2013 жылы Қайсым Қайсенов кенті әкімінің тұрғындардың алдындағы есебі



Дата27.06.2016
өлшемі93.86 Kb.
#162106
2013 жылы Қайсым Қайсенов кенті әкімінің тұрғындардың алдындағы есебі
Құрметті Қасым Қайсенов кентінің тұрғындары, құрметті шақырылғандар!
Тұрғындардың алдында әкімнің есеп беру жиынын ашуға рұхсат етіңіздер.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2005 жылдың 6 сәуірдегі «Тұрғындармен есептік кездесу өткізу туралы» тапсырмасын орындау барысында Ұлан ауданында жыл сайын халық алдында есеп беру кездесулері өткізіліп тұрады. Мемлекеттің жаңа саяси бағыты «Қазақстан 2050 Стратегиясы» қалыптасқан Мемлекеттілікті одан ары нығайту және қазақстандық демократияны дамыту ауыл әкімдерін сайлау болып табылады.

Бұл жұмыс халықты елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы және Қасым Қайсенов кентінің тұрғындары еліміздің экономикалық дамуына қосып жатқан үлестері туралы хабардар ету үшін бағытталған.

Есеп беру алдында 2013 жылдың 25 қаңтарында өткен тұрғындардың алдында 2012 жыл аралығына есеп беру жиынында берілген сұрақтар бойынша жауап бере кеткім келеді.

1. Қоқыс төгетін жәшәіктер жиі-жиі сынады, оларды ауыстыруға болама?

2013 жылы тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 20 контейнер орналастырылды.

2. Кент ардагерлері мен ақсақалдарына арналған бөлек бөлме керек.

Ардагерлер мен ақсақалдарға арнап бұрыңғы Р. Марсеков атындағы орта мектебінің ғимаратынан бөлме бөлінген.
1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
2012 жылы кент тұрғындарының жалпы саны – 4085 адамды құраған, ал 2013 жылдың 31 желтоқсанына халық саны соның 4537 адамға жетті, оның ішінде тұрғындардың белсенді экономикалық саны 2234 адам.

2012 жылға қарағанда жұмыссыздар саны азайды, 2014 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыз есебінде тұрғандар саны 14 адам. 2012 жылда тіркеуде тұрған жұмыссыздардың саны 133 адамды құраса, ал 2013 жылы 126 адам тіркелген. 2012 жылы жұмысқа 110 адам орналасса, 2013 жылы жұмыс сұраған 81 адам жұмысқа орналасты. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 2012 жылы 110 адам тартылса, ал 2013 жылы 69 адам.

2012 жылы 127 жаңа жұмыс орындары ашылды, ал 2013 жылы 62.

2012 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 20 адам алса, 2013 жылы 16 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

2012 жылы 37 адамға балаларға арналған жәрдемақы төленді, 2013 жылы 44 адам алды.

2012 жылы 29 адамға тұрғын үй көмегін көрсетілсе, 2013 жылы 42 адамға көрсетілді.

2012 жылы оқуға біліктілігін арттыруға және қайтадайарлауға 13 адам жіберілсе, 2013 жылы қайта даярлау курсына барып аспазшы, есепші, дәнекерлеуші мамандықтарын 19 адам алды.

2012 жылы 127 жаңа жұмыс орындары 11 әлеуметтік жұмыс орындары ашылса, 2013 жылы 62 жаңа жұмыс орындары 20 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды.

2012 жылы 21 адам жастар тәжірибесі бойынша жұмыс жасаса, 2013 жылы 10 адам жолданды.

Кентте 7 Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 94 тыл ардагерлері, Ауған соғысына қатысқан 12 адам, Чернобыль апатын жөндеуге қатысқан 6-адам, 1 топ мүгедек 13-адам, 2 топ мүгедек 42-адам, 35-адам 3 топ мүгедек және 21 бала кезінен мүгедек адамдар есепте бар.

2012 жылы 96 бала туса, 2013 жылы 104 бала дүниегекелген.

Қайтыс болғандар саны 2012 жылы 14 адамды құраса, 2013 жылы 19 адам қайтыс болды.

ҰОС 68 жылдық мерекесіне арналып соғыс ардагерлеріне және тыл ардагерлеріне әлеуметтік пакеттер тапсырылып, мерекелік шеру өткізілді. 9 мамыр күні ҰОС ардагерлеріне және тыл ардагерлеріне арналып мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Мерекені өткізуге демеушілік көмек Аскабылова Куляра, Акмолова Сауле, Захан Минар көрсетті.

1 маусым балаларды қорғау күніне мүмкіндіктері шектелген балаларға арналып мереке өткізілді, бұл мерекегі ЖК Қосайұлы Ербол, Жұмағалиев Азамат демеушілік жасап, балаларға шағын сый-сыяпат көрсетілді.

Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара «Белеу» дәмханасында өтті. Қартарға сый-сияпат көрсетіліп, мәдениет үйінің қызметкерлері өнерлерін ұсынды. Бұл шара Сабитов Жалынды, Бигалиев Азамат, Калиева Айнур, Захан Минар атты азаматтардың демеушілік көмегімен өткізілді.

«Туған жерге тағзым» акциясының аясында кент кәсіпкерлерімен 1 млн. 18 мың теңгеге меморандум жасалды.

Мемлекет басшысының және аудан әкімінің негізгі азық-түлік тағамдарының бағаларын реттеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жәрмеңкелер өткізілуде, бұл жәрмеңкелерде ауыл шаруашылық өнімдері төмен бағамен сатылады. 14 жеке кәсіпкерлермен негізгі азық-түлік тағамдарының бағаларын реттеу мақсатында меморандумдарға қол қойыдлған.


    1. Азық-түлік бағаларына үнемі мониторинг жүргізіліп отырады. Мониторинг жүргізу үшін жауапты маман тағайындалған. Дүкендердегі толайым базардың тауар-көлік құжаттамалары тексеріліп, келіссөздер жүргізіліп отырады.

Кентте «Ардагер» атты әлеуметтік бөлім тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне арнап жұмыс жасайды. Ол зейнеткерлер, аз қамтылған отбасылары, 1-3 топ мүгедектер. Бұл бөлімде базар бағаларынан төмен бағамен азық-түлік сатылады.

«Сыбаға» атты ет сататын дүңгіршекте үнемі сиыр, қой еті белгіленген бағамен сатылады.

Кентте 472 бау-бақша бар. Жаз бойы және күзде кент тұрғындары осы бау-бақшада өсірген көкеністерін кенттің дүкендерінде төмендетілген бағамен сатты; кенттегі 5 дүкен арқылы 4 тонна картоп, 350 килограмм сәбіз және 250 килограмм қызылша сатылды.

«Өскемен» құс фабрикасының өнімдерін кенттің дүкендерінде арзан бағамен сату туралы келіссөз жүргізіліп, бүгінгі күні 20,7,11 үйдегі дүкендерде және «Темірбанк» ғимаратында орналасқан дүкенде салқындатылған құс өнімдері сатылады.



2. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ
Кәсіптік қызмет нысандарының 112 тіркелді. Соның ішінде: ЖШС – 5, 18 дүкендер, 3-дүнгіршек, 3-шаштараз, 5-кафе, 2-дәріхана, 2-жанар-жағар май станциясы, 1-техникалық қызмет көрсету станциясы, 2-аяқ киім жөндеу шеберхана.

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін кенттің қолдаухаты бойынша мал шаруашылығын дамыуға, омарташылыққа, техникаларды жөндеу станциясын кенейтіп және дамыту үшін, телевидеостудияны дамытуға шағын несие берілді. 2012 жылы 5 адам 12,0 млн. теңге несие алды. Ал 2013 жылы кредиттік серіктестк арқылы 30 адам 85 млн. 500 мың теңге, ал қаржылай көмек көрсету қоры арқылы 6 адам 17 млн. теңге алды.

3. БЮДЖЕТ
2013 жылы кент әкімі аппаратына жұмыс істеу мен қызмет көрсетуге 9 миллион 879 мың 800 теңге бөлінді. Көше жарықтандыруға 2 миллион 500 мың теңге. Тазалық сақтауға 3 миллион 800 мың теңге, оның ішінде 20 тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған жәшіктер алуғаи2 милн. 778 мың теңге бөлінді. Кентті көріктендіру және аббаттандыру жұмыстарына 7 миллион 70 мың теңге бөлінді. Негізгі кұралдарды сатып алу үшін 425 мың теңге бөлінді. 2013 жылдың аяғына қаражаттың игерілуі 99,9% құрайды. Игерілмеген 517, 65 теңге қосылған құн салығынан құралған үнемдей.

Жергілікті салықтан жиналған қаражат 7 417 730 теңге. Оның ішінде мүліктік салық – 1 953 920 теңге, жер салығы – 263 810 теңге, көлік салығы – 5 200 000 теңге.

2012 жылы жиналған салық 7 017 730теңгені құраған. Оның ішінде мүліктік салық – 1 803 920 теңге, жер салығы – 213 810 теңге, көлік салығы – 5 000 000 теңге.

4. КЕНТТІ КӨРКЕЙТУ, КӨГАЛДАНДЫРУ, САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ
Кентті абаттандыру және көркейтуде әкімдік тарапынан көп көңіл бөлінуде. Кенттегі қоқыс төгетін алаңдарға 20 қоқыс салатын Европалық стандарт бойынша жасалған қораптар алынды, тұрмыстық қатты қалдықтар жұмасына 4 рет шығарылып отыр.

20 қарағай, 20 қайың, 50 бұталар мен ағаштар, 300 түп қараашаш, 5000 гүл отырғызылды.

ЖК К. Калиевамен арнайы құрылған 7 адамнан тұратын бригада кент бойынша елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсетіп, аймақтарды экологиялық сауықтыру, көгалдандыру және көркейту, қардан тазарту жұмыстарын атқаруда. Күнделікті бригада жұмысшыларының күшімен 3 км. көлемінде жол жиектері қоқыстан тазартылады, көше аралығы, жол бойындағы теректердің ұзындығы қысқартылып аббатандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар кентті таза ұстау мақсатында мемлекеттік кызметшілердің және кент тұрғындарының қатысуымен кент аумағын тазалау жұмыстары үнемі жүргізілді. 410 тонна қоқыс шығарылып, 3 км жол жиектері әктелді.

Демеушілердің көмегімен №14,18 үйлердің ауласында және Заводская көшесіндегі жолға тас қиыршықтар тегістеліп төселді.

№23,24 үйлердің ауласындағы жол грейдермен тегістеледі.

Көктемгі-күзгі су тасқынын болдырмау мақсатында кент айналасында су қайтарғы арықтарды қазу жұмыстары жүргізіліді.

№ 6,7,8,9,10,11,12, үйлердің алдарында қураған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді.

6,7,8,9 үйлер ауласында 8 миллион 407 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2012 жылы №9 үй термомодернизация бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткізіліді, ал 2013 жылы №6,7,8,10 жөндеуден өткізілді.

№14 үйдің ауласы 6 млн. 800 мың теңгеге жөндеуден өтті.

№17,24, 21,22,23 үйлердің ауласындағы балалар алаңын жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Кондоминиум нысандарын Айтыкова 7 үйді, № 14, 18, 22 күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Кентте 95 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Кентте 40, 100 пәтерлік тұрғын үйлердің салынуы жоспарлануда.

2013 жылы кентте 50 қаңғыбас иті жойылды, ал 2012 жылы 45 ит жойылған.

Кенттің жеке қосалқы шаруашылық иелеріне кент аймағында мал жаймау туралы ескертулер берілді.
5. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ
2013 жылға мал санының құрамы: 252 бас ірі қара, 573 бас ұсақ мал, 32 бас жылқы, 3 бас шошқа бар.

2012 жылылда 250 бас ірі қара, 568 бас ұсақ мал, 26 бас жылқы, 3 бас шошқа болған.

700 бас ұсақ мал бурцеллезге тексеріліп, теріс нәтиже алынды.

150 бас ірі қара лейкоз аруына тексерілді. 300 бас ірі қара эмкор ауруына тексерілді. 300 бас ірі қара 700 бас ұсақ мал сарып ауруына тексеріліп, теріс нәтиже аланды.

2013 жылы аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ. Жоспарға сәйкес ірі қараның 250 басы жаңа үлгідегі ветеринарлық төлқұжат беріліп және екі құлағынан сырғаланып компьютерлік қорға енгізілді.
6. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ СПОРТ
Кентте бір мектеп жұмыс жасайды. Мектепте барлығы 622 оқушы оқиды.

Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда Р.Марсеков атындағы мектептің оқушыларының саны 41 оқушыға өсті.(Р.Марсеков атындағы мектепте 2011-2012 оқу жылында 581 оқушы болса, 2012-2013 оқу ж.ж. 622 оқушы болған).

«Балапан» бағдарламасын орындау мақсатында бойынша бұрынғы бала-бақша орналасқан ғимараттарды босату туралы Президенттің Жарлығы бойынша Кент әкімшілігі мен зейнетақы төлеу орталығы №5 ғимаратқа көшіп «Аленушка» бала-бақшасына мектептен шағын орталық көшірілді. Желтоқсан айында бала бақша ғимаратындағы пайдаланып отырған бөлмелерді Аудандық сот босатты, ол жерде 3 топ ашылады деп жоспарлануда.

Бүгінгі күнде балабақшада 8 топ бар, 180 бала тәрбиеленуде. 2012 жылы бала бақшада 168 бала тәрбиеленген.

Мектептерде және бала-бақшада жасалған жоспарға байланысты іс-шаралардың барлығы түгелдей өткізілді.

Кентте балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектебі жұмыс жасайды. Спорт модульде орналасқан спорттық тренажерлармен кент тұрғындары арнайы жасалған кесте бойынша спортпен айналыса алады және бокс, күрес секциялары жұмыс жасайды. Жұмыстан кейін волейбол, баскетбол ойнауға мүмкіншілік жасалған.

«Ұлан ауданы бойынша ШҚО балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінде спорттың 4 түрі бойынша: бокс, дзюдо, еркін күрес, волейбол оқу-жаттықтыру сабақтары жүргізіледі. Спорт модулінде бокстан жолдастық кездесулер, аудандаралық, облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі спорттық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
7. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Кенттегі дәрігерлік отбасылық амбулаторияда 4 дәрігер, 9 медбике халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар кентте кардиолог, травматолог және эндокринолог дәрігерлері тұрғындарды қабылдап оларға қызмет көрсетеді. Амбулаторияға 3 қабаттан қосымша бөлмелер берілді. Дәрігерлердің тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында 2 дәрігерге жаңа үйден пәтерлер берілді.

1 стомотология, 2- дәріхана, оның біреуі тәулік бойы жұмыс істейді, және жедел жәрдем көрсететін орталық жұмыс жасайды, онда 5 фельдшер, 4 фельдшер-диспетчер тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Кенттегі соғыс ардагерлері мен мүгедек адамдар есепке алынып, үнемі дәрігерлердің қадағалуына алынған.

8. Қоғамдық ұйымдар туралы
Кентте 3 қоғамдық ұйым жұмыс жасайды. Олар ардагерлер, ақсақалдар кеңесі, және әйелдер кеңесі. Бұл отырыстарда ЖМПИ «Жемчужина», КММ «Молодежный», бөлімінің бастығының және учаскелік инспекторлардың есептері тыңдалды.

Кентте құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 21 жасқа толмаған азаматтарға ішімдік сатпауды тексеру үшін учаскелік инспектордың қатысуымен дүкендерді аралап рейдтер жүргізілді. Кенттің ішімдікке салынған адамдары есепке алынып, әңгімелесулер үнемі өткізіледі.

Кентте 11 адамнан тұратын Қоғамдық ұйым құрылған, бұл ұйымның жасалған жұмыс жоспары бойынша, айына екі рет отырысы өткізіледі. Бұл ұйымда ІІБ түскен өтініштер қаралады. 2013 жылы бұл қоғаммен кент аумағында мал ұстау тәртібі туралы 6 іс қаралды.

2013 жыл көлемінде келесі статьялар бойынша 110 құқықбұзушылықпен жауапқа тартылды: жанұя-тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқыққа қарсы іс-әрекеттері үшін-18, денеге жарақат түсіргені үшін – 4, анаша қабылдағаны үшін – 2, ұсақ бұзақылықпен-18, қоғамдық жерде мас күйіне жүргені үшін – 1, заңға бағынбағаны үшін – 3, ішішдік ішкені үшін – 34, қоғамдық жерде темекі тартқаны үшін – 11, тұрғылықты жердің тіркеуін бұзғаны үшін – 14 және қару жарақ сақтау тәртібін бұзғаны үшін – 5.


2014 жылға арналған міндеттер:
2014 жылға арналған міндеттердің бірі халыққа сапалы қызмет көрсету, мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды орындау

  1. «Балапан» бағдарламасын орындау мақсатында 2014 жылы балабақша ғимаратында орналасқан мемлекеттік мекемелерден толық босату.

  2. 4 құрылыс жайғасымында жеке тұрғын үй салу үшін рұқсат беру.

3. «Тұрғын үй» бағдарламасы бойынша тұрғындардың үйге мұқтаждығын азайту

  1. «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасы бойынша жобаларды жүзеге асыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет