23 «б» топ білім алушысы Абдукаимова Алинаның «Байқау, бақылау» практикасы есебі



Дата15.01.2024
өлшемі17.93 Kb.
#489069
рррр


. №1 Алматы қазақ мемлекеттік


гуманитарлық – педагогтік
колледжінің
23 «б» топ білім алушысы
Абдукаимова Алинаның
«Байқау, бақылау» практикасы


ЕСЕБІ


Мен Абдукаимова Алина Нуршатовна «25.09.23-06.10.23» уақыттар аралығында «байқау, бақылау» практикасына №110 мектеп-гимназиясына бардым. Сосын барған соң директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гавдолинна Гүлмира Бақытбековна бізді әрбір сыныпқа жетекші ретінде бөлді. Әр сыныпқа екі студенттен бөлді. Мен Дианамен бөліндім . Біз бізге бөлінген сыныптың сынып жетекшісі Клара Мұхтарқызының сабағын 2 күн бақылап сабақ өте бастадық. Біз күнде әр сабақты кезек кезектен өттік.
Мен практика барысында математика сабағын өттім.Сабақтың тақырыбы «Аудан, Ауданның Өлшем бірліктері». Сабақты түсіндіру барысында көптеген балалардың жас ерекшелігіне сәйкес келетін әдіс тәсілдерді қолдандым. Ең алдымен өткен тақырыптарға байланысты сұрақ жауап әдісін қолдандым. Сосын көрнекіліктермен оқулықтағы суреттер сызбалар арқылы сабақты түсіндірдім. Түсіндіріп болған соң балалар оқулықтағы есептерді істеді. Балаларды смайликтер арқылы бағаладым. Сабақтың соңында үйге оқулықтан тапсырма бердім
3- ші қазан күні балаларға қазақ тілі сабағын өттім. Ол күні біз қазақ тілінен жаңа бөлім бастадық. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» бөлімін бастаған болатынбыз. Сол күні балаларды жаңа такырып «қаратпа сөз» деген тақырыппен таныстырдым. Ең алдымен баларға «жақсы мен жаман» туралы слайд көрсеттім. Сосын жақсы мен жаман туралы кластер жасадық. Көрнекіліктер және оқулықтағы материалдармен «қаратпа сөзді '' түсіндірдім. Сабақты түсіндіріп болған соң кітаптағы 1 тапсырманы ауызша орындаттым. Ауызша тапсырмадан соң балалар қалған 2 тапсырманы жазбаша орындады. Балаларды бал қ арқылы бағаладым. Сабақтың соңында үйге оқулықтан тапсырмалар бердім.
4- ші қазан күні әдебиеттік оқу сабағын өттім. Ол күні « жақсы деген немене? Жаман деген немене?» деген тақырыпты өттім . Ең алдымен сұрақ жауап әдісі арқылы балалардан жақсы мен жаман туралы не білетіндерін, және өткен сабақтардан не естерінде қалғандарын білу мақсатында қолдандым. Сосын слайд және видеo арқылы жаңа тақырыпты түсіндірдім. Сабақ барысында оқулықтағы олеңді оқыдық, балаларға бір бірден олеңді оқыттым. Оқып болған соң балалар мен бірге өлеңді талдадық . Сосын балаларға сабақтың тақырыбына байланысты сұрақтар қойдым, сосын олардың жауаптарына қарап оларды бағдаршам әдісі арқылы бағаладым. Балаларға оқулықтан жаттауға үйге бердім.
Практикаға барған аптаның соңында дүниетану сабағы болды. Дүниетанудан жаңа тақырып өттім. Сабақтың тақырыбы « отбасы шығыстары қалай жоспарланады? Деген тақырып. Ең алдымен балалардың тықырыпқа байланысты білімін тексеру мақсатында қаржы және ақша туралы сұрақ қою арқылы сұрақ жауап әдісін қолдандым. Одан соң дайындаған презентациям мен жаңа тақырыпты балаларға түсіндірдім. Сабақты түсіндіріп болған соң балаларғы оқулық бойынша жұптық тапсырма бердім. Сосын тапсырманы орындап болған соң , бір бірін бағалау арқылы балалар бірін бағалады. Балаларға үйге кітапты оқып мазмұндап келуге бердім.
4- ші қазан күні жаратылыстану сабағы болды. Жаратылыстанудан жаңа тақырыпты балаларға мен өттім. Сабақтың тақырыбы « Өсімдік әлемінің досы мен дұшпаны» деген тақырып болған болатын. Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында балаларға бірнеше көрнекіліктерді қолдандым. Сосын слайд және презентация арқылы тақырыпты түсіндіредім . Сабақты түсіндіріп болған соң кітаппен жұмыс жасадық. Тақырыпты кітаптан толық оқыттым. Оқып болған соң тапсырма орындауға бердім. Оқушыларды топқа бөліп оларға топтық жұмыс бердім . Топтық жұмысты орындап болған соң, топтар бір бірін бағдаршам әдісі арқылы бағалады . Сабақтың соңында балаларға үйге кітаптан тыс бір өсімді сипаттып соның суретін салып келуге және тақырыпты оқып мазмұндауға бердім.
Біз 29ші қыркүйек күні дене шынықтыру сабағын өттік . Дене шынықтырудан сабақты мен жүргіздім. Ол күні «ұзындыққа секіру» деген тақырыпты өткен болатынбыз. Ең алдымен балалардың денесін қыздыру үшін 2 круг жүгірттім . Жүгіріп болған соң дене жаттығуларын жасаттым. Жаттығу жасап біткеннен соң тізім бойынша оқушыларды ұзындыққа секірттім. Олар жаксы көрсеткіш көрсетті.
6-шы қазан, 110 мектеп гимназиясындағы практиканың соңғы күні болды. Мен ол күні көркем еңбек сабағын өттім. Көркем еңбектен «қарама- қарсы түстер» деген тақырыпты өттім. Сабақты видео көрсету арқылы және өзім қолмен көрсету арқылы түсіндірдім. Балалардың білімін толықтыру мақсатында сұрақ жауап әдісін қолдандым. Сосын оқушыларға жеке жұмыс бердім . Оқушылар кітаптағы 1 суретті салды. Мен олардың салған суреттерін смайликтер арқылы бағаладым сабақтың соңында үйге кітаптан тапсырма бердім
Осылайша мен балаларға сабақтың түсінікті және қызықты өткізуге тырыстым. Бірақ дегенмен де бірынші рет сабақ беріп тұрғаннан кейін кішкене қателіктер, кемшіліктер болды. Мен осы практикадан өзіме көптеген тәжірибелер алдым. Өзімнің мамандығыма деген қызығушылығым одан әрі арта түсті . Мұғалім мамандығының жауапкершілігі өте мол екенін түсіндім.

Практика жетекшелері: Копбосынова А.Е.


Бекбаева Г.Д
Толеуова Б.Т.
Мамыкова Г.Т.
Каласова Г.Б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет