1 – билет.
1. Дағдарыс ж/е оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы ролі.
«Дағдарыс» түсінігі кез-келген басқарушылық шешімдерді әзірлеудің методологиясына әсер ететін «тәуекел» түсінігімен тығыз байланысты. Әлеуметтік-экономикалық жүйе өзінің кез-келген түрінде ж/е нысанында 2 үрдіске ие: жұмыс істеу ж/е даму. Жұмыс істеу – бұл оның тұтастығын, сапалы белгілігін, мәнді сипаттамасын анықтайтын тіршілік әрекетті қолдау, функцияларды сақтау б.т. Даму – бұл өзгермелі орта жағдайында тіршілік әрекетін нығайтатын жаңа сапаны иемдену. Жұмыс істеу ж/е даму өзара тығыз байланысты ж/е әлеуметтік-экономикалық жүйенің нег. үрдістерінің диалектикалық бірлігін бейнелейді. С/мен қатар әлеуметтік-экономикалық жүйенің жұмыс істеуі тек мынадай белгілердің б.б. сәйкестігі барысында мүмкін: еңбек құралдары оның заттарын өзгерту мүмкін, адам еңбек заттарын билеу к/к, нәтиже адамның мүддесіне ж/е қажеттілігіне сәйкес болу керек. Бұның бәрі жұмыс істеудің шарттары б.т. Даму – еңбек заттарында, құралдарында ж/е адам-ғы өзгерістерді сипаттайды. Бұндай өзгерістердің белгісі б/п әлеуметтік-экономикалық жүйе-ң жұмыс істеуінің н/е бұл үшін жаңа жағдайларды құрудың орнықтылығын ж/е үйлесімділігін нығайтатын жаңа сапа-ң п.б/ы табылады. Даму фактісі болып – еңбек өнімділігінің жоғарылауы, оның мінез-құлқының өзгеруі, жаңа технологияның п.б/ы, қызметті ынталандыруды күшейту табылады.
Жұмыс істеудің ж/е дамудың байланысы диалаектикалық мінез-құлыққа ие, с/тан дағдарыстың басталуының ж/е шешілуінің заңдылығын ж/е мүмкіндігін бейнелейді. Жұмыс істеу дамуды тежейді. Осылайша, дағдарыстың дүркіндік басталуын бейнелейтін дамудың кезеңдік үрдісі басталады.
16. Әлеуметтік-саяси қақтығыстардың негізгі беталыстары.
- бір жағынан, қоғамның ресми декларацияланған қажеттілікпен регидтік ахуалдан плюралистікке (пікір алуандылыққа) өту болса, екінші жағынан, субъективті тартылыстың қоғам мен мелекетті басқарудың бұрынғы қатаң механизіміне өтуімен сипатталады;
- бір жағынан, бүкіл қоғамның саяси қарым-қатынасының түбегейлі демократиялық түрлендірушінің алғашқы бағыттылығынан, екінші жағынан, тек жаңа саяси элитаның қызығушылығын жүргізу ұмтылысынан көрінеді;
- бір жағынан «нарық еркіндігі» ұранымен, екінші жағынан, нарық қарым-қатынасына қоғам субъектілерінің қатысу тиімділігі жасанды, бастапқы, барабар емес мүмкіндіктерді құру;
- бір жағынан, мемлекет ішіндегі және мемлекет арасындағы ұлттық қарым-қатынастардың қажеттілігі, екінші жағынан, корпоративті мақсаттарды орындау үшін экономикалық диктатты пайдалану.
Өтпелі кезеңде де сапаның, қондырмалы механизмдердің, саяси идеологиялық фактордың рөлі елеулі өседі және анықтаушы ретінде қалыптасады. Ескілерді бұзу және жаңа тағайындауларды орнату қоғамның санасында мәдениетпен өседі. Қоғамда алауызды құнды әлемдік қойылымдар толған уақытта, күйзелістерді жеңу қиынға соғады, өйткені екі жақ та бірінің ұсынысын бірі қабылдағысы келмейді.
29. Дағдарысқа қарсы басқарудың қажеттілігі және мүмкіндігі немен анықталады.
Ұйымда кез келген жағдайда дағдарыс қауіптілігі болады, дағдарыс байқалмаса да. Бұл басқаруда тәуекел бар болумен, әлеуметтік экономикалық жүйе циклымен дамитындығымен, басқарылатын және басқарылмайтын процестер арақатынасының өзгеруімен, адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының өзгеруімен анықталады. Дағдарысқа қарсы басқару бұл дағдарыс қауіптілігін алдын ала болжау, олардың симптомаларын талдау, дағдарыстың кері әсерін төмендету бойынша шараларды басқару және олардың факторларын ары қарай дамытуға қолдану.Дағдарысқа қарсы басқару мүмкіндігі бірінші адам факторымен анықталады. Адамның саналы түрдегі қызметі дағдарыстық жағдайдан шығу жолдарын іздеп табуға, күрделі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқару мүмкіндігі әлеуметтік экономикалық дамудың циклдық сипатын білумен анықталады.Ол дағдарыстық жағдайды болжауға мүмкіндік береді. Дағдарысқа қарсы басқарудың қажеттілігі даму мақсаттарымен анықталады. Мысалы: адам өміріне, денсаулығына зиян келтіретін экологияда дағдарыстық жағдай туындаса, онда дағдарысқа қарсы басқарудың жаңа құралдарын іздеп табуға мәжбүр етеді. Мұнда дағдарысқа қарсы басқару техникалық персоналдың профессионалдылығын арттыру қажеттілігімен, тәртіпті күшейтумен, жаңа технологияны енгізумен сипатталады.
2 – билет.
3. Дағдарысты сипаттайтын белгілер ж/е оның ерекшеліктері.
Дағдарыстың қаупі әрқашан да болады, с/тан дағдарысты жағдайдың пайда болуының белгілерін білу ж/е оларды шешу мүмкіндігін бағалау өте маңызды.
Дағдарыстың алдын-алу – бұл басқарылатын үрдіс. Бұны адам-дың, өндірістің ж/е экономиканың даму тарихында болған көптеген дағдарыстар растайды. Басқарудың сәттілігі дағдарысты, оның басталуының белгілерін уақытысында танып білуге байланысты. Дағдарыстың белгілері, ең алдымен, оның технологиялық керек-жарағы бойынша сараланады: ауқымы, проблематикасы, даму аумағы,себептері, мүмкін салдары, көрініс фазалары.
Дағдарысты тануда проблемалардың өзара байланысын бағалау үлкен мәнге ие. Әлеуметтік-экономикалық жүйені басқаруда дағдарысқа қарсы дамудың мониторингіқызмет ету керек. Бұл – даму үдерістерін бақылау ж/е олардың тенденцияларын дағдарысқа қарсы басқару өлшемдері б/ша қадағалау. Біз ауа-райды, жер сілкіністерді болжай аламыз ж/е онымен арнайы қызметтер айналысады. Басқару жүйесінде неге мұндай қызметтер бола алмайды?
Бұндай болжам жасау үшін дағдарысты дамудың белгілері ж/е көрсеткіштері, оларды есептеудің методологиясы ж/е оны талдау барысында қолдану қажет. Дағдарысты болжау тек жағдайларды ж/е үрдістерді арнайы талдау негізінде мүмкін. Жалпы дағдарысты тануда әлеуметтік-экономикалық жүйенің жағдайын бағалаудың барлық көрсеткіштері қатысады. Бүгінгі таңда басқарудың қиындықтарымен ж/е өндірістік қызметтің ұлғаймалы ауқымдарымен байланысты дағдарысты жағдайларды тану ж/е дағдарысты болжау кәсіптік негізге қойылу керек. Дағдарыстың алдын-алу – дағдарысты жағдайларды талдау әдістемесіне ж/е дағдарысқа қарсы басқару аймағындағы мамандардың болуына байланысты.
19. Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік реттеудің әлеуметтік аспектісі.
Тоқырап тұрған қуаттарды жүктеу, әлеуметтік тұрғыдан жұмыспен қамтудың көбеюін, әлеуметтік шиеленістерді және елдегі қылмыстық жағдайдың төмендеуін білдіреді. Толық жүктелмеген қуаттар экономиканың дағдарыстан шығудың бастапқы кезеңдеріндегі экономикалық өсудің маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар инвестициялық қызметтің келешек айтарлықтай белсенділігінің маңызды алғышарттары болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, негізіне келесі ұстанымдар жататын белсенді өндірістік саясатқа тіреледі (яғни әлеуметтік аспектілер келесі б.т.):
оны жүзеге асырудағы оның барлық қатысушыларының қызығушылықтарын ескеруді қамтамасыз ету; әлеуметтік-экономикалық бағдар: құрылымдық өзгерістер үстіндегі жағымсыз салдарларды азайтуға, ал осыдан соң тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарылату үшін де ыңғайлы жағдайлар туғызу; шаралардың арнаулы (мекенжайлық) сипаты және оларды жүзеге асырудың соңғы нәтижелеріне қатысушылардың жоғары жауапкершілігі; өндірістегі өзгеріс процесінің қатысушылары үшін келісімдік қатынастар жүйесі мен конкурстық негіздер; өндірісті жетілдіруді қамтамасыз ету және ғылыми-өндірістік және зияткерлік (интеллектуальные) шамаларды қамтамасыз ету мақсатымен қорларды орталықтандыру; мемлекеттік мүлікті жалға беру, лизинг және инвестициялық сату конкурстарын кеңінен пайдалану; еңбек, капитал, тауарлар мен қызметтер, технология және т.б. нарықтарындағы жалпылық сұраныс уәждемесін (мотивация) дамыту және қолдау.
85. Дағдарысқа қарсы басқарушы. Қызметтің негізгі функциялары.
Дағдарысқа қарсы басқарушы басқару функцияларын персонифицируші болып табылады. Оның қызметінің классикалық негіздерінен басқа келсідей функцияларды атқарады:
1 Стратегиялық-жағдайды талдау және болжау негізінде ұйымның мақсаттарын белгілеу, стратегия жасаумен жоспар құруды үйлестіру.
2 Әкімшілік - нәтижелерді қадағалау және бағалау, қызметін коррекциялау , оны мерзім, уақыт, ресурстар бойынша үйлестіру, ыналандыру және жазалау шараларын жүйелендіру жүйесін қалыптпстыру.
3 Сараптамалык-инновациялық дағдарысқа қарсы басқарушыдан ұдайы, мақсатты бағдарланған экономиканың әр түрлі саласындағы жаңашылдықтармен танысу, бағалау және сараптау, тәжірибеге енгізу жағдайын жасауды талап етеді.
4 Тәрбиелік – ұжымда жағымды моральдік-психологиялық ортаны жасау, дәстүрлерді бұзбау, кекілжіңдердің алдын алу және стандартты мінез-құлықты қалыптастыруды ұйғарады.
5 Көшбасшылық - дағдарысқа қарсы басқарушы басқарушы бұл функциясында қоластындағы қыметкерлер мен әріптестерінің қызығушылықтары ұйымның мақсаттарына қайшы келмеуін қадағалайтын қызметтің ұйытқысы болады. Топтың ішкі бірлігін сақтап қалу мен жұмыстағы жалпы көз қарасы соған байланысты болады.
3 – билет.
6. Экономикалық дағдарыстың мазмұны және түсінігі.
Экономикалық дағдарыстардың пайда болуының негізгі себебіне өндіріспен тауарды тұтыну арасындағы үзілістің болуын жатқызамыз. Табиғи шаруашылық кезінде өндіріспен тұтыну арасында тікелей байланс болған, сондықтан экономикалық дағдарыстың пайда болуына мүмкіндік болған жоқ. Оларға мүмкіндік тауарлы өндірістің дамуымен пайда болды. Еңбек бөлінісі, мамандану және кооперацияның дамуы өндіріспен тұтыну арасындағы үзілісті өсірді. Тауарлар негізінен жергілікті нарықта сатылды. Оларды өткізумен байланысты қиындықтар локальды сипат алды және өткізу процесінің бұзылуына алып келмейді. Тауарлы өндіріс өндіруші ұйымның басқару формасы, ал нарық оның реттеушісі болғаннан кейін, өндіріс пен тұтыну арасында уақыт бойынша да, кеңістік бойынша да үзіліс өсті.
Эконмикалық дағдарыстың мәні тауарды қайта өндірудің төлем қабілетті жиынтық сұранысқа қатынасынан, қоғамдық капиталды қайта өңдеу жағдайында прорцестің бұзылуынан, фирмалардың жаппай банкротқа ұшырауынан, жұмыссыздықтың өсуінен және басқа да әлеуметтік экономикалық сілкіністерден көрінеді. Бұл проблемаларды тереңірек қарастырған К. Маркс болды.
1-ші кезеңдік дағдарыс Англияда 1825 ж. болды. Келесі дағдарыс 1836 ж. Ұлыбритания және АҚШ қамтыды. Бірінші дүниежүзілік экономикалық дағдарыс 1857 ж. болды. Бұл капиталистік дамудың ең терең дағдарысы болды. 1900-1903 ж.ж., 1907 ж., 1920 ж. дүниежүзілік дағдарыстар болды, бірақ бұлардың барлығы 1929-1933 ж.ж. дүниежүзілік дағдарыспен салыстыруға келмейді. Ол 4 жылға созылды және капиталистік әлемді және экономиканың барлық саласын қамтыды. Капиталистік елдердің өнеркәсіптік өндірісінің жиынтық көлемі 46 % кеміді. Соғыстан кейінгі кезеңдегі ең терең экономикалық дағдарыс 1973-1975 ж.ж. болды. Ол капиталистік елдердің барлығын қамтыды және инфляцияның жоғары деңгейімен ерекшеленді.
39. Кәсіпорын-ң дағдарысқа қарсы стратегияны басқарудағы қажеттілігі.
Қатаң бәсекелестік жағдайда шаруашылық жүргізудің нарықтық нысаны шаруашылық жүргізудің жеке субъектілердің дәрменсіздігіне немесе олардың уақытша төлем қабілетсіздігіне алып келді. Мысалы, статистиканың мәліметтері бойынша, ҚР-да терең экономикалық дағдарыстың нәтижесінде залалды кәсіпорындардың саны 80%-ды құрайды. Мұның нәтижесінде Қазақстандағы төленбеген төлемдер өте үлкен шамаға жетті, ал бұл өз кезегінде баспа-бас айырбас мәміленің үлкен көлеміне алып келді. Алайда, экономиканың тұрақтану жағдайында елде мұндай кәсіпорындардың болмауын күтпеген жөн. Мысалы, АҚШ-та жаңадан құрылған шағын және орта кәсіпорындардың 50%-ы өздерінің қызметін бір жылдың ішінде тоқтатады. Сонымен қатар заңмен танылған банкроттар бар-жоғы барлық кәсіпорындар санының 1%-ын құрайды. Жоғарыда айтылғандар дағдарысқа қарсы басқару бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады. Неліктен алғашқы кезде қолайлы болған кәсіпорындар төлем қабілетсіздік жағдайға ұшырайды? Теория көрсетіп және тәжірибе растап тұрғандай, қазіргі жағдайда төлем қабілеттілігінің бұзылуы кәсіпорын стратегиясының сыртқы орта жағдайларының өзгерістеріне сәйкес келмеуінен пайда болады.
Осыдан 30 жыл бұрын кәсіпорынды басқару тәжірибесінде стратегиялық қағидалар болмаған. Тек 60-70-інші жылдарда басқарудың жаңа әдістері және сонымен қатар «стратегиялық басқару» термині пайда болды. Бұл ең алдымен бизнестің сыртқы ортасының өзгеруімен байланысты.
76. Дағдарысқа қарсы басқарудағы жанжалдың себептері.
4 – билет.
4. Дағдарысқа қарсы басқарудың адами факторы.
Дағдарыс - әлеуметтік-экономикалық жүйедегі объективті құбылыс. Бұл әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет етуі ж/е даму негізінде адамның басқарылатын қызметі жатыр деген түсінігімен үйлеседі.
Адамның барлық қызметі әркелкі ж/е үйлесімсіз өзгеретін мүддесін қанағаттандыруға негізделеді. Жеке адамдарда ж/е әлеуметтік топтарда мүдделер қарама-қайшылықта болады. Мүдделердің қарама-қайшылығы ж/е олардың өзгерістерінің объективті әркелкі болуы дағдарыстың мүмкіндіктерін ж/е қажеттілігін анықтайды. Дәл осы әлеуметтік-экономикалық жүйедегі ж/е табиғи жағдайлармен байланысты дағдарыстың негізінде жатыр.
Серпінді ж/е адами мүдделерінің өзара іс-қимылын абсолютті басқару мүмкін емес, өйткені оның мүдделерінің жүйесінде еркіндік, басқарудың демократиясы, дербестік бар. Осындай мүдделерде тиімді басқару құрылады.
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің даму мөлшері бойынша дағдарысқа қарсы дамудағы адамифактор рөлінің көтерілуі дағдарысты жою, онымен күресті емес, оны уақытысында болжауды ж/е шешуді білдіреді. Дағдарысқа қарсы даму – бұл дағдарыстың абсолютті болмауы емес, сәтті дамудың импульсі болып табылатын мұндай дағдарыстардың болуы. Мақсатқа ж/е мүддеге тек адам ғана ие бола алады. Дәл осылар дағдарысты танудың ж/е олардың алдын-алудың негізі б.т.
31. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігіне әсер ететін факторлар. 1) Дағдарысқа қарсы басқару профессионалдылығы және арнайы дайындық. Мұнда басқару профессионалдылығымен қатар профессионалды білім қажет. 2) Табиғаттан берілген және арнайы дайындық процесінде жинақталған басқару өнері. Көптеген дағдарыстық жағдайда жекелеген басқару өнері дағдарыстан шығудың шешуші факторы болып табылады. 3) Тәуекелдік шешімдерді өңдеу әдістемесі. 4) Жағдайды ғылыми талдау, тенденцияларды болжау. 5) Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігінің маңызды факторы болып корпаративтілік табылады. Корпаративтілік бұл ішкі потриотизм және энтуазизм. 6) Лидерлік бұл тек менеджердің жеке қасиеті емес, ол бүкіл басқару жүйесінің сипаты. 7) Оперативтілік және басқару икемділігі. 8) Дағдарысқа қарсы бағдарлама сапасы және стратегия. 9) Адам факторы. Мониторинг жүйесі. Ол дағдарыс төнуінің ықтималдылығын анықтау бойынша арнайы ұйымдасқан қызметті білдіреді.
Дағдарысқа қарсы басқару тиімді және тиімділігі төмен болуы мүмкін. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі мақсатқа жету деңгейімен сипатталады.
86. Л. Эрхардтың дағдарысқа қарсы қызметінің мазмұны.
ГФР-дың екінші концлері, ғалым саясаткер ЛЮДВИГ ЭРХАРДты «германия ғажайыбының архитекторы» деп атайды. Шығыс Германияның соғыстан кейінгі жағдайы өте нашар болды. Өнеркәсіптің көптеген бөлігі қирап, қалған кәсіпорындардың өзі әлсіз халде жұмыс істеді. Елдің қаржылық жағдайы да әлсіз болды. Жоқшылық, карточканың болмауы, магазиндердің бос қалуы жалпы спекуляция. Қалалық шаруашылықтың бұзылуы мен миграцияның нәтижесінде Германияда жилищный дағдарыс қалыптаса бастады. Осындай жағдайда Эрхардтың елді әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығаруға бағытталған реформалары әзірленіп, осының арқасында қысқа мерзім ішінде (10жыл шамасында) «неміс ғажайыбы» Германияны дағдарыстан шығару немесе әлемдік бастаушы елдер қатарына қосты. Эрхардпен әзірленген дағдарысқа қарсы реформалардың теориялық фундаменті «әлеуметтік-шаруашылық» концепциясы болды. Эрхард таңдаулы курстардан қашпау үшін келеңсіздіктерді алдын алу мақсатында мемлекеттік тұтқаны қолданған. Эрхард: «менің ойымша германияның өнеркәсіптік бірігуі 20 ғасырда қазіргі әлеуметтік жағдайда экономикадағы жауапкершілікті тек мемлекет қана алуы керек дейді. Эрхардтың экон-қ саясатының маңызды элементі – Германияны әлемдік нарыққа көтеру, екінші экспорттың көтерілуіне алып келді. Сыртқы бәсекелестерден ішкі нарықты қорғаудың шешуші шаралары қабылданды. Кіші және орта бизнесті дамытуға көптеп мән берілді. Мемлекеттік органдар жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін құру мақсатында кадрларды қайта дайындау, қоғамдық жұмыстарды дамыту, жұмыс орындарын көбейту, жұмыссыздықты жоюға көмек көрсетуді өз мойындарына алды. Германияда дағдарысты алдын алудың маңызды бір құралы индикативтік жоспарлау болды. Бұл «болжау жоспары» емес бұл германияның экон-қ құқықтық әкімшілік механизмдерінің, елдің өмір сүруіне әсер ететін ең тиімді жоспары. Эрхардтың дағдарысқа қарсы реформалық қызметін бағалай келе әлеуметтік бағытталған даму моделінің дұрыс таңдалғанын айту керек.
5 – билет.
7. Экономикалық дағдарыстардың негізгі себептері.
Неокласикалық және либералдық мектеп өкілдері экономикалық дағдарыстардың бірнеше себептерін атап көрсетеді.Көпшілігі дағдарыстың себебіне қайта өндіруге алып келетін халықтың толық тұтынбауын жатқызамыз.”Толық тұтынбау” теориясының өкілі Д.Робинсон дағдарыстың емі ол тұтынуды ынталандыру деп санайды.Сонымен қатар, дағдарыстың себебіне тепе теңсіздікті жатқызамыз.Салалар арасында дұрыс пропорцияның болмауынан дағдарыс туынданы мүмкін.Ф.Фон Хайек мемлекеттің араласуына қарсы, нарықтық еркіндікті жақтаушы қайта өндірудің дағдарысы мемлекет жағынан көп қаржыландыруынан болады деп санайды.
Қазіргі уақытта экономикалық цикл және дағдарыстар себебін түсіндіретін көптеген теориялар бар.П.Самуэльсон мыс, “экономика” кітабында нег. дағдарыс теорияларын атап көрсетеді.
-
Ақша теориясы банктік несиенің экспанция циклын түсіндіреді.
-
Жаңа енгізідім теориясы, өндірісте маңызды жаңа енгізілімдерді қолдану циклын түсіндіреді.
-
Психологиялық теория, халықтың пессимистік және оптимистік көңіл күйін қамтитын теория.
-
Көп инвестициялау теориясы.
Сонымен қатар, экономистер үш кезеңді бөліп көрсетеді.
1кезең. 18-20ғ 30ж. Бұл кезеңде капитализм тұсында экономикалық дағдарыстардың болуы мүмкін емес немесе кездейсоқ сипатқа ие және еркін бәсекелестік жүйесі өзі жеңе алады деп санаған.(Милль, Сэй, Рикардо)
2 кезең. 20ғ 30- 60ж қамтиды. Бұл кезең Кейнс еңбекткрімен байланысты, яғни, классикалық капитализм жағдайында экономикалық дағдарыстардан қашу мүмкін емес.Батыс экономистерінің ішінде Кейнс 1ші болып капиталистік нарыққа әртүрлі монополизм белгілері кіретіндігін және мемлекеттік реттеумен сәйкес келетіндігін одан бағалар еңбекақы икемсіз болатындығын айтқан.Дағдарыс проблемаларын жою құралы ретінде Кейнс тиімді жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында экономикаға мемлекеттің араласуын қамтамасыз ету идеясын ұсынады.
3 кезең. 60ж-қазіргі уақ.дейінгі .Бұл кезеңде біріншіден экзогенді (ішкі) және эндогенді (сыртқы) себептеріне көңіл бөлінді.Екіншіден мамандар позициясы анықталады.
35. Дағдарысқа қарсы басқарудағы маркетингтің рөлі.
Маркетингтік қызметтің мәні сұраныстың нақты мөлшерін қалыптастыруда, нарықта ұйымның нақты әрекеттер бағдарламасын әзірлеуде ж/е тұтынушыны тауарды сатып алуға ынталандыруда тұжырымдалады.
Маркетингтің негізгі принципі болып – тұтынушыға ж/е оның қажеттіліктеріне бағдарлану, оларды қалыптастыру ж/е максималды қанағаттандыру табылады. Бұл принцип өндірістік-шаруашылықтың барлық сферасында менеджмент арқылы жүз.асырылады, оның функциялары болып – жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру ж/е бақылау табылады. Маркетингтің негізгі мақсаты – нарықтағы үлес ж/е сату көлемінің көрсеткіштері түрінде көрсетілген нақты тауарға деген сұраныстың шамасын анықтау.
Нақты алғанда, маркетингтік тұжырымдамасының рөлі ж/е мәні кең ауқымды. Ол басқарушылардың ж/е ұйым персоналының ойлау қабілетін көрсетеді. Мұндай тәсілдің спецификасы – ұйымның барлық қызметінің, персоналдың ж/е ұйымның соңғы нәтижелеріне (сапа, нәтижелілік, тиімділік, бәсеке қабілеттілік) басқару үдерістерінің бағдарлануы. Берілген сипаттамалардың шамасы ж/е серпіні ұйымның нарықтық мүмкіндіктерімен ж/е нарықтық жағдайлармен анықталады.
Маркетинг арқ. өндірістік-шаруашылық ұйымдар тұтынушының проблемаларын кешенді шешеді. Маркетингтің тиімділігі - әрекеттердің тізбектілігінде ж/е маркетингтік әсер ету қағидаларын, әдістерін ж/е құралдарын кешенді қолдануда.
54. Инновациялық үрдістің кезеңдері және оның дағдарысқа қарсы басқарудағы рөлі.
Қазіргі заманғы инновацияның теориясы «өнімнің өмірлік айналымы» және «технология мен өндірістің өмірлік айналымы» деген ұғымдарды өз ішіне алады.
6 – билет.
2. Дағдарыстың пайда болуының себептері.
Дағдарыс – қоршаған ортада оның тіршілік тұрақтылығына қауіп-қатер болатын әлеуметтік-экономикалық жүйеде (ұйымда) қарама-қайшылық-дың шиеленісуі. Дағдарыстың себебі әр түрлі болуы мүмкін. Олар 5 түрге бөлінеді: объективті, субъективті, табиғи, ішкі ж/е сыртқы.
Объективті – жаңғырту ж/е қайта құрылымдаудың кезеңдік қажеттіліктермен байланысты.
Субъективті – басқарудағы қателіктерді ж/е волюнтаризмді бейнелейді.
Табиғи – ауа-райының құбылыстарын, жер сілкіністерді ж/е т.б. сипаттайды.
Ішкі – маркетингтің қатерлі стратегияларымен, ішкі жанжалдармен, өндірістік ұйымдағы жетіспеушіліктермен, басқарудың, инновациялық ж/е инвестициялық саясаттың жетілдірілмегендігімен байланысты.
Сыртқы – макроэкономикалық дамудың үрдістерімен ж/е стратегиясымен н/е әлемдік экономиканың дамуымен, елдегі саяси жағдайлармен, бәсекелестермен байланысты.
23. Саяси дағдарысты басқару үрдісі.
Жалпы айтқанда, саяси дағдарыс – билікті ұйымдастыру, іске асыру және қайта бөлудегі тайталас. Бұл дағдарысты тану мемлекеттік биліктің басты қажеттілігі б.т. Мемлекеттік басқарудың өркендеуін қалыптастыру және мелекет билікті ұйымдастырылған, тұрақталған қоғамның орталығына айналдыру мәселесі туындайды.
Тұрақсыздық елдегі дағдарыс болғандықтан ьуындамайды. Олар жоғарыда айтылғандай әрқашан болған және қоғамда болады. Қысым көрсету дер кезінде бұл процесті бақылай және реттей алмағандықтан болады. Атап көрсетсек:
-
басқаруды қоғамның қызығушылығының немесе оның жеке субъектілерінің кейбір дағдарысты реттеу шешу және басу деп түсінуге болады.
-
«Жанжалдарды реттестіру» мен «жанжалдарды шешу» терминдері үйлесімсіз. Жанжалдарды шешу дегеніміз – жанжалдасушы жақтардың ортақ мүддесін қанағаттандыру немесе белгілі тәсілмен бір жақты басу деген сөз.
-
Саяси-әлеуметтік жанжалдардың көпшілігі кез-келген сатыда және кез-келген кезеңде тиімді болуы мүмкін.
-
Д.Қ.Басқ. жанжалды процестер формасын саяси, әлеуметтік, экономикалық және өнегейлік зияндылығын азайтуды қамтамасыз етуді білдіреді. Осыдан барып әлеуметтік-саяси жанжалдарға стратегиялық бағдар беру көптеген көлемді, өткір және қауіпті жанжалдар ұсақ қауіпсіз жанжалдарға түрленеді.
-
Берілген қайшылықтарды тегістеу және әлеуметтік-саяси құрылым-қатынастарды үйлесімдеу мүмкін болады, егер барабар «күйзелістік дабыл» беру механизмін құру төменнен жоғары қарай болса.
-
Жанжалдарға билік ұстаушылардың көзімен құндылық ретінде қарауға болады, өйткені ол қоғамдағы сәтсіздікті меңзейді, белгілі мәселелерді көрсетеді және саясаттың мақсатын жақсырақ қалыптастыруға, әлеуметтік дамудың жаңа бағытын ашуға көмектеседі.
Әрине, үкімет әрбір дағдарысқа кірісуге міндетті емес.
Мемлекеттен тыс дағдарыстарды шешетін басқа да институттар бар. Мемлекеттік-әкімшілік органдарының араласуы мына кезде болады. Егер дағдарыстар оған қатыспаған азаматтарға қауіп төнсе, ұлттық қауіпсіздікке, заңға және т.б.
73. Дағдарысқа қарсы басқарудың сапалық қатынасы.
Болашақтағы дағдарыстық жағдайға өнеркәсіптегі қаржылық көрсетімнің өзгерісін, қаржылық есепті жүргізу және сапалы жеткізу және аудиторлық тексеріс жүргізу сипаттамасын қосады.Мұқият бақылау бұйымы ретінде:
-
бухгалтерлік есеп берудің кешігуі және сапасы, тұлғаның квалификациясының қандай деңгейде екендігін көрсетеді.
-
Бухгалтерлік баланс статьясындағы пассив және актив жағынан өзгерістер және оның нақты прапорционалының бұзылуы.
-
Материалдық қордың көбеюі немесе азаюы,өнеркәсіптің қамтамасыздандыру қызметін атқара алмайтындығын көрсетеді.
-
өнеркәсіптің жабдықтаушылар мен кредиторларға қарызының өсуі.
өнеркәсіптің кірісінің төмендеуі, акциясының құнсыздануы, өз өнімдеріне не төмен, не жоғары баға қоюы т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |