22. БИЕТ СҰРАҒЫ «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» бөлімі, көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері. Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығы. Түркілердің өмір салты. Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар. Қазақ хандығының құрылу себептері. Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері. Хандар, батырлар мен билердің рөлі. Абылай хан, Керей хан, Жәнібек хан. Қазақстанның бейресми рәміздерінің мәні(«Алтын адам», «Бәйтерек» монументі, «Мәңгілік Ел» қақпасы). Тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлі.
ЖАУАБЫ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ
Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана сақтаған және оларды ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, алғашқысында жеке авторлар шығарған шығармалар кейіннен өңделіп, сұрыпталған, оған коллектив болып творчестволық өзгерістер енгізіп отырған. Бертін келе ондай шығармалар көпшіліктің, коллективтің әдебиетіне айналып кеткен.
Орыс халқының ұлы сыншысы В.Г. Белинский «Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы» туралы жазған еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп, ауыз әдебиеті халықтың ерте замандағы ой-санасының жемісі деп көрсетеді. «Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін, бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес», - деп Белинский ауыз әдебиетінің тым ерте кезде, халықтың жазу- сызу өнері болмаған заманда, туғандығын дәлелдейді. Бұл расында да солай. Қай халықты алсақ та, оның көркем әдебиеті ауыз әдебиетінен басталады. Демек, ауыз әдебиеті болмаған, бірден жазба әдебиетін жасаған халық бұрын-соңды тарихта болған емес.
Әдебиеттік жағынан алғанда, қазақтың ауыз әдебиеті де әр алуан. Халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына байланысты туған шығармалар, мақал-мәтелдер, аңыз, ертегілер, батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары, айтыс өлеңдері т.б. қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрі болып табылады. Әрине, ауыз әдебиетінің барлық түрі бір мезгілде туған емес және олардың тууына себеп болған жағдайлар да біркелкі емес, әркелкі. Бірақ бұл мәселе, яғни қазақ ауыз әдебиетінің қай кезде қандай түрі туғандығы, ғылымда әлі күнге дейін дәлелденбей келеді. Әйткенмен өткен кезде орыстың және шетелдердің бірсыпыра ғалымдары ауыз әдебиетінің шығу жайына біраз көңіл аударып, әр түрлі пікірлер айтқан-ды. Олар ауыз әдебиеті қалай туды, қалай дамыды деген мәселені өздерінше баяндап, әр алуан теориялар шығарған-ды. Бұл теориялардың қазақ ауыз әдебиетіне тікелей қатысы болмаса да, жалпы ауыз әдебиетін зерттеуде алған орны да бар еді. Сондықтан бұл теориялардың кейбіреулеріне шолу ретінде қысқаша тоқтай кетелік.