2012 жылғы қаржы басқармасы жұмысының қорытындысы туралы есеп



Дата23.02.2016
өлшемі105.45 Kb.
#6336
2012 жылғы қаржы басқармасы жұмысының қорытындысы туралы есеп
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қаржы басқармасына бюджеттердің атқарылуын үйлестіру бойынша, бюджеттік есепті жүргізу, ақшалай қаражат қозғалысының мониторингі, анық мемлекеттік есептілікті ұсыну, және де мемлекеттік активтерді басқару бойынша функциялар бекітілген.

2012 жылдың ағымында қаржы басқармасы келесі мәселелерді шешу бойынша жұмыс жүргізді:



  • бюджеттік қаражаттың уақытында пайдаланылуын қамтамасыз ету,

оларға тұрақты талдау жүргізу;

  • бюджеттік қаражаттың игерілмеу себептерін уақытында анықтау

мақсатында олардың мониторингін жақсарту бойынша шаралар қабылдау;

  • қалалар және аудандар әкімдерімен бірлесе әлеуметтік объектілерді

мемлекеттік меншікке қайтару бойынша шаралар қабылдау;

қалалар және аудандар әкімдерімен бірлесе ұсыныстар енгізу.

Жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қаржы басқармасының орта жасы 42 жасты, мемлекеттік қызметтегі орта жұмыс өтілі 16 жылды, қаржы басқармасындағы орта жұмыс өтілі 9 жылды құрайтын, мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 42 бірліктен, 10 бөлімнен тұратын құрылымы бекітілді.

Есептік кезеңде кіріс хат-хабарына 5049 құжат, оның ішінде заңды және жеке тұлғалардың 1205 өтініші, облыс әкімінің аппаратынан 1520 бақылау құжаты келіп түсті. Шығыс хат-хабарынан 4723 құжат жолданды.Тапсырмалардың уақытында және сапалы орындалмауына ескертулер болмады.

Қаржы басқармасы 2012 жылы мемлекеттік есептілікті қалыптастыру және уақытында орталық және тиісті уәкілетті органдарға ұсыну бойынша шараларды іске асырды.

9 бюджеттік бағыт бойынша бекітілген кезеңдерде мыңнан астам есептер ұсынылды, қазынашылық органдармен салыстыра тексерулер жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша басқарма атына ескертулер мен сәйкессіздіктер жоқ. Облыс бюджетінің барлық деңгейлерін бекіткеннен кейін белгіленген мерзімдерде қаржыландырудың жиынтық жоспарлары жасалып бекітілді, ағымдағы жылы мәслихат сессияларының шешімдеріне сәйкес тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бюджетті атқару барысында бюджеттік қаражаттың уақытында игерілуіне әсер ететін ұйымдастыру шараларына кіретін міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларына 1436 өзгеріс енгізілді.

Жоғарыда аталғандайқаржы басқармасының негізгі міндеттерінің бірі облыс бюджетін атқару болып табылады, және оны жүзеге асыру мақсатында басқарма 2012 жылы тұрақты негізде күн сайын, апта сайын, ай сайын жергілікті бюджеттер түсімдерінің, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуының, республикалық бюджет нысаналы трансферттерін пайдаланудың мониторингі жүргізіліп отырды, оның нәтижелері бойынша облыс басшылығына тиісті ақпарат жолданып тұрды.

2012 жыл ішінде қалалар мен аудандар әкімдері және облыстық басқармаларға әрбір аппарат мәжілістерінде, әкімдік отырыстарында және селекторлық мәжілістерінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарлары бюджет қаражатын толық игеруді қамтамасыз ету қажеттілігі туралы тапсырмалар берген болатын.

Игерілмеген қаражат фактілері бойынша, сондай-ақ, басқарма құзыретіне кіретін басқа проблемалық мәселелер бойынша барлығы 37 қызметтік жазбахат облыс әкімі, әкім орынбасарының атына жолданған болатын.

Сонымен қатар, 2012 жылы қаржы басқармасы бюджетті атқару мәселелері бойынша 24 мәжіліс өткізген болатын, оның ішінде:

- қалалар мен аудандар әкімдері, орынбасарларының және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының қатысуымен бюджет қаражатының игерілу мәселесі бойынша 12 селекторлық мәжіліс;

- Зырян, Аягөз, Зайсан аудандарында және Өскемен, Семей қалаларында мемлекеттік сатып алу және коммуналдық мүлікті басқару туралы заңнамаларды түсіндіру мәселелері бойынша 7 көшпелі семинар;

- Семей және Өскемен қалаларында облыс кәсіпорындарының қаржылық-шаруашылық қызметі бойынша есептілікті толтыруды түсіндіру бойынша 2 көшпелі мәжіліс;

- облыстық әкімшілерді, қалалар мен аудандардың қаржы бөлімдерін шақыра отырып, қаржы басқармасында 3 мәжіліс, оның нәтижесінде толық көлемде бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру бойынша нақты іс-шаралар анықталған болатын.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын түсіндіру үшін ҚР Қаржы министрлігінен лекторларды тарта отырып, Өскемен және Семей қалаларында 5 оқу семинарын ұйымдастырған болатын.

ШҚО Қаржы басқармасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап облыстың мемлекеттік мекемелерінің бухгалтерлік қызметтері қоғамдық сектор және есептеу әдісі үшін Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ҚСХҚЕС) сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік әдістемесіне ауысу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.

Ауысу кезінде мемлекеттік мекемелерге консультациялық көмек көрсету үшін және мемлекеттік мекемелердің қаржылық қызметкерлерінің ҚСХҚЕС-ке сәйкес есептеу әдісіне бухгалтерлік есептің ауысу бойынша біліктілігін арттыру мақсатында Қаржы басқармасы бас, жетекші бухгалтерлер мен ішкі бақылау қызметтері қазметкерлері үшін «Қаржы білім орталығы» ЖШС-тан лекторларды тарта отырып оқыту семинарларын ұйымдастырды.

Басқарма сайтында мемлекеттік мекемелерініңі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті реформалау бойынша жүргізілген жұмыс туралы және оқытатын орталықтар туралы қажетті ақпарат жарияланған. 2013 жылы 1 қаңтарда облыс бойынша мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік қызметтердің 1988 қызметкерінің 1950–уі оқытылды. 38-і оқытылған жоқ, оның ішінде – 2 (2013 жылғы қаңтарда жаңадан қабылдаған); 36 - 2013 жылдың 1 тоқсанында оқыту жоспарланды.

Қаржы басқармасы 2012 жылы кредит берудің, бюджеттік кредиттерді тіркеуді жүргізу және пайдалануды есепке алудың, пайыздық мөлшерлемелерді қайта есептеу және жоғары тұрған бюджетке уақтылы қайтарудың мониторингі бойынша жүктелген міндеттер шеңберінде 2009 жылы Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде алынған 1 123,0 млн. теңге сомадағы республикалық кредитті толық көлемде қайтаруды жүргізді. Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдауіс-шараларын жүзеге асыруға арналған республикалық бюджеттен бөлінген 31,3 млн. теңге кредиттерді қайтару жүргізілді. «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы бойынша МБРР қарыз мерзімі бойынша 7,7 млн. теңге сомадағы несие өтелді.

2013 жылы Өскемен қаласындағы ипотекалық тұрғын үй құрылысына бөлінген 1 107,0 млн. теңге сомадағы республикалық бюджет алдындағы кредиттерді уақтылы өтеу бойынша міндеттемелердің басталатынын атап өткен жөн.

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес облыстың қаржы органдарынабюджеттік қаражатты басқарудыбағалауды талдау бойынша және барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағалауларына қорытындыларды әзірлеу бойынша және қалалар мен аудандардың – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша міндеттер жүктелді.

Және де егер 2011 жылы қаржы басқармасы және іске қосылған мемлекеттік органдар пилоттық режімде облыс деңгейінде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша 2010 жылға тек 2 басқармаға (ішкі саясат және туризм, дене шынықтыру және спорт басқармалары) және Семей қаласының бюджеттік даму бағдарламаларына бағалау жүргізсе, 2012 жылы 2011 жылдың қорытындылары бойынша барлық облыстық басқармалар бойынша жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қорытындысы бойынша бюджеттік қаражатты басқару бағыты бойынша 2011 жылғы облысты бағалаудың жалпы балы орта республикалық 58,9 балмен мүмкін 100 балдың ішінен (2010 жылы 58,2 балл) 37,9 балды құрады. Бағалау 19 жергілікті атқарушы орган және 6 облыстық бағдарламалар әкімшісінің 69 бюджеттік даму бағдарламасы бойынша жүргізілді.

Қорытынды негізінде даму бюджетін жүзеге асыратын барлық облыстық әкімшілерге, қалалар мен аудандар әкімдіктеріне жүргізілген бағалау нәтижелері және тұжырымдары мен ұсыныстары бар қорытындылар жеткізілді.

2012 жылғы шілдеде Облыстың өңірлік сараптау комиссиясы облыс әкімдігі қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша 2012 жылға іс-шаралар жоспарын бекітті, оны орындау үшін қаржы басқармасы облыс әкімдігінің ішкі бақылау және талдау қызметімен бірлесіп ай сайын бағалау критерийлері бойынша максималды көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған жұмыс жүргізді және шаралар қабылдады, облыстық басқармалармен ішкі бақылау қызметін құру мәселелерін қарастырды.

Қазіргі уақытта 2012 жылға бюджеттік қаражатты басқару бойынша бағалауға арналған материалдарды жинау жүргізілуде.

Қаражатты тиімді игерудің негізгі көрсеткіштерінің бірі мемлекеттік сатып алу рәсімдерін уақтылы жүргізу болып табылады.

Қаржы басқармасы жүктелген міндеттер шеңберінде мемлекеттік сатып алуды веб-портал арқылы жүргізу мониторингін жүргізді. Сондай-ақ, қазақстандық қамту мониторингі жүргізілді.

Жыл қорытындысы бойынша қазақстандық қамту үлесі 78,3 % құрады (тауарлар – 52,6 %, жұмыстар – 90,3 %, көрсетілетін қызметтер – 93,6 %), ол орта республикалық көрсеткіштен 6,1 %-ға жоғары, және 2011 жылғы көрсеткіштен 1,2 %-ға жоғары (77,1 % ).

2012 жылдың басынан ҚР Қаржы министрлігі мамандарын қатыстырумен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы түсіндіру және веб-портал арқылы конкурс және аукцион тәсілдерімен электрондық сатып алуға ауысу бойынша12 оқу семинар өткізілді.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сапалы жүргізу мақсатында ағымдағы жылы қаржы басқармасы қаржылық бақылау мамандарын қатыстыра отырып Семей және Зырян қалаларында көшпелі семинар-кеңестер ұйымдастырды, ол жерде мемлекеттік сатып алу жоспарларын, конкурстарды уақытында жариялау, конкурстық комиссиялардың білікті құрамынқамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.



Коммуналдық мүлікті басқару бойынша жүктелген міндеттер бөлігінде қаржы басқармасы келесі жұмысты жүргізді.

  1. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес

2012 жылы облыстық әкімдіктің қаулыларымен Облыстың коммуналдық мүлкін одан әрі сатып алу құқығымен және құқығынсызсенімгерлік басқаруға беру ережесі, сонымен қатар Облыстың коммуналдық мүлкін мүлiктiк жалдауға беру (жалға алуға) ережесі әзірленді және бекітілді.

Аталған ережелерді орындау мақсатында басқарма

ҚР Үкіметі 2012 жылғы 4 желтоқсанда №1546 қаулысын қабылдауына байланысты, мемлекеттік мүлікті, соның ішінде мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларды басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыруға дайындық басталды. Қаулы 2013 жылғы 10 наурыздан бастап күшіне енеді.

Жыл ағымында

2012 жылдың қорытындысы бойынша облыстық бюджет кірісіне коммуналдық мүлікті жалға алудан түскен түсімдер сомасы 99,9 млн. теңгені құрады, ол 2011 жылғы кірістерге 102,2 % (2011 жылғы жалға алу түсімі – 97,8 млн. теңге) құрады.

2012 жылдың қорытындысы бойынша облыстық коммуналдық меншіктің 21 объектісі 16,1 млн. теңге сомаға жекешелендірілді.



  1. «Мемлекеттік мүлік туралы», «Бәсекелестік туралы» Қазақстан

РеспубликасыныңЗаңдарына сәйкес ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің өңіраралық инспекциясымен бірлескен жұмыс жүргізілді, оның барысында одан әрі қызметіне келісім алмаған 19 мемлекеттік кәсіпорынның:

1 кәсіпорын одан әрі қызметіне келісім алды

9 кәсіпорын ЖШС болып қайта құрылды;

8 таратылды;

1 кәсіпорын таратылу сатысында. Осы кәсіпорын бойынша салықтық тексеру жүргізу барысында келесі бұзушылықтар анықталды:


  • қазіргі кезге дейін аталған кәсіпорын теңгерімінде біреуі «Аягөз

ауданының ТКШ бөлімі» ММ-не берілген негізгі құралдар есепте тұр;

  • зейнетақы аударымдары және т.б. бойынша берешек анықталды.

Жоғарыда аталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін тарату рәсімі аяқталатын болады.

Аталған заңнама талаптарына сәйкес 2012 жылы 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі жарғылық капиталдың 51% мөлшердегі мемлекеттік үлестердің бөліктері бәсекелі ортаға берілді, оның ішінде мемлекеттің қатысуымен 4 серіктестік және меншік иесі «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ болып табылатын 2 серіктестік.

Қаржы органдары облыс аумағында орналасқан ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын мемлекеттік және жеке меншік объектілерін есепке алу, анықтау, бекіту бойынша жұмыс жүргізуде.

2012 жылы жүргізілген түгендеу мемлекеттік сияқты жеке меншік түрінің 2090 объектісін анықтады. Қазіргі уақытта облыс бойынша жалпы жергілікті атқарушы органдармен 1787 объекті қарастырылды, яғни қалпына келтіру, қайта құру, пайдалану және т.б. бойынша шаралар қабылданды. 303 объекті қарастырылмаған болып қалуда.

2012 жылдың ағымында облыста одан әрі мониторингілеумен гидротехникалық құрылыстар, жасанды су қоймалар, магистральді, су шарушашылығы каналдарын түгендеу жүргізілді, 197 объектінің ішінен тізбе құрастырылды, оның ішінде:

2013 жылы «Шығыс су қоймалары» КМК теңгеріміне тағы 70 гидротехникалық құрылысты бекіту жоспарлануда. Осы объектілерді төлқұжаттандыруға және қажетті құжаттаманы ресімдеуге ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына облыс бюджетінен 168 млн. теңге бөлінді. Төлқұжаттар жасалғаннан кейін гидротехникалық құрылыстар «Шығыс су қоймалары» КМК теңгеріміне белгіленген заңнамаға сәйкес бекітілетін болады.

Әділет органдарында тіркелген, бірақ екі жыл бойы өндірістік қызметті жүргізбеген мемлекеттік кәсіпорындарды тарату бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта 202 кәсіпорынның ішінен 178-і таратылды. Қалған 24 мемлекеттік кәсіпорынның ішінен:

Ұлттық компанияларды, мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларды оңтайландыру, сонымен қатар олардың басқару аппаратының саны мен еңбекақы қорын қысқарту жөніндегі Елбасының тапсырмасын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ. Н. Келімбетовтің 2012 жылғы 24 сәуірдегі тиісті хаттамалық шешімін орындау үшін облыста мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілді.

2012 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік мүлік тізілімінде:

488 мемлекеттік кәсіпорын есепте болды, оның ішінде:



  • 102 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын;

  • 386 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

  • 4 акционерлік қоғам;

  • 33 жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

2012 жылы жүргізілген әкімшілік-басқару аппаратын оңтайландыру

нәтижесінде 102 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ішінен 24-і қайта құрылды, 6-уы таратылды, біртектес қызметті 5 кәсіпорын біріктірілу арқылы қайта құрылды. 2012 жылы жүргізілген әкімшілік-басқару персоналын оңтайландыру нәтижесінде қысқартылатын штат бірліктерінің саны 98,25 құрады, еңбекақы қорының жылдық үнемі – 14 558,4 мың теңге.

386 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ішінен 12-і қайта құрылды, біртектес қызметті 7 кәсіпорын біріктірілу арқылы 4 кәсіпорынға қайта құрылды.2012 жылы жүргізілген әкімшілік-басқару персоналын оңтайландыру нәтижесінде қысқартылатын штат бірліктерінің саны 44,75 құрады, еңбекақы қорының жылдық үнемі – 16 986,44 мың теңге.

2012 жылы «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ жүргізілген әкімшілік-басқару аппаратын оңтайландыру нәтижесінде 5 штат бірлігі қысқарды, еңбекақы қорының жылдық үнемі 9 287,28 мың теңгені құрады.



Сонымен қатар, өткен жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қатысуымен 33 жауапкершілігі шектеулі серіктестікте 7 штат бірлігі қысқартылды, еңбекақы қорының жылдық үнемі 3 042 мың теңгені құрады.

Әлеуметтік маңызы бар объектілерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысында 2012 жылы облыс аудандары мен қалаларының коммуналдық меншігіне әлеуметтік маңызы бар 12 объект қабылданды, оның ішінде: 5 балабақша ғимараты (2 – Өскемен қаласы, 1 – Семей қаласы, 1 – Жарма ауданы, 1– Ұлан ауданы), 6 мәдениет объектісі (1 – Өскемен қаласындағы ММҮ ғимараты, Жарма, Үржар, Шемонаиха және Көкпекті аудандарындағы 5 ауыл клубының ғимараты) және Шемонаиха ауданыРулиха ауылындағы 1 аурухана ғимараты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет