2014 жылғы 4 қарашадағы «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланды хабарландыру



Дата09.07.2016
өлшемі51.5 Kb.
#186510
2014 жылғы 4 қарашадағы

«Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінде

жарияланды
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қызылорда облысы әкімінің аппараты, 120000, Қызылорда қаласы,

Бейбарыс Сұлтан к., н/с, анықтама үшін телефондары: 8(7242)40-11-91 (7080), zhusupova_a@orda.gov.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы (D-3).

Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 94 813 теңгеден


128 126 теңгеге дейін (экологиялық коэффицентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау. Жетекшілік ететін басқармалардың, қала, аудан әкімдіктері жұмыстарының жүргізілуіне талдау жасау, тексерулер ұйымдастыру. Облыс әкімінің қатысуымен өтетін мәжілістерді, шараларды ұйымдастыру. Бөлімге келіп түскен өтініштер мен хаттар бойынша жұмыс жасау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары заңгерлік, немесе экономикалық, немесе қаржылық, немесе филологиялық, немесе педагогикалық, немесе техникалық, немесе әлеуметтік ғылым және бизнес, немесе ауылшаруашылық, немесе жергілікті мемлекеттік басқару білімі.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4) ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер;

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі 1 фотосурет пен өкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған анкета;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі).     

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Кызылординские вести» және «Сыр бойы») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: 120000, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, н/з, № 602 бөлмеде қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Үміткерлермен әңгімелесу «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: 120000, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, н/з, әңгімелесу шақырған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар қатыстырылуға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялық өкілдері, уәкілеттіорганның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың мемлекеттік органның басшысымен конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттары қатыса алады.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер ҚР мемлекеттік қызмет істеріагенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы (D-3 санаты үшін): мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тест сұрақтары кіреді.

Аталмыш лауазымдарға орналасқан адамдар үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер ұсынылмайды.


Қызылорда облысы әкімі аппаратының

конкурстық комиссиясы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет