2013 жылға арналған Жаңақорган ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы



Дата29.02.2016
өлшемі15.65 Kb.
#29453
Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 450 Қаулысы

2013 жылға арналған Жаңақорган

ауданының аумағында тұратын,

нысаналы топтарға жататын

адамдардың қосымша тізбесін

белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және


өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2013 жылға арналған Жаңақорған ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ибрагимовке жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Жаңақорған ауданының

әкімі С. Тауипбаев

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы әкiмдiгiнiң 20___ жылғы «___» _______



№ ____ қаулысына қосымша

2013 жылға арналған Жаңақорған ауданының аумағында тұратын, мақсатты топтарға жататын адамдардың қосымша

тізбесі



  1. 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар.

  2. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.

  3. Отбасында бірде-бір жұмыс істемейтін отбасы тұлғалары.

  4. Бір жылдан ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар.

  5. Техникалық және кәсіби білім беру орындарының түлектері.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет