2012 жылы орталық мемлекеттік органдармен шығарылған актілердің тізбелерін зерделеу нәтижелері бойынша қорытындылау



Дата22.02.2016
өлшемі74.5 Kb.
#1001
2012 жылы орталық мемлекеттік органдармен шығарылған актілердің тізбелерін зерделеу нәтижелері бойынша қорытындылау
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті (бұдан әрі - НҚАТД) Үкіметтің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актiлердiң (бұдан әрі - НҚА) құқықтық мониторингiн жүргiзу қағидасының 16-тармағына сәйкес, 2012 жылы уәкілетті органдармен қабылданған, министрлер мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге басшылары бұйрықтарының, орталық мемлекеттiк органдар, Орталық сайлау комиссиясы қаулыларының тізбелерін зерделеді (бұдан әрі – салыстыру).

Осылайша, өткізілген салыстыру нәтижесі келесіні көрсетті.

НҚАТД-ті барлығы 13 мың 795 актілерді зерделеді.

Атап айтқанда:

- Денсаулық сақтау министрлігі – 1582;

- Қорғаныс министрлігі – 1016;

- Көлік және коммуникациялар министрлігі – 937;

- Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігі – 818;

- Ішкі істер министрлігі – 678;

- Ауыл шаруашылығы министрлігі – 673;

- Сыртқы істер министрлігі – 626;

- Ұлттық қауіпсіздік комитеті – 606;

- Білім және ғылым министрлігі – 578;

- Төтенше жағдайлар министрлігі – 571;

- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – 513;

- Қаржы министрлігі – 490;

- Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі – 485;

- Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі – 461;

- Қоршаған ортаны қорғау министрлігі – 397;

- Ұлттық банк – 387;

- Статистика жөніндегі агенттігі – 359;

- Табиғи монополияларды реттеу агенттігі – 351;

- Экономикалық даму және сауда министрлігі – 350;

- Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі – 280;

- Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі – 256;

- Мәдениет және ақпарат министрлігі – 242;

- Республикалық бюджеттін атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті – 237;

- Мұнай және газ министрлігі – 200;

- Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі – 191;

- Ұлттық ғарыш агенттігі – 135;

- Бас прокуратура – 121;

- Бәсекелестікті қорғау агенттігі – 115;

- Атом энергиясы агенттігі – 55;

- Дін істері агенттігі – 41;

- Орталық сайлау комиссиясы – 41;

- «Сырбар» қызметі – 3.

Оның ішінде 764 НҚА мемлекеттік тіркеуден өткен, атап айтқанда:



- Ұлттық банк – 165;

- Қаржы министрлігі – 72;

- Көлік және коммуникациялар министрлігі – 66;

- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – 57;

- Ауыл шаруашылығы министрлігі – 50;

- Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі – 39;

- Білім және ғылым министрлігі – 47;

- Қоршаған ортаны қорғау министрлігі – 32;

- Статистика жөніндегі агенттігі – 29;

- Экономикалық даму және сауда министрлігі – 26;

- Денсаулық сақтау министрлігі – 24;

- Ішкі істер министрлігі – 20;

- Мәдениет және ақпарат министрлігі – 19;

- Ұлттық қауіпсіздік комитеті – 16;

- Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігі – 15;

- Табиғи монополияларды реттеу агенттігі – 13;

- Мұнай және газ министрлігі – 12;

- Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі – 11;

- Бас прокуратура – 10;

- Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі – 6;

- Ұлттық ғарыш агенттігі – 6;

- Төтенше жағдайлар министрлігі – 6;

- Дін істері агенттігі – 5;

- Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі – 5;

- Орталық сайлау комиссиясы – 4;

- Сыртқы істер министрлігі – 2;

- Қорғаныс министрлігі – 2;

- Республикалық бюджеттін атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті – 2;

- Атом энергиясы агенттігі – 2;

- Бәсекелестікті қорғау агенттігі – 1;

- Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі –0;

- «Сырбар» қызметі –0.

НҚАТД-ті 7 мемлекеттік органдарда (Орталық сайлау комиссиясы, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігі, Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Көлік және коммуникациялар министрлігі және Бәсекелестікті қорғау агенттігі) азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын, Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге заңнамамен белгіленген мерзімде уақытылы ұсынылмаған 29 НҚА анықтады.



1. Орталық сайлау комиссиясы.

- «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутатарын сайлау құжаттарың нысандарын белгілеу туралы» 2011 жылғы 16 қарашадағы № 61/107 (қарастырылуда);

- «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 13 шілдегі №15/215 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 64/121 («Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/182 қаулысымен күші жойылды);

- «Сайлау учаскелеріндегі, пункттердегі дауыс беруге арналған үйлерді жабдықтау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 15/215 ( «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/182 қаулысымен күші жойылды );

- «Бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» 2011 жылғы 16 қарашадағы № 61/106 (мерзімі аяқталуына байланысты қолданысы тоқтатылды);

- «2012 жылғы 15 қантарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауындағы шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері» 2011 жылғы 21 қарашадағы № 61/111 (мерзімі аяқталуына байланысты қолданысы тоқтатылды);

- «2012 жылғы 15 қантарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутатарының кезектен тыс сайлауы және мәслихаттары депутаттараның кезекті сайлауы жөніндегі сайлау құжаттарының кейбір нысандарын белгілеу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы № 63/117 қаулысы (мерзімі аяқталуына байланысты қолданысы тоқтатылды);

- «2012 жылғы 15 қантарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгілеу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы № 63/118 (мерзімі аяқталуына байланысты қолданысы тоқтатылды);

- «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау 2011 жылғы 24 қарашадағы №63/118 қауылысына өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 75/139 (мерзімі аяқталуына байланысты қолданысы тоқтатылды);

- «2012 жылгы 16 қантарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында Қазақстан Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламеті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгілеу туралы» 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 76/142 (мерзімі аяқталуына байланысты қолданысы тоқтатылды).



2. Денсаулық сақтау министрлігі.

- «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейге халықты дәрілік заттармен қамтамаз етудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 17 ақпандағы № 90 («Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 90 бұйрығымен күшін жою туралы» Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 1 ақпандағы бұйрығымен күші жойылды);

- «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалды реформа жургізу» жобасының шенберінде магистратурада және ұзақтығы бір айдан астам басқа да курстарда шетелде оқытуға шығыдарды төлеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 27 наурыздағы № 192 («Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 22 қарашадағы № 819 бұйрығымен күші жойылды );

- «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарда Қауіптің мінез-құлық факторлары жөніндегі денсаулық мектептерін ұйымдастыру және оның қызметі туралы ережені бекіту туралы» 2012 жылғы 5 наурыздағы № 146 бұйрығы («Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 22 қарашадағы № 819 бұйрығымен күші жойылды);



3. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігі

- «Астана каласының қала маңы аймағындағы аумақтарда сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеу ережелерін бекіту туралы» 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 478;

- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау және осы салада сараптамалық жұмыстар мен инжирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттесттаттау регламенттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 19;

- «Таратушы құбыржолдары бойынша табиғи газ тасымалдауды және табиғи газ сатуды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысшылары санының нормативтерін бекіту туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 21;

- «Лифтерге қызмет көрсететін операторларға, лифтерлерге арналған үлгі ңұсқаулық » 2012 жылғы 24 ақпандағы № 68;

- «Газды тасымалдалуды және сатуды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысшылары санының нормативтерін бекіту туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 20;

- «Жылу энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергожабдықтау ұйымдардың жұмысшылары санының нормативтерін бекіту туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 27;

- «Тұтынушыларға электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергожабдықтау ұйымдардың жұмысшылары санының нормативтерін бекіту туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 28.



Жоғарыда көрсетілген бұйрықтар «Бұйрықтардың жою туралы» Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігі Төрағасының 6 тамыздағы № 391 бұйрығымен күші жойылды.

- «Құрылыс саласындағы мамандырылған құрылыс зертханаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 316 («Құрылыс саласындағы мамандандырылған құрылыс зертханаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және үй-коммуналдық шаруашылық істері агентігі төрағасының 2012 жылғы 4 шілдегі №316 бұйрығының күші жойылды туралы деп тану туралы» Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 29 қарашадағы № 316 бұйрығымен күші жойылды).



4. Сыртқы істер министрлігі.

- «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің кезекші коменданттарды туралы ережені бекіту туралы» Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 08-1-1-1/30 қбпү және «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының 2012 жылғы 6 ақпандағы № 1/ қбпү бірлескен бұйрығы («Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің кезекші коменданттары туралы» Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 08-1-1-1/391 және «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 50/ қбпү бірлескен бұйрығымен күші жойылды).



5. Білім және ғылым министрлігі.

- «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламары бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және білім алушы қатарына қабылдау» атты мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентін әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» 2012 жылғы 30 мамырдағы № 246 Білім және ғылым министрі м.а. 2012 жылғы 30 мамырдағы № 246 «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламары бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және білім алушы қатарына қабылдау» атты мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентін әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Білім және ғылым министрі м.а. 2012 жылғы 1 қазандағы № 246 бұйрығымен күші жойылды);

- «Білім беру ұйымдарында ұлттық, мемлекеттік мерекелерді, сондай-ақ басқа да сатанатты іс – шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» 2012 жылғы 6 маусымдағы № 261 («Білім беру ұйымдарда ұлттық, мемлекеттік мерекелерді, сондай – ақ басқа да салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану жөніндегі үлгілік нұсқаулық» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірі міндетін атқарушысының 2012 6 маусымдағы № 261 бұйрығының күшін жою туралы» Білім және ғылым министрі м.а. 2012 жылғы 1 қазандағы № 452 бұйрығымен күші жойылды);

- «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсетін талапкердің құжаттарын қабылдауды және кешенді тестілуді өткізуді ұымдастыру туралы» 2012 жылғы 14 мамырдағы № 212 (мерзімі аяқталуына байланысты қолданысы тоқтатылды);

- «2012-2013 оқу жылында жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарында мемлекеттік, орыс және шетел тілдері бойынша түсу емтихандарын өткізу туралы» 2012 жылғы 27 шілдедегі № 305 (мерзімі аяқталуына байланысты қолданысы тоқтатылды);

- «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірі бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» 2012 жылғы 21 мамырдағы № 230 (бұйрықтың көшірмесі Әділет министрлігіне жіберілген);

- «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірі бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» 2012 жылғы 4 маусымдағы № 255 (бұйрықтың көшірмесі Әділет министрлігіне жіберілген);

6. Көлік әне коммуникациялар министрлігі

- «Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдану мәселелері туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі № 405 «Азаматтық авиация саласындағы халалықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдану мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министірінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 405 бұйрығымен күшін жою туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 48 бұйрығымен күші жойылды).



7. Бәсекелестікті қорғау агенттігі

- «Тауар нарығындағы бәсекелі ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы» 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 8 – ОД (қарастырылуда).

Анықталған заңсыз 29 НҚА-ға қатысты Әділет министрігімен Заң бұзушылықтарын жою туралы 7 ұсыныс (бұдан әрі - Ұсыныс) енгізілді, атап айтқанда:

- Орталық сайлау комиссиясына – 9 НҚА-ға қатысты 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 4-2-13/И-1860;

- Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігіне – 7 НҚА-ға қатысты 2012 жылғы 26 шілдедегі № 4-1-37/И-2991 және 1 НҚА-ға қатысты 2012 жылғы 27 қарашадағы № 4-1-38/И-4394;

- Білім және ғылым министрлігіне – 6 НҚА-ға қатысты 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 4-1-38/И-3450;

- Денсаулық сақтау министрлігіне – 3 НҚА-ға қатысты 2012 жылғы 21 маусымдағы № 4-1-14/И-2587;

- Сыртқы істер министрлігіне – 1 НҚА-ға қатысты 2012 жылғы 2 шілдедегі № 4-2-13/И-2699;

- Көлік және коммуникация министрлігіне – 1 НҚА-ға қатысты 2012 жылғы 28 қарашадағы № 4-1-23/И-4413;

- Бәсекелестікті қорғау агенттігіне – 1 НҚА-ға қатысты 2013 жылғы 27 ақпандағы № 4-2-8/И-4482.



Енгізілген ұсыныстар нәтижесінде уәкілетті органдармен 27 НҚА қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді және 2 НҚА қарастырылуда.

НҚАТД

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет