2013 жылғы 7 қазан №461
Беларусь Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігінің
Командалық-инженерлік институтында
оқуды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды алдын алу және жою саласында ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметі арасындағы келісімді ратификациялау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 895 «Құқық қорғау органдарына, өртке қарсы қызмет, авариялық-құтқару органдары мен мемлекеттің арнайы қызметтері – ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім-шартты ұйымдастыру мүшелеріне кадрларды дайындау туралы Келісімді бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасындағы келісімге сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтына (әрі қарай – Институт) Қазақстан Республикасы Кадрлық қамтамасыз ету департаментімен бірлесіп (әрі қарай – Министрлік):
Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық-инженерлік институтында күндізгі оқу түрі бойынша оқу үшін 2013 жылғы сайыстық іріктеу нәтижелері бойынша Институт курсанттары құрамына енгізілген үміткерлер санынан таңдау бойынша жұмыс ұйымдастырсын;
ағымдағы жылы Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық-инженерлік институтына оқуға жолданған Қазақстан Республикасы азаматтарын оқыту және тамақтандыру туралы үш жақты Келісімшарттар дайындасын.
2. Институт Министрліктің Экономика және қаржы департаментімен бірлесіп:
Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық-инженерлік институтында оқып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын 2013-2014 оқу жылына мамандарды даярлауға бөлінген мемлекеттік тапсырысқа сәйкес бөлінген құралдары есебінен киім-кешек мүлігімен, мемлекеттік шәкіртақымен, демалыс өткізетін жерге және қайту жолына шығыс қаражатпен қамтамасыз етілсін;
3. Аталмыш бұйрық қатысы бар жеке құрамға жариялансын.
4. Аталмыш бұйрықты орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Аппарат басшысы С.Қ. Оқасовқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі В. Божко
Достарыңызбен бөлісу: |