2015 жылғы «__»___________№ ___
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - басқарма), Орал қаласы мен аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдерімен (бұдан әрі – бөлім) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8маусымдағы №15-1/522 бұйрығымен «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияны аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін (бұдан әрі – төлем шоттарының тізілімі) ұсыну болып табылады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме:
Стандарттың 1 - 2 қосымшаларына сәйкес өтінім.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) бөлімнің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы стандартының 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды (бұдан әрі-құжаттар) ұсынған сәттен бастап 15 (он бес) минуттың ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады (құжаттарды қабылдаудың аяқталу күніне дейін).
Нәтижесі- құжаттарды бөлімнің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды;
2) бөлімнің басшысы құжаттарды қарайды және бөлімнің жауапты орындаушысын белгілейді.
Нәтижесі-мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды бөлімнің жауапты орындаушысына жолдайды;
3) бөлім (қала басқармасы) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерін, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің төлем туралы өтінімді немесе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жиынтық тізілімін ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде:
- өтінімді көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысына;
- төлем туралы өтінімді;
- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жиынтық тізілімін тексереді.
Нәтижесі – өтінімді көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысына және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жиынтық тізілімін тексереді.
4) бөлім өтінімді тексеруді аяқтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда өтінімді облыс басқармасына жібереді, теріс шешім жағдайында – субсидия бермеудің себебін көрсете отырып ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні жазбаша түрде хабардар етеді.
Бұл ретте бөлім субсидия бермеудің себебін көрсете отырып, субсидия беруде теріс шешім қабылданған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тізбесі) жасайды, оны облыс басқармасына ұсынады.
Нәтижесі – оң шешім болған жағдайда өтінімді облыс басқармасына жібереді, ал теріс шешім қабылданған жағдайда теріс шешім қабылданған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін жасайды, оны облыс басқармасына ұсынады.
5) бөлім (қала басқармасы) төлем туралы өтінімді және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімін тексеруді аяқтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушілердің тізілімін жасайды.
Нәтижесі – биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушілердің тізілімін жасайды.
6) Бөлім тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушілердің тізілімін жасағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушіге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушілердің тізілімін облыс басқармасына жібереді, теріс шешім жағдайында – субсидия бермеудің себебін көрсете отырып биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушіні жазбаша түрде хабардар етеді.
Бұл ретте бөлім субсидия бермеудің себебін көрсете отырып, субсидия беруде теріс шешім қабылданған биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізбесін жасайды (бұдан әрі - жеткізушілер тізбесі), оны облыс басқармасына ұсынады.
Нәтижесі – оң шешім болған жағдайда биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушілердің тізілімін облыс басқармасына жібереді. Теріс шешім қабылданған биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізбесін жасайды (бұдан әрі - жеткізушілер тізбесі), оны облыс басқармасына ұсынады.
7) Облыс басқармасы өтінімдер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімі түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады.
Нәтижесі – қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) тiзбесi:
1) бөлім;
2) басқарма
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі стандарттың 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
9.Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар стандарттың 4-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл
шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың)
және биопрепараттардың құнын субсидиялау»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау»
мемлекеттiк қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
өтінімді және төлем туралы өтінімді немесе жиынтық тізілімнің талапқа сәйкестігін тексереді
Субсидия алуға өтінімді және төлем туралы өтінімді тапсырады
шаруашылықтар мен биоагенттерді жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады.
оң шешім болған жағдайда өтінімді және жеткізушілердің тізілімін басқармаға жібереді
теріс шешім жағдайында – субсидия бермеудің себебін көрсете отырып шаруашылықты және биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушіні жазбаша түрде хабардар етеді.
ИӘ
ЖОҚ
Шартты белгілер:
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
-
көрсетілетін қызметті алушының және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық-функционалдық бірліктерінің рәсімдерінің (іс-қимылдарының) атауы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
Достарыңызбен бөлісу: |