2013 жылғы 1 сәуірдегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы
2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыс бюджетіне 52484,8 млн.теңге болжаммен 54846,3 млн.теңге кіріс түсті, соның ішінде 38689,9 млн.теңге сомасы республикалық бюджеттен берілген субвенция мен нысаналы трансферттерді құрады.
Меншік кірістер 130,7 %-ға орындалды. Жоспарды орындау Шемонаиха ауданынан басқа барлық қалалар мен аудандар бойынша қамтамасыз етілді.
2013 жылғы 3 айға болжам су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем, орманды пайдаланғаны үшін төлем, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер, аукциондағы сатулардан түскен кіріс және азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерден басқа барлық кіріс көздері бойынша орындалды.
Облыстық бюджетке 2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3807,6 млн.теңге болжаммен 5967,6 млн.теңге меншік кірістері немесе 2160,0 млн.теңге жоспардан тыс түсімдер түсті.
Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер мен субвенцияны ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 50114,2 млн.теңге жұмсалды.
Облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 40364,1 млн.теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына 9750,1 млн.теңге бағытталды.
Облыстық білім беруге 15518,8 млн.теңге бағытталды, немесе 98,4%-ға орындалды, соның ішінде:
- мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 1458,8 млн.теңге;
- облыс қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 10209,7 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектеп-балабақшаларға – 9479,7 млн.теңге, арнаулы білім беру оқыту бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге – 382,1 млн.теңге, мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды жалпы білімдік оқытуға – 347,9 млн.теңге;
- техникалық және кәсіптік білім беру мен оқытуға – 1404,9 млн,теңге.
Ағымдағы кезеңде облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлері, баспаналар, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген балаларды ұстауға) 277,4 млн.теңге бағытталды, ол 98,9%-ды құрады.
2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Денсаулық сақтау басқармасы бойынша бюджеттің атқарылуы 12042,4 млн.теңгені немесе 93,8%-ды құрады.
Ағымдағы жылдың 3 айында қант сусамыры, онкологиялық, гемофилиямен ауыратындарды, ЖИТС инфекциясын жұқтырған, гематология, сондай-ақ, халыққа иммундық профилактика жүргiзу үшiн вакциналарды және басқа иммунды-биологиялық препараттарды сатып алуға 2742,4 млн.теңге сомадағы қаражат бағытталды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қайтаруға шығындарды ағымдағы қаржыландыруға 6143,2 млн.теңге бағытталды. Республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге 1069,0 млн.теңге жұмсалды, аудандық және ауылдық маңызы бар денсаулық сақтау субъектілерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсетуге – 1200,8 млн.теңге, наркологиялық диспансерлер мен оңалту орталықтарындағы, хоспистардағы науқастарды емдеуге кеткен шығындар 171,7 млн.теңгені құрады. Аурулардың ерте сатысын анықтау мақсатында халыққа скринингтік зерттеулер өткізу үшін 28,4 млн.теңге жұмсалды.
2013 жылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жәрдемақылар: тұрғын үй көмегі – 48,9 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 64,2 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 105,5 млн.теңге төлемақылар жүзеге асырылуда.
Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша игеру 178,1 млн.теңге сомасында 90,2%-ды құрады.
2013 жылы білім беру объектілерін дамытуға республикалық және облыстық бюджеттер қаражаттары есебінен 5514,9 млн.теңге бөлу қарастырылды, соның есебінен Зырян ауданының Зырян, Өскемен, Риддер қалаларындағы және Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылының балабақшалары, Үржар ауданының, Ұлан ауданының Молодежный кентінің орта мектептерінің құрылысы жалғастырылатын болады. Есептік кезеңге 735932,7 млн.теңге игерілді.
Сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласындағы Қан орталығы мен Семей қаласының көп салалы қалалық ауруханасы және облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы құрылыстары, облыс өңірлеріндегі жедел медициналық көмек стансасы мен жеті дәрігерлік амбулатория құрылысы бойынша жаңа объектілер жалғастырылатын болады, оларға 8510,8 млн.теңге жоспарланды, есептік кезеңге 1725,7 млн.теңге немесе 94,8 % игерілді.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен Семей қаласындағы көп салалы қалалық аурухана құрылысына (қоса қаржыландыру), Семей қаласының облыстық онкологиялық диспансерінің радиологиялық орталығы құрылысына, Семей қаласының жедел медициналық көмек стансасының құрылысына, Өскемен қаласындағы облыстық онкологиялық диспансері жанындағы сәулелі терапия орталығының құрылысы, Семей қаласындағы 80 төсекті туберкулезге қарсы балалар ауруханасының құрылысы, Катонқарағай ауданының Аққайнар ауылындағы және Глубокое ауданының Черемшанка ауылының 20 адам қабылдай алатын дәрігерлік амбулатория құрылысы, Өскемен қаласының және Глубокое ауданының Глубокое кентінің балалар емханасының құрылысына ЖСҚ әзірлеуге 1568,1 млн.теңге сомасында шығындар ескерілді.
Есеп беру жылы әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін дамытуға Зырян ауданы Грехово кентіндегі Грехов кенішінің әкімшілік-шарушылық корпусының ғимаратын қайта жаңартуға, Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы психоневрологиялық-медициналық-әлеуметтік мекемесіндегі бұрынғы аурухана құрылысы (қоса қаржыландыру) қайта жаңартуға, Зырян ауданының Грехово кентіндегі мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін оңалту орталығы ретінде Грехов кенішінің әкімшілік-шарушылық корпусының ғимаратын қайта жаңартуға, «Зимовьев психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ-дегі кір жуу ғимаратының құырылысна ЖСҚ әзірлеуге 487,6 млн.теңге жоспарланды.
Облыстық бюджетте мәдениет және спорт объектілерін дамытуға Өскемен қаласындағы қазақ драма театрының және мәдени-демалу орталығының құрылысына, Семей қаласының Абай атындағы әмбебап кітапхана ғимаратын қайта жаңартуға, Ұлан ауданының Торғын, Сағыр ауылдарындағы 200 орынды ауылдық клубтар құрылысы, Күршім ауданының Күршім ауылындағы 300 орынды мәдениет үйінің құрылысы, Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылындағы шығармашылық үйі, Абай ауданының Саржал ауылындағы ауылдық клуб ретінде сауда үйін қайта жаңартуға 2647,7 млн.теңге сомасында қаражаттар қарастырылды. Спорт объектілерін дамытуға Көкпекті ауданының Самар ауылында спорт модулінің құрылысы жоспарланды. Есептік кезеңге жоспарланған сома 367,9 млн.теңге толық игерілді.
Ішкі істер органдарының базаларын нығайту үшін 143,3 млн.теңге қарастырылды, оның есебінен УҰИ ретінде үйжайы бар Затон полиция бөлімін қайта жаңартуға және Семей қаласы маңындағы кентінің бұрынғы ІІБ полиция бөлімшесі ғимаратын қайта жаңарту жүргізіледі.
Қаражаттың басым бағыты облыстың елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйесін дамыту болып табылады. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 7486,4 млн.теңге жоспарланды, олардың есебінен Өскемен, Курчатов және Риддер қалаларында, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Күршім, Үржар, Ұлан және Тарбағатай аудандарында сумен жабдықтау жүйелеріне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады, ағымдағы кезеңге 1316,1 млн.теңге немесе 79,5% игерілді. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен сумен жабдықтау жүйесінің объектілерін дамытуды қоса қаржыландыруға жоғарыда аталған аудандарда 1507,8 млн.теңге қарастырылды, оның 6156 млн.теңгесі немесе 80,8% игерілді.
Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен трансферттер мен кредиттер есебінен 9090,0 млн.теңге сомада қаражат бөлу жоспарланды, оның есебінен коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жоспарлануда.
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын салу және сатып алуға 2540,1 млн.теңге қарастырылды, оның есептік кезеңге 97,5 млн.теңгесі немесе 100% игерілді.
Облыстың көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2013 жылы республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласының Самар тас жолындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль жолын, «Тансық стансасы-«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ескерткіші» автожолын салуға, «Голубой залив» демалыс орнына кіреберіс автожолын жаңалауға, Катонқарағай ауданыныдағы Бұқтырма өзені арқылы көпір құрылысы, Риддер қаласындағы айналма жолының құрылысын аяқтауға 5712,1 млн.теңге сомасында қаражат жоспарланды.
Семей қаласында қазіргі жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру және жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыруға республикалық бюджеттен 6950,0 млн.теңге сомасында трансферттер бөлу қарастырылды.
Республикалық бюджеттен Жарма ауданы Солнечный кентінің қазандығын салуға 435,1 млн.теңге қарастырылды.
Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсатында 11096,9 млн.теңге сомадағы қаражат жоспарланды, есептік кезеңге 600,0 млн.теңге немесе 100% игерілді.
2013 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, облыстық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 8/99-V шешімімен облыстық бюджетте 83 681,6 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 43 574,0 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 40 107,6 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 9 239,3 млн.теңге кредит.
2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 18517,2 млн.теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді, іс жүзінде жоғары тұрған бюджеттен 17066,1 млн.теңге бөлінді, оның ішінде есеп беру кезеңінде 16509,9 млн.теңге немесе 96,7 % игерілді.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 748,3 млн.теңге, кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша – 284,9 млн.теңге, мектеп мұғалімдер және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілерінің біліктілік санаты үшін қосымша ақы мөлшерін ұлғайтуға – 208,3 млн.теңге, вакциналар мен басқа дәрілік препараттарды сатып алуға – 2220,2 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге – 2738,6 млн.теңге, әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге – 59,9 млн.теңге, Жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға – 142,2 млн.теңге, қайта енгізіліп жатқан әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға – 21,9 млн.теңге, Семей қаласының жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңарту және қайта құруға – 2384,9 млн.теңге, «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы аясындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 599,9 млн.теңге, сумен жабдықтау жүйесін дамытуға – 1583,6 млн.теңге, эпизоотияға қарсы іс-шараларға – 329,8 млн.теңге, автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге – 432,4 млн.теңге, көлік инфрақұрылымын дамытуға – 222,9 млн.теңге жұмсалды.
Достарыңызбен бөлісу: |