2012 жылғы 1 ақпандағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі61.97 Kb.
#5526


2012 жылғы 1 ақпандағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2012 жылдың 1 ақпан айында облыс бюджетіне 11447,7 млн.теңге болжаммен 12675,3 млн.теңге түсті, соның ішінде 8142,8 млн.теңге сомасы республикалық бюджеттен берілген субвенция мен нысаналы трансферттер құрады.



Меншік кірістер 137,5%-ға орындалды. Жоспарды орындау облыстың барлық бюджеттер деңгейлері бойынша қамтамасыз етілді.

2012 жылғы қаңтардағы болжам орманды пайдаланудан түскен түсімдер (40,9%), жергілікті атқарушы органдар салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұл, санкциялар, өндіріп алулар (59,6%), азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдер (9,6%) басқа, барлық кіріс көздері бойынша орындалды.

Облыстық бюджетке 2012 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 1177,4 млн.теңге болжаммен 1789,7 млн.теңге меншік кірістері немесе 152,0%-ға орындалды.




Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді, субвенцияны, қарыздар мен бюджеттік кредиттерді ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 10106,3 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 8589,0 млн.теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына 1517,3 млн.теңге бағытталды.

2012 жылға арналған облыс бюджетінде «Білім беру» 4-функционалдық топ бойынша 72291,4 млн.теңге бекітілген.

2012 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша білім беру бойынша облыс бюджетінің қаражатын игеру 85,4%-ды құрады.

Ағымдағы жылы қалалар мен аудандарда мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге 4414,9 млн.теңге қарстырылды, 2012 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 315,6 млн.теңге жұмсалды.

Есеп беру кезеңінде жалпы білім беруге 3174,5 млн.теңге жұмсалды. 2012 жылы осы бағытқа, оның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға 43826,9 млн.теңге шығыстар қарастырылды.

2012 жылғы арналған бюджетте техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы мамандарды даярлауға 6050,7 млн.теңге бекітілді, қаңтар айындағы игеру – 318,4 млн.теңге.

Облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) 2012 жылы 1104,8 млн.теңге көзделді, қаңтар айында 61,1 млн.теңге жұмсалды.

Денсаулық сақтау бойынша 2012 жылға бекітілген бюджет 32686,0 млн.теңгені құрады, 2012 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша денсаулық сақтау мекемелері бойынша бюджеттің атқарылуы 1495,8 млн.теңгені құрады, ол есеп беру кезеңінде жоспар бойынша 1518,6 млн.теңгені немесе 98,5%-ды құрады. Шоттардағы қаражат қалдығы 22,8 млн.теңге: 17,5 млн.теңге – төлем атқарылған жұмыс актілерінің ұсынылуына байланысты төленеді; 3,9 млн.теңге – төлем жасалған шарттар бойынша; 1,3 млн.теңге – емделуге жол ақысын төлемуге өтініштердің жоқтығы.

2012 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 6,6 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 12,6 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 11,6 млн.теңге қарастырылды.

Жұмыспен қамту бойынша игеру 13,1 млн.теңгеге 85,1%-ды құрады.

2011 жылы білім объектілерін дамытуға республикалық және облыстық бюджеттер қаражаттары есебінен 8634,5 млн.теңге қарастырылды, соның есебінен Зырян ауданы Зырян қаласындағы, Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы балбақша, Үржар ауданының, Ұлан ауданы Молодежный кентіндегі орта мектептерінің құрылысы жалғастырылды. Сонымен қатар, Өскемен және Риддер қалаларындағы жаңа балабақшалар салу жоспарланды.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласындағы Қан орталығы мен Семей қаласының облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталықтары құрылысы жалғастырылатын болады, оған 8452,5 млн.теңге жоспарланды.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Семей аласындағы көп бейінді қалалық аурухана құрылысына, Семей қаласының облыстық онкологиялық диспасердің радиологиялық орталығының құрылысына, Семей қаласының жедел медициналық көмек стансасының құрылысына арналған ЖСҚ түзету, Аягөз ауданының туберкулез диспансерінің 3 қабатты ғимаратын және Ұлан ауданы Бетқұдық ауылының бұрынғы мектебінің ғимаратын жаңартуға ЖСҚ әзірлеуге 195,6 млн.теңге жоспарланды.

Әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін дамытуға 1410,0 млн.теңге, оның ішінде Глубокое ауданы Зимовьев интернат-үйінің, Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемесіндегі бұрынғы аурухананы жаңарту, Шемонаиха ауданы Выдриха ауылындағы «УБА» шипажайына қосымша құрылыс салу, Глубокое ауданы Винное ауылындағы иппотерапия әдісімен мүгедек балаларды оңалту үшін атты-спорт манежі, Өскемен қаласының Питер Коммунарлары көшесі, 18-дегі оңалту орталығы жоспарланды.

Облыстық бюджетте мәдениет объектілерін дамыту бағдарламасы бойынша Семей қаласындағы Абай атындағы әмбебап ғимаратын қайта жаңартуға, Өскемен қаласындағы қазақ драма театрының құрылысына 2167,9 млн.теңге сомасында қаражат көзделген.

Ішкі істер органдарының базаларын дамыту үшін 150,8 млн.теңге қарастырылды, оның есебінен УҰИ ретінде үй-жайы бар Затон полиция бөлімін қайта жаңартуға және Семей қаласының ІІБ ғимаратына ЖБО ретінде жапсаржай салуға ЖСҚ әзірленіп жатыр.

Қаражаттардың басым бағыты облыстың елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйесін дамыту болып табылады. Ағымдағы жылы сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 2734,7 млн.теңге республикалық бюджеттен трансферттер жоспарланды, олардың есебінен Зайсан, Курчатов және Өскемен, Зырян қалаларында, Бесқарағай, Глубокое, Катонқарағай және Тарбағатай аудандарында сумен жабдықтау жүйелеріне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады. Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен сумен жабдықтау жүйесінің объектілерін дамытуды қоса қаржыландыруға жоғарыда аталған аудандарда 677,3 млн.теңге қарастырылды.

Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен кредиттер есебінен 7169,5 млн.теңге сомасында қаражат бөлу жоспарланды, оның есебінен коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын салу және сатып алуға 401,0 млн.теңге қарастырылды.

Облыстың көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2012 жылы республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласынан Зыряновск қаласына шығу автожолын, Өскемен қаласының Самар тас жолындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль жолын, «Тансық стансасы-«Қозы корпеш-Баян Сұлу» ескерткіші» салуға, «Голубой залив» демалыс орнына кіреберіс автожолын жаңалауға, «Шыңқожа-Мыңбұлақ-Акшауле» автожолын жаңартуға 1499,9 млн.теңге қаражат жоспарланды.

Семей қаласында қазіргі жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру және жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыруға республикалық бюджеттен 6000,0 млн.теңге сомасында транфсерттер бөлу қарастырылды.

Республикалық бюджеттен Жарма ауданы Солнечный кентінің қазандығын салуға 1801,2 млн.теңге жұмсалды.

Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен агроөнеркәсіптік кешенге қолдау мақсатында 7986,1 млн.теңге сомасында қаражат жоспарланды.


2012 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, облыстық мәслихат сессиясының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 34/397-IV шешімімен облыстық бюджетте 60 558,2 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 29563,7 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 30994,6 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 5390,7 млн.теңге кредит.

2012 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 773,5 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамуға арналған трансферттер қарастырылды, есеп беру кезеңінде 725,8 млн.теңге немесе 93,8%-ға игерілді.


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 159,2 млн.теңге, кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша –93,0 млн.теңге, мектеп мұғалімдер және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілерінің біліктілік санаты үшін қосымшақы мөлшерін ұлғайтуға – 62,8 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге – 325,4 млн.теңге, әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге – 19,2 млн.теңге, Жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға -15,7 млн.теңге жұмсалды.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет