2015 жылғы 29 сәуір күні
№ 146/4 қабылданды
Ауылшаруашылық
дақылдарды егудің
оңтайлы мерзімдері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларына, «Павлодар АШҒЗИ» ЖШС ұсынымдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Осы қаулы қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері ұсынылсын.
-
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ауылшаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдерін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеткізсін.
-
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О. Сағандықовқа жүктелсін.
Аудан әкімі Н. Әутәліпов
Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы
«___» ___________________ №_________
қаулысына қосымша
Ауылшаруашылық
дақылдарды егудің оңтайлы мерзімдері
Табиғи климаттық аймақ
|
Дақыл
|
Егудің оңтайлы мерзімдері
|
Құрғақшылық аймақ (қара қоңыр топырақтардың аймағы) Павлодар ауданының солтүстік бөлігін қамтиды
|
жаздық бидай
|
17-28 мамыр
|
арпа
|
20-25 мамыр
|
сұлы
|
20-27 мамыр
|
тары
|
25-30 мамыр
|
қарақұмық
|
30 мамыр – 5 маусым
|
күнбағыс
|
5-20 мамыр
|
күздік қарабидай
|
20 тамыз – 10 қыркүйек
|
Құрғақ аймақ (қоңыр және ақшыл қоңыр топырақтардың аймағы) Павлодар ауданының оңтүстігін қамтиды
|
жаздық бидай
|
15-25 мамыр
|
арпа
|
15-25 мамыр
|
сұлы
|
20-27 мамыр
|
тары
|
25-30 мамыр
|
қарақұмық
|
30 мамыр – 5 маусым
|
күнбағыс
|
5-20 мамыр
|
күздік қарабидай
|
20 тамыз– 10 қыркүйек
|
Басқа дақылдарға оңтайлы егін мерзімдері:
Қара бұршақ, бұршақ және қытай бұршағы
|
10-15 мамыр
|
Майлы зығыр
|
15-20 мамыр
|
Рапс
|
12-25 мамыр
|
Сафлор
|
5-15 мамыр
|
Картоп отырғызу
|
3-17 мамыр
|
Сүрлемдік жүгер
|
10-20 мамыр
|
Көктемде егілетін бидайық шөп
|
сәуір айы
|
Күзде егілетін бидайық шөп
|
10-25 тамыз
|
Жонышқа
|
сәуірдің соңы – мамырдың бірінші онкүндігі
|
Көктемде егілетін арпабас
|
сәуір айы
|
Судан шөбі
|
20-31 мамыр
|
Достарыңызбен бөлісу: |