Библиографиялық сипаттама



бет1/6
Дата11.02.2022
өлшемі18.47 Kb.
#455282
  1   2   3   4   5   6
Семинар


1.1. Библиографиялық сипаттама /БС/ туралы жалпы түсінік.

Библиографиялық сипаттама - баспа шығармалары (олардың бір бөлімі немесе бір топ шығармалар) туралы мәлімет беретін библиографиялық жазбалардың негізгі бөлімі. Мұндағы мәліметтер мемлекеттік стандартқа және баспа шығармаларына сыпаттама жазу ережелеріне сәйкес берілген жүйе бойынша келтіріледі. Б.С. – сипатталған шығарманың біркелігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның мазмұны, қандай оқырмандар тобына қандай мақсатпен жазылғаны, көлемі, суреттегі материалдардың бар-жоқтығы, көмекші аппараттың құрамы т.б. жайлы да түсінік беруге тиіс. Семантикалық (библиографиялық) өңдеу құрамына библиографиялық жазбаның бірінші элементі библиографиялық сипаттама, сосын тақырып, индекстеу (жүйелеу, пәндестіру, координаттық индекстеу), аннотациялау, рефераттау және библиографиялық жазбаның басқа қосымша элементтерін дайындау кіреді.

Семантикалық деп атау себебіміз, құжаттарды библиографиялық өңдеуде құжаттың библографиялық жазбасын кітапхана каталогтарына, библиографиялық көрсеткіштерге тізімдерге, картотекаларға ұсынуда құрастырылған процесс. Библиографиялық өңдеуге жататын осы процестерді семантикалық деп атайды. Осыдан келіп туындаған библиографиялық сипаттамаға анықтама беретін болсақ ол – белгілі бір тәртіппен ретке келтірілген, өз облыстары мен элементері ретке келтірілген құжаттың жалпы мазмұнына сәйкестендірілген құжат туралы библиографиялық мәліметтер. Библиографиялық сипаттаманы құрастыру тәртібі «Библиографиялық жазба» деп аталатын ГОСТ 7.1 – 2003 айқындалады.

1.2. «БС» түсінігі анықтамасы.

Библиографиялық жазбаның тақырыбы – бұл библиографиялық сипаттаманың алдында орналасқан және библиографиялық жазбаны іздеуде және ретке келтірілуге бағытталған библиографиялық жазбаның элементі.Индекстеу термині – құжатты мазмұны бойынша іздеуде мүмкіндігі бар, библиографиялық жазбаның үш элементі мағынасында талдап қорытылған элементті айтамыз. Индекстеу термині жіктеушілік, пәндік тарау, кілттік сөздер болып табылады. Олар арнайы жасалған ақпараттық-іздеу тіл дерінде құрастырылады. Жіктеушілік индексі жүйелеу процесінде, пәндік тарау пәндестіру процесінде, ал кілттік сөздер үйлестіретін (координатный) индекстеу процесінде құрастырылады. Осы аталған үш процесс те «индекстеу» термині болып табылады. Пәндестіру, және жүйелеу «Құжаттарды индекстеу» ГОСТ 7.59-2003, ал үйлестіретін процесс «Құжаттарды индекстеу» ГОСТ 7.66-92 айқындалады. Семантикалық өңдеудің жалғалмалы бөлігі ғылыми өңдеу болып табылады.



Ғылыми өңдеубұл каталогизациялау процесі, яғни ең соңғы мақсаты құжаттарды кітапхана каталогтары жүйесінде ұсыну болып табылады. Ғылыми өңдеу процесінде каталогтық библиографиялық жазба құрастырылады, сонымен бірге кітапты баспа карточкаларының картотекасымен салыстырып тексеру және оларды аяқтап істеу, жаңа каталогтық карточкаларды құрастыру, олардың жалпы санын анықтау, әр бөлімнің қорларына бөлу болып табылады. Библиографиялық сипаттама - баспа шығармалары (олардың бір бөлімі немесе бір топ шығармалар) туралы мәлімет беретін библиографиялық жазбалардың негізгі бөлімі. Мұндағы мәліметтер мемлекеттік стандартқа және баспа шығармаларына сыпаттама жазу ережелеріне сәйкес берілген жүйе бойынша келтіріледі. Құжаттың библиографиялық сипаттамасы ГОСТ 7.1. -2003 ке сәйкес жүзеге асады. Оны құру мен өзгерту талаптары мен ережелері оның тақырыбы мен элементтеріне байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет