Орал қаласы №27-1 9 қыркүйек 2015 жыл
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2014 жылғы 12 желтоқсандағы №21-2
«2015-2017 жылдарға арналған
облыстық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 21-2 "2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3724 тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсанда "Орал өңірі" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2015 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
кірістер – 103 987 016 мың теңге:
салықтық түсімдер – 28 585 445 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 1 364 795 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 74 035 776 мың теңге;
2) шығындар – 104 592 988 мың теңге:
3) таза бюджеттік кредиттеу – 3 775 242 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 6 920 708 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу –3 145 466 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -4 381 214 мың теңге:
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 381 214 мың теңге:
қарыздар түсімі – 6 767 987 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 3 115 466 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 728 693 мың теңге.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. 2015 жылға арналған облыстық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңына сәйкес және осы шешімнің 4, 5-тармақтарына сәйкес қалыптастырылады.";
3-тармақтың 1) тармақшасында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1) 2015 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 35 203 281 мың теңге көлемінде қарастырылсын:";
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң жетпiс жылдығына арналған iс-шараларды өткiзуге – 303 151 мың теңге;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте бюджеттік кредиттердің өтеуін жалпы сомасы 3 145 466 мың теңге, оның ішінде аудандық (қалалық) бюджеттерден сомасы 3 115 466 мың теңге түсімдер қарастырылсын.";
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4-1. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (қалалық) бюджеттерінен 90 609 мың теңге сомасындағы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді облыстық бюджетке қайтару қарастырылғаны ескерілсін.";
мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
"4-2. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (қалалық) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 5 285 544 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:
2 535 236 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;
2 750 308 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.
Аталған сомаларды аудандық (қалалық) бюджеттерге бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.";
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А. Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С.Мұхамбетшин
Облыстық мәслихат
хатшысы М.Құлшар
Достарыңызбен бөлісу: |