Көкпекті ауданының «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы жалпы ережелер Көкпекті ауданының «Жұмыспен қамту орталығы»



Дата23.02.2016
өлшемі60 Kb.
#3785
Көкпекті аудандық әкімдігінің

2011 жылғы 17 маусымдағы

№1107 қаулысымен бекітілген
Көкпекті ауданының «Жұмыспен қамту орталығы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

  

1. Жалпы ережелер

 

1. Көкпекті ауданының «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) заңды тұлға мәртебесіне ие, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысушыларды  Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданының аумағында жұмыспен қамтуға және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық мекеме нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.



2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

3.Коммуналдық мемлекеттік мекеме аудан әкімінің 2011 жылғы «17» маусымдағы №1107 қаулысымен құрылды.  

4.Орталықтың құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданының әкімдігі болып табылады (бұдан әрі-құрылтайшы).

5.Құрылтайшының заңды мекенжайы: 071000, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі, 44 «а».

6. Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Орталықтың тиісті сала уәкілетті органы  болып табылады.

7. Орталықтың толық атауы:

Мемлекеттік тілде: Көкпекті ауданының «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;   

Орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Центр занятости» Кокпектинского района

Орталықтың орналасқан жері: 071000, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі, 61.

 

2. Орталықтың заңды мәртебесі

 

8. Орталық құрылды деп есептеледі және ол мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.  



9. Орталықтың дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылықта шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және  мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары болады, сотта талапкер және жауап беруші болып шығады.

10. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ құрылтайшы (қатысушы) бола алмайды.

11. Орталықтың кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде құрылымдық бөлімшелері (штаттық бірліктері) болуы мүмкін.   

12. Орталық өз міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі қаражатпен жауап береді. Орталықтың ақшасы жеткіліксіз болған кезде, оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік  тисті бюджеттің қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.   

13. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық бөлімшесінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді. 

 

3. Орталық қызметінің мақсаты мен түрлері

 

14. Орталық қызметінің түрі жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.



15.Орталық қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру болып табылады. 

16. Мақсатқа жету үшін Орталық қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) жалпы рәсімдерді өткізу: Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша азаматтарды хабардар ету және консультациялық қызметтер көрсету, құжаттарды дайындауға көмек көрсету, үміткерлердің қажеттіліктерін зерттеу мақсатымен олармен консультациялар өткізу, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалау, Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің құжаттарын қабылдау;

2)бағдарламаға әлеуетті қатысушыларды іріктеу және олардың мәртебесіне, кәсібіне және әлеуметтік қолдауға мұқтаждығына қарай санаттар бойынша таратып бөлу; 

3)бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтік келісімшартқа қол қою, оның орындалу мониторингін жүзеге асыру және оның шарттары орындалмаған кезде, заңнамаға сәйкес санкцияларды қолдану;

4)мониторинг жүргізу және жергілікті еңбек нарығында кадрларға қажеттілікті анықтау;

5)Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына бейімдеу қызметтері мен психологиялық қолдау көрсету;

6)бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;  

7)бағдарламаға қатысушылардың ұйымдардағы бос орындарға, жалақыны субсидиялау шартымен әлеуметтік жұмыс орындарына және Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардағы уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;  

  8)өңірлердің жұмыспен қамту картасының негізінде жұмысқа орналасуға мұқтаж, еңбекке қабілетті жастағы адамдардың санын айқындайды;   

9)жұмыс берушілердің – кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, ауданның аумағында жұмыс істеп тұрған барлық заңды және жеке тұлғалардың есебін жүзеге асырады; 

10)жұмыс берушілерге Бағдарламаға қатысудың, оның ішінде жұмыс берушілердің Бағдарламаға қатысуға үміткерлерді таңдаудың, кәсіби оқытудан өткізудің, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетудің тәртібі мен шарттары туралы  консультациялар береді;   

11)мемлекеттік қолдау түрлері бойынша үміткерлердің тізімі мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және/немесе Бағдарламаға қатысушы іске асыратын жобалар үшін жабдық сатып алуды талап ететін жобалардың тізбесін қалыптастыру және оларды; 

ауданның кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органына;  көзделген жоба іске асырылатын жердегі ауылдық округтің, кенттің әкіміне;

конкурстық негізде іріктелген шағын қаржылық (шағын несие)  ұйымдарына немесе қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйымға;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және/немесе салу және/немесе Бағдарламаға қатысушы іске асыратын жобалар үшін жабдық сатып алу қажет болған жағдайда ауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жіберу;   

 12)инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, шалғай мал шаруашылығын салуға немесе қайта жарақтандыруға арналған өтінімдер тізбесін қалыптастыру және оны инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жіберу; 

13) экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендердегі және экономикалық өсу орталықтарындағы ұйымдардың еңбек ресурстарына қажеттіліктері мен олардың жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тартудың қажеттігін анықтау;  

14) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға Бағдарлама шеңберінде көзделген мемлекеттік қолдау көрсету; 

15) қажетті еңбек ресурстарын әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшіру үшін тұрғын үй салу қажеттілігі бар жұмыс берушілердің тізілімін жүргізу;  

  16)бағдарламаны іске асыру шеңберінде салынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй (жатақханалардан бөлме) беру; 

  17)ағымдағы бос орындар мен сұранысқа ие мамандықтар бойынша болжамды жұмыс орындарын құру туралы деректерді, оның ішінде бос жұмыс орындары туралы (бос лауазымдар), еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұраныс, болжамды бос орындар мен босатылатын мамандардың түйіндемесі туралы деректерді қамтитын жалпыұлттық деректер базасын толықтырып отыру; 

  18)бағдарламаны іске асыру мәселелері жөнінде өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссиялар сұрататын материалдар мен мәліметтерді дайындау; 

19) азаматтардың, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының арыздары мен өтініштерін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңанамасында белгіленген тәртіппен қарау;  

20) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысушыларға өзге де мемлекеттік қолдау шараларын көрсету.  

17. Орталықтың өзінің осы жарғыда бекітілген қызмет нысаны мен мақсатына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ, мәмілелерді жасауына тыйым салынады. 

18.Орталық басшысының жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеттері өзінің еңбек міндеттерін бұзу болып табылады әрі тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соқтырады.      

4. Орталықты басқару

 

19. Директор Орталықтың басшысы болып табылады. 



20. Орталықтың директорын, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тиісті саладағы уәкілетті орган лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.  

21. Директор Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, (Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда) тиісті саладағы уәкілетті органға тікелей бағынады және Орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауаптылықта болады. 

22. Директор жеке басқару қағидатымен әрекет етеді және Орталықтың қызмет мәселелерін Қазақстант Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалған құзыретіне сәйкес дербес шешеді. 

23. Директор Орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда оның мүддесін білдіреді, Орталықтың мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, келісімшарттар жасайды, сенімхаттар, оның ішінде қайталап сенім білдіру құқығымен сенімхаттар береді, банктерде Орталықтың шоттарын ашады.   

24. Директор Орталықтың қызметіне қатысты актілерді шығарады, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және босатады, ынталандыру шараларын қабылдайды, Қазақстант Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен, Орталық қызметкерлеріне тәртіптік жазаларды қолданады.   

25. Өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және Орталықтың өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігі аясын айқындайды. 

26. Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және құрылтайшы өзіне жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

27. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 

1)Орталық қызметінің нысаны мен мақсаттарын айқындайды;

2)Орталықтың Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді және бақылайды; 

3)Орталықтың жарғысын бекітеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; 

4)Орталыққа әдістемелік және ұйымдық басшылықты жүзеге асырады;

5)Орталықтың жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

6)Орталыққа мүлікті бекітіп береді;

7)Орталыққа тиесілі мүліктің  нысаналы пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 

8)Орталықтың басқару органдарының құрылымын, қалыптасыру тәртібі мен өкілеттік мерзімін, Орталықтың шешім қабылдау тәртібін айқындайды;  

9)Орталық басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымнан босату негіздемесін айқындайды;  

10)мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Орталықтың құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;  

11) Орталық басшысының ұсынуы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға  тағайындайды және лауазымынан босатады; 

 жылдық қаржы есептемесін бекітеді;

12) жылдық қаржы есептерін бекітеді;

13)Орталыққа берілген немесе өзінің меншікті шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлікті алуға немесе қайта таратып бөлуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға келісім береді;  

14)Орталықты қайта құру және тарату туралы шешім қабылдайды;

15) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.  

                                

5. Орталықтың мүлкін қалыптастырудың тәртібі

 

28. Орталықтың шұғыл басқару құқығындағы жеке дара мүлкі болады,   ол  ауданының коммуналдық меншігіне жатады.  Орталықтың мүлкі негізгі қорлардан және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ, құны Орталықтың балансында көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады.  



29.Орталықтың мүлкі мыналардың есебінен қалыптасады:

1) оған құрылтайшы берген мүліктен;

2) өзінің меншікті шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай табысты қоса);

3) Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден. 

30. Орталықтың өзіне бекітілген, өзіне смета бойынша бөлінген қаражаттың есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен шеттетуге немесе өзге де тәсілмен иелік етуіне құқығы жоқ.  

31.Орталықтың қызметі, Қазақстан Республикасы заңдарымен қаржыландырудың қосымша көздері белгіленген болмаса, мемлекеттік қаражаты есебінен қаржыландырылады.  

32.Орталық  бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы есептемесін ұсынады. 

33. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру мен ревизиялауды құрылтайшы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 

 

6. Орталықтағы жұмыс тәртібі

 

34. Орталықтың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және ол Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс. 



  

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар

енгізудің тәртібі
35. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының шешімі бойынша жүргізіледі. 

36. Орталықтың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.   

  

8. Орталықты қайта құру және тарату шарттары

 

37. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.   



 

Көкпекті ауданының жұмыспен

қамту орталығының директоры  Р.Баймолдина

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет