Орал қаласы қаржы бөлімінің 2013 жылға атқарған жұмысы туралы Есебі



Дата23.02.2016
өлшемі19.02 Kb.
#3136
Орал қаласы қаржы бөлімінің

2013 жылға атқарған жұмысы туралы

Есебі.
«Орал қаласы қаржы бөлімі» жергілікті бюджеттің орындалуы мен бақылауды және қалалық коммуналдық меншікті мемлекеттік басқару мен қадағалау құзырын атқаратын уәкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады. Орал қаласы қаржы бөлімінің штаттық саны 13 бірлікпен бекітілген. Нақты саны 13 бірлікті құрап отыр.

Орал қаласы қаржы бөлімінде төмендегідей 2 сектор бар:



  1. Бюджеттің орындалуын ұйымдастыру секторы

  2. Коммуналдық меншікті басқару секторы.


Бюджеттің орындалуын ұйымдастыру секторы
Негізгі міндеті – қала бюджетінің атқарылуы бойынша жұмыстарды орындау және ұйымдастыру.

1. Қала бюджетiнiң атқарылуы жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, соның ішінде жоғары бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің орындалуына бақылау жүргізеді.

2. Қаланың бюджетiне түсетiн түсiмдердi болжауға қатысады.

3. Қала бюджетi түсiмдерiнiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерiстердi әзiрлейдi, бекiтедi және енгiзедi.

2013 жылдың 1 қазанына шығыстар бойынша жоспар 16 462 617 мың теңге орындалуы 15 205 511,6 мың теңге, немесе 92,4%. Бюджеттік түсімдердің жоспары мен қаржыландыруына 305 өзгеріс енгізілді, соның ішінде: сессия шешімдерін жүзеге асыру туралы қаулылармен - 29, резервтер бойынша – 8, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен үсынған өтініштер бойынша – 268 өзгеріс енгізілді.

4. Қала бюджетi атқарылуының мониторингісiн жүзеге асырады. Ай сайын бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне есепті уақытқа қалалық бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілмегені жөнінде ақпараттар жібереді.

5. Ай сайын бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне бөлінген қаржыны уақытында орындалуы туралы ақпараттар жібереді.

6. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен игерілмеген қаржы жөнінде, және де игерілмеген нысаналы трансферттер жөнінде есеп ұсынады.

7. Сектор қалалық бюджеттің айлық, жартыжылдық, жылдық орындалуы жөніндегі есепті, кредиторлық және дебиторлық берешегі жөніндегі есепті жүргізеді.

8. Әрбір бюджеттік бағдарламалардың кассалық шығындарының есебін қамтамасыз етеді.

2008 жылдың 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік кодексінің 132 бабына сәйкес 2013 жылғы 14 маусымдағы кезекті №14-3-ші сессия шешімімен «2012 жылдың Орал қаласы бюджетінің орындалуы туралы» есеп бекітілген.
Коммуналдық меншікті басқару секторы.
Сектордың негізгі мақсаты – қалалық коммуналдық меншікті басқару, қорғау, мемлекеттік меншіктің тиімді және дұрыс пайдалануы бойынша жұмыстар жүргізу. Секторда - 1 сектор меңгерушісі және 2 бас маман қызмет атқарады.

Жыл басынан 2013 жылдың 01 қыркүйегіне Орал қаласының коммуналдық меншігінде тұрған 96 мүлікті коммуналдық меншік нысанын мүліктік жалға (жалдауға) беру және 6 сенімгерлікпен басқару келісім –шарттары жасалынды.



Жалға беру нысандары – құрал-жабдықтарымен мектеп асханалары, электр желілер бағаналары.

Сенімгерлік басқаруға беру нысандары – қаланың электр куатымен қамтамасыз ету құралдары, жылу қазандықтары.

Жыл басынан бюджетке түскен сомма - 16 796 746 теңгені құрайды.

2013 жылдың 01 қыркүйегіне дейін сектор тарапынан коммуналдық мүлік жөнінде, яғни коммуналдық мүлік есебіне қабылдау, теңгерімге бекіту, жалға беру, өзгерістер енгізу, күшін жою т.б. сұрақтар бойынша 188 бұйрық дайындалып шығарылды, бақылауға алынды.

Қала аумағында мемлекеттік мүлік реестрі бойынша 64-МКҚК, 6-МКК, 73-ММ, 11-ЖШС ресми түрде тіркелген.


Жалпы осы тізілім бойынша 7184 нысан тіркелген. 2013 жылдын 01 қаңтарына жалпы сомасы – 36 471 719,5 мың теңгені құрайды.

2013 жылдың 01 қазанына Орал қаласының коммуналдық меншігіне 118 дана меншік қабылданды, соның ішінде:

  • автокөліктер – 6;

  • тұрғын үйлер, ғимараттар – 17;

  • нысандарды – 42;

  • басқада құралдар – 75

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға бекітілген мүліктерді теңгерімінен теңгерімге 907 дана нысан берілді, соның ішінде:

  • автокөліктер – 10;

  • ғимараттар – 2;

  • нысандарды – 10;

  • басқада құралдар – 885


Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге бекітілген мүліктерді есептен шығаруға 72 494 дана рұқсат берілді, соның ішінде:

  • компьютерлер – 119; (ММ)

  • кітапхананын фонды – 71 286;

  • басқада құралдар – 1089.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет