Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы
2012 жылғы 29 қазан №413-ө-м Астана қаласы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (21-шығарылым) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында бұйрамын:
1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (21-шығарылым) бекітілсін.
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә.Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә.Ахметовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С.ӘБДЕНОВ.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 29 қазанда №413-Ө-М бұйрығымен бекітілді
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығы (21-шығарылым)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығы (21 шығарылым) (бұдан әрі - БТБА) «Радиоаппаратура және сымды байланыс аппаратурасының өндірісі» бөлімінен тұрады.
2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігі бойынша белгіленді.
3. Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.
4. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.
5. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.
6. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды, жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін, өндірістік дабылдатқышты, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.
7. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.
8. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
9. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше ескертілген жағдайлардан басқа осы бөлімде көрсетілген өндіріс және жұмыс түрлері бар ұйымдарда олардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.
10. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшада көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.
11. «Радиоаппаратура және сымды байланыс аппаратурасының өндірісі» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2002 жылғы редакциясында берілген.
2. Радиоаппаратура және сымды байланыс аппаратурасының өндірісі
1. Сызбалы бумалар, кабельдер және бауларды тоқушы
Параграф 1. Сызбалы бумалар,
кабельдер және бауларды тоқушы, 2-разряд
12. Жұмыс сипаттамасы:
радиоаппаратуралар мен түрлі тағайындаудағы құралдар үшін қатты және жұмсақ сымдардан шаблон бойынша сұлбалы қарапайым бұраулар мен кабельдер тоқу;
бұраулардың, кабельдердің және талшығының ұшын айырып алу, тазалау, қалайылау және ұштарын клемманың және ұштықтарының астына бекіту;
ұштарын бекіте, қалыптар мен ұштықтарды орната отырып, көп талшықты кабельдер, баусымдар дайындау;
құрал-саймандарды пайдалана отырып, сымдарды орау, өру, құрсау, құрал-саймандарды баптау;
сымдардың, кабелдердің және баусымдардың ұштарын түрлі оқшаулау материалдарымен айыру;
бұрауларды лакты маталармен, текстолинитпен, құрыммен және брезентпен көмкерілген хлорвинилді таспамен орау;
тұтасқан сымдарды резинамен орау және кабелді вулканизацияға дайындау, және вулканизациядан кейін ажыраудан, герметикадан, аязға төзімділіктен, электрлі тескіштен тексеру;
электр тізбелерін сұлба және кесте бойынша тексеру және анықталған ақауларды жөндеу.
13. Білуге тиіс:
олардан талап етілетін техникалық талаптарға, олардың тағайындалуына байланысты қолданылатын сымдардың маркаларын;
шартты түстері мен таңбалануын, оларды жоғары қысымды тоқ астында сынауды, сұлбалы бұраулар, кабельдер және баусымдардың ұштарын айырып алу, дәнекерлеу, қалайылау;
оқшаулау және бекіту қағидалары тәсілдерін, дәнекерлерді, флюстерді және оқшаулау материалдарын тағайындауды және қолдану қағидаларын, қолданылатын қарапайым өнертабыстарды;
бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын, станок жабдықтарын қолдану шарттары мен жұмыс қағидаттарын, электр және радиотехника негіздерін.
14. Жұмыс үлгілері:
1) антенна шықпасы – рацияларды антеннамен жалғастыру үшін келте құбыр мен емікті бекіте отырып броняланған кабельден дайындау;
2) орау галеттері – эксцельсиорлы лентамен изоляциялау;
3) бумалар– биркаларды бекіту және алу, қысқа тұйықталу мен үзілуді тексеру және лак жағу, жұмсақ және қатты сымды қиыстырып өру;
4) қабылдағыштар шкалаларына жарық түсіруге арналған бумалар – жұмсақ сымнан өру;
5) МТС телефон аппараттарына арналған бумалар – өру;
6) коаксиалды кабельдер – дайындау, өру және әшекейлеу (сызба бойынша);
7) қорек кабелі – дайындау;
8) ашалық ағытпасы бар кабельдер – ұштарын өңдеу және тарату;
9) кедергілер ақысына арналған кабельдер – өру;
10) теледидарлар кабельдері – кабельдің әртүрлі нүктелерінде көрсетілген ұзындық бойынша әртүрлі маркалы сымдарды ұштарының шықпасы бар кабельдерге жасақтау;
11) көп секциялы реленің орауыштары - кабель қағазымен, эксцельсиормен, реле паспортына сәйкес заттаңбаны салу арқылы целлофанмен түпкілікті изоляциялау;
12) күш трансформаторының орауыштары – шықпаларды тазарту, қалайылау және бекіту;
13) тороидалды орауыштар – лакожібекпен, лакоматамен және миткальді лентамен бекіту және изоляциялау;
14) орауыштар - жапырақтары бар пресшпанды төсемдерді салу, жинақтау сызбасы бойынша шықпалардың ұштарын орау және жапсыру;
15) өрме - орамдалған жұпқа және бумаға кигізу, буманы өрімге тарту;
16) экрандалған және жоғары жиілікті сым – жерге қосу үшін дәнекерленген шықпаларды өңдеу;
17) металл түтіктері – дайындамаларды өлшем бойынша кесу, сымдардың ұштарын төлкеге салу және оларды қаусыру;
18) шаблондар мен картонды ұқсатқыштар – дайындау;
19) төрт талшықты микротелефон баусымынан жасалған микрофон тұтқасына икемді шлангілер, теледидарлардың ауытқу жүйесіне арналған шлейфтентен жасалған броняланған шырмауы бар рация қорегі – дайындау;
20) сөйлесу құрылғыларына тарамды баусымдар – ларингофонның телефон тұтқаларына қоса отырып, дайындау;
21) түрлі маркадағы баусымдар – ұштарын тапаншалы пісіру;
22) ашасы бар, миккрофонға арналған көпталшықты, телефон аппараттарына арналған нөмір теретін көпталшықты баусымдар – дайындау.
Параграф 2. Сызбалы бумалар,
кабельдер және бауларды тоқушы, 3-разряд
15. Жұмыс сипаттамасы:
тізбектер түстерін ескере отырып, радиоаппаратуралар, арнайы аппаратуралар, байланыс құралдары аппаратуралары және электронды есептеуіш машиналары (бұдан әрі - ЭЕМ) аппаратураларына арналған біріктіру, монтаж сызбалары мен шаблондар бойынша әртүрлі маркалы сымдардан және 200-ге дейін сымдары бар қимадан сызба бумалары мен күрделілігі орташа кабельдер тоқу;
радиостанция және жоғары сапалы оқшаулау мен ұштары бекітілген көп талшықты әртүрлі аппараттар үшін қоректену кабельдерін, күрделілігі орташа баулар дайындау;
бумаларды биркасыз үзіліссіз тоқу. Кабельдерді салу және сызба мен кесте бойынша электр тізбектерін тексеру.
16. Білуге тиіс:
әртүрлі маркалы сымдардан және радиоэлектронды аппаратуралар мен байланыс құралдары аппаратураларына арналған қималардан сызбалы бумалар мен күрделілілгі орташа кабельдер тоқу тәсілдерін, оларды тағайындауды, монтаж сызбаларын және радио бөлшектері мен тораптарының шартты белгілерін, бумаларға, кабельдерге, шнурларға қойылатын техникалық талаптарды және оларды тексеру тәсілдерін;
шаблондар топтастыру тәсілдерін және кабель бумаларын тоқу кезінде оларды пайдалану қағидаларын, жұмыс қағидатын;
құрылғысын және пайдаланатын құрылғыларды жөндеу тәсілдерін, бақылау-өлшеу құралдарын және аспабын;
электр және радиотехника негіздерін.
17. Жұмыс үлгілері:
1) біріктіргіш жәшік үлгісіндегі аспаптарға арналған бумалар – шаблон бойынша тоқу;
2) түрлі маркадағы сымдар мен қималардан бумалар мен кабельдер - шаблон бойынша тоқу;
3) экрандалған сымдардан бумалар – тоқу;
4) бумалар, кабельдер, баулар – аспаптардың көмегімен электрлік тексеру, ақаулығын анықтау және оларды жөндеу;
5) жоғары жиілікті кабельдер - өлшем бойынша кесу, үлдірді қаптау, оқшаулауды шеше отырып, ұштарын станокта және қолмен бекіту, дәнекерлеу;
6) АТКС платаларына ұштары көп күрделі кабельдер және стативтер – дайындау;
7) кабельдер: арналардың қадаларына арналған түрлендіргіш плат, жеке құрылғы қадасына, АТС аппараттарына және өрт хабарлағышына, ДШИ үлгісіндегі қозғалатын механизмдерге, түзеткіштерге арналған плат – өру;
8) шаблондар - сызба кабельдерін және бумаларды тоқуға арналған принципті және монтаж сызбасы бойынша топтастыру.
Параграф 3. Сызбалы бумалар,
кабельдер және бауларды тоқушы, 4-разряд
18. Жұмыс сипаттамасы:
түрлі маркалы сымдар мен 200-ден 400-ге дейінгі сымдары бар қимадан арнайы аппаратура, ЭЕТ аппаратурасы және байланыс құралы аппаратурасына арналған монтаж сызбалары мен шаблондар бойынша күрделі сызба кабельдерін және бумаларды тоқу;
экрандысымдармен бекітілген, жоғары сапалы оқшауланған және ұштары электрлі тексеріп, бекітілген көп талшықтыкүрделі кабельдер дайындау;
монтажды және принципті сызба мен эскиз бойынша шаблондар топтастыру;
тәжірибелі аспаптар мен станцияларға арналған сызба әзірлеуге қатысу.
19. Білуге тиіс:
түрлі маркалы сымдардан түрлі аспаптарға, радиостанцияларға және байланыс құралдары аппаратураларына арналған сызба кабельдері мен күрделі конфигурация бумаларын тоқу тәсілдерін;
бөлектелген және бөлектелмеген сымдардан сызбалар, үлгілер, эскиздер бойынша күрделі сызбалар тоқу тәсілдерін;
қолданылатын бейімдеу құрылғыларын, сызба шаблондарын және құралдарды, принципті және монтаж сызбаларын, дайындалған сызбалар мен бумаларға қойылатын талаптарды;
шаблондар топтастыру тәсілдерін және күрделі бумалар мен кабельдер тоқу кезінде оларды қолдануды, электр және радио техника негіздерін.
20. Жұмыс үлгілері:
1) есептеу машиналарының қоректену қадаларына арналған бумалар –тоқу;
2) түрлі маркалы, қималы және түсті сымдардан бумалар – біріктіру кестесі, монтаж сызбасы мен шаблондар бойынша тоқу;
3) күрделі көпталшықты кабельдер – экранды сымды бекіту, талшықтарды байлау, металл тармақтарына, экрандаушы орамға және резина шлангасына амалдап өткізу, биркаларды орнату, ұштарын фишкаларлар мен қалыптарға бекіту;
4) директор және диспечер коммутаторларының, өрт дабылдарының және түрлі түсіру аспаптарының жеке құрылғылары қадаларының қадаларына арналған күрделі кабельдер – тоқу;
5) статив платтарына арналған кабельдер – тоқу;
6) телефон станциялары желісін біріктіргіш стативтерге және коммутатордың баулы жұптарының жинақты релесіне арналған кабельдер – тоқу;
7) сынау аспаптары стативтерінің платтарына арналған кабельдер – тоқу;
8) 400-ге дейін электромонтажды сызбалар – шаблон бойынша тоқу.
Параграф 4. Сызбалы бумалар,
кабельдер және бауларды тоқушы, 5-разряд
21. Жұмыс сипаттамасы:
түрлі сымдар мен 400-ден астам сымдары бар қималардан монтаж сызбасы мен радио құрылғыларының, радиостанцияның, арнайы аппаратураның, ЭЕТ аппаратурасының, сондай-ақ барлық станциялардың және сымды және алыс байланыс аппараттарының (тәжірибелі және ұсақ сериялы өндірісте) шаблондары бойынша ерекше күрделі сызба кабельдері мен бумалар тоқу;
кабельдер мен бумаларды ТУ-ға сәйкес толық тексеру;
принципті сызба және түрлі күрделіліктегі эскиздер бойынша шаблондар топтастыру.
22. Білуге тиіс:
түрлі радиоқұрылғыларға, ЭЕТ аппаратураларына, сымды және алыс байланыс аппараттары мен станцияларға арналған шаблондар, принципті және монтаж сызбасы бойынша ерекше күрделі кабельдер тоқу тәсілдерін;
шаблондарды топтастыру және оларды ерекше күрделі бумалар мен кабельдер тоқу кезінде қолдану тәсілдерін;
электр және радиотехника негіздерін.
23. Жұмыс үлгілері:
1) ерекше күрделі электромонтажы бар радиостанция блоктары – монтаж сызбасын тоқу;
2) ерекше күрделі ЭЕТ-на арналған бумалар – тоқу;
3) түрлі маркалы сымдар мен 400-ден аса сымдары бар қималардан бумалар - шаблон бойынша тоқу;
4) барлық типті радио- және телефон станцияларына, климатикалық және басқа сынақтарды өткізуді белгілеуге арналған өте күрделі кабельдер мен бумалар – тоқу;
5) 400 жоғары сымдары бар элетрожинақтаушы сызбалар – таптаурын бойынша тоқу.
2. Радиоаппаратураны градуирлеуші
Параграф 1. Радиоаппаратураны градуирлеуші, 2-разряд
24. Жұмыс сипаттамасы:
диапазондар бойынша шкалаларды қабыстыру, берілген жиілілік диапазон шегінде коаксиалды толқын өлшегіш шкаланы салу;
қабылдағышқа гетеродинді толқын өлшегішті, қабылдатқышты таратқышқа, таратқышты калибраторға және кері баптау;
жұмыс құрылғысының сызбасына қарапайым радиоқұрылғылар мен аспаптарды қосу, түрлі көздерден қоректендіргішті іске қосу және қоректендіргіштің жұмысының тәртібін реттеу;
шкалаларға рискаларды түсіру.
25. Білуге тиіс:
градуирлеу кезінде қолданылатын көп таралған әмбебап және арнайы құралдарды;
бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен аспаптарын пайдалану шарттарын және тағайындауды, негізгі қоректендіру көздерінің қызметін (түзеткіштер, аккумуляторлар, гальваникалық батареялар және тағы басқа);
оларды жұмыс құрылғысының сызбасына қосу және күту ережелерін;
электр және радиотехника негіздерін.
Параграф 2. Радиоаппаратураны градуирлеуші, 3-разряд
26. Жұмыс сипаттамасы:
жиіліктердің берілген интервалы бойынша қарапайым радиоқұрылғылар мен аспаптарды градуирлеу;
шкалалардың берілген интервалдары бойынша радиоөлшегіш және дозиметрикалық аспаптарды градуирлеу;
аралық шамаларды табатын шкалаларға сызық іздерді түсіру;
толқынның қажетті жиілігі мен ұзындығына мультивибраторды баптау;
градуирлеу эталонына гетеродинді толқын өлшегішті баптау және керісінше;
эталон бойынша градуирлеуді тексеру және түзету;
қосымша қателіктерді анықтайтын түзету кестелері мен графиктерді құру;
осциллограф экранында Лиссажу пішіндері бойынша дыбыс жиіліктерін салыстыру;
жұмыс құрылғылары мен аспаптарының ақауларын анықтау;
жұмыс құрылғысының сызбасына кез келген күрделілікті радиоқұрылғылар мен аспаптарды қосу, түрлі көздерден қоректендіргішті қосу және оның жұмысының тәртібін реттеу.
27. Білуге тиіс:
қолданылатын аппараттар, құрылғылар, аспаптардың жұмыс принципі мен оларды пайдалану қағидаларын;
радиоқұрылғылар мен дозиметрикалық аспаптарды (гетеродинді толқын өлшегіш;
кварцты калибраторлар, вольтметрлер, амперметрлер және тағы басқа) градуирлеу әдістері мен тәсілдерін, қолданылатын әмбебап және арнайы құралдар;
күрделілігі орташа бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен аспаптарын (мультивибраторлар, осциллографтар, жиілігі өте жоғары генераторлар, жүктеме эквиваленті және тағы басқа) жөндеу тәсілдерін;
электр және радиотехника негіздерін.
28. Жұмыс үлгілері:
1) коаксиалды толқын өлшегіштер – 2000 мГц жоғары 10000 мГц төмен қателігі 0,01-0,05% жиілік диапазонында градуирлеу;
2) көлемді резонаторы бар толқын өлшегіштер – 20000 мГц жоғары 30000 мГц төмен қателігі 0,01-0,05% жиілік диапазонында градуирлеу;
3) қысқа толқынды таратқыштар – гетеродинді құрылғы, қабылдағыш пен толқын өлшегіш бойынша градуирлеу;
4) аэрозольдердің радиометры – шкалаларды градуирлеу;
5) рентгенометрлер 100 рентген/сағ. дейін – шкалаларды градуирлеу;
6) 2-3 диапазонды қабылдатқыштардың шкалалары – кварцты калибраторлар бойынша градуирлеу.
7) радиоөлшегіш аспаптардың шкалалары – градуирлеу.
Параграф 3. Радиоаппаратураны градуирлеуші, 4-разряд
29. Жұмыс сипаттамасы:
жиіліктердің берілген интервалы бойынша күрделі радиоқұрылғылар мен аспаптарды градуирлеу;
градуирлеу кезінде сызғыш жолын есептеуді орындаумен қатар шкаланың берілген интервалы бойынша дозиметрикалық аспаптарды градуирлеу;
кез келген жиілікке гетеродинді толқын өлшегішті баптау;
түрлі жиілік торларды алу үшін кварцты калибратор мен мультивибраторлардың блоктарын баптау;
берілген генератордың кез келген жиілігі мен қабылдағыштың жиілігін автобаптау жүйесін қолдана отырып, негізгі жиіліктің гармоникасына қабылдағыштарды баптау;
барлық диапазондар бойынша эталон жиілігіне сәйкес нөлді соғу нүктелерін анықтау және суретке түсіру әдісімен және жарық сезу шкалаларына оларды риска пішінімен түсіру.
30. Білуге тиіс:
аппараттар мен аспаптардың (гетеродинді және коаксиалды толқын өлшегіштер, кварцты генераторлар және тағы басқа) құрылымын, градуирленетін аппаратуралар мен аспаптардың жинақтау және принципті сызбаларын;
қолданылатын аппараттар, құрылғылардың электрлік сызбасы және оларды түзетуді, күрделі және нақты бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен аспаптарының құрылымын;
қызметі мен қолданылу шарттарын, жиіліктерді нөлдік, екілк соғу әдісімен өлшеу тәсілдерін, интерполяция әдісімен жиілікті анықтауды, оптикалық түйіндердің құрылымы мен баптау;
оны бөлшектеу және жинақтау қағидаларын, кинопроектор мен оның жеке элементтерінің құрылымы мен қызметін, басудың фотохимиялық процесі және қағазда;
шыныда және металда бейнелерді шығаруды, сонымен бірге арнайы бояғыштармен бояу процесін, экспозицияны анықтау тәртібін;
фотопластиналар мен киноленталарға қарау қағидаларын, электр және радиотехника негіздерін.
31. Жұмыс үлгілері:
1) екі немесе одан да көп диапазондары бар жиіліктің кварцты тұрақтандырғыштармен қамтылған гетеродинді толқын өлшегіштер – 1 және 10 кГц кейін 0,01% нақтылығымен (ұсақ сериялы өндіріс жағдайларында) эталон бойынша градуирлеу;
2) дозиметрлер – 500 рентген/сағ. дейін қателігі +/-(8-10)% шкалаларды градуирлеу;
3) 4 диапазонды таратқыштар – гетеродинді құрылғы, қабылдағаш пен толқын өлшегіштер бойынша шкалаларды градуирлеу;
4) 4 диапазонды таратқыштар – градуирлеу кестесін құра отырып, кварцты генератор бойынша шкалаларды градуирлеу;
5) 5 диапазонды қабылдағыштар кварцты калибратор бойынша шкалаларды градуирлеу;
6) 200 рентген/сағ. дейін рентгенометрлер – шкалаларды градуирлеу;
7) дабылдатқыш – генераторлар – шығуды қателіктермен градуирлеу:
а) 40 мкВ жоғары кернеуге +/-20% және
б) 40 мкВ төмен кернеуге +/-30%.
Параграф 4. Радиоаппаратураны градуирлеуші, 5-разряд
32. Жұмыс сипаттамасы:
түрлі деңгейлі нақтылықпен аса күрделі, тәжірибелі және экспериментті радиоқұрылғылар мен аспаптарды автоматтар мен фотоградуирлеу құрылғыларында және электроөлшеу құралдарын (кварцты калибратор, жоғары омды телефондар және тағы басқа) қолдана отырып, түрлі диапазондарда градуирлеу және фотоградуирлеу;
түрлі диапазондары бар шкалалардың берілген интервалдары бойынша барлық сәулелену түрлері бойынша күрделі дозиметрикалық аспаптарды градуирлеу;
фотоградуирлеу құрылғыларының оптикалық түйіндерін баптау;
фотоградуирлеу құрылғыларындағы ақаулардың себебін анықтау және оларды жөндеу.
33. Білуге тиіс:
диометрикалық аспаптардың градуирленген түрлі радиоқұрылғыларының құрылымын және оларды басқару тәсілдерін;
градуирлеу және фотоградуирлеудің әдістері мен тәсілдерін, фотоградуирлеу аппаратурасының құрылымын;
жұмыс принципін және оны басқаруды, электр және радиотехника негіздерін.
34. Жұмыс үлгілері:
1) жоғары жиілікті генераторға арналған микрошкалалар – 1 Гц кейін градуирлеу;
2) гетеродин қабылдағышының микрошкалалары – 10 Гц кейін градуирлеу;
3) таратқыштар – 1-4 диапазондарында 500 Гц кейін, 5-8 диапазондарында 1000 Гц кейін және 9-12 диапазондарында 2000 Гц кейін кез келген жиілікте 2 х 10 кем емес градуирлеу нақтылығымен градуирлеу;
4) 5 көп датчиктері бар дозиметрикалық аспаптар, шкалаларды градуирлеу;
5) қабылдағыштар – 1 диапазонда 100 Гц кейін, 2-3 кіші диапазондарында 0,5 Гц кейін және 4-6 кіші диапазондарында 1 Гц кейін градуирлеу;
6) 500 рентген/сағ. дейін рентгенометрлер – шкалаларды 6 градуирлеу;
7) шкалалар – 2 х 10 кем емес нақтылықпен градуирлеу.
3. Радиотакелаж бен электрорадиоэлементтерді дайындаушы
Параграф 1. Радиотакелаж бен электрорадиоэлементтерді
дайындаушы, 2-разряд
35. Жұмыс сипаттамасы:
үлгілер, шаблондар және кестелер бойынша түрлі маркалы және қималы жинақтау, экрандалған сымдарды, кабельдерді, бауларды, изоляциялық материалдарды дайындау (кесу, таңбалау), оларды қолмен істелетін және механикаландырылған жұмыс және материалдық құрал – сайманды қолдана отырып, типтік технологиялық процесс бойынша өңдеу;
құралдарды, электрокүйдіргіш немесе құмырсқа қышқылын пайдалана отырып, қолдан сымдардың желілерінің соңдарынан изоляцияны алу. Жартылай автомат және автоматта сымдарды, кабельдер мен баулардың бөгеттерін тазалау және қалайылау;
электрорадиоэлементтерінінің (бұдан әрі - ЭРЭ) тұжырымдарын және микросхемаларды қалыптау, тегістеу;
изоляциялық шұлықтарды, қорғау және таңбалау түтіктерін кигізу, жіп және металл бандаждарды, орамдарды салу және оларға лак жағу, оқшаулау мен сынабекітпелерді бекіту, байланыс жапырақшалары мен ұштарын дәнекерлеу;
сымдардан изоляцияларды алу үшін сірке қоспасын және топтастыруды талап ететін басқа да қышқылдарды дайындау;
бөлшектерін желімдеу және түрлі ЭРЭ желімдермен, лактармен, мастикалармен бекіту;
Достарыңызбен бөлісу: |