2013 жылғы 31 желтоқсан №1571 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет1/3
Дата24.02.2016
өлшемі396 Kb.
#14242
  1   2   3


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 31 желтоқсан №1571 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1571 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілік табелінде:

«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі» деген бөлім алынып тасталсын;

«Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

Жедел

Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін

Жер ресурстарын басқару комитетінің:




Ақмола облысы

2

Ақтөбе облысы

2

Алматы облысы

2

Атырау облысы

1

Шығыс Қазақстан облысы

2

Жамбыл облысы

2

Батыс Қазақстан облысы

2

Қарағанды облысы

2

Қостанай облысы

2

Қызылорда облыс

2

Маңғыстау облысы

2

Павлодар облысы

2

Солтүстік Қазақстан облысы

2

Оңтүстік Қазақстан облысы

2

Астана қаласы

2

Алматы қаласы бойынша аумақтық жер инспекциялары

1

»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесілілік табелінде:

«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Арнайы

Автомобиль жолдарын

салу, жөндеу және ұстау кезінде жұмыстар мен

материалдардың

сапасына сараптама жүргізу




Автомобиль жолдары

комитетіне ведомстволық

бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелер:





Ақмолажолзертханасы

1

Ақтөбежолзертханасы

1

Алматыжолзертханасы

1

Атыраужолзертханасы

1

Батысжолзертханасы

1

Жамбылжолзертханасы

1

Шығысжолзертханасы

1

Қарағандыжолзертханасы

1

Қызылордажолзертханасы

1

Қостанайжолзертханасы

1

Маңғыстаужолзертханасы

1

Павлодаржолзертханасы

1

Солтүстікжолзертханасы

1

Оңтүстікжолзертханасы

1

».

2. «Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 291 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесінде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi республикалық бюджеттi әзiрлеу кезiнде стратегиялық жоспардың жобасымен және бюджеттiк өтiнiммен бiрге мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге немесе бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға ұсыныс жасайды.»;

8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңның негiзiнде және Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және мемлекеттiк тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғаларды көрсете отырып, мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесiн (бұдан әрi – мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi) қалыптастырады.».

3. «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 175-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінде:

5-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) егер бюджеттік инвестициялық жоба бойынша қаржыландыру басталса, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау органының бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылу мәніне, сондай-ақ бұзушылықтардың болмауы (бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН-і түзетілген жағдайда) туралы актісі.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Болжанып отырған БИЖ ТЭН-ін түзетуді қарау үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік органның бірінші басшысының не оны ауыстыратын тұлғаның не мемлекеттік органның бірінші басшысы орынбасарының қолы қойылған БИЖ ТЭН-і бойынша өзгертілуі болжанған техникалық шешімдерді және/немесе қосымша шығыстарды және олар бойынша тиісті негіздемелерді көрсете отырып, салыстырма кестені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұрын бекітілген БИЖ ТЭН-ін ұсынады.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасына тиісті саланың мемлекеттік органының бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды және ол ресми құжаттар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.»;

36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасына тиісті саланың мемлекеттік органының бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды және ол ресми құжаттар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.»;

50-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Объектіні пайдалануға беру шығындары болған жағдайда салалық уәкілетті мемлекеттік органның және ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру (қосу-қалыпқа келтіру жұмыстары) шығыстары бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы талап етіледі.»;

56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«56. Салалық сараптама қорытындысына мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды және ол ресми құжаттар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.»;

65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«65. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің БИЖ-ін олардың қаржы қаражатымен қамтамасыз етілуі, растайтын құжаттарының болуы тұрғысынан қарайды және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның БИЖ-дің экономикалық қорытындысын ескере отырып, олар бойынша қорытындыны бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;

77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«77. Сметалық құнын ұлғайту жобалау-сметалық құжаттаманы түзетумен немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгі жобада көзделмеген қосымша құрамдауыштарды қосумен байланысты, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 астам еселенген мөлшерін құрайтын астанадағы республикалық бюджетті дамытуға арналған нысаналы трансферттер есебінен іске асырылатын сметалық құнды ұлғайтуды көздейтін республикалық БИЖ-дерді және стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар жергілікті БИЖ-дерді қарауды осы Ереженің 79 және 80-тармақтарында айқындалған тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.»;

79, 80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«79. Техникалық-экономикалық негіздемені түзетуді талап ететін
БИЖ-дің сметалық құнын ұлғайту мәселелерін шығару екі кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезең бойынша:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің БИЖ-дің ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсыныс әзірлеуі және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;

2) тиісті бюджет комиссиясының бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынатын құжаттар мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның БИЖ-дің ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа оң экономикалық қорытындысы негізінде ТЭН-ді түзетудің және БИЖ-дің ТЭН-ін түзетуді қаржыландырудың (қажет болған жағдайда) орындылығын айқындау жөніндегі шешімі.

Бірінші кезеңде БИЖ ТЭН-ін түзету жөніндегі инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу процесі осы Ереженің 2-бөлімінің
1-кіші бөлімінде айқындалған тәртіппен жүреді.

Сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын, осы Ереженің 77-тармағында көзделген жергілікті БИЖ бойынша бірінші кезең қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы орган экономикалық қорытынды дайындайды және БИЖ ТЭН түзету мәселесін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін, осы Ереженің 2-бөлімінің 1-кіші бөлімінде көрсетілген құжаттармен қоса, кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне енгізеді.

Екінші кезеңде осы Ереженің 77-тармағында көзделген, сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ түзетілген ТЭН бойынша қаржыландырудың орындылығын республикалық бюджет комиссиясы қарайды.

80. ТЭН-ді әзірлеуді және түзетуді талап етпейтін БИЖ-дің сметалық құнын ұлғайту мәселелерін шығару екі кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезең – тиісті бюджет комиссиясының Ереженің осы тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған құжаттардың негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысы негізінде жобалау құжаттамасын түзетудің орындылығын айқындау жөніндегі шешімі.

Екінші кезең – тиісті бюджет комиссиясының ТЭН-ді әзірлеуді және түзетуді талап етпейтін БИЖ-дің түзетілген жобалау құжаттамасы бойынша ұлғайтылған құнды қаржыландыру туралы шешімі.

Бірінші кезеңде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға мыналарды ұсынады:

1) болжанатын қымбаттау сомасын көрсете отырып, мемлекеттік орган – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған өтінім-хат;

2) мемлекеттік орган – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған, мынадай ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба:

БИЖ-дің іске асырылуын аяқтау үшін талап етілетін болжамды қосымша бюджеттік шығыстар негіздемесі;

мемлекеттік сатып алуды жүргізудің нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, ЖСҚ әзірлеуден бастап
БИЖ-ді іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;

ЖСҚ әзірлеу басталғаннан бастап жобаны бюджеттен әрбір жыл үшін қаржыландыру. Игерілмеген жағдайларда оның себептері көрсетіле отырып, бұл ақпарат әрбір жыл үшін жоспармен және фактімен сүйемелденуі тиіс;

қымбаттауға әкелетін себептерді (мердігерлердің бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне шартта көрсетілген құнды (сметаны) өсіру қажеттігі туралы уақтылы ескерткендігін растайтын хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып) егжей-тегжейлі көрсету;

ұйым немесе оның кінәсінен қымбаттау орын алған жеке тұлға, сондай-ақ осындай ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;

3) БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның және/немесе байланыс және ақпараттандыру саласындағы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның (егер жоба ақпараттандыру саласында болған жағдайда) ресми хат нысанында ұсынылатын, бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға қол қойған, мөрмен расталған, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің түсіндірмелерімен қоса, жоба құрамдауыштарының құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын салалық сараптама қорытындысы;

4) бастапқы құн бойынша ЖСҚ-ның мемлекеттік сараптамасының қорытындысы;

5) бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы, сондай-ақ бұзушылықтардың болмауы тұрғысынан Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау органының актісі;

Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау органының ЖСҚ әзірлеуден бастап, БИЖ-ді іске асыру шеңберінде бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтуы тиіс актісі;

Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау органының күні құжаттарды ұсынған күннен бастап 6 (алты) айдан кеш емес уақытпен белгіленген актісі;

6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығы немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастапқы құнға бұйрығы;

7) осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша БИЖ-дің электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынылатын сметалық құнын ұлғайту болжанатын жобалар бойынша салыстырма кесте және құжаттама тізбесі;

бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған, мөрмен расталған, қағаз тасығышта ұсынылатын салыстырма кесте;

8) құжаттарды ұсынған күнге дейін 1 (бір) ай бұрын түсірілген, объектінің нақты жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейне түсірілімдер материалдары.

Сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын, осы Ереженің 77-тармағында көзделген жергілікті БИЖ бойынша бірінші кезең қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және осы Ережеде көрсетілген құжаттармен қоса, республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін БИЖ-ді республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне енгізеді.

Екінші кезеңде осы Ереженің 77-тармағында көзделген, сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ сметалық құнын ұлғайтуды қаржыландырудың орындылығын республикалық бюджет комиссиясы қарайды.

81. БИЖ шет мемлекеттердің аумағында іске асырылатын жағдайда, аумағында осы жоба іске асырылып жатқан мемлекеттің құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген БИЖ-дің бастапқы және түзетуге ұсынылатын құнын растайтын тиісті құжаттар көрсетілген заңнамамен қоса, оның мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қамтамасыз етіле отырып, ұсынылады.»;

83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«83. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган осы Ереженің 80, 81-тармақтарында көрсетілген құжаттар пакетін қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;

85 және 86-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«85. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі екінші кезеңде ЖСҚ мемлекеттік сараптамасының қорытындысын, БИЖ сметалық құнының ұлғаю себептерінің негіздемесімен түзетілген құнның ведомстволық нормативтеріне сәйкес, объектіні пайдалануға берудің шығыстары бойынша салалық уәкілетті мемлекеттік органның және мемлекеттік сараптаманың қорытындысын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға енгізеді.

86. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган түзетілген жобалық құжаттама бойынша БИЖ құнының ұлғаюын және/немесе ведомстволық нормативтерге сәйкес салалық уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысын және объектіні пайдалануға беру шығыстары бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысын тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;

91 және 92-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«91. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің БИЖ іске асыруына мониторинг жүргізу үшін тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға мынадай құрамдағы ақпарат пен есептілік ұсынылады:

1) жоспар-кесте;

2) мониторинг бойынша есеп;

3) мониторинг бойынша жиынтық анықтама;

4) БИЖ паспорты;

5) ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жоба паспорты;

6) Ганта диаграммасын құру үшін ақпарат;

7) БИЖ-дің ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі;

8) бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоғарыда аталған нысаналы даму трансферттері және республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоғарыда аталған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті және облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері және кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

92. БИЖ-ді дайындау мен іске асырудың жоспар-кестесі әрбір жоба бойынша есептік көрсеткіштерді және олар бойынша орындау мерзімдерін айқындайтын құжат болып табылады және оны республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері БИЖ-дің электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электрондық тасығыштарда тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

БИЖ жөніндегі ақпараттың нақтылануына немесе республикалық бюджет туралы заңның іске асырылуы және тиісті кезеңге арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің іске асырылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулысымен бекітіліп іске асырылатын БИЖ тізбесінің нақтылануына қарай республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі БИЖ жөніндегі есеппен бірге нақтыланған жоспар-кестені ұсынады.

Жоспар-кесте барлық жоба бойынша, оның құрамдауыштары және әрбір құрамдауышқа арналған іс-шаралар (жұмыс түрлері) бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыстарды орындаудың және қаржыландырудың жоспарлы көлемдерін қамтиды.

Бұл ретте жоспарланған жылға арналған орындау және қаржыландыру көлемдері тиісті бюджеттік бағдарламамен келісіледі.»;

94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«94. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын БИЖ-дің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі есеп есепті кезеңдегі БИЖ бойынша орындалған жұмыстардың нақты және жоспарланған көлемі мен қаржы қаражатын игеру сомалары туралы ақпаратты қамтиды және оны республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері БИЖ-дің электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға осы ережеге 8, 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынады.»;

96, 97, 98 және 99-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«96. Республикалық БИЖ-ді іске асыру жөніндегі ақпаратты тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

97. Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландырылатын жергілікті БИЖ-ді іске асыру жөніндегі ақпаратты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары есепті кезеңнен кейінгі 10 тамыздан және 10 ақпаннан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

98. БИЖ мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен қажетті ақпаратты дербес сұратуға және алуға құқылы заңды тұлғаны тартады.

99. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға


БИЖ-дің іске асырылуына мониторинг жүргізу кезінде қосымша есептілік нысандарын белгілеуге құқылы.»;

100-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«100. Қажетті ақпаратты республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қағаз және электронды тасығыштарда тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға мынадай мерзімдерде ұсынады:»;

101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«101. Осы ереженің 100-тармағында көрсетілген ақпаратты республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері БИЖ-дің электронды порталына тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі 20 тамыздан және 20 ақпаннан кешіктірмей ұсынады.»;

103-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«103. Республикалық БИЖ-ді, сондай-ақ жергілікті БИЖ-ді және республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын жобалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі 10 (оныншы) қазаннан және 10 (оныншы) сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.»;

көрсетілген Ережеге 1-қосымша мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесіне сәйкестігі.»;

көрсетілген Ережеге 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.»;

4. «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 2, 305-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесінде:

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемі, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар стратегиялық жоспарлар, бюджеттік өтінімдер әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлеуді және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауын;»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі мен мерзімдеріне сәйкес мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган әзiрлейдi.»;

2-бөлім алынып тасталсын;

3-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын әзірлеу, стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдерін әзiрлеу»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінiң шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.

Нәтижелердi бағалау жүргiзiлген жағдайда, Ереженің осы тармағында көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.»;

12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлiнеді.»;

16-тармақ алынып тасталсын;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін ескере отырып:

1) стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан;

2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлар жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан;

3) стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларының құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан;

4) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларында ұсынылған нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»;

мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

«17-1. Жергілікті бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:

1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілмеуіне әкеп соқтырған себептерді;

2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарлардың іске асырылуы туралы есептерді және бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізу бөлігінде бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін;

3) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өтінім берген шығыстарды оның негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есепке облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары берген қорытындылары мен ұсынымдарын ескереді;

4) жаңа бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобаның өтімділігі, жоба аяқталғаннан кейін оны ұстауға арналған шығыстардың негіздемесі, жалғасатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша – бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мониторингінің нәтижелері қаралады;

5) бюджеттік кредиттер бойынша кредиттік шарт талаптарының орындалуы және бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы ескеріледі;

6) нысаналы трансферттер бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді талдау ескеріледі, олардың шешілуіне нысаналы трансферттер бойынша келісім жобаларында көзделген нысаналы трансферттер бөлінеді.

Бюджеттiк өтiнiмнің жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган оны қарамастан жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне қайтарады.»;

18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдердi қайтарылған жағдайда пысықтайды және оларды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ұсынады.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе статегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қараудың қорытындысы бойынша келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша қорытындылар қалыптастырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына жібереді.

19. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган арасындағы келiспеушiлiктердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы қарайды.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы 17 және 18-тармақтарда көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.»;

5-бөлім алынып тасталсын;

6-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын әзірлеу және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдерін әзірлеу»;

32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiмдердi, стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.

Нәтижелерге бағалау жүргiзiлген жағдайда, аталған Қағидалардың осы тармағында көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.»;

33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстары базалық шығыстар мен жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлiнеді.»;

37-тармақ алынып тасталсын;

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін ескере отырып:

1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, қолданыcтағы заттай нормалар мен стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкестiгi тұрғысынан;

2) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.»;

мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:

«38-1. Жергілікті бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:

1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілмеуіне әкеп соқтырған себептерді;

2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінім берген шығыстарды олардың негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есебіне облыстардың тексеру комиссиялары берген қорытындылар мен ұсынымдарды ескереді;

3) жаңа бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобаның өтімділігі, жоба аяқталғаннан кейін оны ұстауға арналған шығыстар негіздемесі, жалғасатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша – бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мониторингінің нәтижелері қаралады;

4) бюджеттік кредиттер бойынша кредиттік шарт талаптарын орындау және нысаналы мақсат бойынша бюджеттік кредитті пайдалану ескеріледі;

Бюджеттiк өтiнiм оның жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган, оны қарамастан жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне қайтарады.»;

39, 40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Қайтарылған жағдайда, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдердi пысықтайды және қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.

Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша олар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша қорытындылар қалыптастырады және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жібереді.

40. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган арасындағы келiспеушiлiктердi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қарайды.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы 38 және 39-тармақтарда көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.

41. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға пысықталған бюджеттiк өтiнiмдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ұсынады.».

5. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

6. «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 374 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2012 ж., № 38, 517-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидаларында:

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Бюджеттiк инвестициялардың іске асырылуына мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.»;

7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Бюджеттік инвестицияларды іске асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, ал бюджеттік инвестицияларды іске асыратын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға есепті жартыжылдықтағы бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шаралардың іске асырылу мониторингі бойынша есепті (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есебі) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ түсіндірме жазбаны (нақты көрсеткіштердің жоспардағыдан теріс бағытталған ауытқыған жағдайында ауытқуды егжей-тегжейлі негіздей отырып) ұсынады, бір мезгілде соңғы есепті кезеңдегі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржылық есептіліктерін, заңды тұлғаларды дамытудың стратегиялық құжаттарының көшірмелерін ұсынады.»;

8-тармақ алынып тасталсын;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік инвестицияларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есептерді бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша тиісті қорытындыны дайындаған кезде пайдаланады.».

7. «Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды әзірлеу, қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 426 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 42, 555-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды әзірлеу, қарау және іріктеу қағидаларында:

7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Кейінге қалдыру шартымен іріктелген бюджеттік инвестициялар үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесінің жобасына енгізіледі және РБК-ның қарауына енгізіледі.»;

8. «Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы


21 қарашадағы № 1473 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2012 ж., № 80, 1185-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларында:

12, 13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Тиісті орталық мемлекеттік орган немесе облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобалары мен бюджеттік өтінімдерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жібереді.

13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган қорытындысының негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін беруге арналған өтінімдерін олардың қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан қарайды.

14. Қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ЖБИ бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

15. ЖБИ тізбесін тиісті бюджет комиссиясы мақұлдаған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ұсынылған ЖБИ тізбелерінің негізінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық, облыстық бюджеттердің және Астана мен Алматы қалалары бюджеттердің жобасына қосу үшін әрбір сала бойынша өңірлер бөлінісінде нысаналы даму трансферттерінің жалпы сомасын айқындайды.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы Заңын іске асыру туралы қаулысын немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінің жобасын әзірлеу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі бойынша өңірлер бөлінісінде алдағы тиісті жоспарлы кезеңге нысаналы даму трансферттерінің сомаларын көздейді.».
_________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1571 қаулысына 1-қосымша


Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу,

іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесіне 2-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет