2013 жылғы 01-14 ақпан аралығында есеп беру кездесулері барысында



Дата14.06.2016
өлшемі83.95 Kb.
#135662
2013 жылғы 01-14 ақпан аралығында есеп беру кездесулері барысында

Өскемен қаласының әкімі С.Ш. Тәукебаевқа қалалықтардан түскен ескертулерді, ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша

іс-шаралар жоспарын орындау бойынша I тоқсанға ақпарат

№№

п/п

Іс-шара атауы

Қала әкімінің жауапты орынбасары, қала әкімі аппаратының басшысы

Жауапты

орындаушы

Орындау мерзімі

Орындау барысы

1

ЖМК ауданынан 250 орынды бала-бақша ашу. Космическая, 6/3 және Буров көшесі, 51 мекен-жайындағы бұрын мемлекеттік мекемелермен қолданыста болған екі бала-бақшаны қайтару.

А.Қ.Нұрғазиев

А.А.Кузнецов

К.А.Бұқабаева

2012 жылдың

3-тоқсаны



Білім беру бөлімінің кезең кезеңімен қайтару жоспарына сәйкес 2013 жылы 2 балабақша ғимаратын қайтару жоспарланған:

- Буров көшесі, 51 мекенжайындағы 320орынған арналған балабақша ғимараты. Ғимарат қайтарылды және «Лада» балабақша» ЖШС жалға берілді. Қазіргі уақытта аталған балабақшада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2013 жылдың шілде айында 162 орынға арналған 6 топ ашылатын болады;

- Космическая көшесі, 6/3 мекенжайындағы «Рудный Алтай», «Дидар» газеттерінің редакциялары орналасқан бұрынғы балабақша ғимараты қайтарылған жоқ, жұмыс жүргізілуде.

19 тұрғын ауданында орналасқан № 15 «Рахат» балабақшасын ашу 2013 жылдың маусым айына шегерілді.



2

№ 44, 24, 42 мектептерге жасанды шөп жабындысымен үш футбол алаңын салып, енгізу. Аблакет кенті мен Меновной ауылына жасанды шөп жабындысымен екі футбол-хоккей қорап-шасын салып, енгізу.

А.Қ.Нұрғазиев__С.Омарханов__А.А.Кузнецов'>А.Қ.Нұрғазиев

С.Омарханов

А.А.Кузнецов


Ағымдағы жылдың аяғына дейін

Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында, Өскемен қаласы аумағында ағымдағы жылы Аблакетка кентінде (№ 14 орта мектеп аумағы), Меновной ауылында (№ 42 орта мектеп аумағы) жасанда жабынмен 2 футбол алаңшаларының құрылысы жоспарлануда. Сонымен қатар, № 24, 44 орта мектептер аумағында орналасқан футбол-хоккей қорапшаларын қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймын.

3

Глубокое ауданының Винное селосындағы жабық ат-спорты мане-жінде иппотерапия әдісімен мүгедек балаларды оңалтуға көмек көрсету.

А.Қ.Нұрғазиев

С.Ж.Жүніспекова

Ағымдағы жылда

2013 жылдың сәуір айынан 2013 жылғы 24 ақпанда «Үлбі» әлеуметтік орталығымен жарияланған мемлекеттік сатып алулар рәсімдері аяқталғаннан кейін Глубокое ауданы, Винное ауылындағы жабық аттық-спортты манежде мүгедек балалар үшін иппотерапия әдісімен оңалту оқуы басталады.

Қазіргі уақытта емдік салт жүрісін оқу (иппотерапия) үшін медициналық жақ-пауы жоқ мүгедек балалардың тізімдері қалыптастырылуда.



4

Жеке тұрғын ұй құрылысы мен түрлі нысандарға беріліп ұзақ уақыт бойы қолда-нылмаған жер телім-дерін қайтару бойынша жұмыстарды белсен-діру.

Д.Ю.Кавригин

Б.А.Акрамов

Ағымдағы жылда

Арналуы бойынша ұзақ уақыт пайдаланылмайтын жер учаскелеріне қатысты келесіні хабарлаймын.

2010 жылдан бастап қаланың жер қатынастары бөлімімен ұзақ уақыт пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыс басталған болатын.

2010 жылы 14 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

2011 жылы жер қатынастары бөлімінде ұзақ уақыт пайдаланылмайтын жер ретінде есепте тұрған 26 субъектіге қатысты жер учаскелері мемлекеттік меншікке түсті деп тану туралы сотқа өтініштер берілді.

Олардың ішінен 16 субъектіге қатысты бас тартылды, олардың 10 учаскелерді пайдалануға кірісті, 3 субъект ШҚО аумағында жоқ, 3 субъект өз учаскелерін сатып жіберді, соның нәтижесінде меншік иесі өзгерді.

5 субъект бойынша құрылыстың 2012-2013 жылдары басталатыны туралы соттан тыс тараптар келісімге келді.

4 субъект бойынша әкімнің өтініштері қанағаттандырылды, 6 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 учаске мемлекеттік меншікке соттан тыс тәртіпте қайтарылды.

2011-2012 жылдың басында 52 субъектіге қатысты материалдар құзіреті бойынша Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына (бұдан әрі ШҚО бойынша ҚРА АЖИ) тиісті шаралар қабылдау үшін тапсырылды.

ШҚО бойынша ҚРА АЖИ 2012 жылғы 15 субъектіге қатысты талап арыз беру басталды, олардың ішінен 6 тарап арыз қанағаттандырылды, жер учаскелері ұзақ уақыт пайдаланылмағандықтан мемлекеттік меншікке қайтарылды.

9 субъект бойынша ұзақ уақыт пайдаланылмағандығына негіздеме жоқ болғандықтан талап арыздарды қанағаттандырудан бас тартылды.

2011-2012 жылдары істелген жұмыстардың нәтижесінде аумақтық жер инспекциясының және қала әкімінің талап арыздары бойынша 10,5 га аудандағы 12 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Жобалау-сметалық құжаттмалары бар және жер заңнамасын бұзушылықты жойғандарына байланысты 19 субъектіні есептен алып тастадық.

16 субъект есептен шығарылды, себебі жер учаскелері бойынша сатып алу-сату мәмілелері жасасылды, жер учаскелерінің меншік иелері ауысты және субъектілер ШҚО аумағында жоқ болуына байланысты.

2012 жылы ШҚО бойынша ҚРА АЖИ-ге қаланың орталық бөлігінде орналасқан, Пермитин Және Қазақстан көшелерінің қиылысындағы, Ертіс өзені арқылы көпір алдындағы алаңдағы, Қ. Сәтпаев атындағы даңғылдағы жер учаскелері, ұзақ уақыт пайдаланылмайтын жер учаскелері бойынша материалдар қосымша бағытталды.

Осы жер учаскелерінің меншік иелеріне жер учаскелерін пайдалану бойынша бір жыл ішінде шаралар қабылдау қажеттігі, олай болмаған жағдайда жер учаскелері сот шешімі бойынша мемлекететтік меншікке қайтарылатыны туралы жазбаша ескертулер жіберілді.

2013 жылы ШҚО бойынша ҚРА АЖИ-ге 15 субъектіге қатысты ұзақ уақыт пайдаланылмайтын жер учаскелері бойынша материалдар жолданды, оларға жазбаша ескертулер тапсырылды.

Әкімнің талап арызы бойынша 2013 жылы мемлекеттік меншікке Самсоновка ауылының маңындағы ауданы 7,0 га жер учаскесі қайтарылды.

ШҚО бойынша ҚРА АЖИ-мен 2012 жылы хабарландырылған 6 субъект бойынша ескерту мерзімі өтіп кетті, ШҚО бойынша жер инспекциясының мамандарымен сот алдындағы бақылау тексеруі жүргізілуде, сонан соң жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берілуі мүмкін.

Қазіргі уақытта ШҚО бойынша ҚРА АЖИ-мен жер учаскелерін мемлекеттік меншікке мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз беру басталды.

Осы бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғастырылуда.


5

Қосымша шағын сәулеттік формаларды құру.

Д.Ю.Кавригин

Ж.Б.Баирханов

4 тоқсан

2013 жылы Өскемен қаласында 98 кіші сәулеттік формаларды орналастыру жоспар-лануда

6

Қаланың Октябрьский ауданындағы сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта құрастыру.

Д.Ю.Кавригин

Ж.Б.Баирханов

2013 жыл

4 тоқсан


«Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тапсырысы бойынша «Өскемен қаласындағы Октябрьский ауданының сумен қамту желілерін қайта жаңарту» жобасы әзірленді. 2013 жылы «Қаладағы Октябрьский ауданының сумен қамту желілерін қайта жаңарту» жобасын іске асыруға 51 591 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Жобаны іске асыру конкурстық рәсім аяқталғаннан кейін басталады.

7

Крылов көшесіндегі 68, Славский атындағы жағалау көшесіндегі 30, 34, А. Протозанов көшесіндегі, 137 үйлер-дегі лифттерді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру

Д.Ю.Кавригин

Ж.Б.Баирханов

үнемі

Қала бюджетінен бөлінген қаражаттарға сәйкес 2011 жылы 14 лифті, 2012 жылы – 15 лифті жөнделді, 2013 жылы 6 лифтіні жөндеу жоспарланып отыр (лифт жабдықтарын толық ауыстыра отырып, лифтілерді жөндеуге 49,485 млн. теңге бөлінді, жөндеу үшін 6 лифті анықталды). Конкурстық рәсімдер өткізілді. «СитиЛифт» ЖШС жұмыстарды орындауға шарт жасалды. Жұмыстарды орындау мерзімі 09.04.2013 жылдан 01.08.2013 жылға дейін.

2013 жылы жөнделетін жолаушылар лифтілерінің тізбесі:



  • Славский атындағы жағалау, 30 (12 қабатты тұрғын үй);

  • Славский атындағы жағалау, 34 (12 қабатты тұрғын үй);

  • Протозанов көшесі, 137 (12 қабатты тұрғын үй);

  • Крылов көшесі, 68 (бірінші подъезд) – 9 қабатты тұрғын үй;

  • Крылов көшесі, 68 (екінші подъезд) – 9 қабатты тұрғын үй;

  • Крылов көшесі, 68 (үшінші подъезд) – 9 қабатты тұрғын үй.

Ағымдағы жылы 6 лифтіні жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстарды орындауды есепке ала отырып, 2013 жылы тағы да 23 лифтіге жөндеу жүргізуге мүмкіндік бар, оларға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, сол үшін қосымша 172,5 млн. теңге қажет.

8

Қала көшелеріне орташа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

Д.Ю.Кавригин

Ж.Б.Баирханов

4 тоқсан

Жұмыста

9

Меновной ауылдық аймағын қоса отырып, қосымша жол белгілері мен бағдаршам нысан-дарын қалпына келтіру және орнату.

Д.Ю.Кавригин

Ж.Б.Баирханов

3 тоқсан

Қазіргі уақытта Өскемен қаласында 54 бағдаршам объектісі бар, олар күнде-лікті режимде жұмыс істейді. 2013 жылы қалалық бюджеттен бөлінген 45 000 000 теңге мөлшерінде қаражатқа сәйкес келесі қиылыстардағы бағдаршам объектілері ауыстырылып, қалпына келтіріледі:

  1. Өтепов көшесі – Комсомол көшесі;

  2. Мыза көшесі – Буров көшесі – Новаторов көшесі;

  3. Қ. Батыр көшесі – Протозанов көшесі;

  4. Қ. Батыр көшесі – Киров көшесі;

  5. Қ. Батыр көшесі – Буров көшесі;

  6. Қ. Батыр көшесі – Тұрмыстық үйі;

  7. Қ. Батыр көшесі – Новаторов көшесі;

  8. Ғ. Аязбаев көшесі – Пограничная көшесі;

  9. Тәуелсіздік даңғылы – Абай даңғылы.

Бұдан басқа, қаланың жол полициясы бөлімімен жүргізілген комиссиялық тексерістен кейін қажетті жерлерде жол белгілері орнатылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет