2012 жыл ішінде аудан әкімінің аппаратына
түскен жеке және заңды тұлғалардың
өтініштері бойынша
ақпарат
Аудан әкімінің аппаратында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №122 Заңын іске асыру бойынша жұмыстар атқарылуда, 2011 жылғы 13 мамырдағы №1-1ө өкіммен жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау күні бекітілді.
Аудан әкімінің аппараты кеңсесінің меңгерушісімен түсу мүмкіндігіне байланысты өтініштерді тіркеу соңғы электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесімен іске асырылады. Өтінішке электрондық түрде карточка ашылып, оған өтініш берушінің мәліметтері енгізіледі (аты-жөні, мекен-жайының мәліметі және басқа).
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы №109 Бұйрығын іске асыру мақсатында аудан әкімі аппаратымен және құрылымдық бөлімшелермен күнделікті өткен айларда түскен өтініштер бойынша мәліметтер іске асырылып, ҚСКЖН-ның ШҚО бойынша басқармасына жіберіліп тұрады.
2012 жыл ішінде Бесқарағай ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 285 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан жазбаша және ауызша-244 өтініш (оның ішінде 223 жазбаша, 21 ауызша), заңды тұлғалардан- 41 жазбаша өтініш. Олардан 285 өтініштен 88-сі қанағаттанарлықпен шешілсе, 79-ы түсіндірілді, 19 өтініш қабыл алынбады, Қарамағындағы органдарға қарау үшін 93 өтініш, басқа органдарға 5 өтініш жіберілді, бір өтініш қараусыз есептен шығарылды.
Жеке тұлғалардың 244 өтініштерінен:
1)10-ы жоғарғы органдарға қарау үшін жіберілді;
2)1-ұсынылды, 238-өтініш, 5-шағым.
2012 жыл ішінде аудан әкімімен жеке мәселелер бойынша жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды-20.
Аудан әкімінің аппаратына 2011 және 2012 жылдары түскен өтініштердің мәтінінің динамикасы қоса беріледі.
2012 жыл ішінде аудан әкімінің виртуальдық қабылдауына өтініштер түскен жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау барысында өтініштердің санының төмендеген тенденциясы байқалды, түскен өтініштердің саны 2012 жыл ішінде 285 өтініш болса, 2011 жылы- 450 өтініш түсіп, төмендеу 36% құрады
Жеке тұлғалардан ұжымдық өтініштер 2012 жыл ішінде 12 түссе, 2011 жылмен салыстырғанда 2-і өтінішке төмен (2011 жылы ұжымдық-14).
Ұжымдық және жеке жазбаша өтініштердің салыстырмалы саны 99 %-ға 1% құрады.
Түскен өтініштер мен онда қойылған сұрақтарды талдай келе халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша 2011 жылы 84 болса 2012 жылы 98-ге жетіп, өсуі 13,4 % құрады, олар негізінен материалдық көмек көрсету, білім беру мен ғылым мәселесі бойынша 2011 жылы 5 өтініш түссе, 2012 жылы 14 өтінішке жетіп, 64 % құрады, денсаулық сақтау мәселесі бойынша 2011 жылы 1 өтініш болса, 2012 жылы 6 өтініш болды.
Түскен өтініштердің төмендеуі төмендегі мәселелер бойынша азайды:
жер және жерді пайдалану 2011 жылы 166 өтініш түссе, 2012 жылы 68 өтініш түсті, немесе төмендеу 59 %, тұғын үй- коммуналдық шаруашылығы мәселесі бойынша 2011 жылы 21 өтініш болса, 2012 жылы 20 өтініш, немесе 9,5 %, ауыл шаруашылығы мәселесі бойынша 2011 жылы 13 өтініш болса, 2012 жылы 4 өтініш түсіп, 69 % төмен болды.
2012 жылы өтініштердің мәтіні өзгерген жоқ, өткен жылы көтерілген сұрақтар кездеседі, олар: жер пайдалану (85 өтініш немесе жалпы санынан 29 %), әлеуметтік қамтамасыз ету (98 өтініш немесе жалпы санынан 34 %), басқа да мәселелер бойынша (79 өтініш немесе жалпы санынан 36 %).
Аудан әкімі аппаратының
басшысы Т.Глазинский
Орынд.Н.Панюкова
90746
1 қосымша
2011 және 2012 жылдары аудан әкімі аппаратына түскен өтініштердегі сұрақтың сипаттама динамикасы
Сұрақтың сипаты
|
2011 жылы
|
2012 жылы
|
Мемлекеттік басқару
|
-
|
4
|
Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
|
84
|
98
|
Қаржы қызметі
|
1
|
4
|
Шаруашылық қызметін реттеу
|
13
|
-
|
Білім және ғылым
|
5
|
14
|
Денсаулық сақтау
|
1
|
6
|
Мәдениет
|
-
|
1
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
|
21
|
20
|
Өзге де
|
45
|
49
|
Қоршаған ортаны қорғау
|
1
|
-
|
Ауыл шаруашылығы
|
13
|
4
|
Жер пайдалану
|
166
|
85
|
Жиыны
|
450
|
285
|
2 қосымша
Ауданның атқарушы органдарына түскен өтініштер бойынша
АҚПАРАТ
Мекеменің атауы
|
Өтініштердің саны
|
Өзгеріс %
|
2011 жылы
|
2012 жылы
|
Баскөл ауылдық округі
|
1795
|
1221
|
-12,3
|
Бесқарағай ауылдық округі
|
2254
|
1493
|
-66
|
Беген ауылдық округі
|
1338
|
1015
|
-24,1
|
Глуховка ауылдық округі
|
1662
|
1723
|
+3,5
|
Долон ауылдық округі
|
958
|
716
|
-25,2
|
Қарабас ауылдық округі
|
1507
|
1066
|
-29,2
|
Семияр ауылдық округі
|
1477
|
870
|
-14
|
Ерназар ауылдық округі
|
1346
|
1132
|
-16
|
М-Владимировка ауылдық округі
|
1477
|
1114
|
-24,5
|
Канонерка ауылдық округі
|
1453
|
1099
|
-24,3
|
Жер қатынастары бөлімі
|
-
|
812
|
|
Ауыл шаруашылығы, ветеринария бөлімі
|
96
|
3
|
+99,6
|
Экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі
|
24
|
0
|
-100
|
Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі
|
359
|
53
|
-85,2
|
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
|
2
|
0
|
|
Құрылыс бөлімі
|
8
|
0
|
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі
|
47
|
27
|
-42,5
|
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
84
|
23
|
-72,6
|
Достарыңызбен бөлісу: |