«Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы №1036 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы



Дата24.02.2016
өлшемі12.59 Kb.
#16443
«Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы №1036 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1685 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы №1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №38, 533-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілген:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесі мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Осы Ереженің 7-тармағына сәйкес жүргізілген кедендік әкету бажы ставкасының көлемін есептеу нәтижесі үтірден кейін екінші таңбаға дейін математикалық түрде дөңге­лектенеді.»;
2) көрсетілген қаулыға қосымшада:
«СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші» деген бағандағы «2709 00 900» деген сандар «2709 00 900 6» деген сандармен ауыстырылсын;
«Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Баж ставкасы (1 тонна үшін доллармен)
40
164,97
109,98
109,98
109,98».
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық эко­номикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулының 1-тармағы 2) тамақшасының 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін екінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі     К.МӘСІМОВ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет