2014 жылы Қайсым Қайсенов кенті әкімінің тұрғындардың алдындағы есебі



Дата26.02.2016
өлшемі74.1 Kb.
#27189
2014 жылы Қайсым Қайсенов кенті әкімінің тұрғындардың алдындағы есебі
Құрметті Қасым Қайсенов кентінің тұрғындары, құрметті шақырылғандар!
Тұрғындардың алдында әкімнің есеп беру жиынын ашуға рұхсат етіңіздер.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2013 жылдың 15 тамыздағы № 615 «Тұрғындармен есептік кездесу өткізу туралы» тапсырмасын орындау барысында Ұлан ауданында жыл сайын халық алдында есеп беру кездесулері өткізіліп тұрады. Мемлекеттің жаңа саяси бағыты «Қазақстан 2050 Стратегиясы» қалыптасқан Мемлекеттілікті одан ары нығайту және қазақстандық демократияны дамыту ауыл әкімдерін сайлау болып табылады.

Бұл жұмыс халықты елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы және Қасым Қайсенов кентінің тұрғындары еліміздің экономикалық дамуына қосып жатқан үлестері туралы хабардар ету үшін бағытталған.



1. Әлеуметтік қорғау
2013 жылы кен тұрғындарының жалпы саны – 4537адамды құраған, ал 2014 жылы халық саны – 4968 адам, соның ішінде тұрғындардың белсенді экономикалық саны 2667 адам.

2013 жылы тіркеуде тұрған жұмыссыздардың саны 126 адам тіркелсе, 2014 жылы 70 адам тіркелген. 2013 жылы жұмысқа 81 адам орналасса, 2014 жылы жұмыс сұраған 23 адам жұмысқа орналасты. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 2013 жылы 69 адам тартылса, 2014 жылы 65 адам.

2013 жылы 62 жаңа жұмыс орындары ашылса, ал 2014 жылы 8.

2013 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 16 адам алса, ал 2014 жылы 6 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

2013 жылы 44 адамға балаларға арналған жәрдемақы төленді, 2014 жылы 21 адамға төленді.

2013 жылы 42 адамға тұрғын үй көмегін көрсетілсе, 2014 жылы 8 адамға көрсетілді.

2013 жылы оқуға біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға 19 адам жіберілсе, 2014 жылы қайта даярлау курсына барып кондитер аспазшы, есепші, тігінщі, оператор ЭВМ, визажист шаштараз, тырнақ әрлеу шебері, визажист мамандықтарын 11 адам алды.

2013 жылы 62 жұмыс орындары 20 әлеуметтік жұмыс орындары ашылса, 2014 жылы 8 жаңа жұмыс орындары 19 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды.

2013 жылы 10 адам жастар тәжірибесі бойынша жұмыс жасаса, 2014 жылы 2 адам жастар тәжірибесі бойынша жұмыс жасады.

Кентте 6 Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 94 тыл ардагерлері, Ауған соғысына қатысқан 12 адам, Чернобыль апатын жөндеуге қатысқан 5-адам, 1 топ мүгедек 13-адам, 2 топ мүгедек 42-адам, 33-адам 3 топ мүгедек және 21 бала кезінен мүгедек адамдар есепте бар.

2013 жылы 97 бала туса, 2014 жылы 110 бала туды

Қайтыс болғандар саны 2013 жылы 29 адам қайтыс болса, 2014 жылы 25 адам қайтыс болды.

- ҰОС 69 жылдық мерекесіне арналып соғыс ардагерлеріне және тыл ардагерлеріне әлеуметтік пакеттер тапсырылып, мерекелік шеру өткізілді. 9 мамыр күні ҰОС ардагерлеріне және тыл ардагерлеріне арналып мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

- 1 маусым балаларды қорғау күніне мүмкіндіктері шектелген балаларға арналып мереке өткізілді.

Бүгін қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара «Белеу» дәмханасында өтті. Қартарға сый-сияпат көрсетіліп, мәдениет үйінің қызметкерлері өнерлерін ұсынды. Бұл шара Мусина Бактыгуль атты азаматшаның демеушілік көмегімен өткізілді.

«Туған жерге тағзым» акциясының аясында кент кәсіпкерлерімен және 5 334 000 тг. меморандум жасалды. Оның 2 239 000 теңге орындалды.

- 5 млн теңгеге Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіштің құрылысы жүргізіліп жатыр. Өскемен құс фабрикасының ардагерлеріне арналған саябақтың құрылысы үшін жер телімі бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекет басшысының және аудан әкімінің негізгі азық-түлік тағамдарының бағаларын реттеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жәрмеңкелер өткізілуде, бұл жәрмеңкелерде ауыл шаруашылық өнімдері төмен бағамен сатылады. 14 жеке кәсіпкерлермен негізгі азық-түлік тағамдарының бағаларын реттеу мақсатында меморандумдарға қол қойыдлған.



    1. Азық-түлік бағаларына үнемі мониторинг жүргізіліп отырады. Мониторинг жүргізу үшін жауапты маман тағайындалған. Дүкендердегі толайым базардың тауар-көлік құжаттамалары тексеріліп, келіссөздер жүргізіліп отырады.

Кентте «Ардагер» атты әлеуметтік бөлім тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне арнап жұмыс жасайды. Ол зейнеткерлер, аз қамтылған отбасылары, 1-3 топ мүгедектер. Бұл бөлімде базар бағаларынан төмен бағамен азық-түлік сатылады.

«Сыбаға» атты ет сататын дүңгіршектье үнемі сиыр еті, қой еті белгіленген бағамен сатылады.

Кентте 472 бау-бақша бар. Жаз бойы және күзде кент тұрғындары осы бау-бақшада өсірген көкеністерін кенттің дүкендерінде төмендетілген бағамен сатты; кенттегі 5 дүкен арқылы 4 тонна картоп, 350 килограмм сәбіз және 250 килограмм қызылша сатылды.

«Өскемен» құс фабрикасының өнімдерін кенттің дүкендерінде арзан бағамен сату туралы келіссөз жүргізіліп, бүгінгі күні 20,7,11 үйдегі дүкендерде және «Темірбанк» ғимаратында орналасқан дүкенде салқындатылған құс өнімдері сатылады.



2. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ
Кәсіптік қызмет нысандарының 112 тіркелді. Соның ішінде: ЖШС – 5, 22 дүкендер, 3-дүнгіршек, 3-шаштараз, 5-кафе, 2-дәріхана, 2-жанар-жағар май станциясы, 1-техникалық қызмет көрсету станциясы.

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін кенттің қолдаухаты бойынша 5 отбасыға 12,9 млн тенгеге несие бөлінді, соның ішінде: мал шаруашылығын дамыуға және жеке шаруашылық тігін шеберханасын дамытуға. Кәсіпкерлік қызметті ашу есебінде жаңа жұмыс орындарының құрылуы мен салық базасының толықтырылуы күтіледі.
2. Тұрғын-үй коммуналдық қызмет бойынша


  1. Кондаминимум нысандарын Айтыкова 7 үйді, № 14 күрделі жөндеуден өткізілді

  2. Южный, Аманжолова, Қасым Қайсенов, Солнечный көшелеріндегі жолға тас қиыршықтары тегістеліп, төселді

  3. Кентте 95 пәтерлік үйдің құрылысы аяқталды

№ 18, 22, 23 үйлері термомодернизация бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.

Кентте 2015 жылы 100 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысы басталады.




3. Бюджет
- Кенттегі әлеуметтік сұрақтарды шешу үшін және кент әкімдігіне 2013 жылы Республика деңгейінен 8 миллион 407 мың теңге (6,7,8,9 үйлер ауласында ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді) , аудан деңгейінен 9 миллион 978 мың теңге бөлінді оның ішінде кентті көріктендіру және аббаттандыру жұмыстарына 5 миллион 900 мың теңге, контейнерлер алуға 2 миллион 778 мың теңге, көшелерді жарықтандыруға 1 миллион 300 мың теңге, көшелер бойына гүл егуге 170 мың теңге.
4. Кентті көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалау
1) Кентті абаттандыру және көркейтуде әкімдік тарапынан көп көңіл бөлінуде. Кентте тұрмыстық қатты қалдықтар жұмасына 4 рет шығарылып отыр.

2) - 100 қарағай

- 100 пирамидалық терек

- 100 сібір шыршасы

- 10500 түп біржылдық гүл шоғыры отырғызылды

«Жол картасы 2020» бағдарламасы Мәдениет үйінен Р. Марсеков мектебіне дейінгі аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, оған 20550 мың тенге бөлінген. КСК жұмысшыларының көмегімен № 6,7,8,9,14,17,18,19,20,22,23,24 үйлердің аулаларындағы орындықтар жөнделіп, боялды.

ЖК К. Калиевамен арнайы құрылған 7 адамнан тұратын бригада кент бойынша елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсетіп, аймақтарды экологиялық сауықтыру, көгалдандыру және көркейту, қардан тазарту жұмыстарын атқаруда. Күнделікті бригада жұмысшыларының күшімен 3 км. көлемінде жол жиектері қоқыстан тазартылады, көше аралығы, жол бойындағы теректердің ұзындығы қысқартылып аббатандыру жұмыстары жүргізілді. Скверлердің аумағында жол жиектерінде өскен шөптер шабылып шығарылды.

- Кентті таза ұстау мақсатында мемлекеттік кызметшілердің және кент тұрғындарының қатысуымен кент аумағын тазалау жұмыстары үнемі жүргізілді. 80 тонна қоқыс шығарылып, 3 км жол жиектері әктелді.

3)- Кенттің 60 қаңғыбас иті жойылды.

-Кенттің жеке қосалқы шаруашылық иелеріне кент аймағында мал жаймау туралы ескертулер берілді.


5. Ауылшаруашылық туралы
-2015 жылдың 1 қаңтарына:

-272 бас ірі қара,

-602 бас ұсақ мал,

-74 бас жылқы,

-3 бас шошқа бар.

Жұқпалы және аса жұқпалы індеттердің алдын алу мақсатында, жоспарға сәйкес ірі қараның 250 басы сарып ауруына, қой-ешкінің 1000 басы сарып ауруына тексерілді. Эпизотикалық қарсы іс-шаралар төмендегі ауруларға қарсы жүргізілді. Ірі қараның сібіз жарасына – 250 басқа, ірі қараның аусыл ауруына – 700 басы. Қарасан ауруына қарсы – 400 басқа, қой-ешкінің аусыл ауруына – 2100 басқа, сібір жарасына – 1000 басқа алдын алу емдеу шаралары жүргізілді.


6. Білім беру, спорт
- Кентте бір мектеп жұмыс жасайды. Мектепте барлығы 674 оқушы оқиды.

Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда Р.Марсеков атындағы мектептің оқушыларының саны 52 оқушыға өсті.(Р.Марсеков атындағы мектепте 2012-2013 оқу жылында 622 оқушы болса, 2013-2014 оқу ж.ж. 674 оқушы болған)

- «Аленушка» балабақшасында бүгінгі күнде балабақшада 8 топ бар, 180 бала келеді.

- Мектептерде және бала-бақшада жасалған жоспарға байланысты іс-шаралардың барлығы түгелдей өткізілді.

- Кентте балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектебі жұмыс жасайды. Спорт модульде орналасқан спорттық тренажерлармен кент тұрғындары арнайы жасалған кесте бойынша спортпен айналыса алады және бокс, күрес секциялары жұмыс жасайды. Жұмыстан кейін волейбол, баскетбол ойнауға мүмкіншілік жасалған.

- «Ұлан ауданы бойынша ШҚО балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінде спорттың 4 түрі бойынша: бокс, дзюдо, еркін күрес, волейбол оқу-жаттықтыру сабақтары жүргізіледі. Спорт модулінде бокстан жолдастық кездесулер, аудандаралық, облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі спорттық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
7. Денсаулық сақтау
Кенттегі дәрігерлік отбасылық амбулаторияда 5 дәрігер, 12 медбике халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар кентте кардиолог, травматолог дәрігерлері тұрғындарды қабылдап оларға қызмет көрсетеді.

1 стомотология, 2- дәріхана, оның біреуі тәулік бойы жұмыс істейді, және жедел жәрдем көрсететін орталық жұмыс жасайды, онда 5 фельдшер, 4 фельдшер-диспетчер тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Кенттегі соғыс ардагерлері мен мүгедек адамдар есепке алынып, үнемі дәрігерлердің қадағалуына алынған.
8. Қоғамдық ұйымдар туралы
- Кентте 3 қоғамдық ұйым жұмыс жасайды. Олар ардагерлер, ақсақалдар кеңесі, және әйелдер кеңесі. Бұл отырыстарда ЖМПИ «Жемчужина», КММ «Молодежный», бөлімінің бастығының және учаскелік инспекторлардың есептері тыңдалды.

- Кентте құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 21 жасқа толмаған азаматтарға ішімдік сатпауды тексеру үшін учаскелік инспектордың қатысуымен дүкендерді аралап рейдтер жүргізілді. Кенттің ішімдікке салынған адамдары есепке алынып, әңгімелесулер үнемі өткізіледі.



Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен ерікті халықтық топ құрылмақ. Бұл топ мүшелері кестеге сәйкес аптасына 3 рет кешкі уақытта бақылауға шығатын болады.

- Кентте 11 адамнан тұратын Қоғамдық ұйым құрылған, бұл ұйымның жасалған жұмыс жоспары бойынша, айына екі рет отырысы өткізіледі. Бұл ұйымда ІІБ түскен өтініштер қаралады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет