Кафедра меңгерушісі Арынгазин К. Ш



бет1/2
Дата26.06.2016
өлшемі306 Kb.
#159724
  1   2

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы





Нысан


Ф СО ПМУ 7.18.4/19

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Кәсіптік оқыту және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы

«Өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері» пәні бойынша

барлық бакалавриат мамандықтарының студенттеріне арналған
ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар

2013 ж


Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) бекіту парағы




Нысан бағдарламасына

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



БЕКІТЕМІН

Факультет деканы

___________ Кудерин М.К.

20_ж «___»_____________

Құрастырушы: ____________аға оқытушы Урузалинова М.Б.

«Өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері» пәні бойынша

Барлық бакалавриат мамандықтарының студенттеріне арналған
ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Жұмыс оқу бағдарламасы ҚРҮ 23.08.12 №1080 қаулысымен бекітілген ЖБ және ЖООКББ МЖМС мен ҚР БжҒМ 16.08.13 №343 бұйрығымен бекітілген ТОЖ негізінде құрастырылған.
Кафедра отырысында ұсынылған 20 _ж. «___»____________№_____хаттама.

Кафедра меңгерушісі _________________________ Арынгазин К.Ш.

СҚ Факультетінің әдістемелік кеңесімен құпталған 20 _ж. «_____»____№_ хаттама



СҚФ ОӘК төрағасы__________Жукенова Г. А.



1. Пән жайлы мәліметтер
Пән атауы: Өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері
Міндетті компонентті пән

Оқу мерзімі және кредит саны

Барлығы – 2 кредит

Курс: 1,2

Семестр: 1,2

Жалпы аудиторияда оқу сағаты – 30 сағат

Дәрістер - 15 сағат

Тәжрибелік /семинарлық оқу сағаттары – 15 сағат

СӨЖ – 60 сағат

Оның құрамында СОӨЖ – 15 сағат

Жалпы көлемі - 90 сағат


Бақылау формасы

емтихан – 1,2 семестрде


Пререквизиттер

Осы пәнді игеру үшін келесі пәндерден білім, білік, дағдылар керек: физика, химия, экология.


Постреквизиттер

Осы пәннен пайда болған білім, білік, дағдылар келесі пәндерді игеруге қажет:

- еңбек қорғау пәні;

- орындау кезінде:

- оқытылмалы пән бойынша орындалатын курстық және дипломдық жұмыс/жобалар.

Сонымен қатар адам қызметінің барлық орталарында қауіпті және зиянды заттардан адамдарды қорғау үшін; тұрмыстық, өндірістік, көліктік аварияларда алғашқы дәрігералды көмек көрсету кезінде және т.б.


2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары:

«Кәсіби оқыту және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы, сәулет құрылыс факультеті аға оқытушы Урузалинова Меруерт Бериковна. Тел. 8 705 708 1532 Қабылдау сағаттары: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма –12.00-ден 14.00-ге дейін ауд. № 133


3. Пәннің мақсаты мен міндеттері.
Пәннің мәні: Қауіпсіздік идеологиясын тудыру үшін және қауіпсіз ойлау мен қауіпсіз әрекет етуді қалыптастыру.

Пәннің мақсаты: Төмендегі жағдайлар үшін болашақ мамандарды теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылармен жарақтандыру:

  • өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз шарттарын ұйымдастыру;

  • төтенше жағдайларды алдын ала болжау және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс шешімдерді қабылдауды үйрену;

  • тұрғындарды, өндіріс орнындағы жұмыс атқаратын персоналдарды және өндіріс объектілерін мүмкін болатын қауіпті жағдайлардан қорғау, яғни стихиялық апаттар мен катастрофалар жағдайларынан, және бұл үшін заманауи әдістер мен жабдықтарды қолдану;

  • төтенше жағдайлар мен апаттар негізінде пайда болған зардаптарды жою.


Пәннің міндетті:

  • қоршаған ортаның зиянды әсерінің идентифмикациясы;

  • зиянды факторлардың адам организміне кері әсерін тигізбес үшін алдын алатын шаралар мен қорғау шараларын жүргізу;

  • зиянды және қауіпті факторлардың әсерінен пайда болған зардаптарды жою;

  • өмір сүру ортасын жақсарту.


4. Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар:
Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттің түсінігі болуы керек:

  • техникалық жүйелер мен технологиялық процесстердің қауіпсіздігін арту үшін қолданылатын әдістер жайында түсінігі болуы керек;

  • құқықтық, нормативті-техникалық және ұйымдастырулық негіздер жайында түсінігі болуы керек;

Студенттің білуі қажет:

  • адамның функционалдық мүмкіндіктері мен оның қоршаған ортамен үйлесімділігін білуі керек;

  • қоршаған ортадағы қауіп көздері мен қауіптілік деңгейін білуі керек;

  • төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару шараларын білуі керек;

  • медициналық білім негіздерін білуі керек.

Студенттің дағдысы болуы керек:

  • төтенше жағдайларды тануда;

  • зардап орнындағы жағдайды анықтау үшін қолданылатын дозиметрлік және химиялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуде;

Студенттің тәжрибелік дағдылары болуы керек:

  • арнайы қорғау жабдықтарымен қолдану кезіндегі дағдылар;

  • алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі дағдылар.

Студент компентентті болуы керек:

  • адамзаттың барлық сфераларындағы, адамды қауіпті жағдайлардан қорғау және зиянды факторлдардан қорғау жөніндегі сұрақтар кезінде;

  • күнделікті өмірде, өндіріс орнында, транспорттық авария кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек кезінде.


5 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары:

Академиялық сағаттарды оқу түріне қарай бөлу:



п/п

Тақырыптар атауы

Количество аудиторных часов по видам занятий

Аудиторияда оқитын сабақ сандары мен түрлері

дәрістер

тәж(семинар) сабақтар

Лаб. студ., инд.

барлығы

Оның құрамындағы СОӨЖ

1

Тақырып 1:

  • Пәннің мақсаты мен міндеті

  • Төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер мен алдын алу шаралары жайындағы ҚР-дің мемлекеттік жүйесі

1

1

-

7




2

Тақырып 2: Адамның функционалдық мүмкіндіктері мен оның қоршаған ортамен үйлесімділігі

1

1

-

5




3

Тақырып 3:

Өмір сүру ортасындағы қауіпті жағдайлар:



  • Антропогенді;

  • Эколгиялық, биологиялық, әлеуметтік;

  • Техногенді.

6

3

-

12




4

Тақырып 4:

Төтенше жағдайлар:



  • Жер сілкінісі, опырулар;

  • Су тасқындары;

  • Табиғи өр1ттер.

2

4

-

10




5

Тақырп 5: тұрғындарды қорғау. Алғашқы көмек көрсету.

2

3

-

12




6

Тақырып 6:

Зиянды және қауіпті факторлардың әсерінен пайда болған зардаптарды жою



2

2

-

10




7

Тақырып 7: техносфераның зиянының көрсеткіштері.

1

1

-

4







Барлығы: 90 (2кредит)

15

15

-

60

15


6. Дәрістік сабақтардың мазмұны:

Тақырып 1. Пән мақсаты мен міндеті:

  • Төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер мен алдын алу шаралары жайындағы ҚР-дің мемлекеттік жүйесі:

Жоспар:

  • Оқу пәнінің негізгі жағдайы ӨСҚН

  • Тұрғындарды, өндіріс орнындағы жұмыс атқаратын персоналдарды және өндіріс объектілерін мүмкін болатын қауіпті жағдайлардан қорғау, яғни стихиялық апаттар мен катастрофалар жағдайларынан қорғау Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатындағы басты бағыт болып табылады.

ӨСҚН пәнінің негізгі оқу жағдайы:

  • Адам әрекеті потенцалды қауіпті;

  • Қауіп – бұл, адамға ғана емес, сонымен қатар қоғам мен біріңғай мемлекетке залал келтіретін құбылыс;

  • Әрекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – адамның, қоғамның және мемлекеттің міндеті.

ӨСҚН өз алдында мақсат қояды – жалпы қауіпсіхздікті қамтамасыз ету және төрт түрлі мәселені шешеді:

1. Қоршаған ортаның зиянды әсерінің идентифмикациясы;

2. Зиянды факторлардың адам организміне кері әсерін тигізбес үшін алдын алатын шаралар мен қорғау шараларын жүргізу;

3. Зиянды және қауіпті факторлардың әсерінен пайда болған зардаптарды жою;

4. Өмір сүру ортасын жақсарту [3, с. 16-18].

Төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер мен алдын алу шаралары жайындағы ҚР-дің мемлекеттік жүйесі.

Тұрғындарды, өндіріс орнындағы жұмыс атқаратын персоналдарды және өндіріс объектілерін мүмкін болатын қауіпті жағдайлардан қорғау, яғни стихиялық апаттар мен катастрофалар жағдайларынан қорғау Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатындағы басты бағыт болып табылады.

Тұрғындарды және аумақты стихиялық зардаптардан, авариялардан және олардың нәтижесінде пайда болаған катастрофалардан қорғау жайындағы мемлекеттік басқару, мемлекеттік басқару жүйесінен шекелмейді. Азаматтық қорғауды басқару үшін орталық басқарушы орган құрылған болатын – Қазақстан Республикасының төтенше жғдайлар жөніндегі Министрлігі. Министрліктің әрбір облыстарда территориялық органдары бар, Алматы мен Астана қалаларында және ведомства: Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік бақылау комитеті мен материалдық резервтар бойынша мемлекеттік комитет.



Әдебиет: Өз бетінше [1, с. 168-182] әдебиеттері бойыншадайындалу.

Берілген тақырып бойынша мультимедиалық әрекеттер көрсетілмеген.


Тақырып 2. Адамның функционалдық мүмкіндіктері және оның қоршаған ортамен үйлесімділігі.

Жоспар: Адамның қоршаған ортамен үйлесімділігі оның ағзасының физиологиясы мен анатомиясымен тығыз байланысты. Егер бұны ескермесек адамның қауіпсіз әрі ыңғайлы өмір сүру шарттарын тудыру мүмкін емес.

Эволюция кезінде адам ағзасында өмірдің түрлі жағдайларына бейімделуін және ағзаның активтілігін тұрақтандыруын қамтамасыз ететін механизмдер қалыстасты. Және белгілі бір функционалдық диапазондарда ағза жүйесі тұрақтанылды. Ағза мен сыртқы орта бірлестігі жүйке жүйесі мен гуморалдық жолмен жүзеге асырылады. Жүйкелік реттелу жүйке жүйесімен анықталады – біздің барлық ағзамыз жабдықтанған, бас және арқа миындағы жүйке арқылы анықталады. Гуморалдық реттелу, ағзаның ішкі ортасын құратын қан мен басқа да сұйықтықтар арқылы жүзеге асырылады. Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесімен жеке органдармен ағза жасушалары арқылы, рецепторлар, анализаторлар, рефлекс пен иммунитет көмегімен жүзеге асырылады.



Рецепторлар – белгілі бір факторлардың әсеріне таңдаулы қасиеті бар, мамандырылған жүйке жасушалары.

Жүйке жүйесінің функциясы рефлекс механизмі бойынша жүзеге асырылады.



Рефлекс – бұл ағзаның сырқы немес ішкі тітіркендірулеріне қарсы беретін әрекеті.

Анализатор – адам организміне әсер ететін, тітіркендіргіш анализін қамтамыз ететін функционалдық жүйе (көру, есту, тері, қозғалыс анализаторлары).

Иммунитет – бұл ағзаның инфекциалық ауруларға деген қарсы әрекеті.

Адамның қоршаған ортамен әрекеті. Тәжірибелік сабақта қарау керек.

«Адам - орта» жүйесі өнімді жұмыс істеп, адам денсаулығына кері әсерін тигізбес үшін адам мен орта арасында үйлесілімдікті орнату керек: антропометрикалық, биофизикалық, энергетикалық, информациалық, психологиялық, әлеуметтік.

Әдебиет: [3, 43-47 б; 5 5-7 б.]
Тақырып 3: Адамның өмір сүру ортасының қауіптіліктері:


  • Антропогендік;

  • Экологиялық, биологиялық, әлеуметтік;

  • Техногенді.

  • Жоспар: «Адам-өмір сүру ортасы» жүйесіндегі қауіптілік классификациясы.

  • Өмір сүру ортасының қауіпсіздік көздері мен деңгейлері.

  • Қауіптер: антропогендік [3, 51-69 б].

Жер сілкінісі [2, 42-43 б], лавина, опырылулар [3, 194-197 б], су тасқындары [3, 197-203 б, 2, 44-45 б], өрт [2, 53-*54 б].

Табиғи қауіптер биосферадағы стихиалық құбылыстар жүрген кезде пайда болады – вулкандардың атқылауы, жер сілікінісі, су тасқыны, урагандар, циклондар, лавиналар, қоршаған ортаның температурасының көтерілуі мен төмендеуі кезінде, радиациондық фондардың өсуі кезінде пайда болады.

Табиғи қауіптің ерекшелігі болып, олардың пайда болуының тосынды болуы, дегенмен олардың кейбіреулерін, мысалға ураган мен цунамиді адамдар алдын ала болжай алады. Органикалық орта құбылыстарының күннін көзі активтілігінен тәуелділігін анықтайтын 20-шы ғасырдың ортасында мәліметтер табылды: дән егістігі, өсімдіктер ауруы, жануарлар мен балықтарды аулаудың көбеюі, төтенше жағдайлардың көбеюі және адамдардың инфекциалық ауруларға шалдығуының артуы.

Жер бітіндегі өмірге күн радиациасы әсер етеді. Күнді айналу кезінде активті аймақтар жер бетінде бірді пайда болып, бірде жоғалып отырады, осылайша жер маныңдағы кеңістікте магниттік тасқындарды шақырады.

Бұл периодтардан жер маңындағы кеңістіктегі магниттік тасқындардың саны тәуелді болады. Тасқын саны наурыз – сәуір және қыркүйек – қазан айларында шектік мәнге ие болады.

Магнитті тасқын уақыты кезінде жүрек тамырлары және нервті-психикалық аурулар қозады, транспорттық апаттар саны 30%-ға артады, сонымен қатар эпидемия да артады.

Өзгеріп отыратын магниттік тасқындар өткізгіштерде қосымша токтың пайда болуына себеп болады. Магниттік тасқын кезінде артық ток көлемі жіберілетін деңгейден асып, энергожүйелері мен байланыстың кабельді сызықтарын жұмыстан шығарады.

Ауа райының өзгеруі атмосфералық қысымның, температураның және ылғалдылықтың өзгеруінін нәтижесінде болады. Климаттың қалымтасуында үлкен рольді жел атқарады. Атмосферадағы ауаның қозғалысы бірінің үстіне бірі салынған және бұрмаланған ағын түрінде жүреді.

Антропогендік қауіптер адамның жұмысмен және оның жұмыс материалдарымен байланысты. Адамның әрекетін табиғатта қалыптасқан тепе-теңдік өзгертеді. Атмосфераның қатты ластануы үлкен қалаларда болады.

Атмосфералық ауаның ластануының негізгі көздері – өндіріс орындары, автокөліктер және теплоэнергетика.

Ластанудың ең қауіпті нәтижесі бұл – күл.

Күл көру қабілетін нашарлатады, металдың және қондырғының каррозиясын күшейтеді, адам денсаулығына кері әсер етеді және ауруға шалдығудың және тұрғындардың өлуінің себебі болып табылады.



Оттекті жаңбыр. Оттектің буы мен молекулалары, жұтылған бұлт тамшылары немесе аэрозолей бөліктері жерге құрғақ немесе дымқыл жауын-шашын түрінде түседі. Оттектің өзгеруі топырақ жемісін шашарлатады. Тұщы су оттегінің көтерілуі тұщы су босалқы қорының төмендеуіне әкеп соғады.

Көшеттік нәтиже ауа райының жылыуына шақырады. Ауа райның әрі қарай 2100 г-ға жылынуы Дүниежүзілік мұхиттың деңгейін 2 км-ға көтереді.

Озон қабатының бұзылуы. Техногендік ластаудың белгілі бір өзінің бөлігі озон қабатына түсіп, оныбұзады.

Гидросфераның ластануы судың сапасын жоғалтады. Ластау судың сапасын төмендетіп қана қоймай, сонымен қоса оның босалқы қорын төмендетеді, адамдар мен барлық тірі жандардың ауруларын шақырып қана қоймай биосфераның көптеген зат айналымының бұзады.

Литосфераның ластануы адамдардың қайраттылығымен нәтижесінде топырақтың бұзылуына және жердің жемісін төмендетуіне әкелетін тура және қосалқы факторлар пайда болады.

Әдебиет: [3, с. 43-47; 5 с. 5-7]

Мультимедиялық жөнелдету презентациясы мынадай тақырыптарға дайындау: антропогендік, техногендік, экологиялық, биологиялық, әлеуметтік қауіпсіздіктер.
Тақырып 4. Төтенше жағдщайлар:

  • Жер сілікінісі, опырлар;

  • Су тасқыны;

  • Табиғаттық өрттер.

Жоспар: Классификация, пайда болу себептері, стихиялық зардаптар анализі, стихиялық, экологиялық, техногенді апаттардың және катастрофалардың нәтижесінде пайдаболған төтенше жағдайлардың сипаты, адамның өмір сүру ортасында қорғаныс құралдарының заманауи түрлерін қолдану.

Төтенше жағдай ахуалына бағаберу. Зардап шеккен орын. Азаматтық қозғалыстың объекті қалпін ұйымдасытру. Дүниежүзілік және әскери уақыттың рөлі мен есептері. Төтенше жағдайлардағы әрекеттері және ескерту жайындағы ҚР-ның мемлекеттік жүйесі. [3, с. 248-255; 8, с. 239-253] [5, с. 33-38].

Төтенше жағдайлар (ТЖ) – бұл бірқалыпты аумақта тұратын адамдардың қалыпты жағдайын бұзу. Мысалы: апаттар, катастрофалар, стихиялық және экологиялық зардаптар және де көптеген инфекциялы аурулар.

Төтенше жағдайлар болады:

А) табиғи: метеорологиялық, тектоникалық және теллургиялық, топологиялық, космостық қауіпті құбылыстар.

Б) антропогендік: транспорттық, өндірістік қауіпті құбылыстар.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларының келтірілген зардап көлемі мен таралу аумағы бойынша, объектілі, аумақтан және глобальді болып бөлінеді.

Қазақстан Республиғкасының «Табиғи және техногенді сипаттағы Төтенше жағдайлар» жөніндегі заңына сәйкес стихиялық апаттар анализі, ТЖ зонасының сипаты, ТЖ –дағы жағдай сипатының анализі жүреді. Стихиялық апаттармен күрестегі тәжірибеге сәйкес, қазіргі кезде халықаралық бірлесіп жұмыс жасау қажеттілігі туып отыр. Әсіресе зардап шеккен аймақтар үшін халықаралық бірлесіп жұмыс істеу үлкен пайдасын тигізеді. Осыған орай көптеген тәуелсіз мемлекеттер арасында түрлі келісімшарттарға қол қойылды.

Табиғи сипаттағы ТЖ құрамының мемлекетаралық стандартының классификациясында ерекше орынды биологиялық-әлеуметтік төтенше жағдай алады (Эпидемия, эпизоотия, эпифитотия).

Әдебиет: [1, б. 11-28, 34-43, 252-256; 4, б. 33-34], [1, б. 28-34].

Мультимедиялық әрекет. Жер сілкінісі, опырылу, су тасқыны, табиғи өрт тақырыптарына презентация дайындау.
Тақырып 5. Тұрғындарды қорғау. Алғашқы көмек көрсету.

Жоспар: Тұрғындарды қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері. Төтенше жағдай кезіндегі тұрғындар мен территоряны қорғауға негізделген шараларды ұйымдастыру. Өткір сәулелік ауру (радиациялық зардап). Қорғаныс жабдықтарын қолдану, жеке бас қорғану құралдары мен медициналық қорғаныс құралдарын пайдалану.. тұрғындар мен олардың мүліктерін эвакуациялау.

«Табиғи және техногенді түрдегі» Қазақстан Республикасының заңы, тұрғындарды қоршаған, қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін қорғаудың негізгі принциптерін анықтады. «Азаматтық қорғау» жөніндегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Төтенше жағдайдан қорғау саласында дайындықтар жүргізілген. Дайындыққа ұшырайтындар:



  • Тұрғындар, қызмет ету және өндірістік саладағы қызметкерлер, жалы білім беретін орындарда және профессиональді білім орындарында оқитын азаматтар;

  • Атқарушы биліктің федералді органдарының басшылары, Қазақстан Республикасының субъектілерінің атқарушы билігінің органдары, өндірісті өз бетінше басқаратын органдар;

  • Өндірістік және қызмет ету ортасында жұмыс атқаратын тұрғындар.

Негізгі міндеттер:

  • Тұрғындардың барлығын Төтенше жағдайдан қорғану ережелері мен әдістеріне үйрету, алғашқы медициналық көмек көрсету түрлеріне үйрету, жеке бас және коллективті қорғану құралдарымен таныстыру;

  • Басқарудың барлық саласындағы бастықтарды оқыту

  • Жұмыскерлердің өз міндеттерін тәжірибелік түрде меңгеруін қадағалау.

Тұрғындардықорғаудың негізгі әдістері, олар:

  • Қорғаныс ғимараттарында тұрғындарды жасыру

  • Жекежәне медициналық қорғаныстың әдістерін қолдану

  • Қауіпті аймақтан тұрғындарды алдын ала дайндаужәне эвакуациялау

Әдебиет: [5, 39-43 б.], [8, 308-312б.; 4, 392-406 б.]

Мультимедиялық әрекет: ТЖ кезінде тұрғындарды, аймақтар мен ұйымдарды қорғау бойынша іс-шаралар.



Тақырып 6. Төтенше жағдайдың нәтижесін жою.

Жоспар: Құтқару және тез арда өтілетін жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу.

ТЖ-дың нәтижесін жою – тұрғындардың өмірі мен денсаулығын құтқару және сақтау, қоршаған ортаға тигізген зардаптар мен мүліктік шығымдардың мөлшерін азайту, сонымен қатар ТЖ аймағын локализациялау,оған қауіпті факторлар ретіндегі әрекеттерді тоқтату мақсатында өтіледі.



ТЖ-ды жоюдың негізі болып табылады:

  • ТЖ-ды жою бойынша бірінші реттік әрекеттер

  • Апаттық-қорғау жұмыстары. Бейбіт уақыттағы ТЖ-дың нәтижелерін жою үшін қазіргі ГО-ны қалыптастырулар мен мамандырылған қалыптастырулар негізінде жылдам әсер ететін тұрақты дайындықтағы жасақтар құралады.

Сонымен қатар жедел медициналық көмек қызметі іске қосылады.

ТЖ кезінде байланыс жүйесі мен хабарлаудың тұрақтылығы мен тоқтаусыздығы маңызды роль атқарады. Мемелекеттік азаматтық қорғау мекемесі радио желілеріне тура байланысқа ие болады.



  • Төтенше жағдайдың мүмкін болатын кіріспесі:

ҚР-ның «ТЖ-дың құқықтық ережесі жайлы» заңы бойынша ТЖ нәтижелері туу және жою кезінде ТЖ режимі енгізіледі. ҚР-ның Президентінің Жарлығы негізінде ТЖ ҚР-ның барлық аймақтарынданемесе жекеленген аудандарында енгізіледі және жалғастырылады. [1, 91-105 б; 103-105 ].

Қорғау және басқа тез арада өтілетін жұмыстарды ұйымдастыру менөткізу.

Стихиялық апаттар аудандарында барлауды барлау топтары мен буындар жүргізеді.

Барлауды қалыптастырудың құрамына объекттің орналасу жерін және өндіріс ерекшелігін жақсы білетін мамандарды енгізу ұсынылады.

Апаттар болған объекттер бірінші топтастырылған күш эшелондарына, ал екіншісіне көрші объекттер (аудандар) енгізіледі.

Құтқарушы және тез арада өтілетін жұмыстарды өткізу үшін техникалық жабдықтар қажет: машиналар (экскаваторлар, бульдозерлер, крандар, домкраттар, лебедкалар); пневматикалық құрал (универсалдық құралдар, бұрғылық қондырғылар, ұрғыш балғалар); металлды кесуге арналған құрал-жабдықтар және басқалар.



Әдебиет: [1, 111-132 б.; 39-40 б.]

Мультимедиялық әрекет: ТЖ-дың нәтижелерін жою тақырыбына презентация дайындау.


Тақырып 7. Техносфераның залалдығының көрсеткіштері.

Жоспар:Өндірістік ортаның залалдық факторларын классификациялау. Қауіпсіздіктің нормативтік көрсеткіштері.



Техносфера – әлеуметтік-экономикалық, адами қажеттіліктеріне жоғары деңгейде сәйкес болу мақсатында техникалық құралдардың тікелей және жанама әсерінің көмегімен адамдардың түрлендірген биосфераның өңірі.

Өндірістік сфера адамның еңбегін өнімдірек әрі физикалық ауыртпалығын азайтатын қуатты техникалық жүйелер және технологиялармен жабдықталады.

Өндірістік үрдістер мен техникалық құрал-жабдықтар адам үшін өте қауіпті. Жеке қауіп әрқашан бар – төтенше жағдайдан мерт болу мүмкіншілігі.

Техникалық құралдар мен технологиялық үрдістердің қажет қауіпсіздік деңгейі сәйкестендірілген көрсеткіштердің көмегімен мемлекеттік еңбек қауіпсіздік стандарттары негізінде қондырылады.

Қауіпсіздік нормативтік көрсеткіштер еңбектің барлық сферасында санитарлық нормаларға сәйкес жетілдіріледі.

Қазіргі өндіріс қоршаған ортаны ластауынан техникалық жүйелері мен технологиялар адам үшін өте қауіпті. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері мемлекеттік заң шығарушы бөлімдердің араласуын талап етеді.

Экологиялық сараптама алдын ала бақылаудың ұйымдық-құқықтық түрі болып табылады.

Шектік лақтырындылар мен шектік тастаулар мекемелердің, техникалық құралдардың, технологиялардың негізгі экологиялық нормативтік көрсеткіштеріболып табылады. Лақтырынды мен тастаулар шектік концентрациядан асатын зиянды заттардан құралмауы тиіс.

Атмосферада токсинді заттарға толығымен немесе жартылай химиялық айналымға ұшыраған зиянды заттарды лақтыру кезінде жаңа токсинді заттарды есепке ала отырып жүргізу керек. Атмосфераның жердік қабатында әр жаңа заттың мг/м3 өлшемінде ең үлкен концентрациясы санитарлық нормаларға сәйкес берілген зиянды заттың шектік концентрациясынан аспауы тиіс. Әрекеттердің жиынтығы бар зияндызаттардың атмосферада бір уақытта бірегей қатысуы кезінде, олардың өлшемсіз концентрациясының жиынтығы бірліктерден аспауы керек.
Л1/ШК12/ШК2+...Л11/ШК11 ≤ 1
Бұл жерде Л12,... Л11 ШК1 – мг/м3 аумағында атмосфералық ауадағы зиянды заттардың концентрациясы; ШК1 ШК2 ШК11 - мг/м3 атмосфералық ауадағы сәйкестендірілген шектік зиянды заттар концентрациясы.

Зиянды заттардан ауаны қорғау – өндірістік ауадағы лақтырындыларды шаңнан, тұманнан, зиянды газдардан және будан тазалаудың көмегімен жүзеге асырылады.

Сулы орта объетілеріндегі ПДК заттары – бұл, мг/л – мен өлшенетін судағы қоспа, және бұл қоспа белгілі бір мөлшерден асып кетсе, ол қолданысқа жарамсыз болып есептеледі.

Гидрологиялық режимнің қауіпсіздігі үшін және режимнің жақсартылы үшін суды ластанудан қорғайтын арнайы қорғаныс режимі орнатылады. Зона көлемі өзен бағытының ұзақтығына байланысты болып 100-ден 500 м-ге дейіңгі аралықта өзгеріп отырады.

Гидросфераны қорғау сарқынды суларды ластайтын қоспалардан айыру нәтижесінде жүзеге асады.

Топырақтын ластануының өлшеу бағаны болып, топырақтағы радиоактивті заттардың, паразитті бактериялардың, зиянды химиялық заттардың белгіленген нормативті шекті мәні болып табылады. Топырақтағы ластанушы заттардың ПДК-сы мг/кг – мен өлшенеді. Свинец үшін ПДК 30мг/кг, ал сынап үшін – 2,1 м/кг құрайды.

Адамды өндірістік шарттардағы жағдайлардан қорғау үшін, зиянды факторлар әсерінің деңгейін шектік мәннен асырмайтын түрлі әдістер қоданылады.

Үлкен экологиялық мәселе қоқыс орындарын тазарту және қоқыстарды қоқыс орындарына жеткізу болып табылады. ЬБұл мәселенің шешімін табу үшін қоқыс санын азайту керек, не болмаса қоқыссыз технологияны дамыту керек.



Әдебиет: [8, б. 222-231].

7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, олардың сағаттағы көлемі: 15 сағ.
Тақырып 1: Пәннің мақсаты мен міндеті:

  • Төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер мен алдын алу шаралары жайындағы ҚР-дің мемлекеттік жүйесі.

Жоспар (қаралатын сұрақтар тізімі):

  • Қазақстан Республикасымен басқарылатын құқықтық қатынастарды білу

Тапсырма:

  • Адамзат әрекеттерінің қандай бағыттарын заңдылық акті қарастырады?

  • Құтқарушылардың мәртебесі қай заңда көрсетілген?

  • Қызметкерлер мен зейнеткерлердің әлеуметтік қорғау тәсілдері қандай заңда көрсетілген?

  • Оқытушының айтуы бойынша жоғарыда айтылған заңдардың біріне тоқталу

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік (қысқаша). Заңнамалық актіде барлық мемлекеттік және қоғамдық қатынастар жайында жазылған, табиғи және техногенді сипаттағы барлық төтенше жағдайлары бойынша заңдар қабылданған және одан да басқа нормативтік актілер әрекет етіледі.

Әдебиет: [1, б 143-148]
Тақырып 2. Адамның функционалдық мүмкіндіктері мен оның қоршаған ортамен үйлесімділігі:

Жоспар:

  • Түрлі қауіпті жағдайлардағы адам өлімінің тәуекелділігін есептеуді білу;

  • Жұмыс атқаратын адамның оны қоршаған кеңістікпен үйлесімділігін білу.

Тапсырма:

  • Тәуекел ұғымына анықтама беру және жіберілетін тәуекел анықтамасын беру.

  • Жеке бас тәуекелі мен әлеуметтік тәуекел арасындағы айырмашылық.

  • Өндіріс орнындағы немесе басқа да жұмыс түрлеріндегі адам өлімінің тәуекелін есептеу не үшін қажет?

  • Антропометрикалық үйлесімділікке не жатады?

  • Студенттің көзқарасы бойынша биофизикалық, мәліметтік, әлеуметтік, техно-эстетикалық үйлесімділіктерге сипаттама бер.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік (қысқаша).

Жіберілетін тәуекелді есептеу. Тәуекел – бұл, қауіптіліктің сандық бағасы. Алдын алатын қорғаныс әрекеттері қолданылғанмен, әрдайым белгілі бір кішкентай мөлшерде тәуекел қалады. Абсалютті қорғанысты ешкім де қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да қауіпсіздіктін жіберілетін мөлшері немес берілген даму этабындағы қоғамға бере алатын қорғаныстар жасалады. Жіберілетін тәуекелді мына формула арқылы табуға болады:

R=n/N


Мұндағы, R - адам өлімінің тәуекелі;

N – өндірістегі жұмыс атқаратын адамдар саны;

n- бір жылда өлімге ұшыраған адамдар саны.

Төменде берілген мысалдардан жіберілетін тәуекелді есептеп тап:



1-ші мысал: Бір жыл ішіндегі, өндіріс орнындағы жіберілетін тәекелді есепте. Бізге белгілі, жылсайынғы өлімге ұшыраған адамдар саны – 7000 адам, ал өндіріс орнында жұмыс жасайтын адамдар саны 70млн. адам.

2-ші мысал: Жыл сайын елімізде, табиғи емес өлім нәтижесінде жылына, жуықтап алғанда, 500 мың адам қаза болады. Елдегі халық санын 150 млн. деп алатын болсақ, онда қауіпті жағдайлардан қаза болатын жіберілетін тәуекелді есептеп шығару.

  • Адамның өмір сүру ортасымен үйлесімділігі:

«Адам - орта» жүйесі өнімді жұмыс істеп, адам денсаулығына кері әсерін тигізбес үшін адам мен орта арасында үйлесілімдікті орнату керек:

Антропогендік үйлесімділік – бұл, адам көлемін, сыртқы кеңістікті көру мүмкіншілігін, жұмыс үрдісіндегі қоғалыс жағдайларын ескеретін үйлесімділік түрі. Бұл мәселелерді шешу кезінде жұмыс орнының көлемі, адамның жете алатын зоналары, адамның жұмыс пультінен арақашықтығы ескеріледі. Мұндай үйлесімділікті қамтамасыз етудегі басты қиыншылық ,бұл адамдардың антропогендік көрсеткіштерінің әртүрлілігі. Орташа бойлы адамға ыңғайлы орындық, бойы ктым кішкентай немесе тым ұзын адам үшін ыңғайсыз болуы мүмкін.

Антропогендік сұрақтарды, жұмыс жағдайларын реттеумен айналысатын эргономика ғылымы реттейді.



Биофизикалық үйлесімділік дегеніміз – адамның жақсы физиологиялық жағдайы мен жұмысқа деген қабілетінің жақсы болуымен сипатталатын қоршаған орта жағдайы. Бұл тапсырма қауіпсіздік талаптарымен сәйкестендіріледі. Адам ағзасының термореттегіші ерекше мәнге ие. Бұл термореттегіштің жағдайы микроклимат параметрлерінен тәуелді болады. Биофизикалық үйлесімділік адам ағзасының виброакустикалық сипат пен жарықтандыруға деген және басқа да физикалық параметрлерге қоятын талаптармен сипатталады.

Энергетикалық үйлесімділік деп машинаның басқару органдарымен адамның оптимальды мүмкіншіліктеріне сәйкес келетін, жұмсалатын энергия мен қозғалыс жылдамдығы дәлдігінің арасындағы қатынасты сипаттайтын үйлесімділікті айтады. Құрылғыларды іске қосу үшін тым үлкен, не болмаса өте аз күш жұмсалуы мүмкін. Анау да, мынау да оптимальды емес. Бірінші жағдайда адма тез шалдығады, ал екінші жағдайда жұмыс дәлдігі төмендеуі мүмкін.

Информациялық үйлесімділік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады.

Күрделі жүйелерде адам көбінесе физикалық үрдістерді басқара алмайды, көбінесе ол орындалатын орынан белгілі бір қашықтыққа алыстатылады. Басқару объектілері көрінбейтін, естілмейтін болуы мүмкін. Адам үрдістің жүріп жатқанын сипаттайтын белгіліерді көруі мүмкін, яғни құрылғылардың көрсеткіштерін, экрандардың, мнемосхемалардың көрсеткіштерін көре алады, сигналдарды ести алады. Осылардың барлығын мәліметті көрсету құрылғылары деп атайды.

Керек жағдайларда жұмыскер иінтіректі, ұстағышты немесе кнопкаларды, сөндіргішті және басқа да басқару органдарын қолдана алады. Мәліметті көрсету құрылғылары мен сенсомоторлы қондырғылар бұл – машиналар моделі.

Информациялық үйлесімділкті қамтамасыз ету үшін адам ағзасының сенсорлық жүйесінің сипатын білу қажет.

Әлеуметтік үйлемсімділік дегеніміз – адам бұл биоәлеуметтік құбылыс деп түсінілетін үйлесімділік түрі. Әлеуметтік үйлемсімділік сұрақтарын шеше отырып, адамның белгілі бір әлеуметтік топқа деген қатынасын және әлеуметтік топтың белгілі бір нақты адмаға деген қатынасын ескереді.

Әлеуметтік үйлесімділік органикалық түрде адамның психологиялық ерешеліктерінен байланысты болады. Сондықтан да, көбінесе әлеуметтік-психологиялық үйлесімділік жайында сөз қозғалады.

Техно-эстетикалық үйлесімділк дегеніміз адамның техникамен жұмыс істеуде түрлі түсті климаттан және еңбек процесінен жағымды сезінулер алғандағы жағдайды айтады.

Психологиялық үйлесімділік дегеніміз адамның психикалық ерекшеліктері. Қазіргі кезде білім аймағында ерекше бір ұғым қалыптасты, бұл – еңбек психологиясы.

Әдебиет: [3. 43-47 б; 73-77], [4, 16-18 б.]
Тақырып 3. Адамның өмір сүру ортасындағы қауіптер


  • Антропогенді;

  • Экологиялық, биологиялық, әлеуметтік;

  • Техногенді

Жоспар (Қарастырылатын сұрақтар тізімі)

  • Адамның өмір сүру ортасына жағымсыз әсер ететін факторларды білу

  • Түрлі қөауіпті жағдайлар кезіндегі адамөлімінің тәуекелін есептеу.

Тапсырмалар:

  • Атмосфералық ауаның ластану көзі не болып табылады?

  • Адам ағзасындағы оттегі қоры қанша уақытқа жетеді?

  • Күл ненің нәтижесінде пайда болады?

  • Атмосферадағы қышқылдық жаңбырдың және парниктік эффектінің пайда болуы қандай химиялық үрдістедің нәтижесіндеболады?

  • Тұщы су қоры неге азаяды?

  • Адам ағзасындағы зат алмасуының бұзылуына су жетіспеушілігінің қанша пайызы әкеліп соқтырады?

  • Топырақтың ластану көздерін атап шық

  • Антропогендік қауіптерді атап шық

  • Жеке бас тәуекеліәдлеуметтіктен қандай айырмашылығы бар?

Тапсырманы орындауға ұсынылатын әдістемелік (қысқаша). Антропогендік қауіп адамның шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде пайда болады. Олар адамның өмір сүру ортасында жағымсыз әсерлер тудырады және ол әсерлер адам денсаулығынан көрінеді.

Атмосфералық ластану көздері. Атмосфералық ауа азоттан, оттегіден, көмірқышқыл газынан, озоннан және гелийден тұрады.

Биологиялық үрдістер үшін ең маңыздысы бұл – оттегі. Адам ағзасындағы оттегі қоры шектеулі. Ол тек қана 2-3 минутқа жетерліктей болады, ал 5 минуттан соң адам биологиялық өлімге ұшырайды.

Атмосфералық ауаның ластануын өндіріс орындары, автокөліктер мен жылу энергетикасы тудырады. Нәтижесінде күл пайда болады. Күл – үлкен қалалар мен өндірістік орталықтарындағы атмосфералдық ауаның ластануы: қышқылдық жауын-шашын атмосфераға күкірт пен азот қосылыстарының көп мөлшерде енуі нәтижесінде пайда болады: Парниктік эффект – антропогендік қосылыстарды қарқынды лақтыруларының нәтижесінде және сол қосылыстардың атмосфера қабаттарының арасындажиналуының нәтижесінде жылулық баланстың бұзылуын айтады.

Гидросфераның ластану көздері су адам ағзасының өмір сүру үрдісіне үлкен әсер ететін қосылыс. Адам ағзасындағы су мөлшері 10 пайызға төмендеген жағдайда ағзадағы за алмасу үрдісі бұзылады, ал 15-20 пайызға төмендеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін, ал 25 пайызға төмендеп, сонымен қатар ауа температурасы 30о С болса, мұндай жағдайда өлімге басқа жол жоқ.

Табиғи судың ластану түрі көп. Бірақ нәтижесінде ластану тұщы су көлемінің төмендеуіне әкеледі, бұл су ауруларына әкеліп, барлық тірі ағзаның зардап шегуіне соқтырады.

Литосфераның ластану көздері. Адам қоректенетін заттардың барлығының химиялық құрамын топырақ қалыптастырады, сонымен қатар су мен атмосфералық ауаның да. Топырақтың қатты ластануы тыңайтқыштарды, улы химикаттарды, өндіріс қалдықтарын шашу негізінде пайда болады. Топырақ шаңыменбірге инфекциялық ауруларды қоздырғыштар таралуы мүмкін.

Жарамды тәуекелді есептеу. Тәуекел – бұл, қауіптің сандық бағалауы. Қолданатын қорғау шараларына қарамастан әрдайым белгілі бір кішкентай көлемде тәуекел болады. Абсолютті қорғанысты қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан да қауіпсіздіктін жіберілетін мөлшері немес берілген даму этабындағы қоғамға бере алатын қорғаныстар жасалады. Жіберілетін тәуекелді мына формула арқылы табуға болады:

R = n / N

мұндағы, R - адам өлімінің тәуекелі;

N – өндірістегі жұмыс атқаратын адамдар саны;

n- бір жылда өлімге ұшыраған адамдар саны.



Әдебиет: [3, 51-75 б]
Тақырып 4. Төтенше жағдайлар

  • Жер сілкінісі, опырулар;

  • Су тасқыны;

  • Табиғи өрт.

Жоспар:

  • Жер сілікінісі, опыру кезінде зардап шеккендердің әрекеттерінің ережелерін білу.

Тапсырмалар:

  • Мекеме үшін қауіпті тербелістер бірінші тербелістерден кейін қанша уақыттан соң болады?

  • Жер сілкінісі кезінде қауіптілігі төмен бөлмелер

  • Жер сілкінісі басталып жатқан кезде бөлмеде қандай жұмыстар жүргізу керек?

  • Жер сілкінісінен кейін қандай жұмыстар жүргізу керек?

  • Жер сілкінісі кезінде сіз далада болсаңыз, қандай әрекеттер жасау керек?

  • Сейілдік ағын кезіндегі сіөздің әрекетіңіз

  • Лавиналар кезіндегі әрекеттер

Тапсырманы орындауға ұсынылатын әдістемелік (қысқаша).

  • Еге де адамдар сейсмикалық қауіпті аумақтарда тұраытын болса, олар міндетті:

  • Құжаттарды, бағалы заттарды, қалта фонаригін және оған келетін қосымша батарейкаларды оңай жерде ұстауға міндетті;

  • Тұщы су қорымен, тмақ өнімдерінің консервіленген түрімен, медикаменттермен және жылы киідермен қамтамасыз етілулері міндетті;

  • Бөлмедегі мүлікті ыңғайластырған кезде, оларды жер сілкінісі кезінде жататын орынға немесе сыртқа шығатын есікті жаппайтындай етіп орналастыру керек;

  • Жататын орынды әйнектін және сыртқы қабырға жаңына қоймау керек;

  • Шкафтарды және сөрелерді қабырғаға бекіту;

  • Жер сілкінісінің өтіп кетуін тосатын қауіпсіз орынды алдын ала дайындап қою керек;

Тұрғындардың әрекеттерін қарастырып өтейік:

  • жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер

  • Бастысы – алаңғасарлыққа салынбау керек. Мекеменің тербелісін байқасаныз, шамшырақтар мен аспашамдардың тербелістерін байқаған соң, шынылардың сыңғырлаған дыбыстарын естіген соң, заттардың құлағандарын көргеннен кейін тез арада бөлмеден шығу керек.

Есіңізде болсын, сіз алғашқы тербелістерді сезінгеннен кейін, сіздің мекемеден шығуыңыз үшін 15-20 секундыңыз болады.

Егер де сіз мекемеден тез арада шығып кете алмасаңыз, мекеме ішінен қауіпсіз орын тауып, жер сілкінісінің басылғанын күтіңіз, мекеме ішіндегі қауіпсіз орын ретінде сыртқы қабырғалармен құрылған бұрыштар болуы мүмкін. Сонымен қатар мекеме ішіндегі қауіпсіз орын ретінде жататын орындардың астыңғы жағы болып табылады, басыңызды бүгіп жататын орын астында жатсаңыз қауіп деңгейі төмендейді.

Міндетті түрде барлық электр құралдарын сөндіру керек. Пәтердің сыртқы есігін ашып қойыңыз. Егер де жаныңызда кішкентай балалар болса, оларды өзіңізбен бірге ұстаңыз. Тербелістер тоқтатылған соң тез арада пәтерден шығыңыз. Пәтерден шыққын кезде және баспалдақтан түсер кезінде абай болыңыз, баспалдақтың өзі неесе баспалдақ тіректері зақымданған болуы мүмкін.

Егер жер сілкінісі кезінде сіз пәтер ішінде емес, қала орталығында болсаңыз, онда тез арада мекемелерден алыстауыңыз қажет. Сонымен қатар столбтардан және кез келген қоршаулар маңынан алыстаку керек. Үзілген өткізгіштерден аулақ болыңыз.

Ал егер де сілкініс кезінде қоғамдық көлікте болсаңыз, онда көлік жүргізушісі тоқтап, есікті ашпағанша оныңыздан қозғалманыз. Егер де сіз алаңғасарлыққа беріліп, автобус, трамвай немесе троллейбус әйнектерін сындыра бастасаңыз, сіз түлі жарақаттар алуыңыз мүмкін. Ал егер де сілкініс кеінде сіз көлік ішінде болсаңыз, міндетті түрде көліктен тез арада шығуыңыз керек.


  • Жер сілкінісінен кейіңгі әрекеттер:

  • Тербелістерден кейін тез арада зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету керек, және үйін астында қалған адамдарға көмек көрсету керек.

  • Егер де сіз үйін астында қалып қойсаныз, есіңізде болсын, адам сусыз және тамақсыз ұзақ уақықа дейін шыдай алады. Сондықтан да ең бастысы қолыңызды түсірменіз.

  • Сереңкелермен қолданбаныз, егер де екеме ішінде газ болған жағдайда жарылыс тууы мүмкін.

  • Сілкініске ұшыраған мекемелерге кірменіз.

  • Сілкініс жайындағы ресми мәліметтерге ғана сеніңіз. Сілкіністің қайталануына дайын болыңыз.

  • Көшкін кезінде. Келе жатқан көшкіннің белгілері пайда болу кезінде:

  • Жақында орналасқан көшкін станциясына хабарлау;

  • Электорлық және газ құрылғыларын, су өткізгіш жүйесін сөндіру;

  • Эвакуацияға дайындалу.

Көшкін біткен соң зардап жекпеген құрылғылардың, қабырға жағдайын, электр-газ жүйелерін және су қоймаларын тексеріп өту.

  • Сел және лавина кезінде. Селдік ағын кезіндегі әрекет. Селдік ағынның жақындап келе жатқанын білдіретін дыбыстарды естіген соң, электорлық жабдықтарды, газды, су өткізгіштерін өшіріп, үйден шығу керек. Тар жерлерден және басқа да кішкентай көлемді орындардан алыс болыңыз, бұл жерлерде сел күшейтіледі.

Егер де сел кезінде сіз таулы аймақта болсаңыз тез арада тау бойымен жоғары көтеріліңіз. Өзіңізбен бірге қозғалуды тежейтін ауыр заттар болған жағдайда оларды бірге алмаңыз. Есіңізде болсын селдік ағын әсерінен адам өміріне қауіп төңдіретін ауыр тастар лақтырылуы мүмкін. Бұл ағыннан тірі қалу мүмкіндігі тым аз. Сондықтанда көмек көрсету максималды тез болуы қажет. Егер адам селдік ағынға тап болса оған ұзын арқан немесе баспалдақ беріңіз. Бірақта оны өзіңізге тартуға ұмтылмаңыз.

Әдебиет: [2, 42-45, 48-49б].
Тақырып 5. Тұрғындарды қорғау

Тез арада көмек көрсету.



  • Жеке бас қорғау құралдары мен прафилактика құралдарын білу.

Тапсырма:

  • Зардап шеккен орнында алғашқы медициналық көмекті кім көрсетеді?

  • Жеке бас дәрі-дәрмек қорапшасына кіретін заттар тізімі.

  • Антихимиялық жеке бас пакетіне кіретін заттар тізімі.

  • Тез арада медициналық көмек көрсету үшін қолданылатын функционалдық комплектіге кіретін заттар тізімі.

  • Арртериалды, венозды қансырау белгілері қандай және олардың арасындағы айырмашылықтары қандай?

  • Капиллярлы және паренхиматозды қансырау белгілері қандай және олардың арасындағы айырмашылықтары қандай?

  • Иммобилизация дегеніміз не, және ол қандай уақыттарда қолданылады?

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелі (қысқаша). Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларывна үйрену аса маңызды болып табылады. Себебі адам өмірінде күтпеген апаттықжағдайлар өте көп болады және адам денсаулығы оған алғашқы көек көрсетуден тәуелді болуы мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек көрсетіледі:



  • Қансырау кезінде – қансырау белгілерін білу қажет және қансырауды уақытша тоқтату әдістерін білу керек.

  • Сынықтар кезінде – зардап шеккен адамда сынық нәтижесінде травмалық шок болуы мүмкін. Ең алдымен антишоктық шаралар қолдану керек. Ал арртериалды қансырау болған жғдайда қанды тоқтату керек.

  • Өртке шалдыққан кезде – зардап шеккен адамның киімін шешпеу керек, оны стерильді простыняға орау кеек. Және ауруды төмендететін дәрмектерді салу керек.

  • Клинаикалық өлім кезінде – жасанды дем беру керек немесе жүрекке тура массаж жасау керек.

  • Шок жағдайында – қансырауды тоқтату керек, жарақатқа асаептикалық байлаулар жасау керек, иммобилиация болса, белгілі бір шаралар қолдану керек, зардп шегушіні жылыту керек.

Әдебиет: [9, 179-183, 197-199б], [6, 202-258 б].
Тақырып 6. Төтенше жағдайлар нәтижесіндегі зардаптарды жою

Жоспар:

  • Транспорттау этабының мәнділігі мен маңыздылығын студенттерге түсіндіру.

Тапсырма:

  • Зардап шеккен адамды көтеріп, тасығышқа жатқызу әдістері қандай?

  • Қабырғасына зиян келген адамды тасығышқа дұрыс жатқызу әдістері қандай?

  • Кеуде жасушасы зақыданған адамды тасыышқа қалй дұрыс жатқызу керек?

  • Бетіне зиян келген адамды қалай орнынан қозғауға болады?

  • Зардап шекен адамды баспалдақ бойынан өткізу әдістері қандай?

  • Қарын аймағындағы жарақаттары бар зардап шегушіні қалай дұрыс жатқызуға болады?

Тапсырманы орындау бойынша ұсынылатын әдістемелік. Алғашқы медициналық көмек кезіндегі басты мақсат, бұл адам өмірін аман алып қалу. Алғашқы медициналық көмекті әрбр азамат көрсете білуі керек. Төтенше жағдай кез келген жағдайда болуы мүкін, сондықтан да адам мамандығы қандай болмасын, әрбір адам алғашқы көмек көрсете білуі керек. Зардап шегушіні залал орнына емедеу орталығына жеткізу басты міндет болып табылады. Ауруларды ауруханаға жеткізудің ең қиын әдісі бұл, тасығыштар көмегімен жеткізу.

Тасығыш ұзындығы – 221,5 см, ені – 55см, массасы – 8,5-10 кг.

Тасығыштарды ашу ережелері:

Тасығыштарды екі адам ашады:



  • Тасығышты сол қолымен ұстай отырып, оң қолымен – белбеуді босатады;

  • Тасығыштын ұстағыштарын ұстай отырып, тез әрі тепкін күшімен жанына қарай әкетеді, тасығыштарды аша отырып.

  • Ұстағыштарды жан жаққа тарту арқылы тасығыштын дұрыс ашылғанын тексереді.

Тасығыштарды жабу әдістері:

  • Тасығыштарды, аяқтарын көкке қаратып жабады;

  • Алдымен бір адам өзінің жағын түсіріп, ашу замогын басып оны ашады;

  • Содан соң екінші адам тасығыштын келесі жағын түсіріп замокты тексереді.

  • Содан со тасығышты екі бүктеп белбеумен орап тастайды.

Әдебиет: [9, 272-285 б].
Тақырып 7. Техносфераның зияндылығын көрсететін көрсеткіштер

Жоспар:

  • Техниклық жүйелер мен технологиялық процесстердің қауіпсіздігінің артуы бағыттарын білу;

Тапсырма:

  • Қоршаған ортаны қорғаудағы негізгі бағыт қандай?

  • Техникалық жүйелердің экологиялық қауіпсіздігі үшін не қолданылады?

  • Тұрғындады қорғау үшін қандай әдістер қолданылады?

Тапсырманы орындау бойынша ұсынылатын әдістемелік. Техниклық жүйелер мен технологиялық процесстердің қауіпсіздігінің артуы бағыттары, сантарлық нормалар мен бекітіліп, төмендегі әрекетерді реттейді:

  • Зиянды заттарды зиянсыз заттармен алмастыру;

  • Өндіудің және тасымалдаудың құрғақ әдісері дымқыл әдістермен алмастыру;

  • Ада өміріне қауіп төндіретін технолгиялық операцияларды, вибрация мен басқа да факторлардың қарқындылығын төмендету;

  • Аппаратура мен құрылғыларды герметизациялау;

  • Толықтай ағғару және технологиялық лақтырындылардан тазарту, өндірістік науаларды ластаудан тазарту;

  • Сәуле жылуынан қорғанатын әдістерді қолдану;

  • Қоршаған ортаны қорғаудағы маңызды бағыттың бірі – азқалдықты және қалдықсыз технологияларды құрастыру.

Эксплуатация үрдісі кезіндегі техникалық жүйелердің сенімділігі мен қауіпсіздігін күшщейтудің негзгі құралы - функционалдық диагностика. Функционалдық диагностика жүйесі жұмыс үрдісіндегі объектілерді бақылап, олардың туындаған кезінде бас тартуына әсер етуге мүмкіндік береді. Бұл жүйелер бақылау объектісімен бірге жобаланып дайындалады. Технологиялық қондырғылар мен кешендеде қысым бергіштер, температуралдар, жиіліктер, өлшемдер және өндірістік үрдістердің басқа да параметрлері қондырылды. Электрбергіштік сигналдары берілген шектіктердегі техникалық жүйелердегі жұмыс тәртібін сүйемелдеуге және апаттвық жағдайларды ескертуге мүсмкіндік беретін ЭВМ – мен талдананды.

Техникалық жүйелер мен технологиялардың экологиялқө қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экобиоқорғаныстық қызмет қолданылады. Экоиоқорғаныситық қызмет – қауіпті және зиянды факторлардан адам мен табиғи ортаны қорғаудың әдісі.

Зиянды заттардан атмосфераны қорғау – шаң, тұма, зиягнды газ бен будан туындайтын өндірістік ауа лақтырындырларын тазарту арқылы жүреді. Шаңнан құрғақ әдіспен тазарту үшін шаңұстағыштар, басқ фильтрлер қолданылады, ал шаңды дымқыл әдіспен келтіру үшін газжуғыштар қолданылаыды.

Тұманды тазарту- электрфильтрлер көмегмен жүргізіледі. Ерімейтін улы газдарды тазарту залалсыздандыратын реакторлар көмегімен жүргізіледі. Буды тазалау олапрдың конденсатордағы конденсациясы негізінде жүргізіледі.

Гидросфераны қорғау- арық суларын ластайтын затардан аылу арқылы жүзеге асады. Кезегінше арық сулары механикалық әдістермен тазаланады: арта қалдыру, фильитрлеу, ортадан тепкіш күш жиіліктерін жою.

Дезодарациалау кезінде – жағымсыз иіс шығаратын заттар, дегазациялау кезінде – агрессиялық гадар жойылады, озондауда – су түссізденеді, дәмдер, иістер жойылып су зақфымсыздандырылады.

Соңғы деңгейде микроағзалардың қабілеттеріне негізделген биохимиялық судың тазартылуы жасалады.

Өндіріс жағдайында адамды қорғау, сонымен қатар қауіпті және зиянды факторлардың шектік деңгейге төмендетілген немесе жіберілмейтін өндірістен тыс техникалық құралдардың өзара байланысында жүзеге асырылады.

Желіммен, бояулармен жұмыс кезінде зиянды заттардан қорғану үшін жергілікті соратын желдеткіштер пайдаланылады.

Электр тогынан қорғану үшін жұмыс орындарына төмен қысым беру, токты қорғанышты сөндіру негізінде жерге тұрақтандыру қолданылады.

Қоршау құрылғылары автокөліктің қозғалмалы бөліктерін, станоктар мен механизмдерді, өңделетін материалдардың жиіліктерінің ұшу орнын, зиянды сәулелену мен жоғары температураға ие аймақтарды қорғау үшін қызмет етеді.

Дірілдің зиянды әсерінен қорғану үшін автокөліктік пен вагондық рессорлар, резіңкеметаллдық амортизаторлар, болат серіппелер мен тіректі төсегіштер пайдаланылады.

Дыбыстан қорғану үшін әр түрлі дыбыс жұтатын материалдар қолданылады.

Адамның жеке бас қорғану құралдарына жатады:



  • Басты қорғау құралдары (каска, шлемдер)

  • Көз (қорғаныш көзілдіріктері)

  • Бет (кесте, перделер)

  • Тыныс алу алу органдары (респираторлар, қарсыгаздар)

  • Есту органдары (қадауыштар «Беруши», құлаққалдар)

  • Арнайы киім мен аяқ-киімдер

Әдебиет: [8, 231-238 б.]

8. Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

Тақырып 1. Тіршілік ортамен адаманың үйлесімділігі.

Әр тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:



  • Дененің әр түрлі кезінде жұмыстарды атқаруға қажет минималды орын көлемін нұсқайтын суреттер дайындау.

Тақырып 2. Тіршілік ортасындағы қауіптер.

Әр тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:



  • Техногендік қауіптер

  • Өзіндік жұмысты реферат түрінде жасау керек.

  • Келесі сұрақтарды қарастыру керек: механикалық тербеліс, электромагниттік кеңестіктер, лазерлік сәулеленулер, электрлік ток.

  • Бұл аураларды алдын алу кезінде мүмкін болатын профессионалдық аурулар.

  • Иондық сәулелену

1) ағзаны сәулеленуден қорғау

Тақырып 3. Транспорттағы экстремалдық жағдай.

Әр тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:



  • Өзіндік жұмысты реферат түрінде жасау керек.

  • Келесі сүұрақтарды қарастыру керек: теміржолдағы, автокөліктердегі, су және ауа көліктеріндегі апаттар.

Тақырып 4. Жедел жағдай кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритмі.

Әр тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:



  • Өзіндік жұмыс тақырыбы тәжірибелік сабаққа қосымша болып табылады.

  • Ұсынылған әдебиет бойынша теориялық мәліметті оқыған соң, тәжірибелік сабақтарда көрсетілмеген алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрастыру. Алғашқы көмек көрсету кезінде рұқсат етілмейтін әрекеттерге мән беру қажет.

Тақырып 5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Әртақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:



  • Өзіндік жұмысты реферат түрінде жасау керек.

  • Келесі сұрақтарды қарастыру керек: Салауатты өмір салтының негіздері, мұра және болашақ ұрпақтағы оның ролі, салауатты өмір салты – тіршілік әрекеті кезіндегі қауіпсіздіктің қажет шарты.


Оқу бағдарламасының күрделі сұрақтары.

  • ӨСҚН курсының негізгі ұғымдары:

Кез келген пәнді оқу негізгі ұғымдардан басталады. Оқудың жүйелірек, оқылатын курстың тезқабылдануы және бұнда жөн таба білу үшін кейбір негізгі ұғымдармен таныс болуы тиіс. Жұмыс дәптеріне төмендегі берілген ұғымдарды жазып алып, олардың қандай мағына білдіретінін білу. Оқу үрдісінде кездесетін жаңа ұғымдар бірден есте сақталады.

Кейбір негізгі ұғымдар: 1) жол апаты, 2) атмосфера, 3) қауіпсіздік, 4) тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, 5) биосфера, 6) зиянды факторлар, 7) гидросфера, 8) тіршілік әрекеті, 9) аймақ, 10) төтенше жағдайлар, 11) сүргіндер, 12) зілзалалар, 13) литосфера, 14) жағымсыз жағдайлар, 15) қауіп, 16) қауіпті фактор, 17) өмір сүру ортасы, 18) стихиялық апаттар, 19) стихия, 120) техносфера, 21) төтенше жағдай, 22) табиғаттың төтенше жағдайлары, 23) техногендік төтенше жағдайлар (дәрістік және тәжірибелік тапсырмалар).



  • ТЖ кезіндегі әрекеттер мен алдын алу жөніндегі мемлекеттік жүйесі.

ҚР-дағы ТЖ-ды алдын алу және жою бойынша мемлекеттік жүйенің құрылымын меңгеру жайлы материалдарды сабақта дайындау. (1 дәріске толықтыру).

Ол үшін оқу әдебиетінің көмегімен мелекеттік жүйенің құрылымын басқаруды ретке келтіру.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдай бойынша Министрлігінің қызметін, құқықтары мен негізгі тапсырмаларын білу. Бұл министрлікті Қазақстан Республикасының Президентімен тағайындалған төтенше жағжай бойынша Министр басқарады.

Министр қарамағында кеңес алқасы болып табылатын министрдің алқасы бар.

Шаруашылықтағы тұрғыдарды және объектілерді қорғау – ГО- ның алғашқы тапсырмасы болып табылады.

ГО аймақтық-өндірістік ұстаным бойынша ұйымдастырылады.

Басқару органдарының байланысын жұмыс дәптеріне схема немесе мәтін түрінде орындау керек.


  • Адам ағзасына зиянды заттаррдың әсері.

Тамақтан улану. Тамақтан улану кезіндегі алғашқы медициналық көмекті қарастырып, жұмыс дәптеріне конспект құру.

Улы химикатпен, қышқылмен, дәрілік дәрі-дәрмектер, алкогольмен және есірткімен улану жағдайларын қарастыру.

Иондайтын сәулеленулер.

Иондайтын сәулеленулердің өлшем бірліктері мен оның жүйеден тыс бірліктермен байланысын жақыс ібілу дәрістік мәліметті оқу және оны тәжірибелік тапсырмаларда қолдануды жеңілдетеді.

Иондатылған сәулеленулердің дозиметриясында қолданатын өнімділік бірліктерін және оның жүйеден тыс бірліктерімен байланысын кесте немесе мәтін түрінде, жұмыс дәптеріне орындау, сонымен қатар радионуклеидтармен қоршаған ортаны ласьау сияқты ядролық реакцияның бағалау бірліктері.


  • Тіршілік ортасының қауіптері.

Күнделікті өмір сүру ортасындағы жағымсыз факторлар негізі.

Берілген әдебиет бойынша мәтін құрап, төмендегі сұрақтарға жауап беру:



  • «Күнделікті өмір сүру ортасы» ұғымына түсінік беру;

  • Қандай үй экологиялық болып табылады?

  • Бөлмедегі ауада қандай ластаушы заттар бар?

  • Өрт қаупі және жарылыс қаупі бар болып табылатын қандай заттар?

  • Жоғарғы радиобелсенділікті қандай құрылыс материалдары иеленеді?

  • Тіршілік аймағындағы жасыл өсінділер қандай рөл атқарады?

  • Жүрек-өкпелік реанимацияның әдістері.

Тұрмыста, стихиялық апаттар, жол апаттар, аймақтық әрекеттер туындаған жағдай негізінде зақым алған адам ауруының өту мен нәтижесі апат болған орында алғашқы медициналық көмекті мезгілімен және сауатты жүргізуден өте тәуелді.

Ағзаға оттегінің келуі тоқтатылған жағдайда, 4-5 минуттан кейін бас ми қабығының өте сезімтал жасушалары бірден қызметін тоқтатады. Егер осы 4-5 минут ішінде ағзаға оттегіні беруге үлгерген жағдайда, адамды өмірге қайтып әкелуге мүмкіндік бар. Сондықтан да жүрек-өкпелік реанимация әдістерін білу өте қажет.

Дем алу мен жүрек тоқтағандағы әрекеттерді, жасанды дем беру әдістерін жұыс дәптеріне жазып алу керек.


  • Техникалық жүйелер мен технологиялық үрдістердің қауіпсіздігін күшейту. Қарастыру:

  • Техникалық жүйелер мен технологиялық үрдістердің экологиясын жәіне қауіпсіздігін жоғарылатудың жалпы бағыттары;

  • Өмір сүру ортасын қорғаудағы негізгі бағыттарды белгілеу;

  • Функционалдық диагностика жүйесінің мүмкіндіктері:

Жоғарыда көрсетілген сұрақтарды қолдана отырып, берілген әдебиет бойынша реферат жазу.
9. СОӨЖ кеңестің тізімі




Сабақ түрлері

дүйсенбі

сәрсенбі

сейсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сұрақтары бойынша кеңес



















2.

Тәжрибелік сұрақтары бойынша кеңес




13.40

14.30


13.40

14.30











3.

СӨЖ сұрақтары бойынша кеңес













13.40

14.30





4.

Тест сұрақтары бойынша кеңес



















Бүкіл консультациялар ағымдағы семестрдің СОӨЖ графигі бойынша өткізіледі.


10. Студенттердің тапсырмаларды істеу және тапсыру графигі

Дәріс,тәжрибелік сабақтарына қатынасу 0-100 балмен бағаланады.


Тапсырмаларды істеу және тапсыру графигі




Жұмыс түрлері

Тапсырма тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындалу ұзақтығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1.

Реферат

Техногенді қауіптер




3 жұма




4-ші жұма

2.

Реферат

Транспорттағы экстремалды жағдайлар




2 жұма




6-шы жұма

3.

Межелік бақылау

Модуль 1,2







Коллоквиум

8-ші жұма

4.

Реферат

Салауатты өмір салтын қалыптастыру




2 жұма




10-шы жұма

5.

Реферат

Техникалық жүйелер мен технологиялық үрдістердің қауіпсіздігін күшейту




3 жұма




13-ші жұма

7.

Межелік бақылау

Модуль 3,4







коллоквиум

15-ші жұма

Ескерту: Реферат тақырыбы белгілі бір нақты тақырыпта жазылуы керек, тақырып студенттің өз бетінше жұмысының нәтижесі ретінде алынып, оқытушымен бірге ақылдасқан түрде таңдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет