Орындаған: Күмісбекова А, Мамыт А, Сұлтанова А, Жарилкасинова А, Қуатова А Батырлық ертегілер - Батырлық ертегілер- қиял-ғажайып негізінде дамып, басқа сипатта көрінетін шығармалар.
- Мұнда қиял-ғажайып ертегілердің көптеген белгілері бар.
- Сонымен бірге өзіндік ерекшеліктері де жетерлік. Ең бастысы – кейіпкер жай қатардағы адам емес, ол – батыр, үлкен күштің иесі.
- Сондықтан ол алуан түрлі қиындықты бір өзі жеңеді, бұл жолда оған керемет көмекшілер көп ұшыраспайды, ал егер ондайлар бола қалса да, шешуші роль атқармайды.
Батырлық ертегілер екі сипатта болады Біріншісі Батыр неше түрлі зиянкес құбыжықтармен айқасып,олардан елді құтқарып ,жер бетін тазартады. Екіншісі Батырдың қарсыластары болып белгілі бір тайпа немесе басқа ел көрінеді. Олар, әдетте, батырдың елін шауып, оны жорыққа шығуға мәжбүр етеді. Оның жаулары да осал емес: жалмауыз кемпір, айдаһар т.б Батырлық ертегілердің бәрі бірдей ерте заманда туған жоқ, кейбіреулері кейін пайда болып, көбіне батырлық жырлардың прозалық түріне айналып отырды. Олардың негізгі арқауы бұрынғыдай дию, перілермен алысу емес, керісінше, қазақ батырларының сыртқы жаулармен соғысуы, ру-тайпалардың өзара талас-тартыстары сияқты оқиғаларға құрылды. Батырлық ертегілердің Стильдік ерекшеліктері Біріншіден, мұнда қиял-ғажайып ертегілерге қарағанда, суреттеу элементтері басым. Екіншіден, кеңінен баяндалатын нәрсе – кейіпкердің жаумен жекпе-жек соғысы. - Үшіншіден, қара сөзден гөрі өлеңмен баяндау жиі кездеседі, демек, ырғақ пайда бола бастайды.
- Сонымен бірге, көп жағдайда батырлық ертегілер батырлық жырларға да жақын. Ерлік көрсетіп үйлену, ел үшін кек алу, әр түрлі жауыздармен алысу – батырлық эпос дамуының кейінгі кезеңіне жататын тақырыптар. Мұндағы батырлар образы батырлық ертегілер негізінде дамыған. Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай, Әлібек сияқты батырлық ертегі кейіпкерлерінің қасиеттері батырлық жырлар кейіпкерлері характерінде жиі ұшырасады.
Достарыңызбен бөлісу: |