Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы
2013 жылғы 20 қараша №911 Астана қаласы
«Әуе қозғалысына қызмет
көрсету» кәсіби стандартын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Әуе қозғалысына қызмет көрсету» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. ЖҰМАҒАЛИЕВ.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
міндетін атқарушысы
_____________ Қ. Әбсаттаров
2013 жылғы «___» __________
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 20 қарашадағы
№ 911 бұйрығымен бекітілген
«Әуе қозғалысына қызмет көрсету» кәсіби стандарты
1. Жалпы бөлім
1. «Әуе қозғалысына қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;
7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. КС паспорты мынаны анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұан әрі – 03-2007 ҚР МЖ) «52.23 Әуе көлігі саласындағы қызметтер»;
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:
әуе көлігімен тасымалдауға жататын қызметті қамтамасыз ету, әуежайларды және әуе қозғалысын басқаруды қамтамасыз ету;
3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
1-параграф «Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчер»
6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 3144 «Әуеайлақ диспетчерлік (авиациялық-диспетчерлік) пунктінің диспетчері;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: әуеайлақ диспетчерлік (авиациялық-диспетчерлік) пунктінің диспетчері;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе қозғалысына қызмет көрсету.
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчердің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізбесі
7. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
9. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі
11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
12. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.
«Әуе қозғалысына қызмет көрсету»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша
еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері
№
рр/с
|
Қызмет түрінің атауы
|
Еңбек нарығының тенденцияларын ескерумен кәсіптің атауы
|
01-2005 ҚР МЖ сәйкес кәсіптің атауы
|
ҰБШ біліктілік деңгейі
|
БТБА бойынша разряды
| -
|
Әуе қозғалысына қызмет көрсету
|
Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчер (бұдан әрі – ӘҚҚ диспетчері)
|
3144 Әуеайлақ диспетчерлік (авиациялық-диспетчерлік) пункт диспетчері
|
5
|
-
|
Ескертпе: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.
«Әуе қозғалысына қызмет көрсету»
кәсіби стандартына
2-қосымша
1-кесте
1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчердің еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсіптер бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)
|
Авиациялық сала
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары
|
Механикалық және электрлік элементтердің жұмыстарының, нормативтік құжаттармен орнатылған нормалардан асатын түрлі режимдердегі авиациялық қозғалтқыштарды іске қосу және сынама жасау барысындағы шуылдар. Әдеттегі және арнайы авиациялық көліктің әуеайлақ аумағындағы қарқынды қозғалысы; Жер үстіндегі радиолокациялық жабдықта және ұшақтық борттық жабдықта орнатылған АЖЖ сәулелендіру көздерінен қуаттанатын электромагнитті өрістің жоғары деңгейі жағдайларында жұмыс істеу. Түнгі уақыттағы жұмыс. ӘК ұшу қауіпсіздіктерін қолайлы деңгейде ұстау бойынша бір уақыттағы талаптармен бірге ӘК ұшу кестесін орындауға қойылатын коммерциялық қысымда жұмыс істеу
|
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары
|
Жасы – 21 жастан кіші емес;
үшінші сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы;
төмендегілердің бірі бойынша біліктілік белгісінің (рұқсатының) болуы:
1) диспетчерлік брифинг пункті (үшінші сыныпты қолданыстағы медициналық қорытынды талап етілмейді);
2) рульдеу диспетчерлік пункті (бұдан әрі - ДРП);
3) старттық диспетчерлік пункт (бұдан әрі - СДП);
4) мұнара диспетчерлік пункті (бұдан әрі - ДМП);
5) айналу диспетчерлік пункті (бұдан әрі - ДАП);
6) жақындау диспетчерлік пункті (бұдан әрі - ДЖП);
7) жергілікті диспетчерлік пункт (бұдан әрі - ЖДП);
8) аудандық диспетчерлік пункт (орталық) (бұдан әрі - АДП немесе АДО)
9) диспетчер - нұсқаушы;
10) аға диспетчер;
11) ұшулар басшысы;
12) әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестіру диспетчері (үшінші сыныпты қолданыстағы медициналық қорытынды талап етілмейді).
13) Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығы ауысымының бастығы (бұан әрі – ӘҚЖ БО) (үшінші сыныпты қолданыстағы медициналық қорытынды талап етілмейді)
|
СБШ біліктілік деңгейі
|
Кәсіби білімінің және оқыту деңгейі
|
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
|
5
|
Жоғары кәсіби білім немесе
|
Аттестатталған ӘҚҚ диспетчерінің бақылауында әуе қозғалысын практикалық басқару – 3 айдан кем емес
| Ескертпе: ӘК – әуе кемесі.
«Әуе қозғалысына қызмет көрсету»
кәсіби стандартына
3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте
1. «Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчер»
еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифрі
|
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы
|
Ф 1
|
Әуе қозғалысына қызмет көрсету
|
Ескертпе: Ф – функция.
9
«Әуе қозғалысына қызмет көрсету»
кәсіби стандартына
4-қосымша
КС бірліктерінің сипаты
1-кесте
1. «Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчер» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр
|
Еңбек заттары
|
Еңбек құралдары
|
Міндеттер
|
Шеберлігі және
дағдылары
|
Білімі
|
Ф1
|
Аэронавигациялық ақпарат құжаттары;
метеоақпарат көрсету құралдары, ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету.
|
Навигациялық байланыс құралдары, әуе кемесінің навигациялық жүйесі;
Метеорологиялық мәліметтер.
|
М 1-1 Әуе қозғалысына қызмет көрсету
|
Жұмыс технологиясына сәйкес әуе қозғалысына қызмет көрсету машықтары;
Әуе қозғалысына қызмет көрсету барысындағы радиоалмасу қағидаларын және фразеологиясын білу машықтары;
Әуе және метеорологиялық жағдайды талдау машықтары;
Жұмыс процесінде ұшуды және байланыс жасауды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын дұрыс пайдалану машықтары;
Шектес диспетчерлік пункттермен, ӘК-дегі ұшуды қамтамасыз ететін және бақылау жасайтын қызметтермен өзара
|
«Қазақстан Республикасының Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізгі ережелерін білу: жалпы ережелерін білу, әуе кеңістігін пайдалану, ҚР авиациясының құрамы, әуеайлақтардың жіктелімі, әуе кемелерінің жіктелімі, әуе қозғалысы; ҚР әуе кеңістігінің құрылымын білу; әуе қозғалысына қызмет көрсету; эшелондау; әуе трассалары, жергілікті әуе желілері әрі әуе трассаларынан және жергілікті әуе желілерінен тыс маршруттар бойынша ұшу қағидаларын білу;
ҚР мемлекеттік шекарасынан ұшып өту, шекара маңындағы жолақ және онда ұшуды орындау ерекшеліктерін білу;
ҚР әуе кеңістігін пайдалану тәртібін сақтауға бақылау жасау; әуе кеңістігін
|
|
|
|
|
әрекеттесу машықтары;
Әуеайлақта және(немесе) жауапкершілік ауданында апатқа ұшыраған ӘК-іне көмек көрсетуге арналған тиісті қызметтерге дер кезінде ақпарат беру машықтары;
Радиотелефон байланысында қолданылатын тілде радиобайланыс жасай білу машықтары;
Радиотелефон байланысында қолданылатын тiлде шығарылған аэронавигациялық ақпарат құжаттарын қолдана бiлу машықтары.
|
пайдалануға ұшу жоспарлары мен өтінімдер, әуе кемелерінің қозғалыстары туралы хабарламалар беру тәртібі; әуе кеңістігін пайдалануға уақыт режимдері мен қысқа мерзімді шектеулерді әзірлеу және орнату тәртібін білу.
Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 18 қаңтардағы № 103 «Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігіндегі ұшулардың негізгі ережелерін бекіту туралы» Қаулысын білу; ұшу ережелері: анықтауыштар; жалпы ережелер; әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету; әуе кемелерінің ұшулары (негізгі талаптар, ұшуды орындау, ерекше жағдайларда ұшулар, ұшудағы ерекше жағдайлар); іздестіру және құтқару; апат және шұғылдық сигналдарының тiзбесi; апат туралы сигналды және хабарламаны беру тәртібі; азаматтық әуе кемелерін ұстау.
ӘҚҚ-ге байланысты авиациялық оқиғалар: себеп салдары, авиациялық оқиғаларды зерттеу қорытындылары бойынша кемшiлiктер мен ұсынымдар;
авиациялық оқиғалар туралы жалпы ӘҚҚ-ға қатысты бөлігінде ұшуды ережелер, анықтамалар, сыныптамалар мен хабарландырулар. Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету
|
|
|
|
|
|
Ұшуды орындауды реттейтін нормативтiк-құқықтық актiлер; анықтамалар мен жалпы ережелер; әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметi және оның жұмысын ұйымдастыру; әуе кеңiстiгiн ұйымдастыру; әуе қозғалысына қызмет көрсетудi ұйымдастыру; әуе қозғалысын жоспарлау және ағындарын ұйымдастыру; әуе қозғалысына қызмет көрсету; ұшу-ақпараттық қызмет көрсету; авариялық хабарлау қызметi; бақылау негiзiнде қызмет көрсету; әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерiнiң жұмыс технологиясы (кезекшiлiкке дайындалу және кезекшiлiктi қабылдап алу;
әуе қозғалысына қызмет көрсетудi беру межелерi; ерекше жағдайларда және ұшудағы ерекше оқиғаларда ұшу барысында әуе қозғалысына қызмет көрсету).
Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиоалмасу фразеологиясының қағидалары: радиоалмасудың жалпы қағидалары;
радиохабар тарату кезiнде қолданылатын радиоалмасу фразеологиясы;
Авариялық және шұғыл байланыс қағидалары; әуе қозғалысына қызмет
|
|
|
|
|
|
Көрсетудің диспетчерлік пункттері арасында ақпаратпен алмасу.
Авиациялық метеорология: авиациялық метеорологияның негiзгi теориялық мәселелерi; авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етудi регламенттейтiн құжаттардың негiзгi ережелерi; метеорологиялық байқаулар мен жиынтықтар; әуе кемелерiнiң бортынан байқау және хабарлау; ауа райы болжамдары; қауiптi метеорологиялық жағдайлар мен ауа-райы құбылыстары туралы ескертулер; ауа райының авиациялық карталары; әуедегi ӘК экипаждарын метеоақпаратпен қамтамасыз ету. Қолданылатын ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланыс құралдары: радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтардың және авиациялық электр байланыс құралдарының тактикалық-техникалық сипаттамалары; радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтарды орналастыру және олардың жұмыс iстеу принципі. Адамның әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қатысты мүмкiндiктерi мен шектеулерi: адам факторының ӘҚҚ кезiндегi ықпалы
|
|
|
|
|
|
Қауіптер мен қателерді бақылау принциптері, әуе қозғалысын басқару диспетчерінің әсерінен туындайтын қауіп-қатерлер; Күтілетін немесе кенет қауіп-қатерлер;
Аэродинамика негiздерi, ӘК-нiң ұшу-техникалық сипаттамалары: ӘК-нiң негiзгi геометриялық көрсеткiштерi; ӘК-нiң негiзгi аэродинамикалық сипаттамаларын білу; ӘК қанатын механикаландыру; атмосферадағы жағдайлардың ӘК-нiң аэродинамикалық сипаттамаларына әсерi.
Әуеайлақтың бас жоспары, физикалық сипаттамалары; әуе кеңiстiгiнiң құрылымы; қолданылатын қағидалар, рәсімдер және ақпарат көздерi;
аэронавигациялық құралдар; ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдары және оларды қолдану; жергiлiктi жер бедерi және жердегi сипатты бағдарлар; әуе қозғалысының сипатты ерекшелiктерi; ерекше жағдайлар және ұшудағы жағдайлар; авариялық жағдайдағы және iздестiру-құтқару операцияларындағы iс-қимылдар жоспарын білу
|
Ескертпе: М – міндет.
14 «Әуе қозғалысына қызмет көрсету»
кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы
Ұйым атауы
|
Келісу күні
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
|
Кәсіби стандартты тіркеу парағы
Осы кәсіби стандарт _______________________________________ _______________________________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттарды тіркеу тізіліміне енгізілді, тіркеу №
Хат (хаттама) № _________Мерзімі_________________________
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 19 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8995 болып енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |