2/7-vi күршім ауылы 11 сәуір 2016 жыл



Дата13.07.2016
өлшемі18.47 Kb.
#196675


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ VI ШАҚЫРЫЛҒАН КҮРШІМ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ II СЕССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 6 мамырда № 4538 болып тіркелген
2/7-VI
Күршім ауылы 11 сәуір 2016 жыл


«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның

мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж

азаматтардың жекелеген санаттарының

тізбесін айқындаудың Қағидаларын

бекіту туралы» Күршім аудандық

мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі

17-5 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 17-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3318 нөмірімен тіркелген, «Рауан-Заря» газетінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 40, 2014 жылғы 4 маусымдағы № 42 сандарында жарияланды) келесі толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:

мынадай мазмұндағы 8-1 тармағымен толықтырылсын:

«8-1. Әлеуметтік көмек, Күршім ауданының орталық аудандық ауруханасының тізіміне сәйкес, әлеуметтік мәні бар аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар адамдарға кірісін есепке алмай, тоқсан сайын амбулаториялық ем алған әр күні үшін 300 теңге көлемінде көрсетіледі.».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Сессия төрағасы С. Кудедаева
Күршім аудандық

мәслихаттың хатшысы М. Сағанақов




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет