2014 жылғы халыққа мемлекеттік қызмет көрсету арқылы «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Көкпекті бөлімінің жұмысы туралы
АҚПАРАТ
«ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Көкпекті аудандық бөлімі қазіргі уақытта 160 мемлекеттік қызмет түрін көрсетуде.
2014 жыл бойынша азаматтардан 30 017 арыз қабылданды, АХАЖ бөлімі бойынша – 1176, заңды тұлғаларды тіркеу бойынша –54 арыз, жылжымайтын мүлік тіркеу бойынша – 6348 арыз, жылжымалы мүлікті тіркеу бойынша – 103 арыз, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және қою бойынша – 56 арыз, жер -қатынас бөлімі -72, ЭЦҚ/ЭЦП –1231, білім беру бөлімі – 176 арыз , жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі –2981 арыз, қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтамалар – 1577 арыз, қала құрылысы және архитектура бөлімі – 125, қорғаныс бөлімі – 7 арыз, электрондық анықтамалар түрі: ТЖМО/ГЦВП (салымшы қаржысының түсүі және қозғалысы туралы ақпаратты беру) – 2326, тұрғылықты жерден мекенжай анықтамалары – 12414, жылжымайтын мүлік бойынша электрондық түрінде анықтамалар – 1761, сотталғандығы бар немесе жоқ туралы анықтамалары –1357 арыз, ҚКН/ ПОД – 24015, барлығы азаматтарға қызмет көрсетілген – 29829.
Халыққа қызмет көрсету орталықта күніне мөлшерінде 100-120 азаматқа қызмет көрсетіледі.
Операциялық залында шағым мен ұсыныстарға арналған жәшік және азаматтарға шағым мен ұсыныстарға арналған кітабы орналасқан, және де үстелдің үстінде азаматтарға қазақ және орыс тілдерінде сауалнамалар бар. Халықтың пікір сұрау нәтижелерінің анкетирование түрінде бақылауы өткізіледі, өткізілетін пікір сұраудың нәтижелері он баға беріледі. Қазіргі уақытта ХҚКО жұмысы туралы шағым түскен жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізілуде. ХҚКО-ның мемлекеттік қызметкердің жаңа түрлерінің көрсетуі бойынша хабарландырулар және тағы басқа халық үшін мәселелер газетте жарияланады. БАҚ («Новая жизнь», «Жұлдыз» аудандық газеттерінде) 36 мақала, Көкпекті ауданы әкімінің сайтында-47 мақала шығарылды.
Апта сайын ХҚКО бөлімінің әріптестерімен ішкі семинарлар және де уәкілетті орган мамандарымен семинарлар және дөңгелек үстелдер жүргізіледі.
18.04.2013 жылдан бастап Көкпекті «ХҚКО» бөлімінде мобильді топ өз жұмысын бастады. Мобильді топтың негізгі міндеті алыс орналасқан ауылдарға мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету. 2014 жылы 88 шығыс іске асырылып, 1309 қызмет түрі көрсетілді.
2013 жылдың 10 қыркүйегінен бастап бөлімде connection point – өзі-өзіне қызмет ету пункті ашылды. Яғни, келушілер еш кедергісіз, кезекте тұрмай Электрондық Үкімет порталында «Egov» бағдарлама арқылы электрондық анықтамаларды алуға мүмкіндігі бар. Өзіне-өзі қызмет көрсету пункті арқылы -1702 қызмет түрі атқарылды.
«ХҚКО» РМК филиалының ШҚО бойынша
Көкпекті бөлімінің басшысы Қ.Жүнісов
Достарыңызбен бөлісу: |