Гипофиздің, эпифиздің құрылысы, маңызы



бет1/2
Дата03.01.2022
өлшемі31.33 Kb.
#450720
  1   2
анат бож.ЭНДО (1)




«Қазақстан-Ресей медициналық



НУО «Казахстанско-Российский

университеті» МЕББМ

медицинский университет»

БӨЖ №1

Гипофиздің, эпифиздің құрылысы, маңызы.

Орындаған: Тұрсынбай Ержан

Топ 206-А, ЖМ

Алматы

2021ж.


Гипофиз, оның құрылысы мен қызметі. Гипофиз барлық омыртқалы жануарларда кездеседі. Құрылысы жағынан ол алдыңғы, аралық (ортаңғы) және жүйкелі, немесе артқы бөліктерге бөледі.

Ішкі секрециялық бездер жүйесінде гипофиз ерекше орын алады. Оған әртүрлі функциялар тән. Гипофиз басқа эндокриндік бездердің қызметін реттеуге қатысады, сондықтан оны орталық без деп есептейді. Гипофиз гормондары организмнің негізгі биологиялық процестерін, денедегі зат алмасуды - судың, минералды тұзардың, көмірсулардың, белоктың, майдың алмасуын реттейді.

Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше гормон бөлінеді. Олар фолликуланы жандандырғыш, лютеиндеуші, тиреотроптық, адренокортикотроптық, соматотроптық гормондар.

Соматотроптық немесе өсу гормоны (СТГ) құстарда нашар зерттелген, кейбір зертеушілер ондай гормон жоқ деп санайды. Дегенмен құстың өсіп-дамуына бұл гормонның рөлі болары анық, өйткені гипофизді алып тастаса, құстың өсуі тежеледі, қаңқаңың, ішкі ағзалардың көлемі кішірейеді.

Адренокортикотроптық гормон (АКТГ) молекулалық массасы 4500–5400 ге тең жалғыз тізбекті полипептидке жатады, құрамында 39 амин қышқылдық қалдық болады. Бұл гормон бүйрек үсті бездің шоғырлы және торлы аймақтарына әсер етіп, глюкокортикоидтардың түзілуін күшейтеді. Гипофизді сылып тастағаннан кейін бүйрек үсті бездің қыртысты бөлігі семеді, бірақ одан гормондардың бөлінуі тоқталмайды.

АКТГ бүйрек түтікшелерінде натрий, хлор элементтерінің және судың кері сорылуына ықпал етеді, май мен амин қышқылдарынан глюкозаның түзілуін күшейтіп, қандағы қанттың деңгейін жоғарылатады. Бұл катаболизмдік әсері бар гормон, организмнен азоттың бөлінуін күшейтеді, капилляр қабырғасының өтімділігін төмендетіп, қабынуға тосқауыл жасайды, организмнің әртүрлі қолайсыз әсерлерге бейімделуінде маңызды рөл атқарады.



Тиреотроптық гормон (ТТГ) молекулалық массасы 23–32 мыңға тең гликопротеид тобына жатады. Ол қалқанша бездің қызметін жандандырады, тиреоглобулиннің ыдырауын үдетіп, қанға тироксин мен үшйодты тирониннің бөлінуін күшейтеді, йодтың қалқанша безде жиналуын жақсартады. Оның әсерімен қалқанша без фолликулаларының ішіндегі коллоидтар сұйылып, азаяды.

Гонадотроптық гормондар (ГТГ) жыныс бездерінің өсіп, дамуына әсер етіп, олардың қызметін реттейді, жыныс гормондарының секрециясын күшейтеді, организмнің физиологиялық күйін өзгертеді.

Гонадотроптық гормондар үш топқа бөлінеді: фолликуланы жандандырғыш (ФЖГ) лютеиндеуші (ЛГ), лютеотроптық (ЛТГ). Гонадотроптық гормондар аталық та, аналық та дарақтарда кездеседі, бірақ мекиендерде лютеиндеуші гормонды көбірек бөледі.



Фолликуланы жандандырғыш гормон (ФЖГ) аналық бездің дамуын және қызметін реттейді. Оның әсерімен фолликулалар дамып, фолликулалық сұйықтық жиналады, түйіршікті (гранулезді) торшалар көбейіп (пролиферация), оларда аналық гормондар (эстрогендер) түзіледі. Аталық дарақтарда ФЖГ аталық бездің аралық (интерстициальдық) ұлпасына, оның аталық жыныс гормонын түзетін Лейдиг торшаларына әсерін тигізбей, тек аталық жыныс торшаларының түзілуін (сперматогенезді) реттейді.

Лютеиндеуші гормон (ЛГ) овуляцияны - жетілген фолликулалардың жарылуын, жыныс торшасының аналық безден бөлінуін реттейді. Бұл гормонның әсерімен овуляция жүрген фолликулаларда сары дене түзіледі. Аталық құстарда ЛГ аталық жыныс гормонының түзілуін күшейтеді.

Лютеотроптық гормон (ЛТГ) или пролактин сары денеден прогестерон гормонының бөлінуін күшейтіп, құстың балапан басу инстинктін жандандырады, кептерлерде жемсау бездерінің әрекетін күшейтеді, ФЖГ мен эстрон синтезін тежейді. Жемсау бездері құрамында 14% белок, 7,75% май, 1,03% минералды заттар болатын ерекше сұйық – «кептер сүтін» бөледі. «Кептер сүтінің» құрамында лактоза мен казеиноген болмайды.

Аденогипофиздің секрециялау қызметі қайтарымды байланыс негізінде гипоталамус ядролары нейросекреттерімен реттелінеді. Гипофиз бен басқа ішкі секрециялық бездер арасында да қайтарымды байланыс принципіне негізделген екі жақты қатынас орын тепкен. Осының нәтижесінде аденогипофиздің троптық гормондары шеткей эндокриндік бездердің кызметін жандандырса, олардан бөлінген гормондар өз кезегінде гипофиздің троптық гормондарының түзілуі мен бөлінуін тежеп отырады.



Гипофиздің аралық (ортаңғы) бөлігі глюкопротеид сипатты колоидты секрет бөледі. Гипофиздің бұл бөлігінің гормоны интермедин, немесе меланофорлық гормон деп аталады. Интермедин пигмент алмасуын реттейді. Бұл гормонның жылы қанды жануарлар үшін физиологиялық маңызы әлі анықталмаған, себебі оларда бояғыштар (пигменттер) басқа факторлардың әсерімен түзіледі.

Гипофиздің артқы бөлігі, немесе нейрогипофиз, түрленген нейроглиялық торшалардан - питуициттерден құралған. Бұл торшалар гормондар түзу процесінде белгілі рөл атқарады. Қазіргі кезде қалыптасқан көзқарастарға сәйкес нейрогипофиз гормондары гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларында түзіледі де, липопротеидтік секрет түйіршіктері түрінде гипоталамус-гипофиз жолы аксондары бойымен гипофиз сабағы арқылы гипофиздің артқы бөлігіне өтеді. Гипофиздің артқы бөлігі тек нейросекреттер қоймасы ғана емес, сонымен қатар олардың белсенді күйге айналуын қамтамасыз ететін маңызды орган. Нейрогипофизде нейросекреттер окситоцин және вазопрессин гормондары түрінде жиналады. Вазопрессин гипоталамустың супраотпикалық, ал окситоцин - паравентикулярлық ядроларында түзіледі.

Вазопрессин антидиурездік әсер етеді. Ол бүйрек түтікшелерінен алғашқы зәр құрамындағы судың кері сорылуын жандандырады. Бұл гормон бүйрек түтікшелері эпителийінің гиалуронидаза ферментін бөлуін күшейтеді. Аталмыш фермент торшааралық заттардағы гиалурон қышқылын полимерсіздеп, түтікшелер қабырғасының өтімділігін жоғарылатады, реабсорбция процесін күшейтеді. Осымен байланысты вазопрессинді антидиуретин (АДГ) деп те атайды. Бұл гормон алғашқы зәрден калий, натрий және хлоридтердің кері сорылуын тежеп, минералдық заттар алмасуын реттейді. Сонымен қатар вазопрессин артериолалар мен капиллярлар арнасын тарылтып, қан қысымын жоғарылатады.

Окситоцин - холинэстеразаны бейтараптап, ацетилхолиннің белсенділігін арттырады, жатырдың бірыңғай салалы еттерінің, жиырылуын күшейтеді. Қораздарда окситоцин шағылысу кезінде шәуеттік жолдың бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын күшейтіп, эякуляция тудырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет