21 ғасырдағы техниканың дамуы Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы ХХІ ғасыр жетістігі жаңа технологиялар


ХХІ ғасыр жетістігі - жаңа технологиялар



бет2/3
Дата22.11.2022
өлшемі24.58 Kb.
#465452
1   2   3
21 ғасырдағы техниканың дамуы

ХХІ ғасыр жетістігі - жаңа технологиялар
Әлем қарыштап дамуда. Әрбір күн жаңалықка толы. Тың дүниелер, жаңа технологиялар мен зерттеулер бүгінде ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде. Біз ХХІ ғасырдың басты жаңалығы деп білетін жаңа ақпараттық технологиялар әрбір секунд сайын қарқынды дамуда. ХХІ ғасыр - бүгін ашқан жаңалығың, ойлап тапқан дүниең ертең-ақ ескіге айналатын заман.
‌Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік оның одан сайын дамуына, жаңа әрі қолжетімді техника мен технология түрлерінің пайда болуына септігін тигізуде. Әлемді жаңа технологияларымен басқарып отырған АҚШ пен Жапония, Оңтүстік Корея елдері технология саласы қарқынды дамыған алпауыт мемлекеттердің көшін бастап тұр. Мысалы, жақында Оңтүстік Кореялық VIV Studio компаниясы анасы мен оның айықпас генетикалық дерттен қайтыс болған 7 жасар қызының виртуалды кездесуін ұйымдастырды. VIV Studio компаниясы жаңа технологияны пайдалана отырып, 7 жасар Найонаның барлық фото - видеоларын жинап, оның іс-әрекеттерін, мінез - құлқын толығымен зерттеп, дәл образын жасап шыққан.
Чжан Чжи (анасы) арнайы көзілдірік пен қолғап киіп, қызының дауысын естіп қана қоймай, онымен сөйлесуге де мүмкіндік алды. Қызы мен анасының кездесу сәтін "Сенімен кездесу" атты деректі фильмінде көрсетті. Осыған қарап-ақ, біз компьютер, гаджет, робототехника, 3D, 4D, 5D құрылғыларының бәрі - сол шетелдік аса ірі технологиялық компаниялардың жетістігі екендігін нақты айта аламыз. Яғни, шетел өндіреді - біздің еліміз оны тұтынады. Оның себебін айтпасақ та белгілі болар. Дамушы мемлекет ретінде Қазақстан әлемдік бәсекелестікке тойтарыс беруге талпынып келеді. Десе де, дәл осы жаңа технологиялар саласы бізден әлі де болса барынша алға жылжуды талап етіп отыр. Әлемдік деңгейге шығуға бізге біраз уақыт қажет. Алайда сол деңгейге жетуге қажетті дүниенің барлығы бізде бар.
Білімді жастар да, сол білімді тиімді пайдалануға арналған жағдай мен бағдарламалар да, мемлекеттік қолдау мен жобалар да, түрлі идеялар да бар. Тек жаңа заманның жаңа талаптарына тез бейімделе алмау қабілетіміз Қазақстанды артқа тартып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет