2014 жылғы көрсеткіштер бойынша округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2015 жылғы міндеттер туралы Алтынбел ауылдық округі әкімінің Кабдрғалий Нұрашұлы Жексембаевтың есептік баяндамасы



Дата23.02.2016
өлшемі171.79 Kb.
#6872
2014 жылғы көрсеткіштер бойынша округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2015 жылғы міндеттер туралы Алтынбел ауылдық округі әкімінің Кабдрғалий Нұрашұлы Жексембаевтың есептік баяндамасы

«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес,ауылдық округ әкімдері тоқсанына бір рет тоқсанның бірінші айы ішінде халыққа есеп береді,соңдай-ақ,өңірдің әрі қарай даму жолдарын айқындайды.

Ауылдық округ бойынша Елбасымыздың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»жолдауына сәйкес білім беру,денсаулық сақтау,мәдениет,әлеуметтік қорғау,шағын және орта бизнес,туризмді дамыту,ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары бойынша жұмыстар атқарылды.2015 жылға жолдауға сәйкес іс-шаралар жоспары бекітілді.

Өткен жолы есеп беру жиынында айтылған халықтың өтініш -тілектері, ұсыныс - пікірлері жүзеге асырылуына байланысты іс-шаралар жоспары жасалып әкімшілік бақылауда ұстады.

Олар:

1. Майемер ауылының ФАП ғимаратының жылыту жүйесі дұрыс істемейді,суық.Фап ғимаратының жылыту жүйесі жөнделді,электротеплофон арқылы жылынады,қосымша электро теплофон орнатылды.



2.Су мұнарасын қайта жөндеу,қосымша құдықтар орнату және мектепке су еңгізу.Маусым-шілде айларында «Нарын» МҚК-нің қатысуымен трубалар тартылып,мектепке су еңгізілді.Майемер ауылындағы орталықтағы су құбыры ТҮКШ бөлімімен бірлесіп тексерілген,жобалық-сметалық құжаттама жасалған және 2015 жылға бюджеттік өтінім берілген.

3.Нарын өзенін басқа арнаға бұру.Маусым айында Нарын өзенін басқа арнаға бұру жұмыстары өткізілді,су басқа арнаға бұрылды.

4.Алтынбел ауылының Строительный көшесінде құдық орнатсаңыздар немесе ескі құбырды жөндесе дейміз.Строительный көшесіндегі ескі құбырын қалпына келтіру үшін мамандарды шақырғамыз ,олар ескі құбыр қалпына келмейтіндігін айтты. Бұрғылаушыларға ұсыныс беріліп,шақырылған бірақ көше тұрғындары құдық бұрғылаудан бас тартты.

5.Уштобе ауылынан вет санитар алынса дейміз?1 кісі Уштобе ауылынан вет санитар қызметіне жұмысқа қабылданды.

6.Құдықты күніне 1 сағатқа қосуларыңызды сұраймыз. Құдық күніне бір сағатқа қосылды.

Алтынбел ауылдық округінің аймағы 38 мың шаршы км аумақты қамтиды.

Округтің барлық жер көлемі 38141 гектарды құрайды, оның ішінде:

Шабындық жер – 4245 га, егістік жер - 8154 га, жайылымдық жер 21510 га.


2015 жылдың 1 қаңтардағы санақ нәтижесі




Ауылдардың атауы

Тұрғындардың саны

Үйлердің саны

1

Алтынбел

1596

330

2

Майемер

668

134

3

Уштобе

196

53

4

Егінді

201

63




Барлығы

2661

580

Округте әлеуметтік нысандардан 2- орта мектеп, 2- негізгі орта мектеп, 1- дәрігерлік амбулатория, 3 - фельдшерлік пункт, 2 пошта бөлімшесі,лесхоз,1-учаскелік полиция пункті,16 – дүкен, 2- наубайхана, 3 – ауылдық клуб қызмет етеді. Округте барлығы 164 шаруа қожалықтары, 4 - ЖШС –і тіркелген.

2014 жылы округ бойынша жалпы егістік көлемі – 7939гектар жерді құрады, соның ішінде: бидай – 494га, сұлы – 433 га, арпа – 480 га, қара бидай –25га, күнбағыс – 4202 га,қара құмық 20га.

Округ бойынша 157 га жерге картоп салынды, шығымы 2637 тонна құрады.




жылдар

Егістік жер

Барлығы /га/



Көп жылдық шөп

Бұрындары себілген

/га/


Бидай

Арпа

/га/


Сұлы

/га/


Қара бидай

Күнбағыс

Картоп /га/

2013

7856,3

2016

574

376

374

117

4451

160

2014

7939

1365

494

480

433

25

4202

157

Ауыл шаруашылығын дамыту:

Округ бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына есеп бойынша ірі қара 3616 бас, қой-ешкі 8585 бас, жылқы – 1846, құстың саны 7710дана, шошқаның саны 68 басты құрады, бал ара ұялары 2806.

2014 жылы 1194,0 тонна мал еті,3585,9 тонна сүт, 1074,2 мың дана жұмыртқа, 156 центнер көлімінде жүн тапсырылды.

Алыс жайлауларды тиімді пайдалану мақсатында жаз айларында

6-жылқы табындары, 6 ірі қара табындары,ұсақ малдар-8 табын ұйымдастырылып отыр.

Ауылдық округ бойынша мал дәрігерлерінің жұмыстарына бақылау жасалып, 700 бас ірі қара ,шошқа-125 бас және 1500 бас ұсақ мал сырғаланып,72 бас жылқы малына тері астына чип салынып, бірегейлендіру бойынша компьютерлік базаға түгелдей еңгізілді. Егу жұмыстарымен бірге ветеринарлық паспорттар уақытында жазылып, мал иелеріне таратылып берілді.

2013 жылы вет пункт ашылды Алтынбел ауылы Коммуна № 12 мекенжайы бойынша.Вед пункт меңгерушісі К. Нургалиев, 3 адам ветеринарлық дәрігерлер , 3 адам ветеринарлық санитарлар округ бойынша ветеринарлық жұмыстарды атқарады.

Сәуір айының соңында ауыл тұрғындарымен бірнеше кездесулер өткізіліп, онда жаз айларында малдарды ұстау ережесімен таныстырылып, табындарды жаю бағыттары белгіленді. Арнайы құрылған комиссия ауыл ішінде бос жүрген мал иелерімен жұмыстар жүргізіп, әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылып отыр.

Қымыз өндіру жылдан-жылға артып ауыл тұрғындарының табыс көзіне айналуда, 2014 жылы жаз айларында 10 тонна қымыз өндіріліп жалпы түскен табыс 4 млн. теңгені құрады.

Қымыз өндіретін азаматтар Абдрашева ,К.Капышев,Т.Бейсенов,М.Токсанов ,К.Хамзин.

Бал өнімін арттыру мақсатында округте соңғы жылдары ара өсірумен айналысатын адамдардың саны көбейіп отыр. Осы бағытта жаз айларында ара омарталарын көшіру үшін қосымша жер телімдерін беру жұмыстары қолға алынуда.

«Жайлау» бағдарламасы бойынша 2014 жылы 400 бас саулық қойлар алынды.


  1. «Біржан» ш/қ А.Байсапаров 100бас

  2. «Темирлан» ш/қ М.Токсанов 100бас

  3. «Бейілқан» ш/қ О. Қыблайқан 100бас

  4. «Достық» ш/қ Ж.Калиев 100бас

Алтынбел ауылдық округі бойынша 2014 жылғы қорытындысы бойынша салық төлемдері.

Есептелген Жоба Орындалуы %


Мүліктік 60639 66900 тенге 110

Жер салығы 217400 246800 тенге 113

Көлік салығы 2059961 2059961 тенге 100

Барлығы : 2338000 2373661 тенге 100



Денсаулық саласы

Алтынбел ауылдық округінде 1 дәрігерлік амбулатория (Алтынбел ауылында) және 3 фельдшерлік пункт (Үштөбе, Егінді, Майемер ауылдарында) бар. Күндізгі 10 төсектік стационар жұмыс істеуде. Майемер ауылында ФАП ғимараты клуб ғимаратына көшті, электр жылуымен қамтылған электротеплофон арқылы жылынады.

Ана мен баланың денсаулығын қорғау мақсатында әр түрлі шаралар орындалады. Жаңа туған балалардың саны қаңтар айынан бастап 24 бала құрады. Қайтыс болған адамдардың саны-22 адам.Мектептегі балаларды дәрігерлер барып тексеріп отырады. Барлық екпелер уақытында егіледі.

1 -сыныпқа қабылданатын балалар түгел дәрігерлік комиссиялардан өтеді. Екпеге байланысты жұмыстар 100% пайыз орындалады. Бала және ана өлімі жоқ. Көктемде кенеге қарсы 90пайыз кісіге екпе егілді.

Өкпе аурулармен ауыратын (демікпе) және қант диабетімен ауыратын кісілер де тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

Туберкулез ауруының алдын-алу болдырмау және анықтау мақсатында жылына 1 рет халықтың барлығы флюрографияға түседі.



Мәдениет саласы:

Ауылдық округ елді мекендерде үш клуб, бір кітапхана жұмыс атқарады. Жыл бойы мәдени шаралар,мерекелік күндерге байланысты ұйымдастырылған концерттік бағдарламалар осы мәдениет ошақтарында өтіп отырады.Кітапханада әртүрлі көрмелер,дөңгелек устелдер өткізіледі. «Ақниет және Ақтілек» әжелер тобы құрылып өз өнерлерін көрсетуде.Тоқма тоқу,шахмат үйірмелері жұмыс атқарады.



Білім саласы:

Жалпы ауылдық округте 2 орта мектеп, 2 негізгі орта мектеп бар. Алтынбел мен Майемер орта мектептері бір үлгілі ғимаратта , Егінді мен Үштөбедегі орта негізгі мектептері бейімделген ғимараттарда орналасқан. Білім алып отырған 316 оқушыға 86 мұғалім білім береді. Ыстық тамақпен қамтылғаны 149 бала.






Ауылдардың атауы

Мұғалімдер саны

Оқушылар саны

Ыстық тамакпен қамтамасыз етілген оқушылар саны

1

Алтынбел

37

154

68

2

Майемер

26

101

47

3

Уштобе

13

40

24

4

Егінді

10

21

10




Барлығы:

83

316

149

Округ бойынша 2014 жылы 11 бала БҰТ тапсырды.2014 жылы Алтынбел ауылдық округінде БҰТ-леу бойынша орташа балл 97,6 пайыз құрады.

Мектептердің материалдық-техникалық базасы үнемі жақсарту үстінде. Барлық 4 мектеп жыл сайын жаңа құрал-жабдықтармен, компьютер сыныптары, мультимедиялық бөлмелермен,интерактивті тақталармен жабдықталып келеді. Барлық мектептер электр қазандықтармен жылынады.

Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға көп көңіл бөлінуде. Жыл көлемінде жасөспірімдерге арнап үнемі спорттық сайыстар, көңілді эстафеталық ойындар, тақырыптық дискотекалар өткізіліп тұрады.

Округ аумағында еркін күрес, армрестлинг, волейбол, футбол, дамыған.Округте волейбол командасы құрылған ,ауданда өткізілетін жарыстарға қатысады. Ат спортының ұлттық түрі кеңінен дамыған.Қысқы уақытта хоккей,шаңғы тебу спорт түрлерімен айналысады.

Еркін күрестен жаттықтырушы Жарқын Тойбазаровтың басшылығымен оқушылар көптеген жеңістерге және жүлделі орындарға жетті.Ауған соғысының жауынгері Ерлан Мусабаевты еске алу құрметіне арналған еркін күрестен аймақтық жарыстар өткізілді.Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Новоберезовка орта мектебінің спорт залында осы мектептің түлегі МИ-17 тіқұшағының экипаж командирі,әскери авиация капитаны Талғат Досановты еске алу құрметіне волейболдан аудандық турнир өткізілді.

50 орындық «Балдырған» балабақшасында 38 бала тәрбиеленеді. 20 адамға жұмыс орны ашылды.

Қызмет көрсету саласы:

Ауыл тұрғындарына «Казпошта» бөлімшесі мерзімдік басылым газет-журналдар тарату,зейнетақы,төлемақы,жалақы тағы да басқа түрлерін таратумен, «Казактелекомның»телефон станциясы телефон байланысымен қамту қызметін көрсетеді.


Әлеуметтік сала

Ауылдық округте кедейшілік деңгейін төмендетуге бағытталған жұмыстарын үнемі жүргізу мақсатында, округтегі учаскелік комиссия тұрақты жұмыс істеуде. 2014 жылы 7 отбасы атаулы әлеуметтік көмек және 34 отбасы балалар жәрдемақысын ,1 отбасы тұрмыстық көмек алып отыр. Жұмыспен қамту орталығында 2014 жылы 5 адам тізімде тұр, жұмыспен қамту бөлімі арқылы кәсіби оқуға 1 адам жіберілді. Ақылы қоғамдық жұмысқа жылдық жоспар бойынша 15 адам жіберілуі қажет, қазіргі күнге 23 адам алынды.

2014 жылы «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 1 адам Б. Нургалиев шағын етік жөндеу цех ашып,халыққа қызмет көрсетуде.

Жаңа жұмыс орындарын құру 2014 жылы жоспар бойынша 110 адамды құрады, орындалғаны-121 адам.Жұмысқа орналастыру 2014 жылы нақты орналасқан 8 адам. Ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандардың күшімен ауылды көгалдандыру, экологиялық сауықтыру жұмыстары өткізіліп келеді. 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы мүгедектерге ұялы телефондар берілді.1 кісіге есту құралы берілді.


Құқық бұзушылық және жемқорлық мәселелері туралы

Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылыққа жол берілмейді.Ар-намыс кодексі стенды құрылған.Мемлекеттік мекемеде 6 кісі мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді,оның ішінде әкім,4 бас маман және 1 жетекші маман .

Ауылдық округтегі учаскелік полиция инспекторының сапалы жұмыс атқаруына жағдай жасалған.Қызмет орындарымен, телефонмен, компьютермен жабдықталған. Ағымды жылы 10 қылмыс тіркелген,оның ішінде 2 қылмыс ашылмаған.

Әкімшілік жауапкершілікке 90 адам тартылған.Проф есепке 13 адам қойылған. Сарбаздар тобымен бірлесіп рейдттер жүргізіледі.Округте ақсақалдар,ардагерлер,қоғамдық және әйелдер кеңесі жұмыс атқарады. Кеңестерде әр-түрлі отбасылық мәселелер,спитрттік ішімдіктерге салынған адамдардың мәселелері талқыланады және шешіледі.

Ауылдық округте қоғамдық тәртіптің сақталуына, маскүнемдікпен күрестің нәтижелі болуына,қылмыстың алдын алуға учаскелік полиция инспекторы,полицияның ерікті көмекшілері «Сарбаздардың» және ауыл тұрғындармен біріккен іс-қимылының арқасында қол жеткізуге болатынына көзіміз жетіп отыр.

Ақпарат-насихат жұмыстары:

2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050:Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» жолдауына байланысты Алтынбел ауылдық округінде 5 топ құрылған.Жыл бойы ай сайын кездесулер өткізілді.

2015 жылы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»жолдауына байланысты 5 топ құрылған. Жолдауға байланысты іс-шаралар жоспары бекітілген. Елбасымыздың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын қалың көпшілік арасында кеңінен насихаттап түсіндіру жұмыстары әрбір ауылда өткізілді.

Мемлекеттік Рәміздер:

Мемлекеттік Рәміздер-мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері.Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады.Мұндай бейнелер үйлесімнен мемлекеттің,елдің арман-мұраты,өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп,оларға биік мәртебе беріледі,сондықтан да мемлекеттік адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуі парыз етеді.Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституция немесе конституциялық заңда белгіленеді және заңмен қорғалады.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді.

Округте мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдалану және ескірген рәміздерді жою туралы арнайы комиссия құрылған. Мемлекеттік рәміздер барлық мемлекеттік мекемелерде стандартқа сай орнатылған.

Жастар саясаты:

Алтынбел ауылдық округінде жастармен бір талай жұмыстар атқарылуда. Мерекелік шаралар,спорттық сайыстар,диспуттар,кездесулер жастардың белсенді қатысуымен өткізіледі. Ағымдағы жылдың 9 қарашасындаНовоберезовка орта мектебінің түлегі Талғат Досановты еске алу құрметіне волейболдан өткізілген турнирге жастар белсенді қатысты.Турнирдың жастарға патриоттық тәрбие беруге,парыз бен жауапкершілік сезімін нығайтудағы маңызы зор .Тәуелсіздік күні –еліміз үшін теңдесі жоқ тарихы күн!Тәуелсіздік-Ұлы даланы мекен еткен бабаларымыздың асыл арманы.Осы маңызды мерекені Алтынбел ауылдық округімізде жастардың қатысуымен қонцерт ,жәрменке ұйымдастырылып атап өтілді.


Сумен қамту

Алтынбел ауылында жаңа су құбыры 2012 жылы қосылды,16 құдық орнатылды және 23 адам үйіне су тартқызып алды.

Майемер ауылында 2 су құбыры,Үштөбе ауылында 1 су құбыры,Егінді ауылында 1 су құбыры жұмыс істейді.
Көгалдандыру және көркейту:

Барлық мекемелердің маңайларына жас ағаш түптері егілді. Көктемде 500түп,күзде 400 түп. Барлық мекемелер ,дүкендер гүлзарлар жасап әртүрлі гүлдер екті.Орталық көшелерде ағаштарды әктеу жұмыстары,санитарлық тазалық орнату жұмыстары жүргізілді. Арықтарды тазарту,шетін түзету өткізілді.Жаңадан салынған саябаққа арық жасалды ,әр-түрлі гүлдер егілді.Аудан бойынша «Елді-мекендерді көркейту көгаландыру және санитарлық жағдайды қалыптастыру бойынша екі айлық өткізу туралы» Қаулы үнемі бақылауда болды. Иесіз қалған учаскелер тазартылды,1200 тонна қоқыс шығарылды.Ауыл тұрғындары өз үйлерінің маңайларын тазартып,абаттандыру жұмыстарын жүргізді.


Алтынбел тірек ауылында 2014 жылы атқарылған жұмыстар.

2014 жылға 16 жоба 75630,0 мың теңге көлемінде жоспарланып,оның ішінде 14 жоба 59743,0 мың теңге көлемінде орындалды.

Ауыл шаруашылығында 8 жоба 35млн.200мың.тг көлемінде

Кәсіпкерлікте-4 жоба 7 млн.200мың.тг көлемінде

Инфрақұрылым-4 жоба 33 млн.230 мың.тенге.

Оның ішінде:

Республикалық бюджеттен- 33230 мың.тенге

Оның ішінде берілген жоқ - 15887 мың.тенге

Облыстық бюджеттен - 0

Аудандық бюджеттен- 0

Өз қаражаты және қарызға алынған қаражат :

Өз қаражаты - 22200 мың.тенге

қарызға алынған - 20200 мың.тенге.


39 жұмыс орнын ашуға жоспарланған.

Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 35200,0 мың теңге көлемінде 8 жоба жоспарланып орындалды .

1.«Ақдала» ш/қ 62 бас ірі қара және 3 асыл тұқымды бұқа 10000,0 мың тенге көлемінде кредит алып сатып алды «Сыбаға» бағдарламасы арқылы.2жұмыс орны ашылды. Жоба орындалды.

2. «Достық» ш/қ Кучербаев А.5000,0 мың теңге өз қаражатына 30 бас ірі қара және 1 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды . 2жұмыс орны ашылды.

3.Бопай Кайсабек «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сәйкес 6 бас ірі қара сатып алды,қаражат қолдау қоры арқылы. 2жұмыс орны ашылды. Жоба орындалды.

4.Слямов Б. «Даму» кредиттік серіктестігі арқылы 2000,0 мың.теңге көлемінде18 бас ірі қара сатып алды.1жұмыс орны ашылды.Жоба орындалды.

5. Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында Кыблайқан Оралқан,15бас ірі қара және 2 асыл тұқымды бұқа өз қаражатына 3000,0мың теңге көлемінде сатып алды.

6.«Рахат» ш/қ Г.Калиева «Болашақ» кредиттік серіктестік арқылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сәйкес 3000,0мың теңге көлемінде кредит алып10 бас жылқы сатып алды.2жұмыс орны ашылды.

7.Ара шаруашылығын дамыту мақсатында Касенов Д. 8000,0 мың теңге өз қаражатына 450 бал ара ұяларын алды және балды ыдыстарға құйып сату ұймдастырылған. 2 жұмыс орны ашылды.

8.Уразаев И. 2 млн.теңге көлемінде қаражат қолдау қоры арқылы және 1млн.теңге өз қаражатына 50 бал ара ұяларын сатып алды.1 жұмыс орны ашылды.
Кәсіпкерлік саласында 4 жоба

7200,0 мың.тенге көлемінде жоспарланып орындалды.

1.Май тартуға арналған 2 шағын-цех ЖК Нургалиев К. және В.Бухряков 1200 мың теңге көлемінде өз қаражатына ашты. Күніне цех 600 кг-нан күнбағыс өндеп 240 литрден күнбағыс майын шығарады.

2.Шиномонтаж цехы «Жұмыспен қамту-2020»бағдарламасы бойынша «Даму» кредиттік серіктестігі арқылы 3млн теңге алынып және 1млн теңге көлемінде өз қаражатына ашылды.Жеке кәсіпкер Р.Нургалиев.

3. Шлакоблок шығаратын шағын цех 3млн теңге көлемінде өз қаражатына ашылды.Жеке кәсіпкер Р.Нургалиев.



Инфрақұрылым саласында 4 жоба 33230,0 мың.тенге көлемінде жоспарланып,оның екеуі орындалды:

1.Орташа жөндеу Қабанбай көшесін 10725,0 мың теңге көлемінде грейдерлеу және гравий төсеу жұмыстары жүргізілді,асфальт аяғына дейін төселген жоқ.ТҮКШ және «Нарын» МҚК-ға сұраныс хат және істелінбеген жұмыстар актісі жіберілді.

Шәкәрім көшесін жөндеуге 6618 мың. теңге көлемінде қаражат бөлінген.Көше қиылысы грейдерленіп,гравий төселіп , 2 труба салынды.Тәуелсіздік көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі қиылыс жолға ,мектепке дейінгі жолға гравий төгіліп тегістелді.

3.Зубков көшесін 9268,0 мың теңге көлемінде грейдерлеу және гравий төсеу жұмыстары жоспарланып, республикалық бюджеттен қаражат бөлінбегендіктен жүргізілген жоқ.

4.Пушкин көшесін 6619,0 мың теңге көлемінде жөндеуге қаражат жоспарланып, республикалық бюджеттен қаражат бөлінбегендіктен жүргізілген жоқ.

Елді мекендерді дамыту бағдарламасы аясында:

Майемер ауылы:

Майемер ауылына аудандық бюджеттен 3907,0 мың теңге бөлінген.

1.Майемер ауылының су құбырын жөндеу және мектепке су еңгізу.Майемер орта мектебіне су еңгізілді.Мәрдігер МҚК «Нарын» басшысы Н.К.Шаухин.Осы жұмыстар 2185,0 мың теңге көлемінде істелді. Қаражат аудандық бюджеттен берілді.3 жұмыс орын ашылды.Жұмыстар ЖКХ арқылы жасалды.

2.Майемер ауылының көшелеріне 20 дана шамшырақтар орнату. 20 дана шамшырақтар орнатылды.Мәрдігер «Еңбек адал» . Қаражат 1232,0 мың теңге көлемінде аудандық бюджеттен берілген. 3 жұмыс орын құрылды. Діңгектер орнатылды,шамшырақтар орнатылып,қосылды.

3.Нарын өзенінің арнасын бұзу жұмыстарын мәрдігер «Строй Е» атқарды.

Арнасын тереңдету және жағаларын бекіту жұмыстары жүргізілді.

Аудандық бюджеттен 490 мың теңге берілді.3 жұмыс орын құрылды.

Уштобе ауылы:

Аудандық бюджеттен Уштобе ауылына 2296,0 мың теңге бөлінді.

1.Уштобе ауылының көшесіне 5 дана шамшырақтар орнатылды.Мәрдігер «Еңбек адал» осы жұмыстарды атқарды.Қаражат аудандық бюджеттен 490 мың теңге көлемінде берілді.3 жұмыс орын ашылды. Діңгектер орнатылды,шамшырақтар орнатылып,қосылды.

2.Көпір мен жолдарды жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 1806 мың теңге қаражат бөлінген.Көпір жөнделді және жолдарға гравий төселді.2 жұмыс орын құрылды.Мәрдігер «Строй Е» осы жұмыстарды атқарды.



Егінді ауылы:

Егінді ауылына аудандық бюджеттен 4990,0 мың теңге бөлінген.

1.Алтынбел және Егінді ауылдар аралығындағы жолды жөндеу .Жолды жөндеу жұмыстары ЖКХ бөлімі арқылы өткізілді.Осы жұмыстарға аудандық бюджеттен 4500,0 мың теңге көлемінде қаражат берілді. 3 жұмыс орын ашылды.

2.Көпірді ағымды жөндеуден өткізу және көшені жөндеу.Аудандык бюджеттен 490 мың теңге бөлінген. Көпір жөнделді және 2 труба салынды.

Алтынбел ауылдық округі бойынша «Жұмыспен қамту-2020»бағдарламасы бойынша 93 млн тенге микрокредиттер алынды.

2015 жылға жоспарланған іс-шаралар.

Алтынбел ауылында:

1. 13 дана шамшырақтар орнату.

2.Мал қорымын орнату.

3.Зубков көшесіндегі көпірді жөндеу.

4. Алтынбел ауылында ауылдық дәрігерлік амбулаториясын салу .


Майемер ауылында:

1.Мал қорымын ұйымдастыру.

2. 6 дана шамшырақтар орнату .

3.Су құбырын жөндеу және 2 құдық орнату.

4.Мектепті күрделі жөндеуден өткізу.
Егінді ауылы:

1. 10 дана шамшырақтар орнату .

2.Су құбырын ағымды жөндеуден өткізу.

Уштобе:


1.5 дана шамшырақтар орнату.

2. Су құбырын ағымды жөндеуден өткізу.



Туризм саласында:

1.Кымызхана ашу М.Токсанов Алтынбел ауылы

2. Кымызхана ашу К.Хамзин Майемер ауылы

3. Шиномонтаж цехын ашу Р.Тюебаев Алтынбел ауылы

4. СТО ашу Нургалиев Р. Алтынбел ауылы

6.Тері жинау пунктін ашу Нургалиев Р. Алтынбел ауылы


«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Елбасының жолдауы бойынша ауылдық округте іс-шаралар жоспары бекітілген.

Ауыл шаруашылығында:
«Кулан» бағдарламасы бойынша

1.Кусаинов Амангельды «Кусаинов Амангельды» ш/қ

5 млн.600мың.тенге көлемінде -16 бас жылқы.
«Сыбага» бағдарламасы бойынша

2.Капышев К «Сутбай» ш/қмал шаруашылығын дамыту мақсатында 10 млн.тенге көлемінде ,49 бас ірі қара сатып алу.


«Алтын асык» бағдарламасы бойынша

3.Оралхан Кыблайкан «Бейлхан» ш/қна 6 млн. теңге көлемінде 250 бас қой сатып алуды жоспарлауда.

4. Ибраимов Меиркан «Күмісті бұлақ» ш/қ 74 бас ірі қара .

5. Шакиртов Дамир 10 бас ірі қара сатып алады.



Округ әкімі К. Жексембаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет