2013 жылдың 9 айына арналған Чапаево ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының Сергей Борисович Долговтың жұмысы туралы есеп Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауына, «Қазақстан – 2050»



Дата10.07.2016
өлшемі57.12 Kb.
#189321
2013 жылдың 9 айына арналған Чапаево ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының Сергей Борисович Долговтың жұмысы туралы

есеп
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауына, «Қазақстан – 2050» Стратегиясына, елді – мекендердің әлеуметтік – экономикалық өміріндегі қоғамның рөлін күшейту туралы заңнамалық актілерге, орындаушы өкіметтің қызметінің ашылуына сәйкес, селолық округі әкімінің міндетін атқарушының кезекті есебі жүргізілуде.

Осы уақытқа дейін қандай өзгерістер болды?

2013 жылдың мамырында біздің округтің құрамына ресми түрде Восточное және Алтынсай с. көптеген мәселелерімен қосылды айта кетсек, ауыз сумен қамту, жолдар (қысқы және жазғы мерзімдегі күтіп ұстайтын), түнгі уақыттағы көшелерді жарықтандыру, жолаушыларды тасу, жеке меншік малдарды жаю, сонымен қатар жеке мал шаруашылығын жеммен және қыста жанар – жағармаймен қамтамасыз ету. Басқаша айтқанда, осы мәселелер әрбір село тұрғындарының алдында тұрған және тұратын мәселелер болып табылмақ.

Тамыз айында барлық деңгейдегі әкімдердің 4 жылға сайлаулары өтті. Мемлекеттік қызметкерлердің берілген санаттағы сапасының жаңа талаптарына байланысты ауданда 5 селолық округ және Зубовка кентінің әкімі ауысты. Сондай – ақ селолық округ әкімдері саясаты санатынан әкімшілік санатына ауыстырылды. Аудандық маслихат депутаттары маған сенім білдіріп округ әкімі жұмысын жалғастыруға сенім білдірді. Қазіргі уақытта мен ҰҚК органдарының арнайы тексеруінің нәтижесі келгенге дейін әкімнің міндетін атқарып жүрмін.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» ҚР заңының даму процесі жалғасуда. Негіздеп алғанда заңнамалық актілерге сәйкес округтің өзін – өзі басқару органдарының қаражатын жинауды жүргізу үшін Қазынашылықта қосымша есеп – шот ашылған. Республикалық органдардың штаттарының қысқаруының есебінен селолық әкімдіктердің штаттық кестесі кеңейді. Біздің округте 2 мемлекеттік қызметкер қосылды. Сонымен қатар округте жағымсыз өзгерістер күтіп тұр. Білім беру жүйесінде Орловка с. негізгі және бастауыш мектебінің жабылу сұрағы шешілуде. Балаларды басқа ауылдардағы сияқты Чапаево орта мектебіне таситын болады.

«Қазақстан – 2050» бағдарламасында жалғасын тапқан, селоның экономикалық қызметін дамытуға және сақтауға, оның әлеуметтік инфрақұрылымына бағытталған, селолық аумақты дамыту бағдарламасы осы мақсаттағы қаржыландыруды дамытуды қарастырады. Биылғы жылы Восточное және Орловка селоларына кіреберіс жолдарды жөндеуге бюджеттік комиссияға сметаны дайындап тапсыру қажет.

Чапаево с. Заречная көшесінде және Восточное селосында ауланы жарықтандыруды қалпына келтіру бойынша сметалар жасалған. 2014 жылы ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі арқылы Чапаево с. ауданында қоқыс тастайтын жерді жетілдіруге және Чапаево с. ауыз су жүйесін жөндеуге ЖСҚ сұрағын шешу күтіп тұр. 2014- 2015 жылдары барлық селодағы жолды жөндеу және ауланы жарықтандыру бойынша жұмысты аяқтап, сумен қамту жүйесін жөндеу бойынша жұмысты бастау, (Чапаево с) Заречная көшесіндегі көпірді жөндеу, яғни 2016 жылы пайдалануға беру жұмыстары күтіп тұр. Демеушілер арқылы Жеңістің 70 – жылдығына қарсы Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың ескерткішін жөндеу жоспарлануда.

Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту барысында округтің халқына мал шаруашылығын, ара шаруашылығын дамытуға, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге, мал сою алаңын салуға, коммуналдық кәсіпкерлікті ұйымдастыруға несие беру жоспарлануда.

Білім беру саласында – Орловка селосынан балаларды жеткізуді есепке ала отырып, жаңа автобусты сатып алу .

Мәдениет және спорт саласында алдағы күтіп тұрған өзгерістерді есепке ала отырып жастармен жұмыс істеу үшін «Болашақ» бағдарламасын кеңінен пайдалану, спортнұсқаушысы сұрағын шешу.

Барлық бағдарлама округ және аудан әкімінің халықпен есептік кездесуінде келіп түскен сын ескертулер мен ұсыныстар, сонымен қатар жергілікті бюджетте қажет қаражаттың болмауынан бүгінгі күні шешілмеген сұрақтар арқылы жасалған.

Бүгінгі күні 2013 жылдың ақпан және сәуір айларындағы есептік кездесуінде мән берілген сұрақтардың ішінен не атқарылды?



  • МҮ жылыту жүйесіне қосымша калорифер сатып алынды.

Мекеменің шатырына комиссиялық тексеру жүргізілді, жөндеуге 300 мың теңге бөлінді, жұмыстар жүргізілді;

  • Чапаево с. Береговая көшесіндегі ауланы жарықтандыруды қалпына

келтіру жұмысы аяқталды, жүйеге қосу жөніндегі шараны тексеру жүргізілді.

  • Заречная к-сі бойынша көпірдің сметасы ақпанда ТҮКШ бөліміне

және ауданның бюджеттік комиссиясына ұсынылған. Бұрын мен атап өткендей, берілген сұрақ 2014 – 2017 жылдардың 4 жылдық бағдарламасында көрсетілген.

  • Снегирево с. тұрғындары коммуналдық қызметті төлеу үшін ауылда

терминал орнатуды сұраған. Берілген сұрақ бойынша ЖК В.С. Нестеренкомен «Родник» дүкенінде өз есебінен өз күшімен терминалды орнатуға келісім жасалған.

  • сумен қамту қызметі үшін мемлекеттік мекемелермен ынталы топқа

қазынашылық органдары арқылы төлемді аудару сұрағы шешілді.

үшін «ОТАU» ТV антеннасымен қамтамасыз ету бойынша төменгі бағамен жабдықты алушылардың тізімі жасалып жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне антеннді тегін орнату үшін аз қамтылған отбасыларының тізімі берілген, орнату бойынша жұмыстар ескертулермен жүріп жатыр. Қажет жабдықтың болмауының себебінен қозғалмалы телерадиомұнарасын орнату процессі ұзартылуда.

  • Восточное с. балалары үшін білім беру бөлімінің автобус сатып

алуы арқылы Зырян қ. мектептеріне және үйлеріне жеткізу сұрағы шешілді. «Шығыс» ш/қ есебінен орталық көшеге тас төгілді. Оның болашақтағы жөндеуіне смета жасалған. Ауыз сумен қамту мәселесі бойынша жұмыстың бағасы жоғары болғандықтан бір саңылауды бірнеше отбасына бұрғылау жолдары арқылы ұсынылады, себебі нысанды заңды түрде пайдалануға және ЖСҚ дайындауға, қалпына келтіру жұмыстарына көптеген миллиондаған шығындар шығады орталықтандырылған сумен қамту жүйесін қалпына келтіру ұзақ уақытты талап етеді. Жолаушылардың қаламен қатынасу мәселесі бойынша маршруттардың шығынға ұшырауынан жолаушыларды тасушылармен сұрақты шешу мүмкін емес.

  • Чапаево с. зиратты қоршау сұрағы, кооледждердің студенттерінің Чапаево с. 2012 жылдан бері «Халиф Громм» ЖШС салып жатқан мектептегі жұмыстары үшін ақыларын төлеу, сонымен қатар Снегирево с. клуб ретінде берілген ғимаратқа электр энергиясын қосу ашық болып қалады. Әлеуметтік салаға қаражатты бөлу және пайдалану мәселесі бойынша қауымға келесілерді айтамын:

Ауланы жарықтандыруды қалпына келтіруге, техникалық қызмет көрсетуге және жұмыс істеуіне 2023 мың теңге бөлініп, 1137 мың теңге пайдаланылды.

Қысқы жолды күтіп ұстауға 1454 мың теңге бөлінді барлығы толықтай пайдаланылды. 2013 жылдың қараша – желтоқсанына округтің селоларының әлеуметтік нысандарының ара қашықтарын анықтап елді – мекендердің қосылуын есепке ала отырып қосымша 1605 мың теңге бөлуге тапсырыс берілді.


Республикалық бюджеттің есебінен Восточная, Победы көшелерінің, Школьный қиылысының шұңқырларын жөндеуге 1576 теңге бөлінді, сметаға және орындалған жұмыстың көлеміне сәйкес барлығы толықтай игерілді.

Елді –мекендердің тазалығына 283 мың теңге жоспарланған 248 мың теңге пайдаланылды (ауыл шаруашылығын жоғалтқанына өтемақы үшін мемлекеттік баж). Қалған 35 мың теңге заңсыз қалдық тастаған жерді тазалауға бағытталады.

Әкім аппаратының қызмет етуіне бөлінген қаражат бір жылғы бюджеттік жоспарға сәйкес пайдаланылады және қаржы бөлімінің, қазынашылықтың, іс шаралар әкімшілігінің ай сайынғы бюджетті орындау үшін аудандық комиссияның бақылауында болады. Жемқорлықпен күрестің басқа да шаралары мемлекеттік қызметкерлердің «Жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңын білу мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы өзін – өзі және өзара тексеру, бақылаушы органдардың тарапынан тексеру болып табылады.

Округ әкім аппаратының жыл соңына дейінгі тұрған мақсаты, әлеуметтік салаға бөлінген ақшаны барынша пайдалану, сондай – ақ әділет органдарында ауыз сумен қамту жүйесінің және кәріздің құжаттарын тіркеу (нысандардың техникалық паспорттары, жерді пайдалану актісі), 4 жылдық бағдарламаға сәйкес әлеуметтік саланың нысандарына сметаны дайындау, 2014 жылдың бюджеттік бағдарламасының анықталуын аяқтау, халықтан салықты жинауды 100 % қамтамасыз ету, алдағы жылға қойылған мәселелі сұрақтары бойынша әрбір елді – мекен орналасқан жерде олардың уәкілеттігін анықтап және жұмыс жоспарын құра отырып өзін – өзі басқару кеңесін құру болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет