жылы 455 адамды жұмысқа орналастыруға жоспарланған. 232 адам жұмыспен қамтылды.

2011 жылы 505 жұмыс орнын ашу қаралған болса, нақты 70 жұмыс орны ашылды.

70 жұмыссыз тұлғаларды оқуға жіберу жоспарланған, аудан бойынша 71 жұмыссыз тұлға оқуға жіберілді.

Жұмыссыздарды оқыту, қайта даярлауға «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 20 адам жоспарланған, бүгінгі күнге Саратовка ауыл шаруашылық колледжінде «омарташы» мамандықтары бойынша 22 адам оқуға жіберілді. Оның ішінде 2 жұмыссыз тұлға жұмыспен қамту бөлімі арқылы жіберілді. Қалған 20 адам кәсіпкерлік бөлімі арқылы оқуға жіберілді.

Сондай-ақ осы жылы «Жастар-іс тәжірибесін өткізу» бағдарламасы бойынша 11 адам жоспарланып отыр. Арнаулы оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектерді, жұмыспен қамту бөлімі арқылы келісім-шарт бойынша мамандықтарына сәйкес жұмысқа жіберіледі. Биылғы жылы 4 адам жіберілді.

15 әлеуметтік жұмыс орны жоспарланып отыр, бүгінгі күні 8 жұмыссыз тұлға жұмысқа жіберілді.

Нақтылы жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға жұмыспен қамту бөлімі тарапынан ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу ұсынылды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 630 адамды қатыстыру көзделген, бүгінгі күні 322 жұмыссыз тұлға жіберілді.

Аудан бойынша 2011 жылы «Жол карта» бағдарламасы негізінде 5 жоба 110 жаңа жұмыс орындары жоспарланып отыр.

Жергілікті бюджеттен 4 жоба 106 жаңа жұмыс орындары,оның ішінде:


  • Білім беру бөлімінде 4 жобаға 106 адам қатысады;

  • Облыстық бюджеттен - 1 жоба 4 жаңа жұмыс орындары.

Жол картасы бойынша 2011 жылдың 25 сәуірге жұмысқа 4 жұмыссыз тұлға жіберілді, оның ішінде: жұмыссыз-2 адам.

«Жастар іс-тәжірибесі» бойынша 26 адам жоспарланып, бүгінгі күнге 8 адам жіберілді.

2011 жылдың 1 мамырға атаулы әлеуметтік көмекке 120 отбасы 380 адамға ұсыныс жасады,осыған 3875,0 мың теңге төленді.

18 жасқа дейінгі балаларға берілетің жәрдемақы алу үшін 480 отбасы 1300 балаға ұсыныс берді, оларға 5038,0 мың теңге төленді.

Үйде тәрбиеленіп, оқып жүрген 17 мүгедек балаларға 550,0 мың теңге төленді.

Тұрғын үй көмегін алуға 482 отбасы ұсыныс берді, 396 отбасына 5300,0 мың теңге төленді

Ұлан ауданында зейнеткерлер саны - 5565 адам, олардың ішінде Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлер саны 29 адам, Ұлы Отан соғысына қатысқан мүгедектер саны - 5 адам, 1 және 2 топ мүгедектер саны – 773 адам, 3 топ мүгедектері – 560 адам, мүгедек балалар саны 83, яғни ауданда 1421 мүгедектер бар.

2011 жылы мүгедектерге 1767,0 мың теңге бөлініп, 1- топтағы мүгедектерге 17280 памперс, 89 калоприемник алынып, таратылып берілді, «Уба» санаториясына 19 зейнеткер санаториялық-курорттық емделуге жіберілді.

2011 жылы Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінен мүгедектерге арналған 3 арбаша серуендеуге шығып жүретін бөлініп, жеке оңалту бағдарламасы бойынша 3 мүгедекке берілді.

2011 жылы жеке оңалту бағдарламасы бойынша протез – ортопедиялық көмекке мұқтаж 9 мүгедек азаматтардың істерін дайындап, құжаттары облыс Департаментіне жіберіліп, қанағаттандырылды.

Үйден тәрбие алатын және үйден оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетілуде. Жағдайлары шектеулі, үйден оқитын 17 балаға ай сайын жәрдемақы алып отырады. Биыл жыл басынан 550,0 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.

Ұлан ауданында 2004 жылдың 25 ақпанындағы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің № 368 қаулысына орай қызмет көрсететін психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) жұмыс атқарады. Ол 5 ұстаздан және 1-есепші,1 басшыдан 2-психолог дефектолог, логопед, тифлопедагогтан тұратын мамандар.

Әлеуметтік қорғау бөлімінде мүгедектерге үйде қызмет көрсететін 1 бөлім жұмыс істейді. 37 әлеуметтік жұмыскер 41 мүгедекке және 180 жалғыз басты зейнеткерлерге үйде қызмет көрсетеді. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедек-балалары бар отбасыларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері құрылды. 33 мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Оларға 6 әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсетеді. Ол Привольное, Айыртау, Бозанбай, Сағыр, Васильевка ауылдары және Асубулак, Молодежный кенттері.

Бөлімшелердің негізгі міндеттері бөгде адамның күтіміне мұқтаж мүгедек-балаларды анықтау, оларды әлеуметтік дағдыларға, өзіне өзі қызмет көрсете алу дағдыларына үйрету, демалысын ұйымдастыру, ата-аналар мен отбасы мүшелерін мүгедек балалармен араласуға және оларды күтуге үйрету, медициналық және құқықтық консультациялық көмек көрсету болып табылады.

Бюджеттен „Күміс -Алқа”,”Алтын -Алқа”, „Материнская Слава ”1 және 2 дәрежелерімен марапатталған сонымен қатар 4 және одан жоғары 18 жасқа толмаған балалары бар көп балалы аналарға 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне және балаларды қорғау күніне арналған мерекеге 732 анаға 5000 теңгеден материалдық көмек бөлінді, барлық сомасы 3660,0 мың теңге.

2011 жылы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/388-III «Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек» туралы шешімі бойынша берілетін көмектен 115 адамға 2108,0 мың тенге берілді. 14 желтоқсандағы № 3/41-IV 2007 жылғы облыстық мәслихаттың шешімі бойынша қосымша соғыс мүгедектеріне теңестірілген мүгедектерді, Чернобыль АЭС- дағы апат зардабын жоюға қатысқан мүгедектерге 88 адамға 2000 теңгеден 704,0 мың теңге берілді.

Қазақстан Республикасына ерекше еңбек еткен зейнеткерлердің саны- 3 адам, облыстық дербес дәрежесі бар зейнеткерлер- 28 адамға материалдық көмек көрсетіледі. Барлық сомасы 248,0 мың теңге .

Жаңа жылдың басынан Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтардың біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға 4 комиссия мәжілісі өткізілді. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтардың біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға 45 азаматтың сұранысы тіркелді. Солардың ішінен МЗТО-на 45 азаматтың іс макеті тапсырылды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2007 жылы 26 шілдедегі № 184 «Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін әлеуметтік көмек туралы» қаулысына сәйкес, 2011 жылдың басынан 52 студенттерге жатақханада тұру үшін және стипендияға 9802,0 мың теңге төленді. Олардың ішінде 41 оқушы Шығыс Қазақстан мемелекеттік университетінде, 11 оқушы Семей медициналық университетінде оқиды..

1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін анықтау үшін аудандық комиссияның 8 отырысы болды. Онда 9 өтініш қаралды.

Ауған соғысында қайтыс болған жауынгерлердің отбасына берілетін материалдық көмек 2 отбасына ай сайын жыл басынан 5000 теңгеден 40,0 мың теңге төленді.

Материалдық көмек бөлу және төлеу туралы арнайы аудандық комиссияның шешімі бойынша 221 адамға 2700,0 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек берілді.

Әрбір Ұлы Отан соғысының ардагерлері аудан басшыларымен бекітілген. Сонымен қоса барлық осы ардагерлер әлеуметтік қызметкерлермен бекітілген. Барлық тұрмыстық жағдайлары тексерілді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары әрбір Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйіне барып, қал- жағдайларын сұрастырып, мұң мұқтаждарымен бөлісті. Әлеуметтік қызметкерлер жұмасына бір рет барып, керек жарақтарына көмектесіп тұрады.

Барлық округтардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барынша көмек жасалуда. Ауа райының қолайсыздығына байланысты сәуір айынан бастап ақылы қоғамдық жұмыстағы жұмыскерлермен бірге мектеп оқушылары Тимуровцы командасы жалғыз басты тыл еңбеккерлеріне , ардагерлерге барып үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын, бақшада жер қазу, үйдің маңайын тазартуға көмектесті.



2011 жылдың 22 сәуірінде Молодежный кентінің мәдениет үйінде «Берегиня» үкіметтік емес ұйымымен бірлесе отырып Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары мүкіндігі шектеулі балалары және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді. Ата – аналарға логопед, психолог, әлеуметтік қызметкердің және заңгердің сапалы кеңестер көрсетті. Ата – аналар сұрақтарына жауап алған кезде, әлеуметтік мұғалімдер балалармен сабақ жүргізді. Балалар жетілдіру ойындарына қатысып, қысылтаян жағдайларда қандай іс әрекеттерді қолдануын үйренді. Сонымен қатар балалардың өнерлік қабілеттерін жетілдіруіне шеберлік сабағы өткізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет