Математикадан дидактикалық материалдар 4-сынып



Дата19.06.2016
өлшемі103 Kb.
#147781
Екібастұз қаласы әкімдігінің білім

бөлімінің №28 Абай атындағы жалпы

орта білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Бақтыгүл Далабайқызы


Математикадан дидактикалық материалдар 4-сынып.

№1


  1. Сандарды өсу ретімен жаз: 259,205,251,219,291,209.

  2. Әділбек дәптерге 300теңге жұмсады, ал Нұрлыбек одан 2 есе көп ақша жұмсады. Нұрлыбек қанша ақша жұмсады?

  3. Амалдарды орында: 252+118 205+407 318-125 5м12см+3м15см

  4. Ұзындығы 12см, ені 7см тік төртбұрыштың ауданын тап.

№2

1. Сандарды өсу ретімен жаз: 315, 375, 307, 390, 318, 305.

2.Жұмабек айына 250 деталь жасайды, ал Орынбасар одан 70 деталь кем жасайды. Екеуі айына қанша деталь жасайды?

3.Амалдарды орында: 109+217 105+178 491-293 4дм7см+5дм8см

4.Ұзындығы 17дм, ені 8дм тік төртбұрыштың ауданын тап.

№3

1. Сандарды өсу ретімен жаз: 813, 815, 809, 899, 890, 835.



2. Нұрсәуле еңбек сабағында 52см мата жұмсады., ал Гүлнұр одан 2 есе көп мата жұмсады. Екеуі қанша мата жұмсады?

3. Амалдарды орында: 329+188 703+118 688-199 7км 10м+5км 18м

4. Ұзындығы 15см, ені одан 8см кем тік төртбұрыштың ауданын тап.

№4


  1. САндарды өсу ретімен жаз: 719, 199, 810, 209, 817, 901.

  2. Нұргүл 270теңгеге бағасы бірдей 3 кітап сатып алды, ал Нұржан бір кітапқа Нұргүлдің бір кітапқа төлегенінен 20 теңге артық төледі. Екеуі кітаптарға қанша ақша төледі?

  3. Амалдарды орында: 718+119 705-499 714+126 5км6дм97см+7км9дм36см

  4. Ұзындығы 18м, ені одан 70дм-ге кем тік төртбұрыштың ауданын тап.

№5

  1. Мынадай сандарды жаз: онда бірінші разрядтың 7 бірлігі бар, екінші разрядтың 3 бірлігі бар, үшінші разрядтың 4 бірлігі бар.

  2. Разрядтық қосылғыштарға жікте: 318, 504, 415, 7506, 8654.

  3. Мына сандарда әр разрядтың неше бірлігі бар: 512, 3мың, 93мың, 700мың?

  4. Салыстыр: 3400 * 300∙100 4м6дм3см * 48дм

№6

  1. Ең үлкен төрт таңбалы санды жазып, оны разрядтық қосылғыштарға жікте.

  2. Разрядтық қосылғыштарға жікте: 519, 705, 9109, 70 076, 900 100.

  3. Мына сандарда әр разрядтың неше бірлігі бар: 629, 12мың, 971мың, 2млн, 718мың?

  4. Салыстыр: 30∙10 * 30∙100 45м3дм5см * 45дм

№7

  1. Ең кіші бес таңбалы санды жазып, оны разрядтық қосылғыштарға жікте.

  2. Разрядтық қосылғыштарға жікте: 918, 7 005, 6 700, 901 010.

  3. Мына сандарда әр разрядтың неше бірлігі бар: 787, 25мың, 607мың,

3млн 975 мың 402?

4. Салыстыр: 25∙100 * 205∙10 23т 27кг * 2450кг

№8


  1. Ең үлкен бес таңбалы санды жазып, оны разрядтық қосылғыштарға жікте.

  2. Разрядтық қосылғыштарға жікте: 671, 9 006, 8 70, 97 002.

  3. Мына сандарда әр разрядтың неше бірлігі бар: 865, 35мың, 972мың,

4млн 671мың 507?

4. Салыстыр: 35∙200 * 305∙20 36т 29кг 30г * 46 793кг


№9


  1. Мына сандарда неше ондық, неше жүздік, неше мыңдық, неше он мыңдық бар: 105 917, 705 402, 10 715, 618 725?

  2. Салыстыр: 2м * 2000см 2дм * 2000см 15∙100 * 150 4000:100 * 4∙100

  3. Алмагүл басқаратын топ 300кг алма жинады, ал Жәми басқаратын топ одан екі есе көп алма жинады. Жәми басқаратын топ неше килограмм алма жинады?

  4. Ені 20м, ұзындығы 500дм тік төртбұрыштың ауданын тап.

№10

  1. Мына сандарда неше ондық, неше жүздік, неше мыңдық бар: 20 552, 705 603, 17 954?

  2. Салыстыр: 3м 12см * 3м 4дм 2км * 4251м 16∙100 * 160 5000:100 * 5∙100

  3. Ерлан бірінші күні 300м, екінші күні одан 2есе аз жол тазалады. Ол екі күнде қанша жол тазалады?

  4. Ұзындығы 56м, ені одан 2есе кем тік төртбұрыштың периметрін тап.

№11

  1. Мына сандарда неше ондық, неше жүздік, неше мыңдық, неше он мыңдық бар: 27 855, 100 071, 6 970 057?

  2. Салыстыр: 4м 24см * 4м 3дм; 5км * 6001м; 18∙100 * 1800; 9000:100 * 9∙100;

  3. Мектеп кітапханасына бірінші күні 600 оқулық, ал екінші күні одан үш есе кем оқулық әкелінді. Екі күнде барлығы қанша оқулық әкелінді?

  4. Қабырғаларының ұзындығы 5см 3мм, 4см 9мм және 7см 2мм болатын үшбұрыштың периметрін табыңдар.

№12

  1. Мына сандарда неше ондық, неше жүздік, неше мыңдық, неше он мыңдық бар: 357 649, 610 0514, 7 800 004?

  2. Салыстыр: 6м 35см * 6м 4дм; 6км * 675дм; 19∙100 * 190; 6000:100 * 900

  3. Қамар 3 күнде компьютерде 300 беттік кітаптың жартысын терді. Ол бір күнде қанша бет терді?

  4. Қабырғаларының ұзындығы 5дм 28см 4мм, 13дм 2см 6мм тік төртбұрыштың периметрін тап.

№13

1. Салыстыр: 5км 8м * 8км 9м 4мыңд 6жүзд 8онд 3бірл * 4395

2. Килограммен өрнекте: 7т 21кг, 61т 30кг, 71т 2кг.

3. Секундпен өрнекте: 1сағ, 12сағ 5мин, 20мин 14сек.

4. Қабырғасының ұзындығы 2см 5мм шаршы сызып, оның периметрін тап.

№14


1. Салыстыр: 16км 9м * 13км 5м 5мыңд 7жүзд 6онд 5бірл * 5679

2. Килограммен өрнекте: 71т 65кг, 12т 7ц 5кг, 6т 17ц 6кг.

3. Секундпен өрнекте: 2сағ 15мин, 4сағ 10мин 15с

4. Қабырғаларының ұзындығы 3см 6мм, 2см 5мм тік төртбұрыш сызып, оның периметрін тап.

№15

1. Салыстыр: 5км 9м 3см * 5км 218см 4т 2кг * 3561кг



2. Килограммен өрнекте: 65т 5ц 7кг, 15т 6ц 17кг, 72т 3ц 15кг

3. Секундпен өрнекте: 2сағ 45мин 4с, 7сағ 10мин 14с

4. Қабырғаларының ұзындығы 2см 6мм, 3см 6мм тік төртбұрыш сызып, оның периметрін тап.

№16


№1. Салыстыр: 6км 8м 4см * 7150км 4т 5кг * 675кг

№2. Килограммен өрнекте: 75т 4ц 5кг, 16т 24ц 16кг, 25т 5ц 12кг.№3. Секундпен өрнекте: 3сағ 15мин 5с, 7сағ 5мин 12с №4. Бір қабырғасының ұзындығы 4см 6мм, екінші қабырғасы одан 2 есе кем тік төртбұрыш сызып, оның периметрін тап.

№17

1. Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жікте: 5627, 4031, 15718, 5003046.



2. Теңдеулерді шеш: х∙5=3000 6000:у=100 7∙z=70000

3. Мектеп кітапханасына 720 кітап түсті, екінші күні бұдан үш есе кем кітап түсті. Екі күнде кітапханаға қанша кітап түсті?

4. Амалдарды орында: 700+500 12057+13158 83745-17892

№18


1. Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жікте:7318, 5062, 12784, 60071207

2. Теңдеулерді шеш: х∙7=14049 92000:у=100 9∙z=180081

3. 4-сынып оқушылары 120 түп ағаш отырғызды. 5-сынып оқушылары одан 27 ағаш артық отырғызды. Ал 6-сынып оқушылары 5-сынып оқушыларынан 21 ағаш артық отырғызды. Барлығы қанша ағаш отырғызылды?

4. Амалдарды орында: 197648+17568 9700031-293181 12001+909

№19

1. Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жікте:18727, 6055, 76009, 9007200



2. Теңдеулерді шеш: 7∙а=210056 801000:у=100 6∙у=24108

3. Бір күнде қоймаға 36 қап күріш, одан 12 қап кем арпа және арпадан 6 қап артық сұлы түсірілді. Қоймаға барлығы неше қап астық түсірілді?

4. Амалдарды орында: 27314+700083 2978009-765003 800-103

№20


1.Сандарды разр-қ қосылғыштардың қосындысына жікте:78012, 700018, 2401205, 2525252

2. Теңдеулерді шеш: 9∙х=108108 280500:у=100 8∙z=72048

3. Жарыста 12 оқушы бірінші орын алды, екінші орын алғандардың одан 3-еуі кем, ал үшінші орын алған оқушылар саны екінші орын алғандардан екі есе артық. Жүлделі орын алған оқушылар саны қанша?

4. Амалдарды орында:97614+183275 6000048-2700181 2005+70002

№21

1. Амалдарды баған түрінде орында: 1235∙2 7528:2



2. Өрнек түрінде жазып, мәнін тап: 1324 және 3 сандарының көбейтіндісін 1037-ге кеміт.

3. Теңдеулерді шеш: 4∙а=24640 240640:а=4 а:3021=4

4. Тік төртбұрыш қабырғаларының ұзындығы 4см және 3см. Оның периметрін тап.

№22


1. Амалдарды орында: 270153∙3 19528076:2

2. Өрнек түрінде жазып, мәнін тап: 2768 және 4 сандарының көбейтіндісін 2318-ге арттыр.

3. Теңдеулерді шеш: 7∙х=70560 920052:а=3 b:76183=4

4. Тік төртбұрыш қабырғаларының ұзындығы 4см 5мм және 2см 5мм. Оның периметрін тап.


№23

1. Амалдарды орында: 280324∙7 28916864:2

2. Өрнек түрінде жазып, мәнін тап: 342864 және 3 сандарының көбейтіндісін 6312-ге кеміт

3. Теңдеулерді шеш: 9∙х=180360 72864:а=3 b:89008=2

4. Тік төртбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 5см 9мм, ал екіншісінікі одан 1см 4мм артық.. Тік төртбұрыштың периметрін тап.
№24

1. Амалдарды орында: 82934∙8 970072032:4

2. Өрнек түрінде жазып, мәнін тап: 780064 және 7 сандарының көбейтіндісінен 9800-ді азайт.

3. Теңдеулерді шеш: 8∙х=64080 89765:а=17953 b:21753=3

4. Тік төртбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 12см 9мм, ал екіншісінікі одан 3 есе қысқа. Тік төртбұрыштың периметрін тап.

№25


1. Қалдықпен бөл және тексер: 27051:2 73015:3

2. Өрнек түрінде жаз: 3846 мен 3 санының көбейтіндісін 7916-ға кемітіп, оған 23207-ні қос

3. Есепте: 1сағ 15мин∙5 6сағ 40мин:4

4. Қабырғалары 4см, 7см және 5см болатын үшбұрыштың периметрін тап.


№26

1. Қалдықпен бөл және тексер: 184241:4 189872:3

2. Өрнек түрінде жаз: 9718 бен 6716-ның айырмасын екі есе кемітіп, оған 36517-ні қос

3. Есепте: 2сағ 20мин∙6 12сағ 30мин:2

4. Қабырғалары 6см, 3см 2мм және 7см 8мм болатын үшбұрыштың периметрін тап.
№27

1. Қалдықпен бөл және тексер: 718923:7 824933:2

2. Өрнек түрінде жаз: 791872 мен 189653 сандарының қосындысын 5 есе кемітіп, одан 3210 және 7309 сандарының қосындысын азайт.

3. Есепте: 2сағ 25мин46с∙3 2тәул 4сағ ∙5

4. Екі қабырғасы 4см 5мм және 7см, ал үшінші қабырғасының ұзындығы екі қабырғасының ұзындығының қосындысынан 3см кем үшбұрыштың периметрін тап.
№28

1. Қалдықпен бөл және тексер: 82724:5 18476943:2

2. Өрнек түрінде жаз: 6519756 мен 630571 сандарының айырмасын 5-ке бөліп, оған 7167 және 3180 сандарының айырмасын қос..

3. Есепте: 2т 4кг27г∙8 4тәул 21кг 418г ∙7

4. Екі қабырғасы 7см 4мм және 5см 2мм, ал үшінші қабырғасының ұзындығы екі қабырғасының ұзындығының қосындысынан 6см 6мм кем үшбұрыштың периметрін тап.
№29


  1. Жаяу адам сағатына 4км жүрсе, 2сағатта, 3сағатта қанша жол жүреді?

  2. Секундпен өрнекте: 15мин 20с 35мин 40с

  3. Жасырын санды тап: 5м:=5мм кг∙100=18ц

  4. Амалдарды орында: 6589 28095 30005

+4578 +38979 - 9907

511 10051 …………..

………… …………

№30


1 .Мотоциклші сағатына 60км жол жүрсе, жарты сағатта, 3 сағатта қанша жол жүреді?

  1. Минутпен өрнекте: 2сағ 4мин 12 сағ 35мин

  2. Жасырын санды тап: 6м:=6мм кг∙100=28ц

  3. Амалдарды орында: 7655 25062 790065

+5071 +970012 - 87519

17561 31035 …………..

……….. ………….

№31


  1. Трактор сағатына 10км жүрсе, 10 сағ, 14сағ өткенде қандай қашықтықта болады?

  2. Килограммен өрнекте: 2т 7ц 5кг 12т6ц 14кг

  3. Жасырын санды тап: 9м:=9см кг∙100=35ц

  4. Амалдарды орында: 6005 12875 79007

+1596 + 92805 - 9868

81659 6905 …………

…………. ………

№32


  1. Ұшақ 800км/сағ жылдамдықпен ұшса, 4сағатта, 6сағатта қандай қашықтықта болады?

  2. Сантиметрмен өрнекте: 90км 800м 5см 12км 605м 20см

  3. Жасырын санды тап: 12000м:=12км г∙1000=12кг

  4. Амалдарды орында: 76500 9764 70076

+ 3907 +12586 -12324

165405 93650 …………

……….. …………

№33


  1. Велосипедші 10км/сағ жылдамдықпен 3сағатта қанша жол жүреді?

  2. Теңдеулерді шеш: в:7=101 а:8=201 а∙7=203

  3. Ерлан бірінші күні 5 жәшік алма, екінші күні дәл сондай 4 жәшік алма, барлығы 180кг алма терді. Әр жәшікке неше кг алма салынған?

  4. Қабырғаларының ұзындығы 3см 4мм шаршы сызып, оның периметрін тап.

№34

  1. Мотоциклші 60км/сағ жылдамдықпен 4сағатта қанша жол жүреді?

  2. Теңдеулерді шеш: х:9=202 у:7=4214 х∙7=2996

  3. Қамар бірінші күні сиырдан 12литр сүт сауды, ешкіден 7литр сүт сауды. Қамар 5күнде барлығы неше литр сүт сауды?

  4. Қабырғасының ұзындығы 2см 3мм шаршы сызып, оның периметрін тап.

№35

  1. Шаңғышы 12км/сағ жылдамдықпен 3сағатта, 5сағатта қанша жол жүреді?

  2. Теңдеулерді шеш: х:8=6328 у:9=10907 у∙6=549042

  3. Бір сыныпта 28 оқушы бар. Бұл мектептің барлық оқушылар санынан 20 есе кем. Ал мұғалімдер саны барлық оқушылар санынан 520-ға кем. Мектепте қанша оқушы бар және қанша мұғалім бар?

  4. Бір қабырғасының ұзындығы 3см 8мм, екінші қабырғасының ұзындығы одан 1см 7мм артық тік төртбұрыштың периметрін тап.

№36


1. Салт атты 15км/сағ жылдамдықпен 4 сағатта, 7сағатта неше километр жол жүреді?

2. Теңдеулерді шеш: 43568:х=10892 428∙у=2568 1516∙у=7580

3. Элеваторға бірінші күні 1230т астық, екінші күні бұдан 250т артық, ал үшінші күні екінші күнгіден 50т астық кем түсірілді. Үш күнде элеваторға қанша астық әкелінді?

4. Бір қабырғасының ұзындығы 12см 6мм, екінші қабырғасының ұзындығы одан 2см кем тік төртбұрыштың периметрін тап.

№37

1.Сандарды кему ретімен жаз: 9071, 9710, 9107, 910.



2. 75185 санын оның құрамында қанша ондық болса, сонша есе арттыр.

3. 10 000 шығу үшін 4985-ке қандай санды қосу керек?

4. Ұзындығы 18см, ал ені одан 2 есе кем тік төртбұрыштың ауданын тап.

№38


1. Сандарды кему ретімен жаз: 7059, 5907, 9705, 7095.

2. 57265 санын оның құрамында қанша жүздік болса, сонша есе арттыр

3. 10 000 шығу үшін 9718-ге қандай санды қосу керек?

4. Ұзындығы 20дм, ал ені одан 4 есе кем тік төртбұрыштың ауданын тап.

№39

1. Сандарды кему ретімен жаз: 90075, 90705, 95070, 97005.



2. 73725 санын оның құрамында қанша мыңдық болса, сонша есе кеміт.

3. 10 000 шығу үшін 9618-ге қандай санды қосу керек?

4. Ұзындығы 18м, ал ені одан 80дм кем тік төртбұрыштың периметрін тап.

№40.


Сандарды кему ретімен жаз:10798, 9870, 90870, 9870.

2. 675905 санын оның құрамында қанша он мыңдық болса, сонша есе кеміт.

3. 10 000 шығу үшін 8925-ке қандай санды қосу керек?

4. Ұзындығы 25 м, ал ені одан 50 дм кем тік төртбұрыштың периметрін тап.


№41

  1. Ең үлкен үш таңбалы санды жазып, оны разрядтық қосылғыштарға жікте.

  2. Теңдеулерді шеш: 7565:х=5 у:4=16036 х∙7=49021

  3. Мына сандарда әр разрядтың неше бірлігі бар: 718, 6мың, 36мың, 375мың

  4. Салыстыр; 7500 * 7∙1000 6м 12дм 7см * 75дм



№42

1. Ең кіші төрт таңбалы санды жазып, оны разрядтық қосылғыштарға жікте.

2. Теңдеулерді шеш: 1800:х=9 у:7=42049 х∙5=26005

3. Мына сандарда әр разрядтың неше бірлігі бар; 928, 7мың, 74мың, 642мың?

4. Салыстыр: 12725 * 13∙100 7т 7ц 12кг * 3245кг
№43


  1. Ең үлкен бес таңбалы санды жазып, оны разрядтық қосылғыштарға жікте.

  2. Теңдеулерді шеш: 2700:х=9 у:5=15075 х∙8=16056

  3. Мына сандарда әр разрядтың неше бірлігі бар: 725, 18мың, 782мың, 1миллион?

  4. Салыстыр: 27835 * 28∙1000 7т 9ц 5кг * 800кг

№44

1. Ең кіші алты таңбалы санды жазып, оны разрядтық қосылғыштарға жікте.

2. Теңдеулерді шеш: 1800:х=3 у:6=18036 х∙7=21056

3. Мына сандарда әр разрядтың неше бірлігі бар: 715, 8мың, 65мың, 2миллион 24мың?

4, Салыстыр: 17765 * 17∙1000 4т 9ц 62кг * 4924 кг

№45


1. Мына сандарды разрядтық қосылғыштарға жікте: 2756, 7195, 68791, 70002

2. Амалдарды орында: 5м8дм∙4 5сағ 48 мин ∙5

3. Каспий теңізінің ең терең жері 1025м, ал Балқаш көлінің ең терең жері одан 999 м кем. Балқаш көлінің тереңдігін тап.

4. Тік төртбұрыштың периметрі 20дм 12см. Оның бір қабырғасы 2дм 3см болса, екінші қабырғасының ұзындығын тап.


№46

1. Мына сандарды разрядтық қосылғыштарға жікте: 7819, 67567, 270086, 9700502.

2. Амалдарды орында: 4кг 850г ∙3 6сағ 35мин ∙6

3. Жайық өзенінің ұзындығы 2530км, ал Днепр өзенінің ұзындығы одан 250км қысқа. Днепр өзенінің ұзындығы қанша?

4. Тік төртбұрыштың периметрі 38дм 28см. Оның бір қабырғасысынң ұзындығы 4дм 5см, екінші қабырғасының ұзындығын тап.
№47

1. Мына сандарды разрядтық қосылғыштарға жікте: 781, 9002, 71829, 180007, 9000902.

2. Амалдарды орында: 3т 5ц 25кг ∙8 5сағ 20мин 10с ∙6

3. Спортшы 480см ұзындыққа секріді. Ал оның секіру биіктігі бұдан 4 есе кем болды. Спортшының ұзындыққа секіру қашықтығы оның секіру биіктігінен қанша артық?

4. Үшбұрыштың периметрі 18см 24мм. Оның бір қабырғасы 4см 2мм, ал екінші қабырғасының ұзындығы одан екі есе көп, үшбұрыштың үшінші қабырғасының ұзындығын тап.

№48


1.Мына сандарды разрядтық қосылғыштарға жікте: 817, 9003, 180719, 27008, 9002008.

2. Амалдарды орында: 4т 6ц 30кг ∙5 4сағ 15мин 10с ∙6

3. Бір шебер бір айда 30000 теңгеге зергерлік бұйым жасады, ал екінші шебер одан екі мың теңгеге артық бұйым жасады, ал үшіншісі екіншісінен 4 мың теңгеге кем бұйым жасады. Үш шебер бірігіп бір айда қанша теңгеге зергерлік бұйымдар жасады?

4. Үшбұрыштың периметрі 28см 10мм. Оның бір қабырғасы 8см 3мм, ал екіншісі одан 1см ұзын, үшінші қабырғасысынң ұзындығын тап.

№49

1. Салыстыр: 2мыңд 5жүзд 4бірл * 2315 4км 12дм * 3415м



2. Килограммен өрнекте: 5т 672кг, 900ц, 12т 902кг, 300ц 25кг

3. Секундпен өрнекте: 2сағ 25мин 3с; 1сағ 24 мин

4.Үшбұрыштың қабырғалары 12см4мм, 15см7мм, 25см4мм.Үшбұрыштың периметрін тап.

№50


1. Салыстыр: 4мыңд 3жүзд 6бірл * 2769 7км 8дм * 86790дм

2. Килограммен өрнекте: 6т 575кг, 700ц, 18т 503кг, 200ц 5кг

3. Секундпен өрнекте: 4сағ 36мин 7с 3сағ 6сағ 14с

4. Үшбұрыштың бір қабырғасы 7см, екінші қабырғасы одан 4см ұзын, үшінші қабырғасы 8см 7мм. Үшбұрыштың периметрін тап.

№51

1. Салыстыр: 7мыңд 3жүзд 5онд * 9703 9км 3м 7дм * 91218дм



2. Килограммен өрнекте: 12т 378кг, 600ц, 15т 318кг, 300ц 4кг.

3. Секундпен өрнекте: 4сағ 15мин 3с; 5сағ, 9сағ 15мин 4с

4. Үшбұрыштың бір қабырғасы 6см 4мм, екінші қабырғасы 7см 2мм, ал үшінші қабырғасы екі қабырғасының қосындысынан 2см 7мм кем. Үшбұрыштың периметрін тап.

№52


1. Салыстыр: 9мыңд 7жүзд * 999 18м 9дм * 7км 3м 18км * 93181дм

2. Килограммен өрнекте: 16т 718кг, 800ц, 16т 781кг, 300ц 61кг

3. Секундпен өрнекте: 5сағ 15мин; 3сағ 7мин 4с

4. Үшбұрыштың бір қабырғасы 6см 7мм, екінші қабырғасы одан 2см 3мм ұзын, ал үшінші қабырғасы екіншісінен зсм 4мм ұзын. Үшбұрыштың периметрін тап.

№53

1.Сандарды разр. қосылғыштардың қосындысына жікте: 78674, 17 900 507, 679 623 803



2. Теңдеулерді шеш:х∙7=89922 67 824 910:х=6 782 491 8∙у=968

3. 23427 мен 6 сандарының көбейтіндісін 2345-ке арттырып, 1812-ге кеміт.

4. Амалдарды орында: 900+700; 1268+13969 976819+62402

№54


1.Сандарды разр. қосылғ. қосындысына жікте: 927 603, 193 270 054, 697 202 053

2. Теңдеулерді шеш: х:279312=8 204 379:х=29197 у∙1276=11484

3. 72288 санын 6есе кемітіп, 248719-ға арттыр

4. Амалдарды орында: 750+6184 24892+17072314 9723472+147684

№55

1.Сандарды разр-қ қосылғыштардың қосындысына жікте: 189673, 24007297 1924768324



2. Теңдеулерді шеш: х:324246=9 1942812:у=647604 х∙3=4746

3. 1019492 санын 4есе кемітіп, 27651-ге арттыр да, 21710-ға кеміт.


4. Амалдарды орында: 800+6004 5768972+9440099 76007107+900762193

№56


1.Сандарды разр-қ қосылғыштардың қосындысына жікте: 2593428, 180072009, 328934002

2. Теңдеулерді шеш: х:238324=8 6470576:у=924368 х∙7=1784090

3. 178409 санын 7 есе кемітіп, оған 27983 пен 10078-дің айырмасын қос.

4. Амалдарды орында: 72003+18076 3982547+7000420 918324+97280072

№57

1. Амалдарды баған түрінде орында: 32892:4 930038∙9



2. Өрнек түрінде жазып, мәнін тап: 2325 және 4 сандарының көбейтіндісін 2324-ке арттыр.

3. Теңдеулерді шеш: 5∙а =390685 37132:в=9283 с:9=73023

4. Тік төртбұрыштың қабырғаларының ұзындығы 5см 4мм және 2см 5мм. Оның периметрін тап.
№58.

1. Амалдарды баған түрінде орында: 4202931:3 27038325 ∙7

2.Өрнек түрінде жазып, мәнін тап: 327428 және 6 сандарының көбейтіндісін 2378-ге кеміт.

3. Теңдеулерді шеш: 7∙х=178367 594952:у=74369 х:6=32414

4. Тік төртбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 15см 8мм, ал екінші қабырғасы одан 2 есе қысқа. Тік төртбұрыштың периметрін тап.
№59

1. амалдарды баған түрінде орында: 1083768:3 3007003∙6

2.Өрнек түрінде жазып,мәнін тап:734513 және5 сандарының көбейтіндісін10074-ке арттыр

3. Теңдеулерді шеш: 5∙х=2007005 4185927:х=465103 у ∙9=139338

4. Тік төртбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 7дм 3см, ал екінші қабырғасы 15см. Тік төртбұрыштың ауданын тап.
№60

1. Амалдарды баған түрінде орында: 347094:6 7030248∙7

2. Өрнек түрінде жазып, мәнін тап: 679128 және 6 сандарының көбейтіндісін 2314-ке кеміт

3. 9∙х=13932 270402:х=45067 х∙7=878402

Тік төртбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 6дм 2см, ал екінші қабырғасы одан 12см қысқа. Тік төртбұрыштың ауданын тап.
№61

1. Қалдықпен бөл және тексер: 2584569:8 5428064:9

2. Өрнек түрінде жаз: 9618744 пен 784619 сандарының айырмасын 5-ке бөліп, оған 6442 мен 2416 сандарының айырмасын қос.

3. Есепте: 2сағ 35мин ∙5 9сағ 38мин:4

4. Екі қабырғасы 4см және 6см болатын тік төртбұрыштың ауданын тап
№62

1. Қалдықпен бөл және тексер: 97683182:3 97600738:5

2. Өрнек түрінде жаз: 2876 мен 3 санының көбейтіндісін 1418-ге кемітіп, 28901-ді қос

3. Есепте: 3сағ 22мин 25с ∙5 7сағ 21 мин 15с :3

4. Екі қабырғасы 4см және 2см 3мм болатын тік төртбұрыштың ауданын тап.

№63


1.Қалдықпен бөл және тексер: 584628:7 1682462:3

2. Өрнек түрінде жаз: 9872876 мен 138471 сандарының айырмасын 5 есе кмітіп, оған 4201 мен 318-дің айырмасын қос.

3. Есепте: 4сағ 18мин 26с ∙7 9сағ 45мин 15 с :3

4. Бір қабырғасы 7см 5мм, ал екінші қабырғасы одан 2см 5мм қысқа тік төртбұрыштың ауданын тап

№64

1. Қалдықпен бөл және тексер: 501409:7 501406183:5



2. Өрнек түрінде жаз: 784487 мен 174985 сандарының айырмасын 2 есе кемітіп, оған 4768 бен 1218-дің айырмасын қос.

3. Есепте: 7сағ 25мин 18с ∙6 12сағ 25мин 45с :3

№65

1.Жеңіл машина сағатына 70км жүрсе, 2 сағатта, 5сағатта қанша км жол жүреді?



2. Теңдеілерді шеш: а:6=708 а∙9=81072 а∙5=9005

3. Айнұр үй жұмысын орныдауға 17 сағат 30минуттан бастап 2сағат жұмсады. Ол үй жұмысын қай уақытта орындап болды?

4. Амалдарды орында: 75092-7098 36101+7999 67017-43099

№66


1.Жолаушылар поезы 90км/сағ жылдамдықпен жүрсе, 720км қашықтыққа қанша уақытта жетеді?

2. Теңдеулерді шеш:х:3=409 у∙7=49056 а∙3=9063

3. Альфия үй жұмысын орындауды 16сағ 40минутта бастап, 18сағ 50минутта аяқтады. Ол үй жұмысына қанша уақыт жұмсаған?

4. 790567-29769 376055+877180 912003-92958

№67

1. Велосипедші сағатына 12км жүрсе, 7 сағаттан кейін қанша қашықтықта болады?



2. Теңдеулерді шеш: х:6=705 у∙7=56049 а∙4=8016

3. Мөлдір үй жұмысын орындауды 17 сағат 40минутта бастап, 19сағат 30минутта аяқтады. Ол үй жұмысына қанша уақыт жұмсады?

4. 97679+81709 500704-90597 340005-70597

№68


1. Құс сағатына 30км ұшса, 2км-ді қанша уақытта ұшып өтеді?

2. Теңдеулерді шеш: а:4=2001 в∙8=64072 с∙4=36016

3. Нафиса үй жұмысын орындауды 16 сағат 50минутта бастап, 19 сағат 10минутта аяқтады. Ол үй жұмысына қанша уақыт жұмсады?

4. Амалдарды орында: 390076-98769 187563+976579 7896003-976574

№69

1Ара қашықтығы 48км екі ауылдан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы велосипедші мен жаяу адам шықты да, олар 2 сағаттан соң кездесті. Велосипедшінің жылдамдығы 20км/сағ. Жаяу адамның жылдамдығы қанша?



2.Бөліндінің мәнін тап: 5649:7 7005:5 7020:3

3.Теңдеулерді шеш: х:6=7013 а∙4=36032

4.Амалдарды орында: 4км 824м ∙4 15кг 655г :5

№70


  1. Ара қашықтығы 300км екі ауылдан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі машина шықты. Біреуінің жылдамдығы 70км/сағ, екіншісінікі одан 10км/сағ артық. Олар неше сағаттан соң кездеседі?

  2. Бөліндінің мәнін тап: 7855:5 198726:3 982904:2

  3. Теңдеулерді шеш: х:7=9012 у∙8=64056

  4. Амалдарды орында: 7км 314м ∙7 2т12кг 324г:4

№71

  1. Ара қашықтығы 290км екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі жеңіл машина шықты. Біреуінің жылдамдығы 80км/сағ, ал екіншісінікі одан 15км/сағ кем. Олар қанша уақыт өткенде кездеседі?

  2. Бөліндінің мәнін тап: 8760035:5 97658052:3 39032:7

  3. Теңдеулерді шеш: 192542:х=27506 у∙9=455409 303720:у=50620

  4. Амалдарды орында: 6км 214м ∙7 3т15кг 25г:5 4м 6дм 8мм :2№72

  1. Ара қашықтығы 240км екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі мотоциклші шықты. Біріншісінің жылдамдығы 60км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы одан 20км/сағ артық. Олар неше сағаттан кейін кездеседі?

  2. Бөліндінің мәнін тап: 155658:6 754068:7 9007505:5

  3. 3. Теңдеулерді шеш: 17248:а=2156 545283:в=60587 с∙20704=124224

  4. Амалдарды орында: 5км 219м 65см∙6 12т 228кг 615г∙7 2сағ 45∙4


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет