57
алушылар мен тәрбиеленушілерді бейімдеу, оқыту және тәрбиелеу
қиындықтарына
бағытталған
жеке
дамыту
және
түзету-дамыту
бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
- жаңа әлеуметтік тәжірибені саналы және белсенді түрде беру арқылы
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойында өзін-өзі дамытуға және өзін-
өзі жетілдіруге әмбебап оқу дағдыларын қалыптастыру мен қабілеттерін дамыту.
- білім беру процесіне қатысушылардың жеке құқықтарына нұқсан
келтірмей өзара көмек, эмпатия, жауапкершілік, өзіне сенімділік, шешім
қабылдау қабілеті, белсенді әлеуметтік өзара іс-қимыл қағидаттарын тәрбиелеу
мен қалыптастыру;
- білім беру ұйымының
психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік
қолдау саласындағы ғылыми және практикаға бағдарланған жетістіктерін тарату
және практикаға енгізу;
-
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері мен
ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оларды әлеуметтендірудің тиімді
жағдайларын жасау үшін білім беру процесіне қатысушыларға
психологиялық-
педагогикалық қолдау көрсететін педагогтер мен мамандардың пәнаралық,
топтық өзара ынтымақтастығын қамтамасыз ету;
-
білім беру ұйымының алқалы органдарымен және білім беру,
денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер мүдделі органдарымен
өзара ынтымақтастық орнату.
Орта білім беру ұйымындағы психологиялық қызметтің қызметінің
принциптері:
1) кәсіби этиканы сақтау;
2) баланың жеке басына эмпатия және құрмет көрсету;
3) білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке және жас ерекшеліктерін есепке
алу;
4) психологиялық және педагогикалық білімді интеграциялау;
5) баланың құқықтары мен мүдделерін сақтай отырып,
ақпараттың
құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті;
6) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, ата-аналардың, педагогтердің
денсаулығына, ар-намысына және қадір-қасиетіне зиян келтіру мүмкіндігін
болдырмау;
7) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру процесінде
қолдаудың ғылымилығы, кешенділігі, бірізділігі, кезеңділігі мен үздіксіздігін
сақтау.
Психологиялық қызметтің жұмысы білім берудің барлық деңгейінде
ұйымдастырылады:
1) Бастауыш білім беру деңгейінде – оқушыны танымдық және оқу
уәждемесін, дербестікті және өзін-өзі реттеуді дамытуда, әрбір білім алушының
шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыруда қолдау;
2) Негізгі орта білім беру деңгейінде – оқытудың жаңа жағдайларына
бейімделу, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің танымдық және оқу іс-
әрекетін дамыту, жеке және құндылықты-мағыналық өзін-өзі дамыту және өзін-
58
өзі тану міндеттерін шешуде қолдау көрсету, танымдық процестерге
тұрақтылықты қалыптастыру;
3) Жалпы орта білім беру деңгейінде – білім алушы мен тәрбиеленушіге
өзін-өзі анықтауға және жеке бірегейлікке, бейінді бағдарлануға көмек көрсету,
мақсат қою және дербес шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға, тұрақты
дүниетанымның қалыптасуына көмектесу.
Білім беру ұйымының психологиялық қызметінің құрамына орта білім
беру ұйымы басшысының орынбасары, педагог-психолог (штат кестесіне
сәйкес), әлеуметтік педагог енеді. Психологиялық қызметтің құрамы білім беру
ұйымы басшысының бұйрығымен рәсімделеді және бекітіледі. Сынып
жетекшілері,
тәрбиешілер,
кураторлар,
пән
мұғалімдері,
медицина
қызметкерлері білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-
педагогикалық қолдау процесіне қатысады және лауазымдық міндеттеріне
сәйкес ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара ынтымақтастық
жасайды.
Педагог-психологтың
білім
беру
қызметінің
бағыттары:
диагностикалық, консультациялық, дамытушылық (түзету), психологиялық-
педагогикалық ағарту және ұйымдастыру-әдістемелік.
1) Диагностикалық бағыт – жеке және топтық жұмысты, білім алушылар
мен тәрбиеленушілерді оқытудың бүкіл кезеңі бойы психологиялық-
педагогикалық зерделеуді, олардың жеке ерекшеліктері мен бейімділіктерін,
оқыту және тәрбиелеу процесінде, өзін-өзі кәсіби тұрғыдан айқындауда әлеуетті
мүмкіндіктерін айқындауды, сондай-ақ оқытудағы,
дамудағы, әлеуметтік
бейімделудегі олқылықтардың себептері мен тетіктерін анықтауды көздейді;
2) Консультациялық бағыт – білім беру процесіне қатысушыларға:
туындаған қиындықтардың табиғатын немесе себептерін түсінуінде,
психологиялық проблемаларды талдау мен шешуде, жеке ерекшеліктерін
өзектілендіру; жаңа әлеуметтік тәжірибені саналы және белсенді түрде беруге;
жаңа көзқарастар қалыптастыруға және өз шешімдерін қабылдауға; түрлі
әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын тұлғааралық қатынастардағы, өзін-өзі
тану мен өзін-өзі дамытудағы қиындықтармен байланысты психологиялық
проблемалар нысанында жеке және топтық қызметте көмек көрсетуді көздейді;
3) Дамытушылық
(түзету) бағыт – білім алушылармен және
тәрбиеленушілермен жаңа білімге, дағдылар мен икемдерге уәждемені
қалыптастыру, оларды қабылдау мүмкіндіктері, оқу және танымдық қызметті
қарастырады. Диагностика процесінде анықталған
оқу қиындықтарымен және
мінез-құлық проблемаларымен жұмысты ұйымдастыруды қамтиды; педагог-
психологтың пән педагогтерімен, әлеуметтік және арнайы педагогтермен
кешенді өзара іс-қимылы негізінде оқу материалын меңгерудегі қиындықтарды
жеңуде, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психикалық және физикалық
жай-күйін түзетуді жүргізу бойынша жеке жұмысты көздейді;
4) Психологиялық-педагогикалық
ағарту – білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің, педагогтердің жеке кәсіби өсуіне, өзін-өзі анықтауына;
педагогтердің, ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің психологиялық-
59
педагогикалық білімге қажеттілігін және оларды білім алушылар мен
тәрбиеленушілерді оқытуда, тәрбиелеуде және дамытуда кездесетін
қиындықтардың алдын-алу үшін пайдалануды қалыптастыруда жүйелі қолдауды
көздейді
(сынып
сағаттары,
семинарлар,
ата-аналар
жиналыстары,
педагогикалық кеңестер, педагогтер, ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер үшін
интерактивті әдістер мен лекториялар);
5) Ұйымдастырушылық-әдістемелік
бағыт
–
ұйымдастырушылық-
әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізуді:
білім беру және
дамытушы ортаның жай-күйін бақылау, мониторинг жүргізу, психологиялық-
педагогикалық қамтамасыз ету және оны қолдау бойынша түсініктемелерді
әзірлеу, білімалушылар мен тәрбиеленушілердің қолдау мен пәнаралық
бақылауды дамыту; білім беру ұйымдарында, семинарларда, конференцияларда
психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік қолдау көрсету бойынша отандық
және шетелдік ғылым мен тәжірибені зерделеу; білімалушылар мен
тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау
технологияларын меңгеру бойынша семинарлар, тренингтер ұйымдастыру және
өткізу.
✓
Мектептегі психологиялық қызмет жұмысына әдістемелік қолдау бойынша
әдістемелік ұсынымдамалар Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
сайтында орналасқан (https://uba.edu.kz/qaz).
Достарыңызбен бөлісу: