5 сайланған Бейнеу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2013 жылғы 9 шілде №15/ 97 Бейнеу селосы
Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы
20 желтоқсандағы №10/70 «2013-2015
жылдарға арналған аудандық бюджет
туралы» шешіміне өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 2 шілдедегі № 11/164 «Облыстық мәслихаттың «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2266 реттік санымен тіркелген) шешіміне және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 02-17-4971 «Заң бұзуды жою туралы» ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
-
Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/70 «2013-
2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2189 реттік санымен тіркелген, «Рауан» газетінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 5 (2080) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
шешімде:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін, оның ішінде 2013 жылға келесі көлемде:
-
кірістер – 5896471,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1797518,7 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 9080,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4191,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 4085681,6 мың теңге;
2) шығындар – 5961533,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 101977,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 115351,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 13374,0 мың теңге;
-
қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
-
бюджет тапшылығы (профициті) – -167039,1 мың теңге;
-
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
167039,1 мың теңге.»;
2-2 тармақтың 1) тармақшасындағы «92,7» сандары «97» сандарымен, 4) тармақшасындағы «92,4» сандары «97» сандарымен ауыстырылсын;
3 тармақта:
төртінші абзацтағы «8899» сандары «8783» сандарымен,
алтыншы абзацтағы «5196» сандары «4779» сандарымен,
жетінші абзацтағы «23615» сандары «25514» сандарымен,
оныншы абзацтағы «3262» сандары «3263» сандарымен,
он екінші абзацтағы «180075» сандары «452995» сандарымен,
он жетінші абзацтағы «204072» сандары «204075» сандарымен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жиырмасыншы абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті атқарушы органдардың штат санын ұлғайтуға – 17030 мың теңге.»;
5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жергілікті өкілетті органның келісімі бойынша жергілікті атқарушы орган айқындайтын, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесіне сәйкес, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда 25 процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін»;
көрсетілген шешімге 1,2,4,5 қосымшалар осы шешімнің 1,2,3,4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
Сессия төрағасы Аудандық мәслихат
хатшысы
М.Қырымқұлов А.Ұлұкбанов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы:
_________________М.Нысанбаев
«9» шілде 2013 жыл
Маңғыстау облыстық Әділет департаментіне 15 шілде 2013 жыл №2269 санымен тіркелді.
Достарыңызбен бөлісу: |