Байжанова Бибигул Турабаевна
Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы
Жаңатаң орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Әмірхан Абдуллин «Ақкөл жағасында»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ұлы ағартушы, ұстаз, қоғам қайраткері
Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығымен
тереңірек танысу.Әңгіменің тәрбиелік мәнін мәтінге
сүйене отырып ашуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушыларға бағыт бағдар бере отырып, өз бетімен
жұмыс істеуге, өздігінен қортынды жасауға
машықтандыру ойын халықтық педагогикамен,өмірімен
байланыстыру.
Тәрбиелілігі: Әңгіме арқылы көп оқуға, ізденуге, білімді болуға,
кішіпейіл, қарапайым, жақсылықты жаны сүйетін адам
болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ахмет Байтұрсынұлы суреті, «Тез ойла, сөз ойла»
ойыны. «Сөзжұмбақ». Дина, Құрманғазы суреттері
Түрі: аралас сабақ
Типі: дамыта оқыту
Әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі: 1. педагогикалық-психологиялық дайындық
Білем деме балам
Білмейтінің көп шығар
Бәрін білген адам
Дүниеде жоқ шығар
2. Сабаққа назарын аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру. 1. С. Бақбергеновтың «Дина»
әңгімесінің мазмұнын айту, сұрақтарға
жауап беру.
2. «Ой ашар»
- Балалар Құрманғазы қой бағып жүріп ағаштан не жасады? Төменгі сыныпта оқыдық еске түсірейік
- Сол жерде оған кім кездесті?
- 2 сыныпта музыка сабағынан оның қандай күйлерінің тарихын өттік?
«Қайран шешем»
«Аман бол, шешем аман бол»
«Кісен ашқан»
«Кішкентай», «Адай» т.б
3. Үй тапсырмасын қорытындылау
- Д. Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы « Бекетайқұм» деген жерде туды. Тоғыз жасынан домбыра тартты. Құрманғазының қасына көп жылдар еріп жүрді. 1937 жылы 76 жасында Алматыға келді. Бұл Алматыны тұңғыш көруі еді. Сахнада Құрманғазының «Қайран шешем» күйін орындады. Халық Динаны сахнадан жібермей қойды. Сонымен ол «Әсем қоңыр», «Бұлбұл», «Төремұрат» күйлерін орындады. Оған «халық артисі» деген атақ берді.1939 жылы Москвада өткен бүкілодақтық бірінші конкурсқа қатысты. 1955 жылы қаңтар айында 94 жасында қайтыс болды. Құрманғазы шәкірттерінің ішіндегі таланттысы Дина еді.
III. Жаңа сабақ:
-
Балалар бұл бөлімде ұлы тұлғалар туралы оқып жатсақ соның бірі ағартушы, ұстаз Ахмет Байтұрсынов туралы өтеміз. Күннің жадын.
Ә. Абдуллин «Ақкөл жағасында..» деп жазаамыз
-
«Ой қозғау»
Топтастыру стратегиясы:
Әліппенің атасы
ақынАхмет көсем
сазгер Байтұрсы журналист
тілшіғұлама
жазушы қоғам қайраткері ағартушы
ұстаз дарабоз
дарын иесі
-
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5- ауылында Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынұлы- демократтық ағартушылық қызметті өзінің азаматтық борышы және ұстаған жолының негізі деп санаған. Ол білім-ғылымнан кенже қалған, малын бағып, марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан алып шығуды өмірінің мақсаты етіп қойды.
Қазақ балаларының « Оқу құралы» деп аталатын әліппе кітабының бастамасы етіп, мына сөздерін ұсынды.
« Тарту өлеңін» оқу.
-
Оқулықпен жұмыс.
а) «Ақкөл жағасында» шығарманы оқып, түсіндіремін.
ә) Оқулықпен жұмыс, қиын сөздерді табу.
б)Сөздік жұмыс:
Тарантас-төрт дөңгелекті, үсті жабық арба.
Көшір- арба айдаушы
Ныспы-адамның есімі, аты.
Сергіту сәті.
«Тез ойла, сөз ойла» ойыны
-
Ұ
|
А
|
Ұ
|
М
|
К
|
С
|
З
|
Л
|
А
|
Ы
|
Т
|
Ғ
|
А
|
А
|
Н
|
1. Ұстаз 2. Ғұлама 3. Ақын
IV. Криптограмма шешу
-
С
|
и
|
Б
|
А
|
У
|
З
|
А
|
Р
|
ы
|
Ұ
|
з
|
Қ
|
о
|
Р
|
Т
|
ы
|
С
|
Ы
|
Ж
|
Ы
|
Л
|
И
|
м
|
У
|
қ
|
З
|
ы
|
Қ
|
Ш
|
е
|
Й
|
Р
|
А
|
К
|
І
|
ә
|
т
|
к
|
е
|
Е
|
ш
|
К
|
Оқушылар сөзжұмбақтан аңдардың, жануарлардың аттарын тауып атау.
V. Қорытындылау
1913 жылы Ахмет басшылығымен « Қазақ» газеті шықты. Газет үздіксіз қудаланды, Ахметті түрмеге жаппақшы болды. 1929 жылы қудалаушылар ішінде «Рухани көсем» де болды. Оны Архангелскіге, әйелі Бадрисафа (жетім орыс қызы Александраны), қызы Шолпанды Томскіге жер аударды. Ахмет 1937 жылы репрессияның құрбаны болды.
VI. Түртіп алу әдісі
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
Ахметтің
өлеңдерін,
оқуларын,
мысалдарын
|
Ахметтің отбасы
туралы
|
Ахметтің өмірі
туралы
|
VII.Бағалау, мадақтау.
Үйге тапсырма: 1) мәтінді мазмұндау
2) Ахмет өмірі туралы реферат жазу
Достарыңызбен бөлісу: |