2015 жылғы 11 тамыздағы № 205
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
"Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11374 тіркелді) бұйрығымен бекітілген "Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбалары өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде (бұдан әрі – Стандарт) көрсетіледі.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – әкімдер) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі әке болуды анықтау туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен әке болуды анықтау туралы қайталама куәлік (бұдан әрі – куәлік).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы немесе тегін жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі:
1) әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі;
2) әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілуіне байланысты куәлік берілгені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес, белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушiнiң
құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау
6. Стандарттың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес өтініш беру мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны, оның ұзақтығы және нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге немесе әкімге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
2) әкім құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, журналға тіркейді және 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушіге береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ 2011 жылдың 26 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне сәйкестігін тексереді, қабылдайды, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтінішті қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, 15 (он бес) минут ішінде өтініштерді тіркеу журналында және "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - "АХАЖ" АЖ) тіркеу жүргізеді.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды.
Нәтижесі – орындауға жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күн ішінде "АХАЖ" АЖ акт жазбасын қалыптастырады, тиісті куәлікті басып шығарады;
егер туу туралы акт жазбасы басқа аймақта болса, көрсетілетін қызметті беруші акт жазбаның көшірмесін сұратады, көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
Нәтижесі – дайын куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды, куәлікте елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды.
Нәтижесі – куәлікке қол қойып, елтаңбалы мөр басады;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дайын куәлікті тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға немесе әкімге қол қойғызып береді.
Нәтижесі – куәлікті береді.
8) әкім дайын куәлікті тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға қол қойғызып береді.
Нәтижесі – куәлікті береді.
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң
құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) әкім.
9. Мемлекеттік қызметтің процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттері реттілігінің толық сипаттамасы "Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚКО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
|
"Әкелікті анықтауды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал
актілері жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен
түзетулер енгізу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша
|
"Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу"
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Достарыңызбен бөлісу: |