2012 жылға жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындарын



Дата17.07.2016
өлшемі14.15 Kb.
#204608
ҚАУЫЛЫ ЖОЛБАСЫ

2012 жылға жастар практикасы мен

әлеуметтік жұмыс орындарын

ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабына, 7-бабының 5-4, 5-7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы» қаулысымен бекiтiлген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерiнiң 6-тармағына, Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерiнiң 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы» қаулысына, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.  қосымшаға сай 2012 жылы жастар практикасынан өту үшiн жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлердiң тiзбесi (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру) бекiтiлсiн.

2.  қосымшаға сай 2012 жылы жастар практикасынан өту үшiн жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлердiң тiзбесi (республикалық бюджеттен қаржыландыру) бекiтiлсiн.


  3.  қосымшаға сай 2012 жылы әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлердiң тiзбесi (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру) бекiтiлсiн.
   4.  қосымшаға сай 2012 жылы әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлердiң тiзбесi (республикалық бюджеттен қаржыландыру) бекiтiлсiн.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары К.Р.Смаиловаға жүктелсiн.



    6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылғы 1 қаңтардағы туындаған құқықтық катынастарға таратылады .

Көкпекті аудан әкімі Д.Мусин

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет